«Ботақара
ЖББОМ» КММ
Пән мұғалімі: Алимханова
И.Ж.
Ботақара 2017
Күні: 24.01.2017ж
Сабақтың тақырыбы:
«Қызықты
информатика»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
оқушылардың информатика пәніне деген
қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық:
ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін
жетілдіру, шығармашылық ізденістерін
арттыру.
Тәрбиелік:
өз білімдерін дамытуға, бір – бірін
құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін
толықтыру.
Сабақтың
типі: Сыныптан тыс
жұмыс
Жабдықталуы:
Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық
сұрақтар.
Көрнекілігі:
Слайд
презентация.
Сабақтың өту
барысы:
І.
Ұйымдастыру.
Командалар
І
топ – 5 а сыныбынан 4 оқушы
ІІ
топ – 6 а сыныбынан 4 оқушы
ІІІ
топ – 7 а сыныбынан 4 оқушы
Сайыс жоспарын
таныстыру.
Жарыс
кезеңдері:
1.
Кім жүйрік?
2. Сөз
шебері
3. 4 сурет 1
сөз
4. Адасқан
әріптер
5. Кім
тапқыр?
6. Кім
жылдам?
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қызықты
информатика» атты сайысымызға қош
келдіңіздер!
Компьютер – сенің
көмекшің
Қаламың, әрі
қағазың!
Керек емес
демессің,
Аздаған болса
хабарың.
Үйрену керек бәрін де
–
Ақпараттық заманың! – дей
келе «Қызықты информатика» атты ойынымызға қатысушыларды
қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте
қалар,
Қызықты бір жиын
болсын
Білімдірек шәкірт
озар,
Сұрақтары қиын болсын –
дей отырып, ойынымыздың «Кім жүйрік?» деп
аталатын
І
кезеңін бастайық. Бұл бөлімде
ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 4
сұрақтан береді, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр
дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Сары конверттің
сұрақтары
1. Баспа
құрылғысы (принтер)
2. Компьютер
теледидары (монитор)
3. Үлкен темір
қорап (жүйелік
блок)
4. Функционалдық
пернелер (F1- ден
F12-дейін)
5. Зиянкес
бағдарлама (вирус)
6. Файлдар
жиыны (бума)
7. Таңбалар мен сигналдар
жиыны (ақпарат)
8. Ақпараттық процесті
зерттейтін ғылым (информатика)
9. Информатика өлшем
бірлігі (бит,
байт)
10. Сурет салуға арналған
бағдарлама (Paint)
Қызыл конверттің
сұрақтары
1. Адам мен компьютер
арасындағы байланыс (интерфейс)
2. Компьютердің негізгі
құрылғысы (жүйелік
блок)
3. Құжаттарды көшірмелеу
құрылғысы (ксерокопия)
4. Дербес компьютердің кішкентай
құрылғысы (тышқан)
5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік
редактор (Word)
6. Дыбыс естілетін
қорап (колонка)
7. Мәлімент енгізу
құрылғысы (пернетақта)
8. Компьютердің
маманы (программист)
9. Бүкіләлемдік желі (интернет)
10. Компьютерді вирустан
қорғайтын бағдарлама (антивирус)
Жасыл конвертің
сұрақтары
1. Көп батырмалы құрылғы
2. Паскаль қандай тіл
3. Компьютер сымдары
4. Алгоритм деген не
5. Презентациялармен жұмыс істейтін
бағдарлама
6. Корзинаның қызметі
7. Ең ұзын перне
8. Ақпарат енгізу құрылғысы
9. Информатика пәні қай сыныптан
бастап оқытылады?
10. Қағаздағы ақпаратты оқитын құрылғы
“
Сөз шебері” атты ІІ кезеңімізді
бастайық. Бұл кезеңде сұрақ беріледі. Жауабын
тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап
берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3
ұпай қосылады.
1
– топ
1. Біз
мектепке келген кезде алғашқы қолымызға не
ұстаймыз? (қалам, ручка,
pen)
2. Бір байтта қанша бит
бар? (сегіз, восемь,
eight)
3. Батырмасын
басасың
Қажетті файлды ашасың
(тышқан - мышка - maus)
2
– топ
1. Қажет
емес символды алып тастау пернесі -(өшіру, удалить, delete)
2. Сәлем ненің патшасы.
(сөз, слово,
word)
3. Жақтаулар арқылы
шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш
болып бейнеленеді. (терезе, окно,
windows)
3 – топ
1. Бар
ма,жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ
жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа-воздух-an-air)
2.
Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты
аймақ. (терезе,
окно, windows)
3.
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта -
клавиатура - keyboard)
Жүргізуші:
Қойылған сұрақ
есепке,
Ойланып жауап
іздейік.
Уақытты текке
өткізбей,
Қатесін анықтап берейік,
- дей келе
“ 4 сурет 1 сөз”
атты ІІІ
кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде 3 топқа 4 сурет
беріледі, олады байланыстыратын 1 сөзді табуы тиіс, әр дұрыс
жауапқа 1 ұпай.
Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты
екен?!
Кімнің күші аздау
боп,
Кім озып алға шықты
екен деп,
ІІІ кезең
бойынша топтардың ұпайын санаймыз.
Жүргізуші: Ойынымыздың
IV
кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға
қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз
құрастыру, әр топқа 4 сұрақтан. 3 минут уақыт беріледі.
Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Нимотор -----------
Монитор
2. Пьюромтек -------
Компьютер
3.
Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ----------------
Файл
5. Рльоукятакл ------
Калькулятор
6. Атқсуа
-------------- Сақтау
7. Аэкторикелн -----
Электроника
8. Дңеөу
-------------- Өңдеу
Жүргізуші:
V. «Кім
жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық.
Берілген сөздерді қарсыластарына
түсіндіреді
1 топқа
Кітап
Мысық
Пернетақта
Дәрігер
Алма
2 топқа
Қалам
Ит
Монитор
Мұғалім
Банан
3 топқа
Өшіргіш
Тышқан
Ноутбук
Биші
Қарбыз
VI. «Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз. Компьютерге қатысты құрастырылған
мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал –мәтелдердің күнделікті өмірде
қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Дұрыс жауапқа
5 баллмен есептелінеді.
-
Бір компьютерің болғанша,
он Ноутбугін болсын (жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)
-
Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады.)
-
Антивирусы күштіні-
вирус ала алмайды (Досы күштіні жау
алмайды)
VI I «Құпия
жәшік»
Үш
топқа да бірдей тапсырма ,жәшіктің ішінде бөлек - бөлек информатика
пәніне қатысты заттар бар.«Құпия жәшік»- тің ішінде не тұрғанын
тапса онда 10 ұпаймен бағалаймыз.
Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның
қорытындысы айтылады.
Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Қызықты
информатика» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Зейін қойып
тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!