«Мейірбике» колледжі»
ЖШС
Бекітемін
|
Директордың ӘЖЖ
орынбасары
|
______________
Н.Ж.Мазанова
|
«__»_____________ 2018
ж
|
Бекітемін
|
Директордың ӘЖЖ
орынбасары
|
______________
Н.Ж.Мазанова
|
«__»_____________ 2018
ж
|
Бекітемін
|
Директордың ӘЖЖ
орынбасары
|
______________
Н.Ж.Мазанова
|
«__»_____________ 2018
ж
|
Бекітемін
|
|
Директордың ӘЖЖ
орынбасары
|
|
______________
Н.Ж.Мазанова
|
|
«__»_____________ 2018
ж
|
|
|
Бекітемін
|
|
Директордың ӘЖЖ
орынбасары
|
|
______________
Н.Ж.Мазанова
|
|
«__»_____________ 2018
ж
|
«Қызық
екен»
(телебағдарламалық
шоу)
Өткізген:Мықтыбай
П.Д
Токтасинова
А.Ж
Жайтуғанова
А.С
Ақтау 2018
ж
Жаратылыстану ғылымның құпиясы
тұңғиық,
көз жетпейтін мұнарасы тым
биік!
Армысыздар құрметті
ұстаздар, студенттер!
Студенттер арасында өткізіліп
отырған «Қызық екен» интеллектуалды ойын-сауықтық телебағдарлама
негізінде ұйымдастырылған шоу-ойынымызға қош келдіңіздер! Сонымен,
«Қызық екен» интелектуалды шоудың білгірлерін – құрметті
сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық. (Таныстыру, слайд,
суреттер, музыка)
Бағдарлама
атауы:Қызық
екен
Сипаттама: Интеллектуалды ойын-сауықтық
телебағдарламалық шоу негізінде
ұйымдастырылған.
Ойынның
мақсаты: Студенттердің химия пәнінен
алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, сайыс барысында деңгейлерін
байқау және одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, оларды
тез ойлануға, шапшаңдылыққа, ептілікке, алғырлыққа, тапқырлыққа,
ізденуге баулу, білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып,
жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа
үйрету.
Білімділік: Студенттердің химия пәнінен
алған білімдерін жинақтау, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін
жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Студенттердің сұрақ
тапсырмаларын, есептер шығару, тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісі мен
танымдық қабілеттерін арттыру, сондай-ақ пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жан-жақты
дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді сыйластыққа,
ізеттілікке, жауапкершілікке, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Практикалық элементтері бар
сайыс сабақ.
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта, ноутбук,
проектр, презентация, плакаттар, шарлар, зертханалық құрал -
жабдықтар, реактивтер, химиялық
формулалар.
Сонымен«Қызық екен...» әлемге
танымал «Fremantle media» компаниясының жаңа өнімі. Бұл
интеллектуалдық ойын-сауықтық бағыттағы телевикторина негізінде
құрылған. Ойын топ арасында өтеді. Әр топ берілген сұраққа жауап
беру арқылы жеңіске жетеді.
Біздің бүгінгі ойынымыз осы
телевизиялық шоу «Қызық екен» бағдарламасы негізінде өткізіледі.
Ойынға 139, 135, 143, 141 топ студенттері қатыспақшы. Ойын 1 курс
студенттері арасында құрылған төрт топ арасында өтеді. Қойылған
сұраққа әр топ «дұрыс» жауап беру бағалану карточкаларын жинау
негізінде жеңіске жетеді. Сондай-ақ «Мақтау қағазына» ие
болады.
Ойынның толық
сипаттамасы: Ойын барысында төрт топқа
16 тақырып бойынша сұрақ қойылады. Дұрыс жауап сюжет, презентация
немесе видео-презентация түрінде беріледі. Сонымен қатар тәжірибені
қажет ететін сұрақта кездеседі. Ал оның дұрыс жауабын арнайы
кейіпкеріміз аудиторияда тәжірибе жасап көрсетеді. Сұрақтар
әрқилы болуы мүмкін. Алайда бүгінгі ойын сұрақтарының көп бөлігі
химия пәнімен байланыстырылды. Топ көп сұрақтың дұрыс жауабын
тапса, ұпайы да еселене түседі.. «Қызық екен...» - балаға да,
қариялар мен жастарға да тың ақпарат алуға және демалуға мүмкіндік
беретін шоу.
Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле
бергім
Біле беру емес пе тілегі
елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске
жет
Білімді әрі білікті жас
жеткіншек.
I кезең.
Таныстыру
Қатысатын топ студенттеріне
алдын ала креативті фотолар ұсыну таныстыру тапсырмасы берілді. Әр
топ өздерінің дайындаған видеороликтерін
көрсетеді.
Ойын
нәтижесін шығарған кезде
видеороликтерге де баға беріледі.
Жүргізуші:
Біліммен ашасың жол
ғылымға,
От боп лаула, су боп кейде
құйыл да.
Жесек тамақ, кисек киім,
тұратын мына үйіміз,
Олболмасакеліспейді,
жетіспейді күйіміз.
Ішсек дәрі, тірі ағзада
құбылыс,
Бәрі, бәрі сияды екен «Химия»
деген ғылымға.
Қарап тұрмай бәйгеге сіз
еріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
шығарар
Шәкірттерге әділ шешім
беріңіз
Бәйге, бәйге, бәйгелерді
көріңіз,
– дей келе сайысымызды
бастайық.
II
кезең.
Ұяшықтар
1. Логикалық
сұрақ
2. Периодтық
жүйе?
3.Қанша?
4. What?
Where?
When?
5. Сен білесің
бе?
6. Ойлан
тап
7.Жылдамдық
8.Сандар
сыры
9. Бұл
не?
10.
Алхимик
11.Химиялық
есеп
12. Химиялық
жұмбақ
13.Тұрмыстық
химия
14.Домино
15.???
16.Тәжірибе
Әр топ 4 ұяшықтан
таңдайды.
1. Логикалық сұрақ видеоролик
түрінде көрсетіледі.Сұрақ қоюшы ағылшын пәні оқытушысы Сағындыкова
Балғынгүл
2. Қанша? Үш элемент берілген
протон,нейтрон,электрон сандарын
есептеңіз.
3. What? Where?
When?Ежелгi Қытайда бұл
дәрігерлік мамандар жұмысқа дайындалу мақсатында тығыздап қағылған
шегелердiң ағаш тақтайларынан жұлатын. Сұрақ: Қандай
мамандық?
4. Сен білесің бе? Сұрақ қоюшы
Мұхамеджанова Сымбат видеоролик түрінде
көрсетеледі
5. Периодтық жүйе.Ең сұйық
металл
6. Ойлан
тап.Өзі химиялық
элемент,егер «ан» қосымшасын
жалғасақ қыстың қаhарлы күндерін есіңе түсіреді.Ойлаңыздаршы бұл
қай элемент???
7.Жылдамдық. Химиялық
формулалар берілген молекулалық массасын
есептеу.
8.Сандар сыры. Үш түрлі сан
берілген химия ғылымымен байланыстырыңыз.
9. Бұл
не? Кештердің бірінде император
Наполеон ІІІ сарай әйелдеріне жылтыр металдан жасалған сырға,
білезік, түйреуіштер сыйға таратты. Өкiнiшке орай, әшекейлер кештің
аяғында қарайып кетті. Қазір бiздiң заманымызда бұл материалдан осы
әшекейлерді жасауды ойламас едi. Металды
атаңыз.
10. Алхимик.Универсалды
тұрақты-идеал Газдың бір моліндегі молекула санынашқан итальяндық
ғалым
11.Химиялық
есеп.Массасы 128 г күкірттің зат
мөлшерін табыңыздар
12. Химиялық
жұмбақ.Бірінші бөлігі көп
емес,
екінші бөлігі «тілсіз жау»
деген мағынада,
Өзі химиялық
элемент,
Ойлаңызшы бұл қай
элемент???
13.Тұрмыстық
химия.Калий
перманганатының тұрмыстық
атауы
KMnO4
14.Домино. Химиялық
домино.Валенттілік бойынша формула құру
15.???. Видеоролик
түрінде.
Тәжірибе
1 стақан суға 1 шәй қасық
крахмалды араластырып, оған бір тамшы йод қосса су қандай түске
боялады?
а) қызыл б) күлгін с) көк
Тәжірибе көрсету
16.Тәжірибе. Майонездің
сапасын анықтау.
Жүргізуші:
Бүгін де химия барлық
жерде,
Құрылыста, техникада,
өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның
меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып
үйреніңдер!
Ұпай сандары тең түскен
топтарға жүргізуші сұрақтар қояды.
Жүргізуші 1 минут ішінде
сұрақтарды оқиды.
1. Металл атомы мен қышқыл
қалдығынан тұратын заттар (тұздар)
2. Бір химиялық элементтің
бірнеше жай зат түрінде болу құбылысы
(аллотропия)
3. қышқылдық ортада лакмус
қағазы қандай түске боялады?
4. Калий қандай металл
(сілтілік)
5. Қалыпты жағдайда сұйық
күйде болатын бейметалл (бром)
6. Азот қышқылының тұздарын
қалай атайды (нитраттар)
7. Г. Кавендиш алған химиялық
элементті А. Лавуазье «гидроген» деп атаған. Ал қазір қалай
аталады?
8. Жану үрдісі үшін 3 жағдай
қажет: оттектің болуы, белгілі температура және.... 3 - ші
компонентті атаңдар. (отын)
6. Д. И. Менделеевтің туған
жері?
7. Сұйық күйде болатын 2 жай
затты ата (Нg, бром )
8. Жанбайтын, суға батпайтын,
концентрлі күкірт, азот қышқылы ерітіндісінде де тотықпайтын,
түссіз СuО (ІІ) қосылысының түсін өзгертетін қатты сутекті
қосылысты ата.
III кезең
.Қорытындылау
Ең көп ұпай санын жинаған топ
жеңіске жетеді.
Құтты болсын ұтып алған бас
бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас
бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап
әрқашан
Ала бер жарыс сайын бас бәйге,
- деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Сайыс кезінде оқушылардың
белсенділігі күшейді. Пәнге қызығушылықтары бұрынғыдан да арта
түсті. Білім сайысы өз мақсатына жетті. Әр топ білімдеріне сәйкес
марапатталды.