Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қызыл кітап - жануарларға берілген қызыл мандат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М е к т е п т е н т ы с ж ұ м ы с о р т а л ы ғ ы
4-бөлімше
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Қызыл кітап – жануарларға берілген қызыл мандат
Үйірме жетекшісі: Джапарова Б.Ш.
Орал – 2021
Күні: 30.01.2021
Тақырыбы: Қызыл кітап –жануарларға берілген қызыл мандат
Мақсаты: 1. Қызыл кітап туралы түсінік беріп, қоршаған ортамен таныстыру, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.
2. Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.
3. Табиғатты аялауға баулу.
Сөздік жұмыс: сындырылған ағаш, саны сиреп бара жатқан жануарлар, өсімдіктер.
Сезімді ояту.
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
-Армысыз, қайырлы Күн!
-Армысыз, Аспан ата!
-Армысыз, мейірімді Жер-Ана!
-Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
Балалар өлең жолдарын қайталап, бір-бірімен амандасады.
Ізденістер.
Ұйымдастыру.
Табиғат – топырақ, су, ауа, барлық тірі организмдер мен қоршаған орта. Біз бүгін сол қоршаған ортаны қорғау мәселесіне байланысты, қызыл кітап ізімен саяхатқа шығып елімізде сирек кездесетін жан-жануарлар, өсімдіктер туралы кеңінен әңгімелекпіз.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында адамзат алдында өсімдіктер мен жануарларды қорғау туралы тікелей мәселе қозғалып және дүние жүзінде және мемлекетімізде сирек кездесетін, осыдан кейін комиссия құрылып, жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер туралы халықаралық және мемлекеттік «Қызыл кітаптар жазылды». Ал 1978 жылы қантар айында Қазақстан үкіметі «Қызыл кітапты» бекітті.
Енді осы құжат жайлы не білеміз?
1 оқушы: Қызыл кітап – өз алдына кітап! Оның қызыл мүқабасы жануарлар мен өсімдіктерге төніп келе жатқан апаттан сақтандыру дабылы сияқты. «Қызыл кітаптың» парақтарының түсі де алуан турлі – қызыл, ақ, жасыл және сары. Оның қызыл түсті парақтарына арнайы шаралар қолданбаса, жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнген аңдар мен құстардың түрлері, ақ түсті парақтарға тікелей жойылып кету қаупі төніп тұрмаса да саны азайған немесе белгілі бір шектеулі аймақта ғана сақталып қалған сирек кездесетін түрлері жазылады.
Сары түсті парақтарға әлі де тіршілік ету мөлшері жеткілікті болғанымен, саны күрт азайып бара жатқан жануарлар жазылды.
2 оқушы: «Қызыл кітап», Қ. Мырзалиев.
Қызыл кітап,
Мезгелсіз кеткендердің
Бастарына қойылған
Қызыл шырақ!
Келеді кез,
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутандайды адамға түзде мын көз.
Қызыл кітап –
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез!
Қашқан кезде адамнан ізін қандап.
Тау ешкісі өтеді құзынды аңдап!
Қызыл кітап –
Тірі жан тимесін деп,
Хайуанатқа берілген қызыл мандат.
Баяғыдай көбінің халы бірақ –
Мойындарын үзеді әлі бұрап.
Қызыл кітап –
Бұл өзі қызық кітап,
Тысы жұқа
Астары қалыңырақ.
1.Қызыл кітап туралы түсінік беру:
-Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жойылу қаупі төнген (саны сиреп бара жатқан) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар: барыс, ілбіс, қоңыр аю, бүркіт, дегелек, т.б. ал өсімдіктерден қызғалдақ, сексеуіл, т.б. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер – осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Қаскерлердің қолынан қаншамасы қырылып жатыр.
Мұғалім: Адам ежелден-ақ өз мүддесі үшін табиғат байлығын мейлінше пайдаланып келді. Адам сәнді де, жылы киіну үшін терісі бағалы андарды есепсіз ауласа, дәмді еті мен майын азық ету үшін сансыз көп аң-құстарды жер бетінен жойып жіберді. Алайда, табиғатқа жаны ашитын көптеген жанкүйерлер табылып,планетамыздағы жануарлар мен өсімдіктерді қорғап қалудың барлық шараларын ойластыра бастады. Сөйтіп, дүниеде «Қызыл кітап» пайда болды, оның атын алғаш ұсынған Англиядағы белгілі капитан Роберт Скоттың баласы Питер Скотт еді. «Қызыл кітап» жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы заң емес, жануартанушы ғалымдардың, табиғатты зерттеушілердің, табиғат жанашырларының дәлелдеген іс-тәжірибесі негізінде қоршаған ортаны қорғау туралы жасаған іс-әрекеттері.
Оқушы: 1978 жылы Қазақстанның қызыл кітабына сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар сүт қоректілердің 31-і, құстардың 43-і, бауырымен жорғалаушылардың 8-і, қосмекенділердің 1 және балықтардың 4 түрі тіркелген еді. Қазір бұл мәліметтер жылдан-жылға өсіп келеді. Алғышқы «Қызыл кітап» 1966 жылы жарық көрді. Оның І томы – сүт қоректілерге, ІІ томы – құстарға, ІІІ томы – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларға арналды.
2.Сергіту сәтін өткізу.
Көбелек те, гүл де бір
Қызыл-жасыл күллі өңір.
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары
-
Дәптерде бейнеленген Қызыл кітапқа енген жануарлардың аттарын атайды.
-
Қызыл кітапқа енген құстарды тапқыздырып, оларды бояту.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды. Слайдтардан жойылу қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді көреді.
Өлеңге қосылып, сергіту жаттығуын орындайды.
Қызыл кітапқа енген жануарларды: арқар, барыс, қарақұрық,жабайы мысық, үкі, бүркіт, аққу және тырнаның суреттерін бояйды.
Қорытындылау.
4.«Қызыл кітап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бүркіт, қызғылт қаз, т.б. жануарлардың суреттері ілінеді. Балаларға оларды қорғау шараларын айтқызады.
5.Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы балалардың сабақта алған білімдерін пысықтайды.
-Туған өлке табиғатында барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сол себепті өлкеміздің табиғатын туған анамыздай ардақтап, күте білуіміз керек. Аяусыз сындырылған ағаш, жұлынған гүлдер, ұясы бұзылған құстар, жазықсыз өлтірілген жәндіктер, қоқыс-қалдық салынған лас сулар көбейіп барады. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау –әрбір адамның тікелей парызы.
Балалардың үлгі жауабы:
-Бүркіт құсының саны азайып барады. Сондықтан оны қорғауға алу керек. Бүркітті атуға, оның ұясын бұзуға болмайды....