Материалдар / "Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың" (сыныптан тыс сайыс сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың" (сыныптан тыс сайыс сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінің мұғалімдеріне арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Шілде 2018
640
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайыстың тақырыбы:

«Қыздың шебер боларын, бармағынан танырсың»


Сайыстың мақсаты:

1. Технология пәнінен үйренгендерін көпшілікке көрсету. Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық айта білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету. Жас  ұрпаққа ата-баба дәстүрі, әдет-ғұрыпы туралы мағлұмат беру.

2. Еңбек туралы ой-өрісін дамытып, өз бетімен әрекеттеніп жұмыс жасауға баулу және іскерліктерін арттыру. Оқушылардың танымдық, жеке шығармашылық икемділігін дамыту.

3. Эстетикалық талғамын ұштап, өнерге, шығармашылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.     

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, бүктемелер, кеспе қағаздар, сайыс тапсырмалары, слайд.

Пәнаралық байланысы: әдебиет, бейнелеу, өзін-өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қыздарды топқа бөлу. «Гүлдер-ай» тобы, «Арулар» тобы

Барысы:

-Уа халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Шеберлердің елінде

Шеберлердің тілінде

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі кешке қатысушы сайыскерлер!

Бүгін Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің Технология (қыздар) пәнінен 5-9 сынып қыздарының арасында ұйымдастырылып отырған  «Қыздың шебер боларын, бармағынан танырсың» сайысын өткізгелі отырмыз. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі шеберлік және білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Технология  шеберліктің  мектебі,    

Бай  мұрамыз, халқымыздың  өнері.

Ас әзірлеп, үйренеміз  іс  тігіп,    

Ынтаменен  әзірлейміз  көрмені.

Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің қыздары өз білімдерін технология  пәнінен  игерген білімдерін, шеберліктерін, өнерлерін   ортаға  салады.     


Гүл өсірсең терлеп, мұның аты – еңбек,
Кесте тіксең зерлеп, мұның аты – еңбек.
Сабағыңа жөндеп, әзірленсең – еңбек,
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек – дей келе, сайысқа қатысушы қыздар тобымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Олар:

«Гүлдер – ай» тобы

Сыныбы

«Арулар» тобы


Сыныбы


Ақылхан Дана

5 сынып

Құдайберген Ақерке

5 сынып

Қорабай Жанерке

5сынып

Алматқызы Айдана

6сынып

Сақбай Томирис

6сынып

Мұрат Дания

6сынып

Сәулебай Айғаным

7сынып

Бейсенқұл Талшын

7сынып

Иса Элизат

7сынып

Нұрманова Толқын

7сынып

Мықтыбек Дана

8сынып

Қорабай Әсел

8сынып

Байымбетова Ақерке

8сынып

Ақылхан Аида

9сынып


Жол сілтеген биікке ұстаздарым

Ішімізден шығар әлі талай дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырайын әділқазы алқаларын, - демекші сайыскерлердің білімдеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бүгінгі сайысымыздың барысымен таныстырып өтейін. Сайыс 7 кезеңнен тұрады.

І-кезең:«Атымда менің сырым бар»
ІІ-кезең:Үй тапсырмасы.
ІІІ-кезең:«Ою ойғанның ойы ұшқыр»
ІV-кезең:«Әрі дәмді, әрі тез»
V-кезең:« «Тапқыр болсаң, тауып көр»
VІ-кезең:« «Бой сергіту»
VІІ-кезең:« «Қалтадан шыққан сый»

Өнер  қуып  шеберлер  өтер  деймін.  

Бір  басына  өнері  жетер  деймін,  

Сайысқа  түскен  шебер қыздар кезектесіп,

Таныстырып  өздерін  өтер  дейміз.





Сайысымыздың  I – кезеңі  «Атымда менің сырым бар» деп аталады (екі топ өздерін таныстырады).

 «Гүлдер – ай» тобы

Ұраны:

Біз «Гүлдер –ай» қыздарымыз жалынды,
Қазақ елінің қыздарымыз дарынды.
Елімізді сүйеміз, жерімізді сүйеміз,
Отанымызға әрқашан басымызды иеміз.

 «Арулар» тобы.

Ұраны:

Біз «Арулар» топтың аты дегенде,
Гүл жайнаймыз сайысуға келгенде.
«Арулар» тобының арулары біз боламыз,
Біз жұлдызбыз жарқыраған көктемде.

Таныстыру кезеңі 20 ұпаймен есептеледі.


Қандай жақсы майысып тұрғандарың,  
Бойыңа жинағандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер » деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын –

II – кезең: «Үй тапсырмасы» деп аталады. Әрбір қыз өздерінің технология пәнінен үйренген қолөнер жұмыстарын қорғайды. Әр жұмысқа 10 ұпай беріледі.

Ою керек қарасаң,
Өңкей мүйіз тізілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізіңмен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер, ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек.

Сайысымыздың  III – кезеңі «Ою – ойғанның ойы ұшқыр»  (ою ойып шығару)

5 минут уақыт беріледі. 50 ұпаймен есептеледі.









Ас көңілдің ажары деген күнім,
Жақсы ғой тағамның да білген сырын.
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер,
Дайындаған әртүрлі дәмнің түрін.

IV – кезең бойынша «Әрі дәмді, әрі тез»  (жылдам жеңіл тағам даярлау)

50 ұпай беріледі.

Қолөнері халқымның өрістесін,
Әрқашан алла берсін берекесін.
Өнерін ортаға сап өскен өркен,
Мақал–мәтел айтысып, сөз сайыссын.

V – кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр» кезеңінде екі топ бір–бірден кезектесіп, 10 мақал–мәтел айтып, жалғасын тауып айтысады.

Ақылдылық аруға жарасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ–жауап сайысында,
Сыналар білімі мен парасаты дей отырып, келесі
VІ-кезеңіміз «Бой сергіту» кезеңінде әр топтағы қыздар жеке-жеке шығып, ілулі тұрған шарды дәлдеп, ішіндегі технология пәні бойынша жасырылған сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақ 10 ұпаймен есептеледі.


Сұрақ–жауаптар.
1. Ұлттық ет тағамдарының түрлерін атаңыздар. (қазы, қарта, жал–жая, ет, шұжық)
2. Ұлттық сүт өнімдерін атаңыздар. (қымыз, шұбат, сүт, айран, құрт, сүзбе)
3. Ұлттық киімдер түрлері
(көйлек, бешпент, қамзол, шапан, сәукеле, тақия)
4. Ұлттық ұн тағамдарын атаңыздар.
(бауырсақ, шелпек, кеспе нан)
5. Тігін машина тігіс түрлері (сырып тігу,қосып тігу, көмкеру, қондыру, бастыру, айыра қайып тігу)
6. Зергерлік бұйымдарды атаңыздар (алқа, білезік, сақина, сырға, шолпы)
7. Қол тігіс түрлері
(көктеу, көшіру, көмкеру, қиғаш көмкеру, қайшы тігіс, тор тігіс, қайып тігу)
8. Қалдық маталарды құрастырып жасалатын бұйымды атаңыз (құрақ)
9. Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді атайды?
(шалбар, белдемше, шорты)
10. Қазақтар киім тігуге өздері өндірген қандай материалды жиі пайдаланған? (жүн, тері)

11. Тігін машинасының атасы кім? (Леонардо До Винчи)

12.Белгілі бір заттарды бейнелейтін композиция түрі (Натюрморт)

13.Сәндік-қолданбалы өнердің кеңінен тараған түрі (Кесте)

14. Технология сөзі қандай мағына береді? (techne-«өнер, шеберлік, іскерлік» және logos-«білім, ғылым, сөз»)



Өнер, білім негізінен,
Өтеді енді сұрақтар.
Мазалайтын, ойланатын,
Қойылады сұрақтар.

VІІ-кезең «Қалтадан шыққан сый» полиглот сайысы.

Ұяшықтағы суреттердің атын қазақша, орысша, ағылшынша нұсқада айтады.

1. Қайшы-ножницы-scissors
2.
Ине-иголка-needle
3. Мата
-ткань-fabric
4. Ыдыс
-посуда-
5. Қол
-рука-hand
6.
Шаш-волос-hair

7.Тігін машинасы- швейная машина-sewing-machine

8. Жіп-нитки-thread

9. Ұлттық-национальный-national

10.Визуалды өнер-визуальное искусство-visual arts

11.Суретші-художник-artist

12. Сөмке-сумка-bag


Қорытындылау

Көгере бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Барына риза болсын көрермендер,
Осыменен бұл сайысты тәмамдасақ .
Байқауда білгенді де, білмегенді,
Тағы да үйренерміз аман болсақ .


Мұғалім: Бүгінгі сайысымызда көп нәрсені үйрендік. Шеберлікке шек  қойылмайды. Білімдерімізді жетілдіруге, үйренуге үздіксіз еңбек етуіміз керек. Олай болса, алған білімдерімізді күнделікті өмірде қажеттерімізге жарата білсек, еңбектеріміздің еш кетпегені.

  Оқушыларды мадақтау.







«Ә.Молдағұлова атындағы шағын орталықты негізгі мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«Бекітемін»

Мектеп директоры

____________М.Тойшыбеков

«__»____ 2018 жыл






Shape1



Технология (қыздар) пәнінен апталық











Өткізген: А.Исатаева











2017-2018 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!