Материалдар / "Қызықты математика"

"Қызықты математика"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2018
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Тараз қаласы№13 бөбекжай- бақша тәрбиешісіЖаппасбаева МөлдірБілім беру саласы: «Таным»Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруТақырыбы: «Қызықты математика»Мақсаты: 1 ден 5ке дейін санауды бекіту. Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Міндеттері: Балаларды 5 көлеміндегі сандарды санауға жаттықтыру, геомтриялық пішіндер туралы білім деңгейлерін анықтау.Сөздік жұмыс: Мақта қыз, мысық, құстар, терең, түн.Билингвалды сыңары: Мысық-кошка, құстар-птицы, таңертең-утро, түн-ночь.Заттық дамыту орталығы: суреттер, сандар, ертегі суреттері, кеспе суреттер.Қолданылған инновациялық технология: ойын технологиясы, көрнекілік технологиясы, мнемокестесі, интерактивті технология.Мотивациялық қозғаушы:Шаттық шеңберіШеңбер болып тұрайық,Алақанды ашайық.Күннің нұрын салайық,Таза ауаны жұтайық,Жүрекке жылу сыйлайық.Жиналған жылы шуақты,Қонақтарға шашайық.-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?-Қазір жылдың қай мезгілі?-Көктем мезгілінде неше ай бар?-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?Ұйымдастырушылық-ізденістік:Ғажайып сәт:Есіктен ренжіскен күйде Мақтақыз бен мысық кіреді.-Балалар бізге қонаққа кімдер келді? (Мақтақыз бен Мысық)-Қыз бен мысықты қайдан көрдім, есіме түспей тұрғаны? (Ертегіден)-Дұрыс айтасыңдар балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?-Тағы қандай ертегілер білесіңдер? «Бауырсақ» ертегісі. «Үш аю» ертегісі. «Шалқан» ертегісі.Мақтақыз: -Балалар, мысық менің қатығымды төкті, сондықтан мен оның құйрығын жұлып алдым. Егер ол менің тапсырмаларымды орындаса, онда мен оның құйрығын қайтарып беремін.Мысық: -Мен оның тапсырмаларын орындай алмаймын ғой. Тәрбиеші:-Балалар мысыққа көмектесеміз бе? (Жарайды көмектесейік)-Ендеше түрлі тапсырмалар орындау арқылы мысыққа көмектесе аламыз. Ертегіні еске түсірейікші.1. Сиырдың тапсырмасы«Кім ойлампаз?»-Үй жануарларын атаңдар? (Сиыр, қой, түйе, ат, ешкі).-Төлдерін қалай атаймыз? (-Бұзау, қозы, бота, құлын, лақ).-Қандай өнімдер алынады? (Сүт, айран, құрт, май,қаймақ, ет, ірімшік).Мінезім жайлы сиырмын,Байлығымын бір үйдің.Етім дәмді, сүтім бал,Сырымды менің ұғып ал.2. Ағаштың тапсырмасы. Биік Аласа. Жуан жіңішке.3. Қыздардың тапсырмасы.Жұмбақтар шешу1.Ұясынан күн шығып,Әлемге нұрын шашады. (Таңертең) 2. Жер жылуға бөленіп, Күн төбеге келеді. (Түс)3. Ұясына күн батып,Дала қараңғы болады. (Кеш)4. Көретін кезде көрінбейді,Көрмейтін кезде көрінеді. (Түн)Сергіту жаттығуыМысық ұйықтап жатқанда,Мысық түсті қақпанға.Мысық оны бас салды,Қызық ойын басталды.Тышқан, тышқан қаш енді,Бір айлаға бас енді.Балалар қимыл-қозғалыс арқылы жаттығуды орындайды.4. Дүкеншінің тапсырмасы.Суреттен пішінге ұқсайтын заттарды көрсету. 5. Тауықтың тапсырмасы.«Кім шапшаң?»-Құстар нешеге бөлінеді? (Құстар екіге бөлінеді, үй құстары, дала құстары.)-Үй құстарын атаңдар? (Тауық, қаз, үйрек, күркетауық)Тауық балапандарын тура және кері санау.
12345
Санамақ санауАл санамақ санайық,Саусақтарға қарап-ақ.Қане-қане санайық,Санап біліп алайық.1,2,3,4,5Қолымда саусағым нешеу? (Қолымда саусақ бесеу).6. Дабыл соғу.Тәрбиеші дабыл соғады.Балалар неше рет дабыл соғылғанын санап айтады.7. Тышқанның тапсырмасы.«Орынын тап»Суреттерді жоғарт- төмен, оңға-солға орналастыру. (Балалар тапсырманы орындайды).-Балалар тышқанның да тапсырмасын орындадық. Тышқан Мысыққа не береді? -Бидайды кімге береміз?-Тауық не береді?-Жұмыртқаны кімге береміз?-Дүкенші не береді?-Сағызды кімге береміз?-Қыздар не береді?-Суды неге береміз?-Ағаш не береді?-Жапырақты неге береміз?-Сиыр не береді?- Қатықты кімге береміз?Мақтақыз мысықтың құйрығын береді. Сөйтіп Мақта қыз бен мысық татуласып, дос болыпты. Қорытынды: балаларды мадақтау. Күтілетін нәтиже:Біледі: балалар геометриялық пішіндерді ажырата біледі.Меңгерді: балалар тура және кері санауды меңгерді.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ