Материалдар / Қызықты грамматика авторлық бағдарлама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қызықты грамматика авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған факултатив сабақ. Бағдарламасы мен жұмыс дәптері 3 сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2019
3993
19 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Баетова Фарида Рыскелдиевна

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Тоқтар Әубакіров атындағы негізгі мектебі

Авторлық бағдарлама Қызықты грамматика бағдарламасы мен жұмыс дәптері 3 сынып




Түсінік хат

Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тұрғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, мәдени білім жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез-келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үрдісінің өзіндік ерекшеліктері болады. Қазақ халқына тән білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқушыға білім беруде , соның ішінде қазақ тілін оқытуда қолдану бүгінгі күннің басты міндеті болуы тиіс.

Мәдениетті сөйлей білу адамның жан дүниесінің әдемілігін көрсетеді. Ал сауатты жазу - білімділіктің көрінісі. Мәдениеттілік пен білім адамға ана тілі арқылы дариды.

«Қызықты грамматика» - бағдарламасын ала отырып,қазақ тілінен алған білімді бекітіп, тиянақтай түседі. Тапсырмаларды орындай отырып жеке, жұпта, топта орындау арқылы өзінің ана тілін қаншалықты дәрежеде білетінін байқайды.

Тіл білімінің басқа сатыларын сатылап, талдап меңгеруге негіз қаланып, талдау жұмысын жүйелі жүргізуге үйренеді.




















Мақсаты:

-оқушылардың жаңа мағлұматтарды пайдалану барысында ойлау қабілеттерін арттыру:

-ақпараттық технологияның жаңа үлгілерін меңгерту;

-шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қалыптастыру;

-оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру;



Міндеттері:

-жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті деңгейде білімді етіп тәрбиелеу.

-оқушыларды айналадағы болып жатқан өзгерістер мен жағдайларға қарап,тез шешім қабылдауға үйрету.

-оқушылардың білімдерін ана тілімізде шыңдай отырып,ұлттық негізде тереңдету.

-ұлттық сипат беретін теңдеулер,өлшемдердің,ұлттық салт-дәстүрлердің тіл дамытуға қатысты элементтерін пайдалану.



Күтілетін нәтиже:

-сауатты көркем жазуға дағдылану арқылы ізденімпаздыққа, шығармашылыққа үйренеді;

-оқушылардың қажетті шеберлік пен дағдылары қалыптасады және баланың жалпы тұлғалық дамуына,ойлау,есте сақтау,қиялдау,елестету сияқты жақсы қасиеттерінің үйлесімді дамуы қалыптасады;

-олардың шығармашылық қабілеттері дамиды.







Тұжырымдық бөлік

I-бөлім. Дыбыс және әріп -3 сағат.

Дыбыс және әріп туралы білімдерін толықтырып, көркем жазу дағдыларын қалыптастырады. Дыбыстардың түрлерін айыра біледі. Сөздердің жуан және жіңішке болып айтылу себептерін анықтап, дауысты дыбыстарды сөздерге дұрыс қолданады, дыбыс әріптерін сауатты түрде практикада қолдана алады. Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырата отырып, әріп таңбаларын сауатты жазады.

II-бөлім. Мақал-мәтелдер – 2 сағат

Тақырыптарға сай мақалдарды жаттайды, мақалдардың жалғасын жазады, синоним сөздер табады.

III-бөлім . Сөз таптары - 15 сағат

Ауызша және жазбаша сауаттылықтарын қалыптастырып, заттың түр-түсі, сипатын, санын, қимыл іс-әрекетін білдіретін сөздерді сауатты түрде практикада қолдана білу дағдылары қалыптасады.

IV –бөлім. Қаратпа және мәндес сөздер – 4 сағат

Қаратпа және мәндес сөздерге байланысты тапсырмалар орындау барысында білімдерін шыңдайды.

V-бөлім. Жазба жұмыстары – 10 сағат

Тест тапсырмаларын орындату, шығармашылық диктанттар жазғызу барысында өз ойларын еркін айта алатын тұлға қалыптасады. Ойларын еркін дәлелді түрде ауызша және жазбаша да сауатты түрде жеткізе білу қабілеттері жетіледі. Тілдік жаттығулар, түсініктілі дидактикалық ойындар қолдану арқылы сөйлеу мәдениеті қалыптасады.











«Қызықты грамматика» бағдарламасының

тақырыптық жоспары

(Барлығы 34 сағат,аптасына 1сағат)

Тақырыптар

Сағ. саны

Күні


І. Дыбыс және әріп - 3 сағат

1

Дауысты дыбыстар әлемі

1


2

Сөздердің жуан және жіңішке болып айтылу себептерін анықтау 

1


3

Дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері

1



ІІ. Мақал-мәтелдер - 2 сағат

4

Мақал-мәтелдер еліне саяхат

1


5

Мақал-мәтелдерді қаншалықты қолдана аласың?

1



ІІІ. Сөз таптары - 15 сағат

6

Кімдер? Нелер? қонақта

1


7

Септік атаның еліне саяхат

1


8

Мен кіммін? сызбамен жұмыс

1


9

Нақты сұраққа жауап беретін сөздер

1


10

Оқушылардың білім деңгейін анықтау

1


11

И, й, у әріптері бар сөздердің айтылуы мен жазылуын ажырат

1


12

Өзара бір-бірімен мағына жағынан байланысқан сөйлемдер

1


13

Не істеді? Қандай? және Не үшін? сұрағына жауап беретін сөйлемдер

1


14

Мәтіннің құрылымы туралы не білеміз?

1


15

Әдемілік, сұлулықты білдіретін сөздер

1


16

Сандар көпірі

1


17

Сан есімнің түрлерін анықтау

1


18

Заттың ретін білдіретін сөздер

1


19

Заттың санын білдіретін сөздер

1


20

Сиқырлы етістіктер /дара, күрделі/

1



ІҮ. Қаратпа және мәндес сөздер - 4 сағат

21

Қарату мақсатында айтылатын сөздер

1


22

Қарату мақсатында айтылатын сөздерді қайталау

1


23

Мағынасы бір-біріне жуық сөздер

1


24

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер

1



Ү. Жазба жұмыстары және қайталау сабақтары - 10 сағат

25

Өздік жұмыс

1


26

Шығармашылық диктант

1


27

Оқушылардың білім деңгейін анықтау

1


28

-ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалған сан есім

1


29

Заттың санын топтап көрсететін сан есімдер

1


30

Нақты емес шамамен айтылатын сан есімдер

1


31

"Сан есімдер әлемі" жарыс сабақ

1


32

Сан есімнен туралы нені білдік? Қайталау сабағы

1


33

«Атамекен» тапсырмалары

1


34

Қайталауға арналған «Атамекен» тапсырмалары

1


«Қызықты грамматика» бағдарламасына

қойылатын талаптар:


- оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;

- проблемалық тапсырмаларды орындауға жетелу;

- сауатты жазып, мәтіннің мазмұнын өз ойымен толық аша білуіне мүмкіндік беру;

- есте сақтау қабілеттерін қалыптасуы;

- талдау жұмыстарын өз беттерінше жасауға білігінің дамуы;

- шығармашылық, жан-жақты ойлау мүмкіндіктерінің қалыптасуы.

қызықты жаттығулар арқылы білімдерінің толықтырылуы.








































Оқушылардың білім деңгейін бағалау









- өте жақсы







- жақсы









- орташа











Негізгі әдебиеттер

1. Озанбаев Ө. О. Халықтан асқан ұстаз жоқ. Алматы 1997 ж

2.Ізғұттынова Р.О. Сұлтанғазинова М.Қ. Қазақ тілінен үлестірімелі дид материалдар Алматы: Атамұра 1998

3.Ишмұхамедов Ә.И. Қызықты грамматика - Алматы: Рауан 1995

4.Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары- Алматы 2000

5.Тұрманжанов Қ.Қазақтың мақалдары мен мәтелдері.Алматы:

6. Сенің өмірің – сиқырлы әлем . Шымкент 2007ж

7.Алақай көркем сөз әлемі. Аруна баспасы.

8. Ж.Дәуренбеков «Қызықты сабақтар» 2009 ж

9.«Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын» Арман –ПВ баспасы 2003 жыл
Авторы: Р. Б. Нұтазина, А. Д. Сейсенова

10.Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі:Оқыту әдістемесі- Алматы: Атамұра,2001

11.Сауранбаев Н. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.Алматы,1988

12.Мейірманқұлова Т.Отбасы және тәрбие /Т.Мейірманқұлова// Ұлт тағылымы.-2001

13.Кунапьянова А.Д.,Аубакирова Л.Р.Сөз әдебиетінің өлшемдері және оған қойылатын талаптар/А.Д.Кунапьянова, Л.Р. Аубакирова// «С. Аманжолов оқулары-2004»

14.Халық ертегілері «Рауан» 2011


Қосымша әдебиеттер.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!