Қызыл кітап

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызыл кітап

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 5-сынып мұғалімдері үшін пайдалы.Әдіс-тәсілдер қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

«Қызыл кітап»

Мектеп: 47 ЖОББМ

Күні: 2611.18

Машықкердің аты – жөні: Кудайбергенова Б.Е.

Сынып: 5 «З»

Қатысқандар:25

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:


5.О5. мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Күтілетін нәтижелер

Ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениеті мен сөздік қорын молайтады.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Әдебиет,өзін-өзі тану

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, «Қызыл кітап» суреті, А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер мен маркерлер, суреттер.

Оқыту әдістері


Дереккөздері

Қазақ тілі 5 – сынып.

Тапсырмалар

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Тапсырма

Мұғалімнің қызметі:

Оқушының қызметі:

Ресурстар

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Сабақтың басы













І.Қызығушылықты ояту








ІІ. Мағынаны тану
































Сабақтың ортасы

23 минут

























Сабақтың соңы

10 минут























ІІІ. Үйге тапсырман беру.


ІV. Рефлексия















Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Психологиялық ахуал туғызу.

- Оқушыларды топқа бөліп отырғызу


Үй тапсырмасын сұрау:

«Көңілді смайлик» әдісі арқылы.Кейбір оқушылардың парталарына смайликтер жабыстырылған оқушылар сол смайликті тауып алып,үй тапсырмасын айтады.


«Кинометафора» әдісі бойынша:

Бейнеролик:«Қызыл кітап» туралы қызықты деректер.

-Бейнеролик не туралы?

-Неліктен «Қызыл кітаптың» парақтары түрлі-түсті?

-Не үшін кітап қызыл түсті деп аталды?












Топқа бөлу.

«Жануарлар әдісі» жануарлардың суреті беріледі. Суреттерді таңдау арқылы төрт топқа бөлінеді.



Топтық жұмыс.

1-тапсырма

«Броундық қозғалыс» әдісі бойынша оқулықтагы мәтінмен танысып, негізгі ақпаратты анықтап, түсініп оқу. Мәтінде осы сөз туралы не айтылғанын бір сөйлеммен сипаттап береді. Нақты ақпаратты анықтау үшін ашық, жабық сұрақтар дайындайды.

Дескриптор:

-мәтінді түсініп оқиды;

-үлестірмедегі сөздерді жұппен, топпен талқылайды;

-негізгі ақпаратты анықтайды;

-ашық, жабық сұрақтар дайындайды;

ҚБ:«Пайыздық бағалау»





2-тапсырма

«Бұл не?» әдісі бойынша берілген сөздер тобын табу.






3-тапсырма. Жеке жұмыс.

Одағай сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Дескриптор:

- одағай сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

«ИӘ,ЖОҚ» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап береді.

1.Құйрығының ұзындығы 60 — 75 см.

2.Қабыландар ылғалды ормандарда өмір сүреді.

3. Қабылан ағаш басына, жартастарға тез өрмелеп шығады.

4. Таушымылдық – сарғалдақтар тұқымдасына жатады.

5.Тамыз айында гүлдейді.

6. Қазіргі кезде оның бір мыңнан аса сорты бар.

7. Көбелектердің көпшілігінің қанаты 50-130 мм жетеді

8. Тянь-Шань шатқалында кездеседі

9. Қазақстанда аққудың бес түрі кездеседі.

10. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді,

ҚБ:«Пайыздық бағалау»

«Жануарларды қорғау парызымыз» эссе жазу.


Жануарлардын суретіне бүгінгі сабақта не білгендерін жазып, қызыл кітапқа жапсырады.

Оқушылар амандасып орындарына отырады.

Сабаққа назарларын аударады.






Қай партаның астында смайлик жасырын тұрса, сол оқушы үй тапсырмасы бойынша жауап береді.





Бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап береді.

1.Қызыл кітап туралы.

2.Қара түс- жойылып кеткен;

Қызыл түс- жойылып кету қауіпі бар;

Сары түс- саны тез азайып бара жатқан;

Ақ түс- ежелден сирек кездесетін;

Сұр түс- әлі зерттелмеген жануарлар.

3. Тоқта, жолама деген мағына білдіреді.


Төрт топқа бөлінеді.

1-топ: « Қабылан» тобы

2-топ: «Аққу» тобы

3-топ: «Таушымылдық»

тобы

4-топ: «Көбелек»тобы




Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты баяндайды. Жұппен ақылдасып мәтінде не туралы айтылғанын айтады.

Нақты сұрақтарды анықтау үшін ашық жіне жабық сұрақ дайындайды.









ҚБ:«Пайыздық бағалау» бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды.


1.Жолбарыс

2. Қызғалдақ

3.Торғай

4. Аққу

5. Арқар

6.Киік



Алақай, пах шіркін, құрау-құрау, шөре-шөре,бәрекелді,тәйт, ойбай,моһ-моһ.






1.Иә.

2.Жоқ

3.Иә

4.Иә

5.Жоқ

6.Иә

7. Иә

8.Иә

9. Жоқ

10. Иә



























Проектор


Суреттер















https://youtu.be/KGpJoBQZnH4

















Жануарлар суреті.
















Проектор, слайд, бор, тақта.






















































































Қабыланның дене бітімі ұзынша, тұрқы 120 — 150 см, құйрығының ұзындығы 60 — 75 см. Қалың, қысқа, сарғылт түсті түгінің үстінде қара дақтар болады. Қабылан тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саваннада, өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді. Ағаш басына, жартастарға тез өрмелеп шығады. Оның жылдамдығы 100 км/сағ-қа дейін жетеді. Ол жер бетінде жасайтын сүрқоректілердің арасында ең тезі болып саналады. Жоғары жылдамдығында қабылан қадамдары жылқыныкіндей шамамен 7 метрге дейін жетеді.Қабыландар қолға тез үйренетін жыртқыш, сондықтан хайуанаттар саябағында ұстауға бейім аң. Терісі бағалы, кезінде өте көп ауланған. Қазір қабыландар жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Таушымылдық – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, бұталар. Қазақстанның шығысындағы таулы, орманды аудандарда кездеседі. Бұлардың биіктігі 40 – 80 см. Ірі гүлі бір-бірден сабағының ұшында жетіледі. Үш-үштен шығатын саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімделген, сабаққа кезектесіп орналасады. Хош иісті гүлдері қошқыл, қызыл не қызғылт, ақ түсті.Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – жапырақша, тұқымының сырты жылтыр, қара түсті. Таушымылдықтың тамырында эфир майы, салицин глюкозиді, крахмал, танин және аздаған алколоидтар болады. Халық медицинасында Таушымылдықтың тамырын емдік мақсатта күзде жинайды. Таушымылдықтың тұнбасы тәбет ашады, асқазан сөлінің қышқылын арттырады, астың қорытылуын жақсартады, жүйкені тыныштандырады. Таушымылдық Қытайда өте ерте заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріліп келеді. Қазіргі кезде оның бір мыңнан аса сорты бар.

Көбелектердің көпшілігінің қанаты 50-130 мм жетеді. Махаондардың қанат құлашы 28 см-ге дейін жететін түрлері де бар. 1400-2100 м қашықтықта ұшатындықтан көбіне Тянь-Шань шатқалында кездеседі. Көбелектердің дернәсілдері кәдімгі алма, алмұрт ағаштарының жапырақтарын кеміретін жұлтдызқұрттар. Бұл кезде олар зиянкес болып табылады. Қанатын қатайтқаннан кейін ғана өзінің нағыз пайдалы әрекетіне көшеді.



Аққулар - қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 – 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2018
1094
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі