«Қызықты математика»
сайысы.
6
сынып
Оқушылардың логикалық есептер шешуде,
мақал-мәтелдер, сұрақтар, тест тапсырмаларына
жауап беру арқылы, ой – өрісін кеңейтіп, есте
сақтау қабілетін шыңдау.
Сабақтың түрі:
топтық сайыс
сабағы
Сабақтың типі: қайталау
сабағы
Сабақтың эпиграфы:
Математика
дәлдікке, тәртіпке үйретеді, логикалық
ойды, ақылды
кеңейтеді.
-
Таныстыру.
-
“Кім тапқыр?”
-
Санға қатысты мақал
–мәтелдер.
-
«Адасқан» әріптерді орнына
қою.
-
“Жұмбақтас”.
-
“45 құрт” есебі.
-
Есепке кім жүйрік? (логикалық
есептер)
-
Қорытынды.
Оқушылар өздері жақсы көретін түстерді (қызыл,
жасыл, көк) фишкаларды таңдау арқылы топ құрайды, ал ақ
фишканы таңдаған оқушылар әр топтың ұпай сандарын есептеп отыратын
бағалаушылар. Олар алдарындағы бағалау бетшесі бойынша өз
тобындағы балаларды кезеңдерге сәйкес бағалайды. Әр кезеңде
бағаның неліктен солай қойылғандығы жөнінде анықтама бере
отырып, бағалау критерийлеріне сәйкес
дәлелдейді.
I тур. Әр топ өзін
таныстырады.
ІІ тур. «Кім
тапқыр?»
-
«Математика» оқулығының авторы кім?
Жауабы:
/ Т. А. Алдамұратова, Т. П. Кучер, З. Ә. Жұмағұлова
/
2. Ұшақ Алматыдан Семейге дейін
1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда 100 минут ұшады.
Айырмашылығы бар ма?
Жауабы: / Айырмашылығы жоқ,
себебі 1 сағат 40 минутта 100 минут бар /
3. Екі адам тоғызқұмалақ ойынын екі
сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
Жауабы: /Әрқайсысы 2 сағат ойнады.
/
4. Түйе құс екі аяғымен тұрғанда 15
килограмм тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша килограмм
тартады?
Жауабы: /Түйеқұс бір аяғымен тұрғанда
да 15 килограмм тартады./
III тур. Санға қатысты мақал
–мәтелдер.
-
Беліңнің мықтысы бір басыңа,
Еліңнің мықтысы бір ғасырға.
2. Елу жылда — ел жаңа,
Жүз жылда – қазан.
3. Ел құлағы —
елу.
4. Жерінен ауғанға, жеті жыл
қоныс жоқ.
5. Ер қаруы
бес қару.
6. Ердің сөзі
біреу,
Ердің көгі — үшеу.
7. Ерінген екі істейді.
ІV тур. «Адасқан» әріптерді орнына
қой.
ӘРЕДЕЖ ,РҰШЫБ, ЛЕСУӘ, ЛӨКЕШБ, УБК, ЦКИРЬЛУ,
ЗҮУТ, ЕБШРҢЕ, АНС, ШТСБМАА
Жауабы: / дәреже, бұрыш, сәуле, бөлшек, куб,
циркуль, түзу, шеңбер, сан, масштаб /
V тур.
“Жұмбақтас”.
Кез келген арифметикалық амалдармен
пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал.
(111 - 11 = 100)
Үш әртүрлі сандардын қосындысы олардын көбейтіндісіне тең. Сол
сандарды тап:
(1 + 2 + 3 = 1 • 2 • 3)
Екі әке мен екі баласы 3 апельсин сатып алды. Әркайсысына 1
апельсиннен тиді. Ол қалай болуы мүмкін.
Мұнда әңгіме атасы, әкесі, баласы жайлы жүреді.
Екі бес санның арасына кандай таңба қою керек: шығатын сан 5-тен
үлкен, бірак 6-дан кіші болатындай?
Үтір: 5,5
Төрт бір цифрларының көмегімен қандай ең үлкен сан алуға
болады?
1111 (250 миллиард бірліктер)
VI тур. «45 құрт»
есебі.
45 құртты тоғыз табаққа, әрбір
табақтағы құрттардың саны бірдей болмайтындай қалай бөліп салуға
болады?
Жауабы: /
1+2+3+4+5+6+7+8+9 /
VII тур. Есепке кім
жүйрік? ( логикалық есеп
)
1. Дүкеннен мен торт
алдым,
Оның және қабын
алдым,
2
сағыз, 1 шоколад,
5
чупа-чупс қоса алдым
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бары?
Жауабы: / 10 /
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа
қанша минутта піседі? Жауабы: / 3/
3. Табақта 6 алма бар еді, табақтағы
алмаларды 6 балаға бір-бірден таратып бергенде,
табақта 1 алма қалды. Ол қалай?
Жауабы: / 5 алманы 5 адамға таратып
бергенде, 6-шы алма табақта қалады /
4. Берілген квадраттың жолдары мен
бағандарындағы сандардың қосындысы 6
болсын.
VIII. Қорытынды.
Әр
топтың ұпай сандарын есептеп отырған бағалаушыларға сөз
береміз.
Жеңімпаз топ анықталып,
марапатталады.
Павлодар қаласының №7 жалпы
орта білім беру бейіндік
бейімдеуге мамандандырылған
мектебі
« Қызықты математика
»

Өткізген математика пән
мұғалімі : Оспан Г.С.
2016-2017 оқу
жылы