Материалдар / Қызықты математика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
1073
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



50 «Жеңістің 50 жылдығы»ЖОМ









Үйірменің тақырыбы:







Қызықты математика


















Үйірме жетекшісі: Жанаев Б




Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі

Тақырыбы: Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі.

Жоспар
І.Кіріспе
Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
ІІ. Негізгі бөлім
1.
Қазіргі оқу үрдісіндегі жеке тұлғаны қалыптастырудағы
үйірменің рөлі.
2.
Білімді ұстаз оқушы мерейі.
ІІІ. Қорытынды
ІY. Пайдаланылған әдебиеттер.

Сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі -сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі.

Әр бала шығармашылыққа және қозғалысқа ұмтылады. Олар балаға қуаныш, өз-өзіне сенімділік әкеледі, өзін және айналасындағы әлемді тануға көмектеседі. Үйірме бұл талпынысты әр баланың өз қабілеттерін ашып, көрсетуіне, көп жаңа нәрсені білуге, және де шапшаң дамуына, дені сау болуына септігін тигізетін, қызықты сабақтармен марапаттайды. Үйірме сабақтары баланың ашылуына мүмкіндік береді, ал Сізге оның шынайы мүмкіндіктерінің барлық жақтарын және болашақ қызығушылықтарының салаларын көруге ықпал етеді!









Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді.

Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.



Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әр түрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Ойлау баланың таным әрекеттерінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады. Ойлау белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізіп отыру қажет.
М. Жұмабаев: ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек деген.

Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық операциялардан тұрады.
Сонымен бірге оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін дамытуда үйірменің әсері мол.
Шығармашылық дегеніміз адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!