«Қызғалдақ гүлі» Жапсыру.
Мақсаты: Түстерді ажырата білу,көктем туралы білімдерін толықтырып,гүлдердің түрлерімен таныстыру.Гүлдердің атауларын айтуын,оларды баптап,күту ережелерімен таныстыру.Әдемілікті сезіне білуге,көктемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға,адамгершілікке,ұқыптылыққа бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,сергіту мадақтау.
Көрнекіліктер:Түрлі –түсті қағаздар,гүлдердің суреті
-Балалар,бүгін бізде өте ерекше күн,себебі бізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр.
-Сәлеметсіздер ме!
Балалар тәрбиешімен амандасады.Шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз.
Күлімдеді жүзіміз,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай мезгіл болды?
Тәрбиеші:
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі-Дұрыс балалар,көктем мезгілі.Орыс тілінде көктемді Весна деп айтамыз
-Көктем мезгілінде алғаш рет қандай гүл гүлдейді?
-Қызғалдақ,Бәйшешек
-Қызғалдақ-тюльпан
-Балалар шаршадыңдар ма.Ендеше бір сергіп алайық
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-Балалар сендер гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?
-Ия
Осы кезде «Гүл ханшайымы» келіп қалады.
Гүл ханшайымы
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Мен «Гүл ханшайымымын».Мен гүлден жаралғанмын
-Балалар сендер менің гүлдерімді көруге келдіңдер ме?
-Сендер менің тапсырмамды орыңдасаңдар ғана мен гүлдерімді көрсетемін.
-Гүлдер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Айбын:
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз,күлеміз
Көрсек бүршік жарғанын
Қызғалдақ:
Жомарт мынау табиғат
Өсіргендей бізге арнап
Қып-қызыл боп жалындап
Қырға өседі қызғалдақ
Бейбіш:
Гүлдер нәзік болады
Қаулап өсіп толады
Қарамасаң аялап
Солып,қурап қалады.
Ойын:Дидактикалық ойын «Гүл жинау»
Балалар орындарына отырып гүлдерің жапсырады.
Қорытындылау:
-Балалар біз қандай гүл жапсырдық?
-Қызғалдақ
-Қызғалдақ гүлінің түсі қандай?
-Қызыл
-Жапрағынын түсі қандай?
-Жасыл
-Сабағынын түсі қандай?
-Жасыл
-Өте жақсы,бүгінгі сабағымызда барлықтарын өте жақсы қатыстыңдар!Қызғалдақ гүлін әдемі етіп жапсырдыңдар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қызғалдақ гүлі" Жапсыру
"Қызғалдақ гүлі" Жапсыру
«Қызғалдақ гүлі» Жапсыру.
Мақсаты: Түстерді ажырата білу,көктем туралы білімдерін толықтырып,гүлдердің түрлерімен таныстыру.Гүлдердің атауларын айтуын,оларды баптап,күту ережелерімен таныстыру.Әдемілікті сезіне білуге,көктемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға,адамгершілікке,ұқыптылыққа бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,сергіту мадақтау.
Көрнекіліктер:Түрлі –түсті қағаздар,гүлдердің суреті
-Балалар,бүгін бізде өте ерекше күн,себебі бізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр.
-Сәлеметсіздер ме!
Балалар тәрбиешімен амандасады.Шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз.
Күлімдеді жүзіміз,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай мезгіл болды?
Тәрбиеші:
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі-Дұрыс балалар,көктем мезгілі.Орыс тілінде көктемді Весна деп айтамыз
-Көктем мезгілінде алғаш рет қандай гүл гүлдейді?
-Қызғалдақ,Бәйшешек
-Қызғалдақ-тюльпан
-Балалар шаршадыңдар ма.Ендеше бір сергіп алайық
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-Балалар сендер гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?
-Ия
Осы кезде «Гүл ханшайымы» келіп қалады.
Гүл ханшайымы
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Мен «Гүл ханшайымымын».Мен гүлден жаралғанмын
-Балалар сендер менің гүлдерімді көруге келдіңдер ме?
-Сендер менің тапсырмамды орыңдасаңдар ғана мен гүлдерімді көрсетемін.
-Гүлдер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Айбын:
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз,күлеміз
Көрсек бүршік жарғанын
Қызғалдақ:
Жомарт мынау табиғат
Өсіргендей бізге арнап
Қып-қызыл боп жалындап
Қырға өседі қызғалдақ
Бейбіш:
Гүлдер нәзік болады
Қаулап өсіп толады
Қарамасаң аялап
Солып,қурап қалады.
Ойын:Дидактикалық ойын «Гүл жинау»
Балалар орындарына отырып гүлдерің жапсырады.
Қорытындылау:
-Балалар біз қандай гүл жапсырдық?
-Қызғалдақ
-Қызғалдақ гүлінің түсі қандай?
-Қызыл
-Жапрағынын түсі қандай?
-Жасыл
-Сабағынын түсі қандай?
-Жасыл
-Өте жақсы,бүгінгі сабағымызда барлықтарын өте жақсы қатыстыңдар!Қызғалдақ гүлін әдемі етіп жапсырдыңдар.
шағым қалдыра аласыз













