|
Сабақ: Қазақ тілі |
Мектеп: №47 жалпы орта білім беретін мектеп |
||
|
Күні: 26.11.18 |
Мұғалімнің аты-жөні: Оралова Айман Нуржановна |
||
|
Сынып: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қызыл кітап |
||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. |
||
|
Сабақтың мақсаты: |
Синонимдер мен антонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданып, мәтін құрауда дұрыс қолдану. |
||
|
Сабақтың түрі: |
Жаңа материалды меңгерту |
||
|
Ресурстар |
Қазақ тілі оқулығы, Алматы «Атамұра» баспасы 2017ж |
||
|
Дескриптор |
Синонимдер мен антонимдерді орынды қолдану. |
||
|
Оқыту әдістері |
Сөздік, көрнекілік, «Жасырын оқушы» әдісі, «Түстер сыры» әдісі, «Еркін микрофон» әдісі, «Пікір алмасу» (Showdown) әдісі, «Отшашу» әдісі, «Білім қоржыны» әдісі |
||
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
|||
|
Жоспарланған уақыт: |
Мұғалімнің іс-әрекеті: |
Оқушының іс-әрекеті: |
Дереккөздер/Ресурстар |
|
Сабақтың басы 15 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексереді. Оқушыларды түгендейді. Үй тапсырмасын тексеру: «Жасырын оқушы» әдісі Қорапшада оқушылардың есімдері жазылған қағаз қиындылары жазылады. Қағазды таңдап алып, қай оқушының есімі түссе сол оқушылар үй тапсырмасын айтады. Қағаз қиындылары артында 3 түрлі түсті қағаздар жабыстырылып тұрады.
Топқа бөлу: «Түстер сыры» әдісі.
Ия, дұрыс айтасыздар. Ендеше сол түстер арқылы топқа бөлінейік. І топ. Қаралар тобы. ІІ топ. Қызылдар тобы ІІІ топ. Сарылар тобы. |
Мұғаліммен амандасып, оқу құралдарын шығарып, сыныптың тазалығына назар аударады. Оқушылар үй тапсырмасын айтады. Оқушылар 3 түрлі түстерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Қызыл кітап: Жануарлар әлемі, өсімдіктер және құстар бөлімінен тұрады. Оның түстері қара, сары, және қызыл. |
Қағаз қиындылары
Суреттер |
|
Сабақтың ортасы |
Ойтүрткі
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «Еркін микрофон» әдісі арқылы баяндайды. 1-топ. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды. 2-топ. Мәтін бойынша 5сұрақ құрастырады. 3-топ.Қызыл кітап бойынша постер қорғайды. «Қызыл кітап» 1-топ. “Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. Бірінші басылым “Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі. 2-топ. Екінші басылым “Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж. 3-топ.Үшінші басылым “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша: 1-категория – жойылып бара жатқан; 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан; 3-категория – сирек кездесетін; 4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген; 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. Дескриптор:
ҚБ: «Мөр арқылы бағалау» әдісі 2-тапсырма. «Пікір алмасу» (Showdown) әдісі. Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына жазып, келесі топқа беріп стикерлерімен алмасады. Ал жауабын екінші топ жазып айтады. Дескриптор: -Сұрақтарды жүйелі, нақты құрайды. -Сұраққа мысалдармен жауап береді. ҚБ: «Отшашу» әдісі 3-тапсырма. Өлеңді оқып, талдаңдар. Қарамен жазылған сөздерге мән беріңдер. 1-топ. Антонимдер 2-топ. Синонимдер 3-топ. Омонимдер
Отыра алмас ұл шыдап, қызың шыдап. Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ. Қызыл кітап —мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ! Жаутаңдайды адамға түзде мық көз. Қызыл кітап —Шәһит боп кеткен аңның Бастарына қойылған қызыл күмбез. Қашқан кезде адамнан, ізін қандап, Тау текесі өтеді құзыңды аңдап, Қызыл кітап—тірі жан тимесін деп, Хайуанатқа берілген қызыл мандат! Жетіп жатыр жындылар әлі бірақ, Киік көрсе дол атып, алып ұрад. Қызыл кітап —кітаптан біз білетін Тереңірек, мәндірек, қалыңырақ! Дескриптор: -Қарамен берілген сөздерге мән беріп, мәнін түсінеді. -Антоним, синоним, омоним және көп мағыналы түрлеріне ажыратады. 4-тапсырма. «Қызыл кітап – табиғат қамқоршысы» тақырыбында шағын эссе жаз. Дескриптор: - Эссе құрылымын сақтайды. -Грамматикалық тақырыптарды қамтып жазады. (синоним, антоним, омоним, көп мағыналы сөздер) |
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жаңа маериалды түсінеді.
1-топ. Негізгі ақпарат: 3бөлімне тұрады, жануарлар, құстар, өсімдіктер туралы. Қосымша ақпарат:құстардың 58 түрі, жәндіктердің 96 түрі бар. 2-топ. Қызыл кітап не үшін керек? Қызыл кітаптың маңызы қандай? 3-топ. Қызыл кітап – жануарлар, өсімдіктер, құстар енеді. Тәрбиелік мәні зор.
1-топ. Антоним: ұзын-қысқа, терең тайыз 2-топ. Синоним: күрделі, қиын, ауыр 3-топ. Омоним: бас, кез, ат, қой “Қызыл кітап” деген кезде ойымызға бірден қорғау түседі. Осы кітаптың арқасында біз мына елімізде қандай жануар, қандай өсімдік болмасын кез келген түрімен таныса аламыз. |
|
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Бағалау. «Жасырын дауыс» әдісінде көп дауыс жинаған оқушы бағаланады. Үйге тапсырма. «Қызыл кітап – табиғат қамқоршысы» тақырыбында шағын эссені аяқтау. Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі
|
Көп дауыс жинаған оқушылар бағаланады. Үй апсырмасын жазып алады. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады |
Қорапша, парақтар.
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қызыл кітап 2 сабақ"

шағым қалдыра аласыз