Түсінік хат
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі «педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті» деп көрсетілуі, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында елбасының «біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілестерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек» деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Оқушының білім сапасын көтеру – негізгі мақсат. Біздің оқушыға қойған талабымыз:
-Қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
-Ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
-Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
-Өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;
-Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу ( интернет, электронды пошта);
-Қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;
«Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны ары қарай дамыту үшін ең басты жағдайлар жасалуы керек ». Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торанстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады:
-Оқытуды мұғалім оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау;
-Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдында барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
-Өзіндік талдау ( оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
-Ерікті таңдау ( мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
-Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;
-Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
-Ата – аналармен ынтымақтастық құру.
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығарма шылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
-Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
-Сабақты түрлендіріп өткізу;
-Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
-Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
-Тапсырмаларды әр оқушының білім деңгейіне қарай құру;
-Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, О.Балзактың «ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.Әрине атқарылған әдістер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын , толғандыратын әдістер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, бізге ой – өрісі жоғары дамыған, зерделі,жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығару мүмкін емес. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы сәуірдегі № 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы 2017 жылғы әдістемелік нұсқау хатын негізге ала отырып, 34 сағат көлемінде «Қызықты грамматика» үйірмесінің бағдарламасы құрылды. Бағдарламада 1-2 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай ескерілді. Бағдарлама құруда теориялық әдебиеттерге шолу жасалынып, ұйымдастыру формалары, әдістері, деңгейлеп,саралап оқыту технологиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері таңдалып алынды. Сонымен қатар сөйлеу әрекетінің түрлері тыңдалым, жазылым, оқылым арқылы коммуникация, айтылым, жазылым, дағдыларын қалыптастыру көзделген. Жаңа білім беру мазмұнының идеяларын негізге ала отырып, оқушылардың сауаттылығын, грамматикалық білімдерін қызықтыра отырып арттыруға бағытталды. Орта білім берудің құндылықтары бастауыш сынып оқушыларының «Мәңгілік Ел» идеясын жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілетті, ұлттық бірегейлік ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы.Осыған орай профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады . Технологияның басты мақсаты сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды. I деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. I деңгейді орындаған оқушы "орташа" деп бағаланады. Әрбір оқушы 1 деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда "үлгерімі төмен баяу" оқушы жақсы окитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп -саралап окыту технологиясының екінші бір жағы — оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады. Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. 1-деңгей: міндетті, оқушылық; 2-деңгей: алгоритмдік; 3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде мең геру; 4-деңгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру. 1-деңгейдегі тапсырмаларға: 1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек; 2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс; 3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн. Бұл деңгейдің тапсырмасын орындап болған оқушы « 5» ұпай жинап , «орташа» деп бағаланады. 2-деңгейдегі тапсырмаларға: 1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар; 2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық тапсырмалар, ребустер мен сөз жұмбақтар.Мұндағы екінші деңгейдің тапсырмасын орындатудағы мақсатым, жұмбақ шешу, екі буынды сөздерді теріп жазу және буынға буынды қосып жаңа сөз табу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Екінші деңгейді орындап болған оқушы 10 ұпай жинап, оқушының тапсырмасы тексеріліп «жақсы» деп бағаланады. 3-деңгейдегі тапсырмаларға: 1)Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. 2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар. 3) Өздігімен сөз құрау мен сөйлемдер құрастыру және оны өздігімен жазу, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жұмбақ , ребус шешу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.Үшінші деңгейдің тапсырмасын орындату арқылы оқушылардың өздігімен буындардың жалғасын табуға, А дыбысынан басталатын сөздерді ойлап табуға, өздігімен сөздерден сөйлем құрастыру арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытуға баулыдым. Үшінші деңгейді орындаған оқушы 15 ұпай жинап, барлық ұпай сандарын қосқанда жалпы 30 ұпай жинайды. Мұндай оқушыларға « өте жақсы» деп бағаланады.
Бастауыш сыныптарда жаңаша оқыту деңгейлеп,саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді. Осы тұрғыда пәндер бойынша диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттедім.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
*Бастауыш сынып оқушыларының грамматикалық білімдерін үйірме жұмысында сыныптан тыс ұйымдастыру формалары арқылы жүзеге асыру;
* Оқушылардың танымдық-зерттеушілік әрекетін қалыптастыру;
/ шығарма,эссе,өлең шығару/
*Сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау.
*Оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу. Зерттеудің міндеттері:
* Әр бөлім бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол өтілген тақырыпты пысықтап отыру;
*Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылау;
* Тоқсан аяғында оқушылардың білім деңгейлері жақсы көрсеткішке жеткенін байқау;
* Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру .
Зерттеудің болжамы:
Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады деп сенемін. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану арқылы құрылған тапсырмалар жинағымды әдістемелік көмек ретінде көпшілік назарына ұсынамын.
Күтілетін нәтиже:
* Оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуіне жол ашады;
* Мақсат қоюға, оны жоспарлауға үйренеді;
* Ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылауы артады;
* Өзін-өзі бағалауға үйренеді;
* Зерттеушілік қабілеті дамиды;
* Тапсырмаларды орындауда жеке басының жауапкершілігі қалыптасады;
* Тілдік дағдылары қалыптасады.
Ұйымдастыру формалары:
Жеке
Жұптық
Топтық
Зерттеудің әдістері: Бақылау, сауалнама, сараптау,саралап деңгейлеу, талдау, әңгімелесу, қорытындылау.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
1.Зерттеу барысында бастауыш мектепте қызықты грамматикалық тапсырмалар деңгейі жасалынды.
2. Зерттеу мақсатына байланысты әдістермен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді.
Зерттеудің құрылымы: Түсінік хат, бағдарламаның мазмұны, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi, қосымшадан тұрады.
Бағдарламаның мазмұны (34 сағат)
1. Бөлім: Сөйлем, сөз,дыбыс, әріп ( 2 сағат)
-Дыбыстар туралы жалпы мәлімет беріледі.
-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын меңгертіледі.
-Не үшін дауысты, немесе не үшін дауыссыз екенін дәлелдеуге үйренеді.
-Сөзде қанша дыбыс барын, нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін анықтайды.
2 .Бөлім: Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен олардың әріптері (2 сағат)
-Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты ажыратады.
-Дауыссыз дыбысқа дауысты дыбысты қосып оқиды.
-Неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын меңгереді.
-Дауыссыз дыбыстардың кестесін меңгереді ( қатаң, ұяң, үнді)
-Буын санын анықтауға үйренеді.
3.Бөлім: Қазақ алфавиті (1 сағат)
- Қазақ алфавитінде неше әріп барын біледі.
-Орыс тілінен енген әріптер мен дыбыстар жайында білімдерін шыңдайды.
-Жер-су, кісі атауларын бас әріппен жазуды үйренеді.
-Алфавитті ретімен жазуды үйренеді.
4.Бөлім: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен олардың әріптері. (2 сағат)
- Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен олардың әріптерін ажыратып үйренеді.
-Жуан айтылатын дыбыстар жайында мәлімет беру.
-Жіңішке айтылатын дыбыстар жайында біледі.
5.Бөлім: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. (2 сағат).
- Жуан айтылатын сөздерді біледі.
- Жіңішке айтылатын сөздерді біледі.
-Сөздің жуан айтылуы, құрамындағы жуан дауысты дыбысқа байланысты екенін түсінеді.
-Сөздің жіңішке айтылуы, құрамындағы жіңішке дауысты дыбысқа байланысты екенін түсінеді.
6.Бөлім: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. (2 сағат).
-Дауысты дыбыстардың жұптарын біледі.
-Жуан және жіңішке сөздерді топтауды үйренеді.
-Көп нүктенің орнына жуан және жіңішке жұп әріптерді қойып жазуды, айтуды үйренеді.
7.Бөлім: Буын. (2 сағат)
-Буын туралы мәлімет беру.
-Бір буынды,екі буынды сөздерді меңгереді.
-Й,Ң,У-әріптері буынның қай бөлігінде қалатыны туралы анықтама беру.
-Буынға бөліп, буын санын анықтауға үйренеді.
-Сөздерді буынға бөліп жазуға үйренеді
8.Бөлім: Тасымал. ( 2 сағат)
-Сөзді тасымалдауға үйренеді.
- Қандай сөздер тасымалданбайтынын меңгереді.
-Сөзді тасымалдап жаза білетін болады.
9.Бөлім: Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы. ( 2 сағат)
- Дауыссыз дыбыстары жуан айтылатын сөздерді біледі.
- Дауыссыз дыбыстары жіңішке айтылатын сөздерді анықтай біледі.
-Бірыңғай жуан сөздерді жалғастырып, жазуды үйренеді.
-Бірыңғай жіңішке сөздерді жалғастырып, айтуды үйренеді.
10.Бөлім: Заттың атын білдіретін сөздер. (2 сағат)
-Заттың атын білдіретін сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгереді.
-Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға қандай сөздер жауап беретінін біліді.
-Суреттен кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, сөйлем құрауға үйренеді.
-Сөздерді оқып шығып, сұрақ қоюға дағдыланады.
11.Бөлім: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. (2 сағат).
-Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылатынын біледі.
-Сөздерді мағынасына қарай топтап жазуды үйренеді.
-Бас әріптен басталып жазылатын сөздерді жазады.
12.Бөлім: Заттың қимылын білдіретін сөздер. (2 сағат)
-Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгереді.
-Сөйлемнің ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді табады.
-Суреттен заттың қимылын білдіріп тұрған сөздерді тауып, сұрақ қоюға үйренеді.
13.Бөлім: Заттың сынын білдіретін сөздер. ( 2 сағат)
-Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгереді.
-Суреттен заттың сынын, сапасын, түр-түсін білдіретін сөздерді табады.
- Сөйлем құрап жазуға, сұрақ қоюға дағдыланады.
-Қарсы мәндес сөздерді ажыратып үйренеді.
14.Бөлім: Заттың санын білдіретін сөздер. ( 2 сағат)
-Заттың санын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін меңгереді.
-Суреттен заттың санын білдіретін сөздерді тауып үйренеді.
-Сөздерге сұрақ қойып, сөйлем құрауға дағдылынады.
-Сан есімдерге зат есімдерді тіркестіріп жазып үйренеді.
-Сөйлемнен қанша? неше? нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді табуға үйренеді.
15.Бөлім: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. ( 3 сағат)
-Сөйлем туралы жалпы мәлімет алады.
-Сөйлем қандай әріптен басталып жазылатынын меңгереді.
- Сөзден сөйлем құрап жазуға дағдыланады.
-Сөйлемдегі сөздердің санын анықтап үйренеді.
-Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып табуды үйренеді.
-Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсетуді үйренеді.
16.Бөлім: Мәтін. ( 3 сағат).
-Мәтінде неше сөйлем барын анықтап үйренеді.
-Мәтінге ат қойып үйренеді.
-Мәтінде неше бөлім бар екенін табуды үйренеді.
-Мәтін түрлерін анықтауға дағдылынады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әрбір адамзат баласы өмірді оқып-тани алмайынша болашаққа қадам басуы мүмкін емес. Оқушыларға сан-алуан әрекет арқылы ақыл-ойды жетілдіру және тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру, осының бәрі бүгінгі қажеттілік. Адамзат дамуының осы ғасырда тудырып отырған өзекті мәселелерінің бірі – баланы жеке тұлға ретінд
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қызықты грамматика 2- сынып

шағым қалдыра аласыз