Материалдар / Қызықты математика
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан алған білімдерін тиянақтау. Геометриялық пішіндерді танып,ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, сандарды тура және кері санау. Логикалық ойын арқылы балалардың қиялын, ой – өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойынның шартын сақтап ойнауға ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2022
365
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Қызықты математика»

Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан алған білімдерін тиянақтау. Геометриялық пішіндерді танып,ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, сандарды тура және кері санау. Логикалық ойын арқылы балалардың қиялын, ой – өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойынның шартын сақтап ойнауға ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, шапшаң болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойындар.

Көрнекіліктер: үйдің макеті, Машаның және жабайы аңдардың киімдері,фетрдан қиылған пішіндер, сандар, үлестірмелі материалдар.

Билингвальдық компонт: қыс – зима- уинтэ; қызыл-красный- red; жасыл- зеленый- green; сары – желтый – yellow; көк- синий- blue; қызғылт сары- оранжевый- orange.

Ынталандыру сезімді ояту.

Амандасу: - Сәлеметсіздер ме!

- Здравствуйте!

- Good morning!

Шаттық шеңбері: Біз ақылды баламыз,

Өсіп өніп толамыз,

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз,

Әлемдегі бар адамға

Жақсылық біз тілейміз.

Жылулық шеңбері:

Тәрбиеші: -Таңертең ұйқыдан оянған кезде терезеден нені көреміз?

Балалар: - Күнді көреміз.

Тәрбиеші: Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? -Иә

- Ендеше бізде қайырлы таң тілейік.

- Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар.

- Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояныңдар.

- Қайырлы таң, қолдарым, сендер ояныңдар.

- Қайырлы таң, аяқтарым, сендер ояныңдар.

-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін.

Балалар: Рахмет апай

Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші: Бүгін бізде «Көңілді математика» атты ашық оқу қызметі.

Тәрбиеші: -Балалар бір жылда қанша мезгіл бар.

Балалар: 4 мезгіл бар (қыс, көктем, жаз күз)

Тәрбиеші: - Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: -Қыс мезгілі

Қыс мезгілін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқызу

Балалар: Қыс- зима- winter

Тәрбиеші: Қыс мезгілінің қанша айы бар?

Балалар: Үш айы бар (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

Тәрбиеші: - Қазір қай ай?

Балалар: Ақпан айы

-Жарайсыңдар балалар, сендер қандай ертегі білесіңдер?

Балалар: «Бауырсақ», «Шалқан», «Үйшік», «Жеті лақ», «Маша мен Аю».

Тәрбиеші:«Маша мен аю» ертегісін тамашалаймыз.

«Ерте, ерте, ертеде әсем сарайда Маша атты қыз өмір сүріпті. Оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды.

Маша – Мерей: - О, шіркін! Менің сарайымда көп достарым болса ғой.Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.

Осы кезде есікті аю қағады.

Аю: Кім бар мына әсем сарайда?

Маша: - Мен Машамын. - Сен кімсің?

Аю: - Мен аюмын, жолда келе жатырып мына пішінді тауып алдым. Сенің үйіңнің шатырына ұқсайды. - Маша, сен білесің бе?

Маша: - Мен білмеймін, балалардан сұрап көрейікші.

Тәрбиеші: -Балалар көмектесейікші бұл қандай пішін?

Балалар: -Үшбұрыш

Сабина: - Үшбұрыштың үш бұрышы, үш қабырғасы бар, түсі қызыл-красный- red

Тәрбиеші: -Үшбұрышқа ұқсайтын қандай заттарды білесіңдер?

Балалар: Үйдің шатыры, шырша , пирамида т.б

-Жарайсыңдар, балалар! –Маша мен аю қандай пішін екен?

Маша мен аю: - Үшбұрыш

Маша: - Аю менің сарайыма кіре ғой.

Осы кезде қасқыр келіп есік қағады.

Қасқыр: - Бұл сарайда кім бар?

Маша:-Мен Машамын. - Сен кімсің?

Қасқыр: - Мен қасқырмын, жолда келе жатырып мына пішінді тауып алдым.Сенің үйіңнің қабырғаларына ұқсайды. – Маша, сен білесің бе?

Маша: - Мен білмеймін, балалардан сұрап көрейікші.

Тәрбиеші: -Балалар көмектесейікші бұл қандай пішін?

Балалар: -Төртбұрыш

Аруна: - Төртбұрыштың төрт қабырғасы, төрт бұрышы бар, түсі жасыл- зеленый- green.

Тәрбиеші: Төртбұрышқа ұқсайтын қандай заттарды білесіңдер?

Балалар: - Үйдің қабырғаларына, теледидарға, кітапқа, терезеге т.б

-Жарайсыңдар, балалар! –Маша мен қасқыр қандай пішін екен?

Маша мен қасқыр: - Төртбұрыш

Мерей: - Қасқыр менің сарайыма кіре ғой.

Тәрбиеші: Машаның достарымен бірге сергіту сәтін орындаймыз.

Сергіту сәті: Бойды сергек тік ұста,

Емін еркін тыныста,

Оң қолыңды соз алға,

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын,

Төртбұрыш жасап тынбасын.

Бір кезде қоян келіп есік қағады.

Қоян: - Кім бар мына әсем сарайда?

Маша:- Мен Машамын. –Сен кімсің?

Қоян: - Мен қоянмын, жолда келе жатырып мына пішінді тауып алдым, жарқырап тұрған күнге ұқсайды екен.- Сен білесің бе?

Маша: - Мен білмеймін, балалардан сұрап көрейікші.

Тәрбиеші: -Балалар көмектесейікші бұл қандай пішін?

Балалар: - Дөңгелек

Амина: - Дөңгелектің бұрыштары болмайды, түсі сары – желтый - yellow

Тәрбиеші: -Дөңгелекке ұқсайтын қандай заттарды білесіңдер?

Балалар: - Күнге, допқа, алмаға,

Жарайсыңдар, балалар! –Маша мен қоян қандай пішін екен?

Маша мен қоян: - Дөңгелек

Маша: - Қоян менің әсем сарайыма кіре ғой.

Осы кезде түлкі келіп есік қағады.

Түлкі:- Мына әсем сарайда кім бар?

Маша: - Мен Машамын. –Сен кімсің?

Қоян: - Мен қоянмын, жолда келе жатырып мына пішінді тауып алдым.

Сенің әсем сарайыңның есігіне ұқсайды.- Сен білесің бе?

Маша: - Мен білмеймін, балалардан сұрайықшы.

Тәрбиеші: - Балалар , мынау қандай пішін?

Балалар: -Тіктөртбұрыш

Асылай; - Тіктөртбұрыштың төрт бұрышы бар, екі қабырғасы тең болады, түсі көк- синий- blue.

Тәрбиеші: - Тіктөртбұрышқа ұқсайтын қандай заттарды білесіңдер?

Балалар: - Есікке, тоңазытқышқа, шкафқа, диванға, партаға т.б

Тәрбиеші: - Маша мен түлкі қандай пішін екен?

Маша мен түлкі: - Тіктөртбұрыш

Тәрбиеші: - Менде Машаның достарына мына пішінді көрсетейін.-Мына пішін қалай аталады?

Балалар: - Сопақша, сопақшаның бұрышы болмайды,түсі -қызғылт сары- оранжевый – orange.

Тәрбиеші: - Сопақшаға ұқсайтын қандай заттарды білесіңдер?

Балалар: бананға, қиярға, сәбізге,

- Жарайсыңдар, балалар! Біз Машаның достарына көмектестік.

Балалар тақтадағы пішіндерді санайды.

























































Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан алған білімдерін тиянақтау. Геометриялық пішіндерді танып,ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, сандарды тура және кері санау. Логикалық ойын арқылы балалардың қиялын, ой – өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойынның шартын сақтап ойнауға ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, шапшаң болуға тәрбиелеу.



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!