Материалдар / "Қызық екен..." физикалық кеш

"Қызық екен..." физикалық кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Гимназия күнінде немесе апталықтың қорытындысы ретінде жоғары 10 сынып немесе 11 сынып оқушыларымен өткізуге болады. Бұл кештің бағдарламасында кез келген физика пәні мұғалімі үшін дайын материалдар бар. Оқушылар немесе қатысушылар физикадан және астрономиядан алған білімдерін шыңдауға көмектеседі деп ойлаймын.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Қызық екен...» физикалық кеш (сыныптан тыс жұмыс)


1-жүргізуші. Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі гимназия күні мерекесіне арналған физикалық кешіміз «Қызық екен...»-ге хош келдіңіздер! Кешіміз біздер үшін де, сіздер үшін де өте әсерлі қызықты болмақ. Себебі бүгін біз сіздермен физикадан алған білімдерімізді қайталап толықтырып,түрлі ғажайыптардың куәсі боламыз.

2-жүргізуші. Құрметті қонақтар сіздер 28(кабинет нөмірі) ғарыш станциясы көмегімен Күннің жылдық қозғалысы өтетін 12 шоқжұлдызына яғни эклиптика дөңгелегіне саяхат жасайсыздар. 12 шоқжұлдызды аралап, физиканың қызық та,қиын да сұрақтарына жауап беріп,күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар.Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп,сол жайлы оқып білгендеріңізді ортаға салып,білмейтін біраз құбылыстардың сырын бүгінгі біздің шоқжұлдыздарға сапардан табатын боласыздар.

1-жүргізуші Шоқжұлдыз дегеніміз – аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі. Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген. Шоқжұлдыз шекаралары Халықаралық астрономия одағының (ХАО) арнаулы қаулысы бойынша бекітілген, бірақ олардың ешқандай физикалық мағынасы жоқ. Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтүстік жарты шарында, 48-і оңтүстік жарты шарында, ал қалған 9-ы аспан экваторының бойында екі жарты шарға да ортақ орналасқан.

2-жүргізуші. Эклиптика – Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек. Күннің эклиптика бойымен қозғалуы Жердің Күнді айналуынан туындайды. Яғни 12 айда 12 шоқжұлдыз сәйкес келеді. 12 шоқжұлдызда аялдама жасайсыздар. Олар:

1.Тоқты « Қызық екен...»

2.Торпақ «Жұмбақтар »

3. Егіздер «Сандар сөйлейді»

4. Шаян «Білгенге маржан»

5. Арыстан «Аңыз әлемі»

6. Бикеш «Сен білесің бе?»

7.Таразы «Сиқырға толы физика»

8. Сарышаян «Қалжыңы мен әзілі аралас физика»

9. Мерген «Мақал-мәтел - физикада»

10. Тауешкі «Еңбегімді бағала...»

11. Суқұйғыш «Сұрақ-жауап»

12. Балық «Жасырын физика»


Сапарларыңыз сәтті болсын!

(Әрбір аялдамада 2 оқушыдан тұрады.Олар өз аялдамасындағы мәліметтермен таныстырады.Және жұлдызнама бойынша қонақтарды қызықты мәліметтермен таныстырады. Бұл аялдамада қосымша физикадан прибор немесе буклеттер орналастыруға болады. Кешке 9-10 сынып оқушыларын, мұғалімдерді қонаққа шақырылады. Ең соңғы аялдама «Күнде» оқушылар өздері құрастырған Кеме,шаңсорғыш,желдеткіш,ұшақ,субұрқақты таныстырады.)


1-аялдама «Тоқты» Қызық екен...

-Егер Сатурн ғаламшарын өте үлкен суға салса, ол жүзіп жүрер еді. Себебі оның тығыздығы судын тығыздығынан аз.

-Жарық Күннен бізге дейін 8 минут жүріп келеді. Яғни біздің дәл қазір көріп тұрған күніміз осыдан 8 минут бұрынғы. Егер ол 4 минут бұрын жарылып кеткен болса біз оны білместе едік

-Көзімізге Күн сары секілді болып көрінгенімен шындығында олай емес. Күннің түсі ақ тек атмосферанын әсерінен ғана сары болып көрінеді.

-Ең көп найзағайлы күндер – жылына 220 рет – Ява аралында (Индонезия) орын алған, ал Бейтензорга қаласында тіпті 322 күн бойы найзағай жарқылдаған. Санта-Мария (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында найзағайлы ауа-райы екі жылда бір рет болғаны болмаса, өте сирек.

Ал ,Мысырда екі жүз жылда бір рет қана болуы мүмкін.Қызық емес па?


Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі қашан? (Тоқты)


Тоқты (21 наурыз-20 сәуір) Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі ( -Тоқты(Қозы) шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді)Тоқты арқылы Күн аспан сферасының оңтүстік жарты шарынан солтүстік жарты шарына өтеді. (Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім ,бауырмал көрінеді.Кез келген әділетсіздікте бар ынтасымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп,қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін.)


2-аялдама «Торпақ» Жұмбақтар

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланам күн сайын жарық үшін

                              (Электр тогы)

Бар жоғын білмейсің,

Онсыз өмір сүрмейсің.

                          (Ауа-диэлектрик)

Үстінде орманы, суы бар,

Сені де, мені де

Көтерген, алыпты тауып ал?

                           (Жер-өткізгіш)

Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды.

                               (Масса)

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.

                                (Күш) 

Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

Дайындауға болады,

Бірақ жеуге болмайды. (сабақ)

Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)

Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)

Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)

Күннің көзі неше рет шығады? (365)

Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық (су)


Торпақ(21 сәуір-20 мамыр)

(Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол – Торпақ. Онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге былқ ете қоймайды. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды.)


3 -аялдама «Егіздер» Сандар сөйлейді

1.Әбу Райхан әл-Бируни Коперниктен 500 жыл бұрын, Жердің Күнді айнала қозғалатыны туралы болжам жасаған.

2.Күн жүйесінің қүрамында: 9 планета,42 планета-серіктері, 50 мыңнан астам ұсақ астероидтар (планетоидтар), жүздеген кометалар және толып жатқан метеориттер мен метеорлар бар екендігі белгілі

3. Юпитердің салмағы Күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың салмағын қосқандағыдан көп.
4. Егер Күнді бір нүктенің көлеміндей етіп кішірейтсе, ең жақын жердегі жұлдыз одан 16 шақырым қашықтықта болар еді.
5. Жердің тартылыс күші адамның омыртқасын басып, сығып тұрады, сондықтан ғарышқа ұшқан ғарышкердің бойы шамамен 5,08 см-ге ұзарады.
6. Экваторда сіздің салмағыңыз полюстерге қарағанда 3 пайызға ауыр болады.
7. Жер орбитасында ғарыш саласының дамуына байланысты түрлі қалдық темірлер ұшып жүрген көрінеді. Мамандардың есептеуінше, салмағы бірнеше грамнан 15 тоннаға дейінгі 370 000-нан астам заттар сағатына 9,8 мың шақырым жылдамдықпен Жерді айналып ұшуда. Сонымен бірге, олар кейде бір-бірімен соқтығысып, кішкене бөлшектерге шашырап кетіп жатыр.
8. Күннің салмағы бүкіл Күн жүйесі денелерінің салмағының 99,86 пайызын құрайды. Қалған 0,14 пайызы ғаламшарлар мен астероидтарға тиесілі.
9. Ғарыш кеңістігінде жаңа жұлдыздың жарылуы (тұтануы) кезінде ол өте ғаламат көлемде энергия бөледі екен. Оның алғашқы 10 секунд ішінде бөлген энергиясы Күннің 10 миллиард жыл ішінде бөлген энергиясынан көп болады.

Егіздер(21 мамыр-21 маусым)

Бұл белгідегі адамда екі түрлі бейне бар, мінезі ауыспалы. Олар киімді тез ауыстырады, жұмысын да, тұратын жерін де, тіпті өз шешімін де. Үнемі жүгіріп, шауып жүреді. Кітапты оқуы да қызық, соңғы бетінен бастап оқуы да мүмкін. Егіздер пікірталасты тартысты өткізе алады. Көбісі тез сөйлейтін болғандықтан, нашар тыңдаушы.



4-аялдама «Шаян» Сөз шебері

1- мақалдың тәрбиелік мәнін ашу 2- Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек. Әрбір дұрыс толық жауапқа 1 жұлдыз беріледі.

1:Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.

2:Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды. Қыста үйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.

3: Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды. (инерция заңы)

4: Нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.)

5: Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен. (Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді. )

6 : Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы)


Шаян (22маусым-22 шілде)

Шаяндардың күлкісі әдемі болады. Кез келген кештің көркін келтіруі мүмкін, өте көңілді адам. Өзі әзілдей алмаса, басқаның әзіліне күле алады. Шаяннан асқан әзілсүйгіш болуы мүмкін емес. Бұл белгіде туылған адамдардың салмақты мінезі де бар. Бұлар танымалдыққа ұмтыла бермейді, бірақ оларға өте керек. 

Жазғы күннің тоқырау нүктесі Торпақ пен Егіздер (Ерентүз) шоқжұлдыздарының шекарасында, Шаянның (Қушық) зодиак таңбасымен  белгіленеді.  

5 -аялдама «Арыстан Аңыз әлемі

Темірқазық - аспанның солтүстік жиегіне орналасқан, кіші аю шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз. Бүкіл жұлдыздардың ішінде тұрған орнынан ауып кетпегендіктен ол осылай аталған. Қазақ халқы қараңғы түнде адасып кетпеу үшін Темірқазыққа қарап бағытын анықтап отырған. Ал қалған жұлдыздардың барлығы таңға дейін өздерінің орындарынан жылжып, біреуі жоғары көтерілсе, енді біреулері төмен түсіп батып кетеді екен.

Аңыз желісі бойынша Жетіқарақшы – Қырыққарақшының (сол маңдағы майда жұлдыздар) барлаушысы. Олар Вега мен Капелла жұлдыздарындағы батырлардың аттарын (Ақбозат пен Көкбозат) қолға түсіріп алмақшы. Шынында да Вега мен Капелла – аспанның Солтүстік жарты шарындағы көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мінгестіріп алған. Үркер Жетіқарақшыдан үнемі қашып жүреді. Өйткені егер Жетіқарақшы Ақбозат пен Көкбозатты ұстап

мінсе, Үркердің Сүлусарысын (Альдебаран) ұрламақшы.

Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз Маралбай есімді аңшының тағдырын суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкіл тастың біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады. Белдігін қайта тағып, жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты.

Торпақтағы Сұлусарының өзі жөніндегі аңызда өжет жігіттің өз махаббаты үшін күресіп, патшаны жеңіп, сүйгеніне қосылғаны айтылады. Келесі аңызда Қарақұрт баланы ажалдан құтқарады. Тұманда адасып, қойды тас ығына иіріп, өзі шағын тас інге тығылған баланы жемекке ұмтылған көкжал қасқырдың тұмсығын қарақұрт шағады. Бала да, қой да аман қалады. Ел көктегі бес жұлдызды оның құрметіне Қарақұрт шоқжұлдызы деп атайды.

Арыстан (23шілде. – 23 тамыз)

(Арыстан – аң патшасы болса, бұл белгіде туылған адамдар басқалардың үстінен үстемдік еткенді ұнатады. Айбатына мінбей тұрып, енді ашулана бергенде аулақ кеткеніңіз дұрыс. Қараңғылық пен мұңаюды ұнатпайды. Достарын, жанұясын басқаруға ұмтылады.)

6-аялдама «Бикеш» Сен білесің бе?


1.Метеорит – ғарыштық дене 5-10 км үлкендігімен, оның жылдамдығы өте қатты.

2.Күн Жерге жақын жұлдыз. Күн үлкен шар, қатты ыстық беретін газдардан тұрады. Күн біздің жерден 109 есе үлкен.Күннің температурасы 60000С.

3. Ең жарық жұлдыз (Сүмбіле)

4. Неліктен біз дыбысты күндізге қарағанда түнде жақсы естиміз?

Себебі: Күндіз Күн жер бетін біркелкі қыздыра алмайды.

5. Бізге аспан көк болып, Айдағы бақылаушыға аспан қара болып, Марстағы бақылаушыға қызғылт болып көрінеді екен, неліктен?

Себебі:Күннен келген жарықты әр ғаламшар әр түрлі шағылдырады. Жер көк сәулелерді, Ай барлық сәулелерді жұтады, аз шағылдырады, ал Марс қызғылт сәулелерді шағылдырып, қалғанын жұтады деп түсіндіреміз


Бикеш (24 тамыз. – 23.қыркүйек)

(Бұл белгіде туылғандардың көбі сүр бойдақ пен отырып қалған қыз болуы мүмкін. Ішінде екі рет неке қиятындары да көп кездеседі. Өте тыныш адамдар, шулы ортаны жақтырмайды, одан бөлектеніп жүреді. Адал және шыншыл адамдар, өтірікті аздап айтатын қасиеті де табылады.)


7-аялдама «Таразы Сиқырға толы физика


1.Шикі жұмыртқаны пысқан жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш

(жұмыртқаны айналдыру керек, пысқан тез айналады)

2.Мектептен үйге жету үшін, физикалық шамалардың қандай өлшем бірліктерін білу керек? (метр, секунд, м/с)

3. Күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі қашан? (Таразы)

Таразы (27қыркүйек-23 қазан) Күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі

( -Таразы(Өлкі) шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді)арқылы кері бағытта солтүстік жарты шардан оңтүстікке өтеді.

(Бұл белгіде туылған жандар өте мейірімді, бірақ, түнеріп кетуі де мүмкін. Өзіне бұйрық бергенді ұнатпайды. Өте интеллектуалды, сонымен қатар өте аңғал. Өзі сағаттар бойы қалай сөйлесе, солай сағаттар бойы тыңдай алады.)


8-аялдама «Сарышаян» Қалжыңы мен әзілі аралас физика

1. Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды ?

Жауабы: Электр зарядының бірлігі - Кулонды

2.Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды ?

Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым

3. Қандай сақинаны тағуға болмайды ?

Жауабы: Ньютон сақинасы

4. Қандай торға қамауға болмайды ?

Жауабы: Дифракциялық торға

5. Қандай моль киімді жемейді ?

Жауабы: Моль - заттың мөлшерінің бірлігі

6. Қандай өріске мал жаюға болмайды ?

Жауабы: Электрлік және магниттік өріс


Сарышаян (24 қазан-22 қараша)

(Сарышаян шақса, «өлтіріп жіберуі» мүмкін, қатты мінезді адам. Сарышаян өз мінезін мұқият қадағалай алады. Көзі гипнозға толы сияқты, оның бір қарағана көзінің тұңғиығына батып кетуіңіз мүмкін. Өзінің бағасын біледі және өзі туралы жоғары ойын ешқашан өзгертпейді, бір сөзбен айтқанда, ішкі ЭГОсы мықты.)

9-аялдама «Мерген» Мақал мәтел физикада


Мақал мәтел және физика сәйкестендір

1. Жеті рет өлшеп бір рет кес Диффузия

 

2. Көсеу ұзын болса қол күймес Физикалық

шаманы өлшеу

 

3. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Жылуөткізгіштік

 

4.Отқа салса темірде балқиды Жылдамдық

5. Аттыға жаяу жолдас болмас Заттың агрегаттық

күйі(балқу)

 

6.Дән себілмей астық өнбейді Булану конденсация

Дария буланбай шық түспейді.


Мерген (23 қараша-21 желтоқсан)

(Мергендер – өте ашық, бауырмал жандар. Бойында зұлымдық та, жаман қасиеттер сирек кездесетіндіктен ренжіп, өкпелей алмайсыз. Оның әдепсіз, жөнсіз мінез-құлқының астында көбіне мол ақыл мен қатаң ұстанымдар жатады. Өздерінің дипломатиялық адамдар екеніне Мергендердің өздері таң қалады.

Қысқы күннің тоқырау нүктесі Мерген шоқжұлдызында, Ешкімүйіздің (Ұғылық) таңбасымен  белгіленеді. Ең қысқа күн -22 желтоқсанда


10-аялдама «Тауешкі» Еңбегімді бағала...

1.

  • Бұл ғалымды «сэр» деп атаған

  • Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған

  • Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы

  • Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген

И. Ньютон 1687 жылы И. Кеплер ашқан планеталар қозғалысының заңдарын пайдалана отырып,бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты.

2. Итальян ғалымы, инерция заңын ашқан кім? (Г.Галилей)

3. Тәжірибе жүзінде электростатиканың негізгі заңын – нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын тағайындаған кім?( Ш. Кулон )

4. Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады? Жылу табиғаты туралы корпускулалық теорияның дамуына үлес қосқан орыс физигі кім? (М.В. Ломоносов)

5.Француз физигі, математика, магниттік, электр құбылыстар  арасындағы байланыс туралы тұңғыш теория жасады.Магнитизм жөніндегі гипотезаны ұсынған, электр тогы ұғымын енгізген кім? ( Ампер Андре Мари )

6.Ұлы ағылшын ғалымы, электромагниттік құбылыстардың бәрін бір ортақ тұрғыдан қарастырып, электр және магнит өрісі жөнінде түсінік енгізген кім?

(Майкл Фарадей ).

7. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым. (Блез Паскаль)

8. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған қай ғалым ?( Э.Торричелли)

Тауешкі (24желтоқсан-20 қаңтар)

(Бұл белгіден туылғандарды түсіну өте қиын. Олар тек алға қарай жылжып, өзінің жетістігіне марқайып отыратындардың қатарынан табылады. Үнемі тек қана алға. Адамдардың назарын өзіне аударту үшін арнайы еш тәсілді қолданбайды, баста байқамауыңыз да мүмкін. Тауешкілермен күресіп, пайда таппайсыз, олар бәрібір өз дегеніне жетеді.)


11-аялдама «Суқұйғыш» Білгенге маржан

1. Аспандағы жұлдыздардың барлығы 88 шоқжұлдызға бөлінген. 88 шоқжұлдыздың біріне де кірмейтін бір жұлдыз бар. Ол - Күн. Күн эклиптика бойындағы 13 шоқжұлдызды басып өтеді. Оның 12-сі зодиакалды шоқжұлдыздар, ал біреуі эклиптика бойында жатқан, бірақ зодиакалды шоқжұлдыздар қатарына кірмейтін Ophiuchus шоқжұлдызы. Негізінен аспан 89 бөлікке бөлінген. Себебі, Жылан шоқжұлдызы басы мен құйрығы болып екіге бөлініп жатыр. Оның басы - батыста, құйрығы - шығыста.

2. Нейтронды жұлдыз материалынан жасалған шәй қасықтың салмағы жер бетінде 112 миллион тоннаны құрайды екен.
3. Егер сіз жарықтың жылдамдығымен ұша алсаңыз (секундына 300 000 шақырым), онда біздің галактиканы айналып шығу үшін сізге 100 000 жыл қажет болар еді.
4. Орион шоқжұлдызының сол жағында орналасқан Бетельгейзе атты жарық жұлдызды Күннің орнына қойса, ол Жерді, Марсты және Юпитерді жұтып кетер еді. Оның диаметрі Күннен 1000 есе үлкен. Ғалымдардың болжамынша, ол 2-3 мың жылдан кейін жарылуы тиіс. Екі айға созылатын қуатты жарылыс кезінде Бетельгейзенің жарықтығы Күндікінен 1 050 есе асып түсіп, Жер бетінен оны ешбір құралсыз-ақ көруге болады екен.
5. Сіз Андромеда галактикасына көз салғанда (бізден ара-қашықтығы – 2,3 миллион жарық жылына тең), оның бізге 2,3 миллион жыл бойы жүріп келген жарығын көресіз. Яғни, сіздің көріп тұрғаныңыз, ол галактиканың 2,3 миллион жыл бұрынғы көрінісі.

Суқұйғыш (21қаңтар-20 ақпан)

Адамдар кемпірқосақты жақсы көретін болса, Суқұйғыштар өте жақсы көреді. Өмірі де түрлі түсті. Реалист, ертеңгі күніне барынша сене біледі. Негізінде өте салмақты, мейірімді жандар, кейде қоғамдық пікірірлерге араласып, өзінің әдеттен тыс қылықтарымен есте қалуға ұмтылады. Ойламаған жерден оқыс қылықтар көрсетіп, таң қалдыруы мүмкін. 


12--аялдама «Балық» Жасырын физика

  1. Метр грек сөзі («өлшеймін» деген мағына береді)

  2. Диффузия латын сөзі («жайылу, таралу» деген мағына береді)

  3. Электр грек сөзі («электрон, эбонит» деген мағына береді)

  4. Гелиос грек сөзі («күн» деген мағынаны білдіреді)

5)Есту сезімін тудыратын серпімді толқындар (дыбыс)

6)Артиллеристтерде қарудан ату кезінде ауызды ашып тұру керек деген ережелері бар. Бұл ережені олар неге қолданады?

Себебі: Ату кезінде ауа толқындары қатты тербеледі және құлақ жарғақшасына үлкен күш түсіреді. Күштің әсерінен құлақ жарғақшасын жыртылып кетуі мүмкін және адам соның әсерінен саңырау болып қалады.

Ал, егер сол кезде ауызды ашып тұрса, ауа түтікше арқылы кіші құлаққа кіреді. Құлаққа іштен және сырттан күш бірдей әсер етеді, сонда құлақ жарғақшасы жарылмайды.

Балықтар (21 ақпан-20 наурыз)

(Билік жүргізе білмейді, бірақ арасында шығармашылық пен әртіс адамдар өте көп. Басқа адамдарды басқару мен билікке мүлде ұмтылмайды. Ақшаға да кетәрі емес, бірақ басқабелгілерге қарағанда, Балықтар ақшаның уақытша екеніне сенеді. Олар бай болғысы келмейді, бірақ байлар сияқты өмір сүргісі келеді. Өздері түскен күймен күресуге шамалары жетпейді.)


Қызықты тәжірибе” немесе «Күн». Саяхаттың шешуші кезеңінде сіздер Күн жайында қызықты мәліметтер аласыздар және жасөнертапқыштардың өнерлерінің куәсі боласыздар.

Назарларыңызға төбемізде жарқырап тұрған күн туралы кейбір қызықты деректерді ұсынамыз:

1. Көзімізге күн сары секілді болып көрінгенімен, шындығында олай емес. Күннің түсі - ақ. Атмосфераның әсерінен ғана бізде күннің түсі сары болып көрінеді.

2. Күн - галактикамыздағы ең жарық жұлдыз ба? Жоқ, олай емес. Галактикамыздағы 15% жұлдыз Күннен де жарық.

3. Барлығымыз галактикадағы барлық планеталар күнді айналып жүр, ал күн бір орында тапжылмай тұр деп ойлаймыз. Шындығында күннің өзі Құс жолы галактикасының ортасын айналу үстінде. Толық айналым уақыты - 225-250 миллион жыл.

4. Күн жер бетіндегі атом реакторы іспетті. Оның энергиясы сутегі мен гелийдің термоядролық синтезі әсерінен пайда болады.

5. Күннің сыртқы бетінің температурасы Кельвин шкаласы бойынша, 1 миллион градус болса, ішкі температурасы бар-жоғы 6 000 К.

6. Күннен шығатын ультрафиолет сәулелері антисептик болып табылады. Яғни, бұл сәуле түрлі инфекция тудыратын микроорганизмдерді өлтіреді.



Осымен кешімізді аяқтаймыз. Сөз кезегі қонақтарға беріледі.

Қорытынды сөз пән мұғаліміне беріледі.

ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бисалиева Сэн -
17 Желтоқсан 2017
2421
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі