Қызықты геометриялық ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызықты геометриялық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ақпаратты әр сабақта қолдануға болады, өйткені осы ойындар сабақты түрлендіруге мүмкіндік береді. Ойын арқылы оқушылардың шығармашылық қабылетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болады. Бұл ақпаратта "Танграм", "Пифагор", "Моңғол ", "Колумбо жұмыртқасы", "Въетнам", "Сиқырлы дөңгелек" ойындары көрсетілген және Геометриялық фигуралардан үй құрастыру (сызу) деген сияқты жақсы әдістер арқылы балалардың ойлау қабылеттерін жетілдіруге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызықты геометриялық ойындар



Сабақтың тақырыбы: «Танграм» ойыны (1 вариант)

Сабақтың мақсаты: Балалардың қиялын ұштап, олардың конструкциялық қабілеттерін дамыту.

Сабқатың көрнекілігі: шаршы бөліктерге бөлген кезде алынатын геометриялық фигуралардан құрастырылған суреттер.

Сабақтың барысы:

Танграм-ескілікті ойын. Ойынға дайындық ретінде мұғалім шаршы қиып алуды және оны суретте көрсетілгендей етіп сызықтардың бойымен тілуді ұсынады. Тілу сызықтарын бір бет қағазды бүктеу арқылы құрауға болады. Әрбір бөлік нөмірленіп, қиып алынады. Мұғалім магнит тақтаға сызылған шаршыны және құрастырғанада шаршы алуға болатынын толып жатқан суреттердің бірін ілді(суретте). Ол оқушыларға геометриялық фигуралардан осындай сурет құрастыруды тапсырды. Ойынды бастамай тұрып ережелерін түсіндіреді:

  1. Шаршының бөліктері бірін-бірі жуып қалмай, тек шетімен ғана жанасып тұруы керек.

  2. Әр суреттің құрамыга шаршының барлық жэеті бөлігі де енгізілуі тиіс.

Оқушылар кейбір суреттерді (әр сабақ біреуден) үлгі бойынша қайсыбір суреттерді көз алдына елестету арқылы құрастырады. Бақылау мақсатымен мұғалім балалардың құрастырған суретін магнит тақтаға іледі.

Сабақтың тақырыбы: «Танграм» ойыны (2 вариант)

Сабақтың мақсаты: Қосу, азайту, бөлудің есептеу әдістерін пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: бірнеше бөліктерге бөлініп, әр бөліктің ішіне мысалдар жазылған шаршының суреттері.

Сабақтың барысы:

Мұғалім былай дейді: «Егер әр бөліктегі жазылған мысалды дұрыс шығарсаңдар, онда шаршының бөліктерінен құралған суреттегі әрбір фигураның орнын табасыңдар. Суретті құрастыру үшін шаршыны бөліктерге бөліп қиып, сонан кейін суретте шаршының әрбір бөлігі өз орнын дұрыс тауып тұр ма, соны тексеру керек».

Оқушылар басқа шаршыдан үлгі бойынша суреттер құрастырады.

Сабақтың тақырыбы: «Пифагор» ойыны.

Сабақтың мақсаты: Шаршыны 7 бөлікке бөліп, олардың қандай фигуралар екенін анықтау. Бұл фигурадан не құрауға болатынын ойластыру.

Сабақтың көрнекілігі: өлшемі 7х7 см болатын шаршы, «Пифагор» ойынын құрастыратын шаршының бөліктерге бөлінген суреті.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. «Пифагор» ойыны жайында мәлімет.

  3. Шаршыны 7 бөлікке бөлу.

Өлшемі 7х7 см шаршыны суретте көрсетілгендей 7 геометриялық фигураға бөлеміз. Сонда өлшемдері әр түрлі, бірі-үлкен, екіншісі-кіші екі шаршы, 2 кіші үшбұрыш, 2 үлкен үшбұрышұ, 1 төртбұрыш (параллелограмм шығады).

Осы кесілініп алынған фимгураларды оқушылар атап, оларды қайтадан біріктіріп құрастырып, бір бүтін шаршы шығарып үйрету керек. Оқушылар дайын суретті көрмей тұрып өздері құрастырып арттырып, оның ақыл-ойының дамуына көмекші болып, құрастырудың бірнеше тәсілдерін көрсетеді.



Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралардан үй құрастыру (сызу).

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құрастыру, сызу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Үйдің суреті салынған суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй құрастыруға қажетті геометриялық фигураларды еске түсіру.

  3. Бірнеше геометриялық фигуралардан үй құрастырып сызу.

Өткен сабақтағы үй құрастыру жұмысын тиянақты орындағаннан кейін үй құрастырып сызу оқушыға онша қиынға соқпайды.

Қорытынды: Оқушының арақашықтықты көзбен дәлдеу, сызғышен, өлшеу, түзулеп сызу, т.б. сызу дағдыларын қалыптастырамыз.





Сабақтың тақырыбы: «Моңғол ойыны» атты ойынның түрімен танысу.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың құрастыру, ойлау, қию, т. б. Логикалық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: 11 бөлікке бөлінген шаршы..

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. «Моңғол» ойынының мән-жайын түсіндіру.

  3. Бөліктерді құрастырып үйрету.

Өлшемі 10х10 см болатындай шаршыны суретте көрсетілгендей 11 бөлікке бөлеміз. Бұл бөліктерде: 2 шаршы, 4 үшбұрыш, 5 тіктөртбұрыш (7-еуі кіші төртбұрыш, 1-еуі үлкен тіктөртбұрыш).

Құрастыру ережесі: фигура-силуэтті құрастыруда барлық бөліктерді қатыстыру керек және де бірінің шетін бірі басып кетпейтіндей, жанап қана орналастыру керек. Бөліктердің екі жағын дабірдей бояулармен бояп қойса болады.

Оқушылар дайын сурет бойынша ғана емес, өздері ойлап, өздері басқа фигуралар құрастырғаны жөн.

Оқушыларға қоятын талап: жасалынған (құрастырылған) фигура сол фигураның шын мәніндегі түрін ұқсас болуы қаже

Сабақтың тақырыбы: «Колумбо жұмыртқасы» ойынымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: сопақшаны бөліктерге бөліп, олардан бірнеше фигура-силуэттер құрастыру дағдыларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: «Колумбо жұмыртқасынан» жасалған бірнеше фигура-силуэттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. «Колумбо жұмыртқасын» сызып бөліктерге (10) бөлу.

Өлшемі 15х12 см сопақшаны 10 бөлікке бөлеміз. 4 үшбұрыш (2 үлкен үшбұрыш, 2 кіші үшбұрыш), 2 фигура төртбұрышқа ұқсайды, тек бір қабырғасы доғалдау келген, 4 фигура (үлкенді кішілі) үшбұрышқа ұқсас, бір қабырғалары доғалау. Картон не пластиктен жасап, екі жағын да бояу керек.

Сопақшаны 10 емес 9 бөлікке де бөлуге болады, 2 кіші үшбұрыштың орнына 1 үлкен үшбұрыш жасауға болады.

Бөліп болған соң бөліктердің неге ұқсас екендігін атап айту керек. Осылай талдаудың барысында бөліктердің біреуі құстың қанатына, біреуі құстың денесіне, басына т. б. ұқсас екендігі айқындалады.

Одан әрі не құрастыруға болады деген сұрақ туады. Оқушылар өздері қалаған фигураларды құрастыруға кіріседі. Мұғалім басшылық жасап, көмектесіп тұрады.

Сабақтың тақырыбы: «Вьетнам» ойынымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: Шеңбер сыздырып үйрету, циркульмен жұмыс жасап, шеңберді бірнеше бөлікке бөлдіру, бөлінген бөліктерден түрлі фигураларды, құстарды құрастыра білуге, ойлау қабілеттерін дамытуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: «Вьетнам» ойынына керекті дөңгелек, осы дөңгелекті бөлуден шыққан бөліктерден құрастырылған фигуралардың суреттері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. «Вьетнам» ойыны жайында әңгімелесу.

  3. «Вьетнам» ойынын жүргізу үшін керекті фигураларды сызып, қиып, құрастыру.

Дөңгелекті 7 бөлікке бөлеміз. Сонда 2 бөлік-сопаққа, 2 бөлік-үшбұрышқа ұқсас, ал қалған 3 бөлік әртүрлі формалы болып шығады. Дұрыстап құрастыра білсе құстардың, жануарлардың силуэттері шығады.

Көрсетілген дайын силуэттерден басқа да бірнеше фигураларды құрастыруға ынталанып дағдыланып іздену қажет. Өлшеп сызып, бөлуде өте ұқыптылық, дәлдік керек.







Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы дөңгелек», оны бөлу, құрастыру.

Сабақтың мақсаты: Дөңгелек сызып үйрету, циркульмен жұмыс істеуге жаттығу, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, қолын жаттықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: дөңгелек, бірнеше заттардың, құстардың, жануарлардың бейнесі құрастырылып жасалған суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. «Сиқырлы дөңгелекті» сызу, бөлу, құрастыру.

Дөңгелекті сызып суреттегідей 10 бөлікке бөлемаіз. 4 тең үшбұрыш, қалғандары екі-екіден ұқсас, тек бір қабырғалары дөңгелектеу келген.

Ойынның ережесі бойынша құстардың, жануарлардың т.б. заттардың силуэттерін құрастырғанда 10 бөліктің бәрін де қолдану керек және де ол бөліктер бірінің үстіне бірі салынбайды, тек жанасады.

Құрастырылған заттардың силуэттердің сол заттың түр-түсін ескерте отырып бояйды. Дөңгелекті бөліктерге бөлмей тұрып екі жағын да бір түспен бояп алған жөн.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.01.2018
3078
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі