Материалдар / Қызығы толы бұл әлем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызығы толы бұл әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспарлары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2018
744
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Қызыл таң» жалпы орта мектебі КММ

















Тақырыбы: «Қызығы толы бұл әлем»


(Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ әзірлемесі)











Дайындаған: өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Баитова С. Т








2018 оқу жылы

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ


Cынып:__5 «Г»____

Тақырып: «Қызығы толы бұл әлем»

Құндылық: ақиқат құндылығы

Қасиеттер: ақиқатты өз-өзінен іздеу, уақытша және өмірлік нәрсені ажырата білу, білімді іздену, барлық діни ағымдарға құрметпен қарау, өз-өзіне сену, жауапкершілік

Мұғалiм: Қабдуғалиева А.С

Сабақ мақсаты: оқушыларды жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету, қолдағы бар нәрсені бағалай білу қасиетіне тәрбиелеу;

Міндеттері: - адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту;

- оқушыларды өзі-өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, тануға баулу;

адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) үнтаспа, карточкалар, плакат, түрлі-түсті бояулар, түсті қағаз, желім, т.б.

Түс арқылы 4 топқа бөлу: Ғажайып тобы, Әлем тобы, Керемет тобы,Әдемі тобы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi. 3 мин.

Сәлеметсіздер ме, балалар бүгінгі кезекті өзін-өзі тану сабағында сіздерді көргеніме қуаныштымын. Олай болса амандасып алайықшы.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге

Сәлемдесеміз біз.

I. Тыныштық сәтi.

Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ….. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.
Сізге «тыныштық мезеті» ұнады ма?
Табиғатта серуендегенде ол сізде қандай сезімді    тудырды?

Балалар, Т 5 ережесін еске түсірейікші.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Жақсы балалар, осы ережені сабақ бойына сақтаймыз деген ойдамын.

Үй тапсырмасын тексеру. 7 мин.

Балалар, үйге 92 беттегі 3-тапсырмадағы сұраққа жауап беру берілген.Қане, үй тапсырмасына дайын болсақ сұраққа жауап берейік.

ІІ. Жаңа сабақ 10 мин.

Халқымыздың «Ізденген жетер мұратқа» деген сөзі бар. Әр нәрсені білуге талпыну, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани жағынан байытады. Дүниеде балалар көп білгісі келетін жәйттар көп. Өмірді танығысы, бәрін білігісі келетін балалар көптеген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Бүгін біз де сондай ізденімпаз, білуге құштар балалар арасында «Қызығы толы бұл әлем» атты тақырыпта сабақ өтеміз.

Әңгімелесу

  • «Әлем кереметтерін білесіз бе?»

  • Адам неліктен әлемнің сырын ашуға ұмтылады?

  • Қандай әлемдегі құбылыстарды ерекше деп атауға болады?

  • Сіз үшін әлем қандай қызыққа толы?

Балалар, барлығымыз тақтаға назар аударып топ бойынша хормен оқиық.


1.Керемет-Чудо-great

2.Әлем-Мир-the world

3.Ғажайып-удивительный -fantastic

4.Әдемі-красивый -beautiful

III. Мәтінмен жұмыс. Балалар,алдарыңызға әр топқа жеті керемет туралы мәтін беріледі, сол мәтінді топ ішінде оқып , талқылап түсіндіреді. 7 мин.

Ә лемнің жеті кереметі

Біздің әлем ғажайыпқа  толы. Өзінің сұлулығымен, сәулетімен таң қалдырған ғимараттар мен құрылыстар ғажайып кереметтер қатарын құрайды. Адамдар еріксіз назар аударатын дүниелер жасауды тоқтатқан емес. Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар салынған. Соның бірі – «Ежелгі әлемнің жеті кереметі».Бұл жерлерді жылына миллиондаған саяхатшылар тамашалайды.


  1. П ирамидалар (Мысыр)

Нағыз керемет саналатын Мысыр пирамидалары осыдан 5000 мың жыл бұрын тұрғызылған. Ол суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан, сәулетшісі – Имхотеп.



  1. Семирамида бағы (Вавилон)

Семирамида аспалы бағы Тигр және Ефрат – жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамияда біздің заманымыздан бұрынғы VІ ғасыр шамасында Вавилон шаһарында салынған.



  1. Галикарнас кесенесі (Кіші Азия )

Г аликарнас кесенесі VI-ғасырда аты сирек естілетін шағын ғана Галикарнас қаласында салынған. Ол 356-жылы дүние салған осы ел патшасы мұрагерлерінің бұйрығы бойынша оның құрметіне тұрғызылған.


  1. А ртемида ғибадатханасы (Эфес)

Артемида ғибадатханасы – Эфес жерінде IIV-IV ғасырда Артемида құрметіне салынған, Грек жұртының мақтанышы.


  1. Родос алыбы (Родос аралы )

Родос алыбын IV-ғасырда Родос аралының тұрғындары күн құдайы деп айрықша табынған Гелиос құрметіне тұрғызған. Оны тұрғызу 12 жылға созылды.



  1. З евс мүсіні (Олимпия)

З евс мүсіні – Классикалық Грек өнері тарихынан келіп жеткен аты әлемге әйгілі ескерткіштің бірі.

  1. Александрия шамшырағы (Мысыр)

Заңғар тау мен телегей теңіз ортасында, көкпен тілдесіп, бұлт бүркенген толқын үстінде тербетілген ғимарат – Александрия шамшырағы. Александрия шамшырағы ІІІ ғасырда, Фарос аралы мен құрлықтың арасына салынды.



Балалар, барлығымыз тақтаға назар аударып бейнематериал көрейік. 3 мин.

Бейнематериал бойынша сұрақтар:

  1. Бейнематериалдан не түсіндіңіздер?

  2. Әлемде тағы қандай кереметтер бар?

  3. Неліктен көру,есту, сезу кереметтерге жатады деп ойлайсыздар?

IV. Шығармашылық жұмыс.Тапсырманы орындау барысында қарапайым сұрақ «Бұл әлемде кім нені армандайды?» сұрағына шағын 5 сөйлемнен тұратын эссе жазамыз.7 мин.



V. Қорытынды бөлім 3 мин.

Сабақтан алған әсерлермен бөлісу. Әлемнің жеті кереметі қандай және жеті кереметтен басқа қандай кереметтер бар?


Үй тапсырмасы

«Жеті керемет туралы» буклет жасау.


Соңғы тыныштық сәтi.

Музыка ойнайды. Көздерін жұмады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Тұла бойлары жақсылыққа толғанын сезінуге ұмтылады. Мәтін оқылады.

Балалар бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді көзімізді жұмып отырып, есімізге түсіріп, барлық жақсы әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Сіздерге көп рахмет!



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!