Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Қызықты химиялық тәжірибелер» әдістемелік құрал
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі
А.Т.Абдрахманованың іс – тәжірибесінен
«Қызықты химиялық тәжірибелер»
әдістемелік құрал
Лбішін ауылы
Мазмұны.
Алғы
сөз..............................................................................
4
Сумен жасалатын
фокустер.......................................
5
«Өткізбейтін мата» .............................. 5
«Бармақпен су қайнату» .............................. 5
«Күйдірмейтін жалын» .............................. 6
Қызықты тәжірибелер...................................................
Құтыдан бұлт шығару................……………… 7
Үш керемет: «Сүт, ірімшік және газдалған су» 7
«Апельсин, лимон, алма сусыны» ......................... 8
«Хирургия» ............................................................. 8
«Құпия сиялар» ........................................................ 9
«Сіріңкесіз жағылған
от»…………....................… 10
«Эскимо»
.................................................................
11
«Жанартау»
........................................................... 11
«Суреттегі от»………………....……………………. 12
«Химиялық
субұрқақ»…………......……................. 12
«Стақандағы қысқы әсем көрініс»....…………..… 13
«Алтын күз алдымызда» …………….……………… 13
«Жасыл жалын»………….....…………………….…. 13
«Сүңгуiр жұмыртқа»…………….…………..…........14
«Өртенбейтін қағаз» ........................................... 14
«Күміс орман» ....................................................... 15
«Жасанды балдырлар»…….………………………. 15
«Қорғасын
тоны»…………….……………..………... 16
«Химиялық кемпірқосақ»......................................
16
«Өртенбейтін орамал»........................................ 17
«Су катализатор»............................................... 18
«Сұйықтықта нұр шашу» ................... ............ 18
«Сұйықтықтың қатуы» .................................. 18
«Химиялық сүт» ................................................ 19
«Көбік сарқырамасы» ....................................... 19
Пайдаланылған ресурстар................................................ 20
Алғы
сөз.
Бүгінгі таңда білім беретін
мектептердің міндеті өзінің талантын танып және оны таныта алатын
жан-жақты тұлға қалыптастыру болып табылады.Ол үшін ең алдымен
оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің маңызды жақтарына көп
көңіл аударуымыз қажет. Білім жүйесінде химия пәні
нақты ғылымдарға жатады,химия пәнінің әрбір сабақтарында теориялық
алған білімдерін өмірмен ұштастыру,білімдерін
тереңдету,шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсаттарында өз қолымен
жасаған тәжірибелер, сарамандық жұмыстардың алаты орны ерекше. Ол
оқушылардың логикалық ойлау әркетін дамытумен тікелей байланысты.
Өйткені белгілі бір «сиқырлы құпиясы» бар, «ғажайыптар» жасау –
химия ғылымын өмірмен байланыстыратын тамаша әдіс. Қызықты
тәжірибелер жасау арқылы оқушының ойлау, есте сақтау, өз ойын еркін
жеткізе алу, ғылым білімге деген ынтасы артады, шығармашылық
қабілеттері дамиды, дүниетанымы кеңейеді. Әрбір өз қолымен істелген
тәжірибелік жұмыстар оқушылар бойында белгілі бір икемділік,
іскерлік дағды қалыптастыру білім мен білік, іс -әрекет дағдыларын
тығыз қалыптастыра отырып, есте сақтау, тез ойлау, дұрыс жауап
беру, өз пікірін айту, дәлелдей алу әрекеттері күшейіп, ой-өрісі
шыңдала түседі
Ұсынылып отырған «Қызықты химиялық тәжірибелер» 2013 жылғы 24
сәуірде Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінде «Жас мамандар
шеберханасы» тақырыбындағы жас мамандармен өткізілген аудандық
семинарда аудан көлемінде таратуға ұсынылды. Бұл «Қызықты химиялық
тәжірибелер» тақырыбындағы жинақты химиялық реакцияларды көрнекі
көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,
іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасау
шеберліктерін дамыту мақсатында, сонымен бірге ұқыптылықпен
тиянақтылыққа тәрбиелеуде және сыныптан тыс сабақтар мен әртүрлі
кештерді ұйымдастыру барысында қолдануға
болады.
Сумен жасалатын
фокустер.
Өткiзбейтiн
мата
1. Көрермендерге - «Менде
керемет бiржақты су өткiзетiн мата бар» -деп жариялайсыз.
2. Марлямен стақанды жауып қойда, резеңкемен марляның шеттерiн
бекітесің.
3 Стақанға су толтырып құй.
4. Бiр қолыңмен стақанды ұстап, ал екінші қолыңмен оның үстiнен жап
.
5. Табақшаның үстiнде стақанды түбiн жоғары қаратып төңкер.
6. Сиқырлы сөздер айтып, стақанды жауып тұрған қолыңды жайлап
ал.
Сиқыршыға кеңес.
Егер стақан бетіне дейін сумен толық болса бұл фокусты орындау
оңай, және марляны алдына ала сулап алған жөн, басқа маталардыда
қолдануға болады.
Нәтиже
Стаканды төңкеріп қолыңды алғаннан кейін су марлядан төгілмейді,
себебі су молекулалары матаның тесіктерін толтырып өз-ара
байланыста болады, пленка түзеді. Және стаканды аударған кезде онда
ауа қалмайды, сол себептен сыртқы ауа қысымы ішке қарағанда жоғары
болады.
***
Бармақпен су
қайнату.
Дайындық
Алдыңғы тәжiрибедегідей стақанға су толтырып, бетін марлямен жауып
оны резеңкемен бекiт. Және марляны ішіне қарай басып босатып қою
керек.
«Құрметті көрермендер, сiздiң жылы саусағыңызбен суды қайнатып
көрейік.
Саусағыңызды уқалап жылытып төңкеріліп тұрған стақанның бетіндегі
марляға тигізіңіз»
Нәтиже
Сенiң көмекшiң саусағын апарған кезде, сен стақанды сәл төмен
түсіресiң, марля сол мезгiлде тартылып, суда көпiршiктер пайда
болады.
***
« Күйдірмейтін
жалын».
Терең табақшаға су құйып, оны сұйық сабынмен көпіртеміз, судың астына баллондағы тұрмыста қолданатын газды жібереміз. Газбен толық көпіршіктерді сумен бірге қолыңызбен алып жағыңыз. Газ лаулап жанады, бірақ қолыңыз күймейді, себебі көпіршектердің астындағы су қабаты қызудан сақтайды.
Қызықты
тәжiрибелер:
1. «Құтыдан бұлт
шығару». Тәжiрибенiң
сипаттамасы: сыйымдылығы 2-3 литр құтыға
биіктігі 1-2 см –ге дейін натрий карбонатының ұнтағын толтырамыз
және аммиактiң 10%-тік ерiтiндiсiн ақырын құйамыз, ол тұздың
бетінде қалыңдығы 2 мм – ден жуан емес қабат түзуі керек. Содан соң
құтыға концентірлі тұз қышқылын аздап құямыз. Құтының аузынан
үстелдiң бетіне ауыр қою аппақ бұлт тәрізді түтін
сорғалайды.
2.Үш керемет: «Сүт, iрiмшiк
және газдалған су».
Химия, таңғажайып ғылым, ол суды сүтке, iрiмшiкке немесе газдалған
суға айналдыруға мүмкiндік береді. Тәжiрибенiң сипаттамасы: Бiр
стақанға 2 қасық кальций хлоридін, ал басқасына сондай көлем натрий
карбонатын саламыз және әр қайсысына шамамен ¼ стакан су
құйамыз.Содан соң алынған ерiтiндiлерді бiр-біріне қотарамыз, ақ
сүт секілді сұйықтық пайда болады. Тәжiрибенi тез көрсету керек,
өйткенi кальций карбонаты тұнбаға түседi,ал егер оған артық
мөлшерде тұз қышқылын құйсақ «сүт» қайнап «газдалған суға»
айналады.
Егер барий хлоридінің
ерітіндісіне калий сульфатының ерітіндісін қосса, барий сульфатының
iрiмшiкке ұқсас ақ тұнбасы пайда
болады.
3. «Апельсин, лимон, алма
шырыны».
Бiр шырыннан басқасын алуға
болады
Тәжiрибенiң
сипаттамасы: Алдымен қызғылт сары түсті
калий дихроматының ерiтiндiсiн стақанға құйып көрсетемiз. Сосын,
сiлтi қосып, «апельсин шырынын» «лимон шырынына» айналдырамыз..
Содан соң, керiсiнше жасаймыз: ол үшiн, ашық сары түсті «лимон
шырынына» аздап күкірт қышқылын құйямыз, ал енді «алма шырынын» алу
үшін оған азғана сутек пероксидін
қосамыз.
4. «Хирургия»
Кейбiр химиктер нағыз
кереметтер сиқырлы су жасап жарақатты жазып
алады.
Тәжiрибенiң
сипаттамасы: темiрдiң (ІІІ) хлориді,
калийдің тиоцианаты, литий фторидының ерiтiндiлерiн алдын ала
дайындаймыз.. Мақтаны «спиртпен» (калийдің тиоцианаты
ерітіндісімен) сулап пациенттің қолын сүртеміз және шыны
таяқшаны(скальпельді) «иодпен» ( темiр хлоридінің ерiтiндiсімен)
дезинфекциялап қолын сызғанда «қан
шығады» Сонда оқушының білегінде темір
хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір роданидін
түзеді». Ол реакцияның теңдеуін былай жазуға
болады:
Содан кейiн «жарақатты
жазамыз» , ол үшін мақтаны литий фториді ерiтiндiсіне батырып
«жарақатты» сүртеміз.
5. «Құпия
сиялар»
1)Көкшіл түсті параққа лимон
шырынымен сурет салып кептіреміз, содан соң үстіне пулевизатор
арқылы ( иіс сулар ыдыстарын пайдалануға болады) лакмус ерітіндісін
шашамыз.Қызыл түсті сурет шығады.
Немесе қағаз парағын алып калий нитратының қаныққан ерiтiндiсімен
суретiн салып кептіреміз.Көмекшігіңізге парақты ұстатып оқушылардың
көздерiнше темір (ІІІ) хлоридін шашыңыз.Көк түсті сурет
көрінеді.
Тәжірибенің басқа ңұсқасы:
2)Химиялық стақанға құйылған 30-50 мл суға бірнеше тамшы калий иодиді мен иодтың ерітіндісі, оның үстіне бірнеше тамшы тұз қышқылының ерітіндісі тамызылады да, оған шамалы крахмал ерітіндісі құйылады. Лезде ерітінді көк сия түстенеді. Егер стақандағы ерітіндіні қыздырса, түсі жойылады, салқындатса қайтадан көк түске боялады. Осылай сан рет қайталауға болады. Ерітіндінің қыздырудан түсінің жойылуы крахмалдың иодпен қосылысының күрделі құрылысына байланысты, қыздырудан жойылып, салқындаудан қайтақалпына келуіне негізделген.
3)Фенолфталейннің 1 проценттік ерітіндісіне батырып, қаламұш не қылқаламмен ақ қағазға бір сөз жазады. Спирт буланып кетеді де, жазу бар екені байқалмайды. Тәжірибені жасайтын уақытта қағазға бүріккіш арқылы соданың ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Оған екінші бір бүріккішпен қышқыл ерітіндісі (тұз қышқылы, сірке қышқылы) бүркілсе, жазулар қайтадан жойылып кетеді. Осылай бірнеше рет жазуды жазып немесе өшіргуе болады. Бұл құбылыс фенолфталейннің қышқыл және сілті орталарда өзінің түсін өзгертуіне байланысты. Фенолфталейннің орнына пурген ерітіндісін, пайдалануға да болады, ол дәріханаларда сатылады. Пурген – фенолфталейн мен қанттың қоспасы. Қағазға сөздің орнына сурет салуға да болады.
6. «Сiрiңкесiз жағылған от».
Жорықта сiрiңкеңіз жаңбырда су
болыпқалған жағдайда химиямен таныс болсаңыз сіз үшiн бұл бөгет
болмайды.Сіз отты сiрiңкесiз тұтата
аласыз. Кішкене әйнек үстіне шамалы
калий перманганатын саласыз да, оның үстіне бірнеше тамшы
концентрациялы күкірт қышқылын тамызасыз. Бұл қоспаны темір
қаңылтырға салады. Осы қоспаның айналасына ағаш жаңқаларын, от
жағатындай ошақ жасап үйесіз, бірақ ағаш жаңқалары қоспаға
тимейтіндей болуы тиіс. Одан кейін бір түйір мақтаға спирт сіңіреді
де, саусақтың арасына қысып қоясыз, ол басқаларға байқалмайтындай
болуға тиіс. Қажетті кезінде ошақтың үстіне жақындатып мақтаны
қысып қаласыз, ол қоспаға тиген бетте от алып, ағаш жана бастайды.
Оттың жануы себебі
спирттің де қуатты тотығуынан
болады.
Химиялық жолмен от жағудың
басқа нұсқасы:
Құрғақ фарфор табақшасына 3-5
г калий перманганатының ұнтағын салып үстіне сусыз глицериннiң 3-5
тамшысын қосады .Глицерин 1-2 минуттан кейiн
жанады.
7. Эскимо (қанттың көмірленуі)
Балалар балмұздақ жегенді
жақсы көреді.Балмұздақ дайындаудың химиялық тәсілі мынадай:
Сыйымдылығы 150 мл стаканға 40 гр үгiтiлген қанттың ұнтағын саламыз
және 3-4 мл су араластырамыз.. Алынған ылғал қантқа 20-25 мл
концентірлі күкірт қышқылын қосыңыз және шыны таяқшамен тез
араластырыңыз.Қатты қызып қант қарайып көпіршіктеніп өсе бастайды.
Бұл тәжірибені мына реакция теңдеулерімен түсіндіруге
болады:
C12H22O11 = 12C + 11H2O (қанттың дегидратациялануы)
Сонымен қатар күкірт қышқылының көміртегімен тотықсыздануы:
2H2SO4 + C = CO2 + 2SO2 + 2H2O
8.
«Жанартау».
Асбест торының үстіндегі қос хром қышқылы
аммоний тұзына магний ұнтағын қосып сіріңке тигізеді. Сонда одан
жан-жаққа, жасыл түсті жалын шығара ұшқын атып, дыбыс шығарған
вулкан атқылағандай әсері бар құбылыс байқалады. Алынған зат
көлемін әлде неше өсіріп жасыл түсті күлге айналады. Сонда мынандай
химиялық реакция
жүреді.
Бұл тәжірибені тау макетінің үстіне жасаса
әлде қайда әсерлі болады. Қос хром қышқылы аммоний тұзын
тұтандырардан бұрын бір-екі тамшы спирт тамызып қойған жөн. Ол
қосхром қышқыл аммоний тұзының тез тұтанып, бірден айрылуына
мүмкіндік береді.
9. «Суреттегі
от»
Сурет салатын ақ қағазға калий селитрасының
концентрациялы ерітіндісімен қылқалам арқылы сурет салынады. Бірақ
суреттің ізі үзілмеуге
тиіс.
Сурет салынған сызық қағаздың шетіне шығып,
аяқталады, сол жерін қарындашпен белгілеп қою керек. Селитраның
ерітіндісі кепкен кезде қағаз бетіне ешбір із байқалмайды.
Тәжірибені көрсететін кезде қарындашпен белгіленген қағаз шетіне
ағаш шоғын тигізеді. Осы кезде салынған суреттің кескіні бойымен
қуалаған от суретті салып шығады. Бұл калий селитрасының айырылуына
негізделген:
10.
«Субұрқақ»
Сыйымдылығы үлкен қалың шыны
құтыға 0,5л сірке қышқылының ерітіндісін құйямыз, 4-5 дәрілік
капсулаларды босатып ас содасымен толтырамыз да құтыға саламыз.
Содан соң құтының аузын түтiкшесi бар тығынмен тығыздап жабамыз.
5-6 мин.-тан кейін түтікшенің тесіктерінен су
атқылайды.
11. «Стақандағы қысқы әсем
көрiнiс»
Стақанда 300 мл қорғасын нитратының қаныққан ерiтiндiсін даярлап,
оның үстіне аммоний хлоридінің кристалын салады. Стақанда бiртiндеп
қырау басқан өсiмдiкке ұқсайтынтiң кристалдар өсе
бастайды.
12. «Алтын күз алдымызда»
Екі приборканы алып, біріншісіне 125 г
қорғасын ниратын 100 мл ыстық суға ерітеді де, екіншісіне бірнеше
түйір аммоний бихроматының кристалдарын салады. Бірінші
приборкадағы ерітінді салқындағаннан кейін аммоний бихроматына
құяды. Біраздан кейін аммоний бихроматы түйірлер мен қорғасын
нитраты молекулалардың әрекеттесуі басталады. Нәтижесінде ине
тәрізді қорғасын бихроматы түзіледі. Түйірлер біртіндеп өсе келе
күзгі жапырағынан айырылған ағаш бұтағын елестетеді. Егер
ерітіндіні осылай біраз күнге қалдырса «ағаш» орманы бүкіл
приборканың ішінде пайда
болады:
13. «Жасыл
жалын».
Бұл тәжірибені жасау үшін аса көп химиялық
жабдықтың қажеті жоқ. Сыйымдылығы 100-150 мл колбаны таңдап алып,
оның аузына 25-30 см шыны түтік кигізілген тығынмен бекітеді.
Колбаға 40-50 мл шамасындай метил спиртін құйып, (этил спирті болса
да жарайды) оған кәдімгі бор қышқылының 3-4 грамын салады да,
шайқап араластырып, үстіне бірнеше тамшы концентрациялы күкірт
қышқылын тамызады, күкірт қышқылы бұл жеде катализатордың рөлін
атқарады. Колбаны темір штативке бекітіп, сонан соң колбадағы
қоспаны спиртшаммен жайлап қыздырады да, қайнатады, түтік арқылы
сыртқа шыққан буды жағады. Түтік ұшында ұзындығы 15-20 см жасыл от
пайда болады. Колбадағы сұйықтық неғұрлым қайнатқан сайын, жалын
ұзындығы арта түседі. Осытәжірибенің химиялық теңдеуін жазып,
түсіндіреді. Бұл түзілген борметил эфирі, ол жанғанда жану өнімі
ретінде бар оксиді, көмір оксиді, сутегі оксиді
түзіледі.
Реакция теңдеулері екі түрлі жазылғанымен
мәні бірдей.
14. «Сүңгуiр
жұмыртқа»
Тәжiрибе үшiн тұз қышқылының HCl әлсiз ерiтiндiсiн дайындаймыз,
оған піспеген жұмыртқаны саламыз. Алдымен жұмыртқа ауыр
болғандықтан ерітіндіде батып кетеді, ал ерітіндіде жұмыртқа
қабығындағы кальций карбонаты қышқылмен әрекеттесіп көмірқышқыл
газын бөледі.Олар көпіршектеніп жұмыртқаның бетін қаптап оны жоғары
көтереді.Жоғарыда көпіршіктегі газ ауаға кетедіде жұмыртқа қайтадан
батады.Сөйтіп жөмыртқа бірнеше қайтара сүнгіп
көтеріледі.
15. «Өртенбейтiн
қағаз».
Калий селитрасының қаныққан
ерiтiндiнi даярлайды, оған газет қағазын 5-7 мин.батырып алып
кептіреді. Содан соң спирт шам жалынына ұстайды, қағаз бықсып
жанбайды.
16. «Күмiс»
орманы
Сынауыққа майдан тазартылған
мыс сымын салады және күмiс нитратының ерiтiндiсiн аздап құйады
(1:10). Мыстың бетінде бiрнеше сағаттан кейiн күмiстiң ине тәрiздi
жалтыр кристалдары пайда
болады:
17. Жасанды «Балдырлар»
Алты цилиндрді немесе пробирканы 50 проценттік натрий силикатының (сұйық шынының) ерітіндісіне толтырады. Оның біріншісіне темір (ІІІ) хлоридінің бірнеше түйірін салады, ал екіншісіне мыс(ІІ) хлоридінің, үшіншісіне – кобальт хлоридінің, төртіншісіне – никель (ІІ) хлоридінің, бесіншісіне марганец (ІІ) хлоридінің, ал алтыншысына – алюминий (ІІ) хлоридінің кристалдарын салады. Біраз уақыттан кейін цилиндрлерде әр түрлі бояуы әсем «балдырлар» өсе бастайды. Темір тұзы салынған цилиндрде қоңыр «балдыр», кобальт тұзында – көкшіл, алюминий тұзында – түссіз «балдыр», т.т. өседі. Неліктен бұлай болады? Натрий силикатына салынған тұз түйіршіктер онымен әрекеттесіп, қосылыс түзеді, ол қосылысжұқа қабықшамен қапталады, диффузияның әсерінен, оның ішіне енген су қысымның әсерінен жұқа қабықша кеңейіп жарылады. Оның тесігінен тұз ерітіндісі еніп, айналасындағы ерітіндіні қайтадан жұқа қабықша жабады, одан кейін жұқа қабықша қайта жарылып, оған тұз ерітіндісі қайта еніп, бұтақталған «балдырлар» өсе береді. Осындай жолмен біртұтас «орман» өсіруге болады. Ол үшін үлкен шыны сауатты 50 проценттік натрий силикатының ерітіндісіне толтырып, оған көрсетілген тұздардың түйіршіктерін бірінен соң бірін кезегімен салады.
18. «Қорғасын
тоны»
Металдардың активтік қатарына сәйкес, аса
активті метал, активтігі нашар металдарды өз тұздарының
ерітіндісінен ығыстырып шығарады. Мысалы, мырыш – қорғасынды, ал
темір – мысты тұз ерітіндісінен ығыстырып шығарады, мыс – сынапты
өз тұздарының ерітіндісінен ығыстырып
шығарады.
Егер темірден жасалған қуыршақты мыс тұзының
ерітіндісіне батырса, ол мыспен қапталады. Мырыштан жасалған
қуыршақты қорғасын тұзының ерітіндісіне батырса, қара тон кигеней
сырты қорғасынға қапталады. Немесе мырыштан жасалған бұтақталған
«талды» қорғасын тұзының ерітіндісіне батырса «Сатурн ағашы»
түзіледі. Осытәжірибелерді қызықты химиялық кештерде жасап
көрсетуге болады. Бұл тәжірибелердің құпиясын оқушылар реакция
теңдеулерін жазып, өздері де түсіндіре
алады.
19. Химиялық
«кемпiрқосақ».
Штативке орналастырылған жетi үлкен сынауықтарға келесі ерiтiндiлер
жұбын араластырып құйямыз:
1 - (III ) темiрдiң хлориді және калийдың роданиді (қызыл түс);
2 – калий хроматы және күкірт қышқылы ерiтiндiсі(қызғылт сары
түс);
3 - қорғасынның нитраты және калийдің иодиды (сары түс);
4 - (II ) никельдiң сульфаты және натрий гидроксидi (жасыл
түс);
5 - (II ) мыстың сульфаты және натрий гидроксидi (көгiлдiр
түс);
6 - (II ) мыстың сульфаты және аммиактiң ерiтiндiсі (көк түс) ;
7 - (II ) кобальттiң хлориді және калийдің роданиді (күлгiлн
түс).
20. Өртенбейтiн орамал.
Шағын орамалды алдымен сулап, содан соң спиртке батырып
аламыз.Орамалды жағамыз. Спирт жанып кетеді де орамал сау
қалады.
21. « Су –
катализатор»
Карлен табақшасына бір шөкім
алюминий және иод ұнтағын салып шыны таяқшамен
араластырамыз.Алюминий ұнтағы өте ұсақ болу қажет (құрылыс
дүкендерінде «серебрянка» сатылады) және ыдыстар құрғақ болу
керек.
Қоспаға тамшуырмен бір тамшы су тамызамыз.Реакция қарқынды
жүреді.Судың қарапайым, әмбебап еріткіш екенін бәріде жақсы біледі,
ал оның өршіткі де екенін көпшілік біле
бермейді.
22 . «Сұйықтықта
нұршашу».
Цилиндрге 50 мл этил спиртын құямыз. үстіне пипетка арқылы ақырын
40 мл концентрлі күкірт қышқылын құямыз, екі сұйық араласпау керек.
Содан соң калий перманганатын себелеп саламыз,екі сұыйқтың
шекарасында тұтанулар (искры) пайда
болады. Кристалдар H2SO4 –пен
әрекеттескенде марганец ангидриді Mn2O7 – күшті тотықтырғыш пайда
болып спиртті тұтандырады:
2KMnO4 + H2SO4 -- Mn2O7 + K2SO4 + H2O.
23. «Сұйықтықтың қатуы».
Химиялық стаканға 20-50 мл натрий силикатын (силикатный клей) құямыз және 2-3 мл тұз қышқылы ерітіндісін (1:1) қосып тез арада шыны таяқшамен араластырамыз.Бірнеше секундтан кейін сұйықтық қатып қаладыда стақаннан төгілмейді.
24. «Химиялық сүт».
Екі шыны стаканға алдын ала мына ерітінділер дайындалады: 1-ші стақанда – Na2SO4 (немесе H2SO4) ерітіндісі, 2-ші стақанда – BaCl2 ерітіндісі.
Көрермендер алдында ерітінділерді біріне-бірін құйып араластырады.
Na2SO4 + BaCl2 → BaSO4↓ + 2NaCl
25. «Көбік сарқырымасы».
250 мл. стақанға калий перманганатының ерітіндісін сұйық сабынмен араластырып құямыз. Қоспаның үстіне сутек пероксидін қосамыз.
Пайдаланылған ресурстар
1.Э. Гроссе, X. Вайсмантель. Химия для любознательных. Основы химии и занимательные опыты..Москва.1984 г
2.Шкурко Д.И.Забавная химия: Занимательные и простые химические опыты.Детская литература, 1966.
3.http://massaget.kz/bastangy/shayra/2681
4.http://kk.convdocs.org/docs/index-35204.html
5.http://himikatus.ru/interesting-exeriments.php
6.http://simplescience.ru/video/about:chemistry/
7. http://www.lmagic.info/zidkie_fokusi.html
9