"Қызықты математика әлемі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қызықты математика әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалім бұл сабақта оқушылардың алған білімдерін тексере алады1) оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, оқушының ой-өрісін кеңейту, шығармашылықпен, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру; 2) оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамыту; 3)тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа, белсенділікке үйрету;
Материалдың қысқаша нұсқасы


































Танымдық сабақ: «Қызықты математика әлемі»

Мақсаты: 1) оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, оқушының ой-өрісін кеңейту, шығармашылықпен, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру;

2) оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамыту;

3)тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа, белсенділікке үйрету;

Көрнекіліктер: плакаттар, ойындар, сұрақ тапсырмалар,

Түрі: сайыс сабақ

Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі сайыстың жеңімпазы болады.

Сайысқа оқушыларды екі топқа бөліп қатыстыру.

I-топ «Тапқыштар», II-топ «Білгіштер» деп аталады.

Сайыстың жоспары:

  1. Жазық фигуралар модельдері

  2. Сандық заңдылықтар.

  3. Басқатырғыш тапсырмалар

  4. Сандық ребустар.

  5. Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу

  6. Ақиқат және жалған мәліметтер жинау

  7. Кестелер және диаграмма

  8. Криптограмма шешу

  9. «Бәйге» ойыны

  10. Логикалық тапсырмалар

Әр дұрыс жауап 5 ұпай болып есептеледі.

  1. Жазық фигуралар модельдері.

Оқушылар жазық фигуралардан неше түрлі модельдер құрастыру керек. (3минут ішінде бірнеше модель құрастырған топ көп ұпай алады)

  1. С андық заңдылықтар.









З аңдылығын анықтап, жалғастырып жазу





Дұрыс әрі жылдам орындаған топ өзіне тиісті ұпайын алады.

3.Басқатырғыш тапсырмалар.



  1. Сандық ребустар

-лік, - ім, - ген, - қоңыр, - аяқ, - көз, - ік.


4. «Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу».

Фигураларды белгілеріне қарап топтастыр және боя.

DrawObject1 DrawObject2 DrawObject3 DrawObject4 DrawObject5 DrawObject6 DrawObject7 DrawObject8 DrawObject9 DrawObject10 DrawObject11 DrawObject12 DrawObject13 DrawObject14












  1. «Ақиқат және жалған» мәліметтер жинау

Тапсырма

Берілген сандарға мұқият қараңыз.

100, 220, 405, 601, 639, 980

Төменде берілген тұжырымдарды оқыңыз. Ақиқат немесе жалған екендігін анықтаңыз. Ақиқат тұжырымдардың тұсындағы сопақшаны көк түспен, ал жалған тұжырымдардың тұсындағыны қызыл түспен бояңыз. Берілген сандарға қатысты бір ақиқат, бір жалған тұжырым құрап жазыңыз.

  1. 7. Кестелер және диаграмма

Топтық жұмыс.

Суреттегі жемістерге мұқият қараңыз.

  • Топтағы оқушылардан берілген жемістердің қайсысын ұнататындықтарын сұраңыз және кестеге белгілеңіз.



Оқушы



























Жинаған деректеріңіз бойынша диаграмма тұрғызыңыз.

  1. Криптограмма шешу.

Мұнда әр топқа бір-бірден криптограмма беріледі. Қай топ ең көп сөз тауып жазса, сол топқа жоғары ұпай беріледі. (жауабы: нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең, бұрыш, алым, алу, метр, сан, бес, теңдеу)





Н

Ш

Е

Е

Ң

Д

Ү

К

Ң

Т

Ө

Е

Р

Т

Б

Е

Р

У

А

Е

Ұ

Ш

Т

Б

Д

И

Р

Ы

М

Е

С

У

А

Л

Е

С

А

Н

Т

У

Т

Р

  1. «Бәйге» ойыны

  1. 45 санын 9 есе кеміт (5)

  2. 1 дм неше см? (10)

  3. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек пе? (бірдей)

  4. Ұзындық өлшем бірліктерін ата? (метр, см, км, дм)

  5. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?(айырма)

  6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?

  7. 7 ондық 6 бірліктен тұратын сан? (76)

  8. 1 стақанда 20 ас қасық су бар. 3 стақанда неше ас қасық су бар?

  9. 1 жылда неше ай бар? (12)

  10. 8-ді 8 есе арттыр (64)

  11. Жоқты білдіретін сан (0)

  12. Жылдың соңғы айы (желтоқсан)

  13. Салмақ өлшем бірліктерін ата (грамм, кг, ц, т)

  14. Қосудың нәтижесін ата (қосынды)

  15. 1 тәулікте неше сағат бар? (24)

  16. 9-ды 9 есе арттыр.

10.Логикалық тапсырмалар

1. Шөпте қояндар отыр, тек 10 құлақ көрініп отыр. Неше қоян тығылып отыр? (5)

2. Аулада 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? (4тәулік)

3. Бір адам қалаға келе жатыр еді. жолда оған 3 танысы кездесті. Қанша адам қалаға барды? (1 адам)

4. Қайыңда 50 жаңғақ өсіп өсіп тұр. жел соғып 10 жаңғақ түсіп қалды. Қанша жаңғақ қалды? (қайыңда жаңғақ өспейді)

5.Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (көрші)

6. Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

7. Су астында қандай тас жоқ? (құрғақ)

8. Бүгін жұма, ал бүрсігүні қандай күн? (жексенбі)

Қорытынды: Көп ұпай жинаған оқушы «Білімді «атанып, жүлделі сыйлыққа ие болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.04.2018
1447
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі