2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Қыздарға арналған көркем еңбек пәнінің қызметінің бағыттары. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.

Қыздарға арналған көркем еңбек пәнінің қызметінің бағыттары. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЯНДАМА
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Shape2 Түркістан облысы.

Шардара ауданы.

«Қызылқұм жббм» КММ

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Сапарова Айжан Базарбайқызы



Бөлімі: Дизайн және технология

Пән: Көркем еңбек

Мектеп: «Қызылқұм» жббм КММ

Сынып: 9 сынып

Мұғалімнің аты-жөні : Сапарова Айжан

Күні: 12.02.2025ж

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Бұйымды жасау, бөлшектерді пішу.

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді қорытындылау;
9.1.5.2 әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру

Сабақ

мақсаттары

Оқушылыр:

- бұйымды тігуге арналған матаны пішу ережелерімен танысады;

- тәжірибелік жұмыс кезінде таңдаған материалы мен қажетті құрал жабдықтарды қолданады;

- бұйым дайындауға қажетті өлшем алу үдерісін орындайды.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

  • Мәдени әсерлер: Заманауи сән әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің синтезі болып табылады. Бұл көпмәдениеттілік пен халықаралық ынтымақтастықты насихаттайды.

.

Сабақ барысы

кезеңі

Педагог іс-әрекет

Оқушы әрекеті

бағалау

ресурстар

Сабақ

басы

5минут






5минут

Ұйымдастыру: «Көрші» әдісі.Амандасу, жағымды көңіл – күй қалыптастыру. Сабаққа зейінін арттыру.

Мақсатты тұжырымдау: көрсетілген суреттер арқылы оқушылар мақсатпен таныстыру.

«Білім поштасы» Өткен сабақтарды қайталау.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Қарапайым геометриялық формалардан құралған “Fast cloth” киім түрлері туралы не білеміз?

2.Пончо дегеніміз не?

3.Кейп деген не ?

4.Пончоны алғаш қай ұлт пайдалана бастады?

5.Туника қандай киім?


Оқушылар бір-бірімен сәлемдесіп жақсы тілек айтып көңіл күй сыйлайды.


Сұрақ-жауап кезеңі

Оқушылар сұрақтарға ойланып жауап береді.

Мақтап, мадақтап отыру.

Өзін-өзі бағалау.

Ауызша мадақтау












Қ.б: Мақтап – мадақтау,

Суреттер




Оқу құралдары.



Жұмыс дәптері.

















Сабақ

ортасы


5 минут

























































10мин










































15мин

Құрылымдау – Конструирование - Garment designing

Стиль – Стиль – Style

Халықтық – Народное – Folk

Жаңа ақпарат: «Бір минуттық әңгіме » әдісі.

Ертеде кез-келген киімді , бұйымды көзбен жобалап пішкендіктен көпшілік киген киімдердің құрылымы күрделі болмаған. Киім қиындыларының бөлшектері негізінен тік төртбұрыш, төртбұрыш болып келген.Жүре келе киім қиындылары күрделене түсті. Бұйым құрастырудың ортақ жүйесі шықты.Сөйтіп бұйымдар өндіріс орындарында тігіле бастады.Бұйымды тікпес бұрын оның көркемдік жобасын орындау керек.

Киімді конструкциялау дегеніміз- киімнің сырт пішіні мен құрылысын анықтайтын процесс. Киім негізінің есебін жасау, сызбасын сызу. Бұйым дайындау үшін сызбасын сызып, пішімін дайындау қажет.

Пішу- тігін бұйымын дайындау кезіндегі аса маңызды проңестердің бірі. Пішу кезіндегі сызбаны айналдыра жүргізу тұтас сызық-тігу сызығы. Санаулы өлшемдер қалдыра отырып үзік сызықпен айналдырамыз, бұл сызық қию сызығы деп аталады.

Киімді конструкқиялаудағы маңызды процестердің бірі өлшем алу. Барлық тұлға:

1. Айналым өлшемдері. ( мойын, кеуде, бел, мықын,білезік)

2. Ендері. ( кеуде, артқы бой, иық)

3. Ұзындығы ( белге дейінгі, жең, бұйым ұзындығы)

Өлшегенде см, лентаны сол қолмен ұстап, өлшейтін басты нүктеге әкеледі, әйел киімін оң жақтан, еркек киімін сол жақтан өлшейді. Бұйым дайындау үшін сызбасын сызып, пішімін дайындау қажет. Панчо немесе туниканың пішімі тұтас пішілген, тік, бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрышты пішінде немесе дөңгелек түрінде болады.

Бұл қарапайым схема. Сызба сызу және модельдеу кезінде дөңгелек түрінде болады. Орта нүктесінен кезекпен солға және оңға қарай өлшеп белгілейді.

Өлшем алу ережесі.


  • Алдын ала белге белбау тағылады.

  • Өлшемді алып жатқанда тік тұру керек.

  • Өлшемді адам тұлғасының оң жағынан алу керек

  • Өлшеп болған соң өлшемдерді дәптерге жазу керек.


Тапсырма.1 «Жұптық жұмыс» Жұбыңды тап

Мәнер, сипат, ерекшелік СТИЛЬ

Өлшем, белгі , тәсіл СӘН

Ырғақтылық, үйлесімділік, шамаластық РИТМ

Ниет, жоспар, мақсат ДИЗАЙН


Типтік кесте бойынша өз денебітімдерінің өлшемін анықтайды, пішім сызықтарын калька, пленка және т.б. арқылы түсіріп алады.


Shape3

Нұсқау карта


р/с

Өлшем бірліктері

Шартты белгі

Мөлшері

1

Жартылай бел айналымы

Жба


2

Жартылай мықын айналымы

Жма


3

Арқаның белге дейінгі ұзындығы

Абұ


4

Бұйым ұзындығы

Бұ



Топқа біріктіру (суреттерді құрастыру арқылы )

Тапсырма 2 «Топтық жұмыс»

Нобай бойынша бұйым сызбасын сызады.

Бұйымның сызбасын салу үшін алдымен сызбаныі базизтік торын салып алу керек.

Базистік тор.

Бұйымның өлшемін ені мен ұзындығы бойынша анықтайды. Киім кигенде адам өзін мейлінше жайлы сезінуі үшін тігін бұйымдарының пішімін құрастырған кезде киімнің қонымды әрі кең болуы үшін қосымшаларды ескеру керек.

1-топ Пончо

2-топ Туника

Shape4 Shape5

Оқушылар нобайды бүкіл сыныпқа ұсынады.




Жаңа ақпарат алады:

Киімді конструкқиялау үдерісін талқылайды, базистік торды анықтайды

Өлшем алу ережесін түсінеді.

Эскиз жасау кезінде оқушылар талқылайды:

-- пончо немесе кейп мөлшері;

-- болашақ пончо немесе кейп материалы;

- оның түс шешімін анықтайды.





















Жұбын табады.



- Типтік кесте бойынша өз денебітімдерінің өлшемін анықтайды










































Топта бұйымды талқылайды.


Нобай бойынша бұйым сызбасын сызады.






- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;


- Бұйымды өлшеу ережелерін анықтайды..






































Дескриптор:

Өлшем алу ережесін біледі.

Денебітім өлшемдерін анықтай алады.



ҚБ

Ауызша мадақтау


Тамаша!

Керемет!































Дескриптор:

*Нобай салады

*нобай бойынша бұйым сызбасын сызады.

















Дескриптор

* Бұйым жасауға қажетті өлшемдерді алады.

* Таңдалған бұйым нобайы бойынша сызбасын сызады.

Ақпараттық карточка


























Жұмыс дәптері, альбом

А4 қағазы
















См лента, қарындаш,

Мата , қайшы, т,б еңбек құралдары.

Сабақтың

Соңы

5минут

Кері байланыс: «Мен» әдісі


Мен білдім



Мен түсіндім



Мен тaңдaндым




Кері байланыс береді.



Білім поштасы арқылы

Кері байланыс парақшалары.


















Қыздарға арналған көркем еңбек пәнінің қызметінің бағыттары. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.


Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыруда білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында оқытудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.

Міндеттеріі:

  • Көркем еңбек пәнінің қызметінің бағыттарын сөз ету.

  • Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.

  • Білім берудің негізгі мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.

  • Мұғалім оқытудың нәтижесіне технологиялық тәсілдермен қол жеткізу арқылы өзінің педагогикалық шығармашылығын бағамдауы.

Көркем еңбек пәнінің оқытылу ерекшеліктері:

  1. «Көркем еңбек» оқу пәні – кіріктірілген пән – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізінде әзірленген.

  2. Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде: білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді", "қолданады", "талдайды", "бағалайды" және "жинақтайды") үй тапсырмасын орындау қажеттілігі болмайды.

  3. «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.

Техникалық еңбек. Қағаз, қатырма кағаз, тоқыма, табиғи

материалдар, ағашпен және сымтемірмен, техникалық үлгілеумен жұмыс.

Көркем еңбек. Сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарымен

таныстыру: ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ыдыс-аяқтар,түрлі тұрмыстық бұйымдары, бұл бұйымдарды әр түрлі ою-өрнектер (геометриялық, зооморфтық, өсімдік) қолдану арқылы дайындау. Өру элементтерімен таныстыру.

Дизайн. Көркем безендіру; түрлі-түсті қағаздар мен матадан әр

түрлі бұйымдарды құрастыру жөне жасау, оларды ұлттық ою-өрнек элементтерін безендіруде қолдану.

Тұрмыстық еңбек. Өзінің киімдерін, оқу жабдықтарын күту;

гигиенаны сақтау; мектептің (сынып) аумағын жинаудағы бүкіл мектептік түрлі шараларға қатысу. Бөлме өсімдіктерін күту. Бұл бөлімге сабақ уақытында жалпы жүктемеден оқу уақыты бөлінбейді, қажетті дағдылар оқу-тәрбие үрдісі барысында меңгеріледі.

Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады:

Визуалды өнер;

- Сәндік-қолданбалы шығармашылық;

- Дизайн және технология;

- Үй мәдениеті;

- Тамақтану мәдениеті.

«Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық»

бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей.

«Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны:

- классикалық және заманауи өнер;

- қазақстандық суретшілердің шығармашылы;

- бейнелеу өнері жанрлары мен түрлері;

- сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар);

- бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері;

- көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу

бөлімдерін қамтиды

«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны:

- сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері,

Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері;

- сәндік-қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен

құралдары; Ұлттық ою-өрнек; Ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.

- робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.

«Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны:

- негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды;

- тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын;

- тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді;

- тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын;

- сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін

дайындау технолоиясын қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар):

- жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын;

- өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты

дизайн негіздерін;

- киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.

«Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны:

- дұрыс тамақтану негізін;

- дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды

жабдықтауды;

-тағам әзірлеу технологиясын;

-Әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша үш құжат

нормативті құжат болып табылады:

  1. Оқу бағдарламасы

  2. Оқу жоспары

  3. Критериалды бағалау

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

- пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту;

  • таным заңдылығы мен пәндік операцияларың неғұрлым маңызды түрлері

бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум

таксаномиясы бойынша оқыту мақсаттарын иерерахиясы;

  • білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық

мақсаттардың пәншілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;

  • бір білім саласы пәндер арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды

жүзеге асыру барысында “ортақ тақырыптардың” болуы;

  • бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес

болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;

  • оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыру болып табылады.

Бағдарламаны жүзеге асырудағы тиімді модульдер:

Shape6

Көркем еңбек сабақтарын оқыту процесінде тек принциптер ғана емес, сонымен қатар оқыту әдістері қарастырылады. Әдіс оқу материалын теориялық және практикалық меңгеру формасы болып табылады. Оқыту әдістерінің алуан түрі бар. Олардың көпшілігі ұқсас сипатта болады, сондықтан топтарына бірігеді. Осылардың бірі көрнекілік тәсілге тоқталайық.

Көрнекілік тәсілдердің шартты түрде екі үлкен топқа бөледі: көрсету (демонстрация) және көркемдеу (иллюстрация). Көрсету білім алушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстардың, процестердің, объектілердің олардың сапасының әсер етуі. Берілген әдіспен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде қарастырады. Оқушылар заттардың құрылысын көру арқылы құрылымы, қасиеті, заттың пішінін, түсін, қандай бөлшектерден тұратынын, олардың үлкендігін, бір-бірінен айырмашылығын, өмірде қолданылуын, қандай материалдардан жасалғанын, қалай біріктірілгенін тез түсініп қабылдайды.

Көптеген жаңа модельдер заттардың технологиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.

Көрсету әдісі көркемдеу әдісімен тығыз байланысты: заттарды көрсетіп және қабылдау, қабырға газеттердің көмегімен символдар түрінде, олардың процестерін және құбылыстарын, технологиялық карта, портреттер, фотографиялар, суреттер, сызбалар, кестелер, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б.

Көрнекі құралдарды көрсетудің екі тәсілі бар: біріншісі- тақтаға ілінген көрнекі құралдар, бұлар қимылдамайды, екіншісі- қимылдайды.

Түрлі түсті, үлкендігі әр түрлі көрнекілік білім алушылардың сабақты немесе тапсырманы тез түсінуіне көмегін тигізеді.

Біз үшін ең басты мәселе- оқыту әдісін дұрыс таңдау. Себебі, жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Дәстүрлі сабақ:

  • Жаңа сабақ – әңгімелесу элементі бар сабақ, презентациялы дәріс сабақ, конференция сабақ, саяхат сабақ.

  • Білімді бекіту, білік-дағдыларды қалыптастыру сабағы - практикум, саяхат, лабораториялық жұмыс, іскери ойын, пікірталас сабақ, диспут.

  • Білімді жинақтау және жүйелеу сабағы – семинарлар, конференция, жинақтау сабағы, әңгімелесу сабағы, ізденіс сабақ.

  • Оқушылар білімі мен білік-дағдыларын тексеру, түзеу сабағы – сынақ сабақ, емтихан, тестілеу, бақылау диктанты.

  • Аралас сабақ - практикум, - конференция,семинар, бақылау жұмысы.

Қалыпты емес сабақтар:

  • Рефлексиялық «Тұнық ая» сабағы

  • Іскери ойындар сабағы.

  • Пресс-конференция сабағы

  • Жарыс сабақ.

  • КТБ сабағы.

  • Театрландырылған сабақ.

  • Кеңес беру сабақтары.

  • Компьютерлік сабақтар.

  • Шығармашылық сабақтар.

  • Аукцион сабақтар.

  • Сынақ-сабақтар.

  • Бәйге сабақтар.

  • Ойын сабақтар.

  • Қиял-ғажайып сабақ.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау оның аса қажет құрамдас бір бөлігі болып есептеледі. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттыруда қосатын үлесі зор.

«Қөркем еңбек» пәнін оқыту үдерісіне қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы  арасында кері байланысты орнату маңызды болып табылады.









20 Ақпан 2025
79
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі