Материалдар / "Қызықты математика" 2-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қызықты математика" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама жалпы білім беретін орта мектептің 2-сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама көлемді тақырыптарды, күрделі оқу мақсаттарын белсенді әдіс-тәсілдермен оқытуда білім алушының математикаға жаңаша көзқараспен қарай отырып, өз білімін айқын жеткізе алу, өмірде білгенін ұтқыр қолдана білуді үйренуге арналған курс. Авторлық бағдарламада әдістемелік қосымша құрал ретінде күнтізбелік жоспары берілген. Авторлық бағдарламада қамтылған тапсырмалар жинағы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті мен пәнге деген қызығушылығын арттыруға болатындығы айқын. Тақырып бойынша қойылған мақсаттары мен міндеттері мен күтілетін нәтижелерімен ұштаса құрастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2024
345
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА

Сейсенбаева Римма Ермуханбетовна -

Алматы облысы Жамбыл ауданы Шилібастау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


ТҮСІНІК ХАТ

Жаһандану жағдайында қоғамның және ғылым мен техниканың дамуы жалпы білім беретін білім мекемелері алдына жаңа талаптар қойып отыр. Оқу материалдарының, берілетін ақпараттар аясының көбеюі жаңа міндеттер қойды. Мектепте оқушылардың жас ерекшеліктері мен ойлау қабілетінің даму деңгейіне лайықты білім беру, оны біршама тереңдетіп оқыту қажеттілігі артты.

Математика - абстрактылы пән. Математика оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге үйретеді. Ол ойлаумен байланысты. Ал ойлау танымның жоғары сатысы. Математика ғылымдар саласында өте кең тараған пән. Ол ғажайыптар мен құпияларға толы. Сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын ғылым. Математика пәні арқылы баланың зияткерлік қасиетін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық зердесі мен ойлау әрекеттері дамиды. Жалпы математиканың зерттейтін нысанын сан мен фигура, өлшемдер және кеңістік ретінде алсақ, қызықты математика балалардың қызығушылығы мен ынтасын дамытып, математиканың бастапқы түсініктерін меңгеруге және өздігінен жұмыс жасауға жол ашады. Бастауыш сынып оқушыларына берілетін математикалық танымдық тапсырмалар мен жаттығулар оқушының интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін, тұлғалық қасиеттерін, дербестігін, ынтасын, ойының дамуын, тіл мәдениетін, жауапкершілігін дамытады. Математикалық ребустарды, сөзжұмбақтарды, байырғы қазақ өлшемдерін, қызықты әзіл есептерді, логикалық ойды жетілдіруге арналған тапсырмаларды орындау, түрлі сызбалар сызу, пішіндерді құрастыру, сияқты баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытатын жұмыстар жүргізу көзделген.

«Қызықты математика» курсы оқу бағдарламасының мазмұнын қайталамай қосымша білім береді, танымдық және қарым-қатынастық іс әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдейді. Бастауыш сыныптарда оқытылатын математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, жұмыс барысында өзін-өзі бағалау, жұппен және топпен жұмыс жасау, ойлау, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытуды, өздігінен жұмыс істеуге икемдеу, бүгінгі күн талабына сай қалыптастыру, жұмыс барысында негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, жасөспірімдердің ой-өрісін жетілдіруге, тіл мәдениетін дамытуға, салыстыруға, талдауға, тұжырым жасауға үйретуді көздейді.

Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды дамуын қамтамасыз ету, қажетті деңгейде математикалық білім беру. Ойлау белсенділігін, ой-өрісін дамыту, дәлелдеу, болжамдар жасауды үйрету, есептеу дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

  • Математиканың қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатындығы туралы түсінік беру.

  • Дәлелдеу, болжамдар жасауды үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру. Математикалық - логикалық есептерді шығаруға жетелеу.

  • Қызықты математикалық есептер мен тапсырмаларды орындау.

  • Есептеу дағдыларын дамыту. Математикалық терминдерді пайдалануды үйрету.

  • Математикалық таным негіздерін меңгеруіне мүмкіндік жасау.

  • Ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.

  • Түрлі тапсырмалар орындау барысында ойлау қаблетін дамыту, шешім қабылдау әрекетін дамыту.

  • Сандарды, заттарды өмірде пайдаланудың маңызын түсіндіру. Дұрыс санауға және таза жазуға үйрету.

  • Оқушылардың математикалық білімін дамыту.

  • Қызықты математикалық есептер, жаттығулар орындау арқылы есептердің шығарылымын талдауға, есте сақтауға, ой-қиялын дамытуға арналған жаттығулар орындау.

  • Түлі ақпарат көздерімен, баспасөз материалдарымен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Математика ғылымы туралы ұғым қалыптасады.

  • Математикалық ойлау қабілеті мен логикалық ойлау дағдылары дамиды.

  • Ақыл-ойы, зияткерлік дамуы қалыптасады.

  • Есептерге талдау жасайды, шығару жоспарын құрады, қорытынды жасауға үйренеді.

  • Логикалық есептерді шеше біледі.

  • Өздігінен жұмыс істей біледі.

  • Математикалық ой-өрісі кеңейеді, математикалық білімі толығады.

  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей біледі.

  • Дәлелдеуді, болжамдар жасауды үйренеді.

  • Әртүрлі дәрежедегі есептерді шығара алады.

  • Есте сақтау қабілеттері дамиды.

  • Зияткерлік дамуын қалыптастыруға арналған есептер шығара алады.

Өзектілігі: Жаһандану кезеңінде оқушылардың интеллектуалдық дамуын қалыптастыру өзекті болып отыр.

Қолданылатын технология: Блум таксономиясы, АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, дамыта оқыту.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 6 неліктен, пікірталас, фишбоун, галереяны шарлау, ыстық орындық, интерпретация, ішіне-сыртына.


БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

(Барлығы – 36 сағат, аптасына – 1 сағат)

Кіріспе. 1 сағат. Математиканың өмірде алатын орны туралы. Математикалық қызықты есептер шығару.

Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды шығару туралы түсініктерін кеңейту. 1сағат. Екі және үштаңбалы сандарға есептер шығарудың жолдарын үйрену.

Сандардың орнын тап. 1 сағат. Сандарды тура және кері санау. Орны ауысқан сандарды таба білу. Қарапайым есептер шығару.

Сюжеттік есептер. 1 сағат. Мәтіннің сюжеті бойынша есептер құрастыру, ұсыну. Әртүрлі сюжетті есептер мен тапсырмаларды орындау, қызықты есептер шығару. Есептердің шығару жолдарын көрсету.

Заңдылықтар. 1 сағат. Кез келген математикалық сандарды, пішіндерді, заттардың заңдылықтарды сақтауы. Математикалық сандарды, пішіндерді, заңдылықтарды сақтай отырып орналастыруға үйрену. Есептер шығару.

Сандар мен сандардың бөлінгіштігі. 1 сағат. Бөлу және бөліншігтік туралы. Бөлінгіштікке тапсырмалар орындау.

Арифметикалық амалдармен жаттығу. 1 сағат. Тапсырмаларды арифметикалық амалдарды қолдана отырып орындау жолдарын түсіндіру.

Математикалық тізбектер 1 сағат. Сандардың қасиеті. Сандар тізбегі. Жай сандар мен құрама сандар.

Математикалық жасырын таңбалар. 1 сағат. Амал таңбаларын дұрыс қоя білу. Амалдардың орындалу тәртібін сақтау. Теңдеу, теңсіздік туралы білімдерін жетілдіру, логикалық ойын дамыту.

Арифметикалық шытырман. 1 сағат. Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Есептеудің ауызша, жазбаша тәсілдерін орындау. Көп таңбалы сандармен есептеу.

«Монета» ойыны. 1 сағат. Монеталардың шығу тарихы туралы түсінік. Монеталарға байланысты есептер шығару.

Шаршыдағы есептер. 1 сағат. Сиқырлы шаршылар арқылы сандардың натурал қатарының қасиеті туралы түсініктерін дамыту.

Арифметикалық есептеу. 1 сағат. Есептеу жолдары бірнешеу болатын есептер шығару. Тапсырмалар орындау.

Ауызша көбейту. 1 сағат. Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдері. Логикалық тапсырмалармен жұмыс.

Санды 0-мен аяқталатын сандарға көбейту, бөлу. 1 сағат. Көбейту, бөлу тәсілдеріне, тез ойлауға үйрету.

Сандарды 5, 50, 500–ге көбейту. 1 сағат. Көбейтуге арналған есептер шығару. Логикалық тапсырмалармен жұмыс.

Бір таңбалы сандарды көбейту. 1 сағат. Бір таңбалы сандармен есептеу. Көбейту жұмыстары.

Кайталау. Интеллектуалдық жарыс. 1 сағат. Өтілген материалдар негізінде есептер шығару, тестік-логикалық тапсырмалар орындау.

Сандарды қосу және көбейтуге арналған логикалық есептер. 1 сағат. Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін пайдалану. Олардың терімділік заңы. Есептер шығару.

Амалдарға берілген тапсырмалар. 1 сағат. Жасырын тұрған амалды табу. Тиімі тәсілдермен есептеу. Бірнеше амалдармен шешілетін есептер. Есептер шығару.

Мәтіндік есептерді шығару. 2 сағат. Берілген шытырман мәтінмен жұмыс жасау. Логикалық тапсырмаларды орындау, тұжырымдама жасау.

Нүктелі сурет. 1 сағат. Нүктелі қағазға геометриялық фигураларды сызуды үйрету және фигураларға сәйкес суреттер салу.

Халық өлшемдері. 1 сағат. Ұлттық шама өлшемдері туралы. Қолмен, саусақпен, аяқпен өлшенетін өлшемдер туралы. Халық өлшемдерімен есептер құрастыру және шешу.

Уақытты табуға байланысты есептер. 1 сағат. Уақыт өлшем бірліктері, олардың қатынастарын пайдаланып есептер шығару.

Массаны табуға байланысты есептер. 1 сағат. Масса өлшем бірліктері, олардың қатынастарын пайдаланып есептер шығару.

Көбейту мен бөлу өзара кері амалдар. 1 сағат. Берілген амалдардың бірі екіншісінен неше есе артық, неше есе кем қатынастарымен байланысты есептер шығару.

Өрнек. Қосу мен азайту таңбалары. 1 сағат. Заттарды қосу, азайту туралы түсінік қалыптастыру. Математикалық өрнек туралы. Өрнектерді таңбалардың көмегімен жазу, есеп шығару.

Теңдіктер мен теңсіздіктер. 2 сағат. Теңдіктер мен теңсіздіктер туралы ұғым. Жай және күрделі теңдеулер шешуге арналған қызықты тапсырмалар мен есептер орындау.

Теңдеу құрмай есептер шығару. 1 сағат. Есептерді теңдеу құрмай, қарапайым сызба арқылы шығару жолдарын түсіндіру.

Геометриялық фигуралар. 1 сағат. Геометриялық фигуралар туралы түсінік. Айналадағы пішіндер. Геометриялық фигуралардың ауданын табу. Тапсырмалар орындау.

Шеңбер мен дөңгелек. 1 сағат. Шеңбер мен дөңгелек туралы.. Фигураларды сызу, бөлу, түсіндіру. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы геометриялық пішіндерге сипаттама жасау.

Күнтізбе және уақыт. 1 сағат. Алғашқы күнтізбенің шығу тарихы. Күн санау оның уақыт өлшеміне қатысы туралы есептер шығару.

Қорыту. 2 сағат. Жыл бойы өтілген материалдар негізінде жоба қорғау.




БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

МАЗМҰНЫ

Сағат саны



Теория

Практика

Кіріспе

1


Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды шығарып алу туралы түсініктерін кеңейту

1


Сандардың орнын тап

1


Сюжеттік есептер



Заңдылықтар


1

Сандар мен сандардың бөлінгіштігі

1


Арифметикалық амалдармен жаттығу


1

Математикалық тізбектер

1


Математикалық жасырын таңбалар


1

Арифметикалық шытырман


1

«Монета» ойыны


1

Шаршыдағы есептер


1

Арифметикалық есептеу


1

Ауызша көбейту


1

Санды 0-мен аяқталатын сандарға көбейту, бөлу

1


Сандарды 5, 50, 500–ге көбейту


1

Бір таңбалы сандарды көбейту

1


Кайталау. Интеллектуалдық жарыс


1

Сандарды қосу және көбейтуге

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!