Қызықты география сайыс сабағы. Топпен жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызықты география сайыс сабағы. Топпен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызықты география сайыс сабағы. Топпен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыстың тақырыбы: «Қызықты география»

Мұғалімі:

Сайыстың мақсаты: 7 сынып оқушыларының география пәнінен алған білімдерін нығайтып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта.


Сайыстың шарттары:

І.Таныстыру

І.Кім жылдам

ІІ.Адасқан әріптер

ІІІ.Жеті жұмбақ

ІV.Ең, ең, ең....

V.Елтану

Сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар:

1. ____________________________________________________________

2. _____________________________________________________________

3. ______________________________________________________________

Олай болса сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, таныстыруды бастаймыз.

І.Таныстыру

Сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:

1 топ «Еуразия» тобы

2 топ «Африка» тобы

3 топ «Аустралия» тобы

4 топ отырған «Антарктида» тобы


І. “Кім жылдам?” (Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 20 сұрақ қойылады. Дайын оқушы алдында тұрған жалаушаны тез жоғары көтеріп жауап береді)

1)“Ұлы географиялық ашулар

заманы” қай ғасырдың аралығында болды? (XV-XVIIIғасырлар)

2) Теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын толқын? (Цунами)

3) Қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын жел? (Муссон)

4) Желдің бағыты мен жылдамдығын бақылайтын құрал? (Желбағар, флюгер)

5) Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі? (Климат)

6) Атлант мұхитының ең терең жері? (Пуэрто-Рико)

7) Жер сілкінісін зерттейтін ғылым қалай аталады? (Сейсмология)

8) Экваторға қарай соғатын жел? (Пассат)

9) Ауа райын зерттейтін ғылым? (Метеорология)

10) Жер қыртысынан төмен 2900 км тереңдікте орналасқан жердің ішкі бөлігі? (Мантия)

11) Күн мен жердің арақашықтығы? (150млн км)

12) Америка материгінің атауы қалай пайда болды? (Америго Веспуччидің құрметіне)

13) Жеке жұлдыздар тобын не деп атайды? (Галактика)

14) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)

15) Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан-тәңірі)

16) Планеталардың күн төңірегіндегі жолы? (Орбита)

17) Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады? (Тропосфера)

18) Терең жарылыстар жиынтығын не деп атайды? (Рифт)

19) Қазақстанның ең төмен нүктесі? (Карақия ойысы)

20) Тереңдікті өлшейтін құрал?


ІІ. “Адасқан әріптер?” (Бұл кезеңде экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден география пәніне қатысты сөздер шығару керек)

1) ТСААШМБ МАСШТАБ

2) ТЗМАУИ АЗИМУТ

3) ТВОЭРАК ЭКВАТОР

4) ДЕНАИИМ МЕРИДИАН

5) БТСОНРА СТРАБОН

6) РААААКСДМГ МАДАГАСКАР



ІІІ. «Жеті жұмбақ» (Сайысымыздың бұл кезеңінде 9ұяшық берілген, әр ұяшықтың ішінде география пәніне қатысты 1жұмбақ жасырылған. Топтар бір-біріне кезек бере отырып, 3 ұяшықтан таңдауға тиіс. Егер таңдаған топ жауабын білмесе, келесі топ жауап береді.)

1) Тұрғыны жоқ елдер

Үйі жоқ қалалар,

Ағашы жоқ ормандар

Суы жоқ теңіздер,

Бұл не?

ЖАУАБЫ: ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА

2) Бар ма,жоқ па

Оны анық білмейсің.

Ол жоқ жерде

Өмір сүріп жүрмейсің

Жауабы: АУА

3) Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіңе назар салып қарасаңыз

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

Жауабы: ГЛОБУС

4) Өркеші бар, түйе емес,

Не ақ отау – үй емес.

Бір орнында тұрғаны,

Не болады бұл, кәне?

Жауабы: ТАУ

5) Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты,

Керемет-ау кернеуі –

Тасты кесіп, жарыпты!

Жауабы: ӨЗЕН

6) Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.

Адамзат жан-жануар арасында,

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген

Бұл не?


Жауабы: ЖЕР

7) Жер өзегі атанған,

Ең орталық бөлігі,

Бұл не?

Жауабы: ЯДРО

8) Сурет жұмбақ. Америка материгін ашқан саяхатшы? (Христофор Колумб)

9) Оңтүстік полюске алғаш жеткен саяхатшы? (Руаль Амундсен)


VІ. Ең, ең, ең....

1)Дүние жүзіндегі еңбиік тау? (Гималай)

2)Дүние жүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)

3)Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама? (Анхель)

4)Дүние жүзіндегі ең кіші материк? (Аустралия)

5)Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? (Ніл)

6)Дүние жүзіндегі ең үлкен көл? (Каспий)

7)Дүние жүзіндегі ең терең көл? (Байкал)

8)Дүние жүзіндегі ең суық материк? (Антарктида)

9)Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма? (Мариан)

10)Дүние жүзіндегі ең үлкен ел? (Ресей)

11)Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл? (Сахара)

12)Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек? (Арабия)


V. Елтану

1. Түркменстанның астанасы? (Ашхабад)

2. Мексиканың астанасы? (Мехико)

3. Өзбекстанның астанасы? (Ташкент)

4. АҚШ астанасы? (Вашингтон )

5. . Ресейдің астанасы? (Мәскеу )

6 Ұлыбританияның астанасы? (Лондон)

7. Үндістанның астанасы? ( Дели)

8. Италияның астанасы?( Рим)

9. Францияның астанасы? (Париж)

10. Қытайдың астанасы? (Пекин)

11. Жапонияның астанасы? (Токио )

12. Қырғызстанның астанасы? (Бішкек)


Қорытындылау. Осымен «Қызықты география» сайысы да өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайсымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөзді сарапшы ұстаздарымызға береміз. Оқушыларды марапаттау. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.12.2024
58
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі