Сыныптан тыс «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты сайыс сабақ
Мақсаты:
Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге баулу, заман талабына сай болашақ ұрпақты өз тілін меңгерте отырып, өзге тілді білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, слайд шоу, қима қағаздар, құмыра, ноутбук.
Барысы:
1. Оқушылармен тренинг өткізу.
2. Оқушыларды топқа бөлу.
3. Сайыстың уақытылы басталуын қадағалау.
Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып қымтырылу ерін ұшынан шүлдірлеп былдырлдау мүлде жат. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуендігі шырқап салар әніндей, шешендерден шыққан қара сөздің өзіндей белгісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып жатады, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірде ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрусталь сияқты сыңғырлап қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаным үшін және әлемдегі ең бай ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.
«Мылқау сыйлық » арқылы оқушылармен тренинг өткізу. Яғни, аты аталған бірнеше оқушыларды ортаға шақыру.
Мақсаты: олар ыммен көрсетілген сөздерді табу керек. Табылған сөзді сыйлық ретінде алады, яғни бұл жерде ақпан айында туылған оқушыларды құттықтап өту.

Құпия сөздер: Қаламсап, кітап, айна, тарақ, орамал, дәптер, доп, әмиян.
Сайысымызды бастамас бұрын, оқушыларды топқа бөліп алу. Текшелер арқылы әр оқушы 1 –ден 4-ке дейінгі сандарды таңдап алады. Алған сан бойынша белгіленген орынға барып отырады.
Алған текшелерде саннан басқа әріптер берілген. Сол әріптерді құрастыра отырып, әр топ өз топтарының атын шығарады. Қазіргі кезде сабақтарда үштілділік оқыту- заман талабы. Яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерін күнделікті сабақта пайдалансақ енді 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу қолға алынды.

Бүгінгі топтық жұмысты критерийалды бағалау арқылы жүргіземіз. Әр топтың топ басшылары жұлдызды жауап әдісі арқылы жұлдызшамен бағаланады.
Олай болса бүгінгі сайысымыздың тақырыбымен танысайық.

1-кезең. Жаңартылған білім мазмұнында көрсеткендей қазіргі сабақтарда дайын мақсат берілмейді. Оны оқушылар өздері бірлесе отырып құрады.
Сол сияқты сіздерде бүгінгі
сайысымыздың мақсатын өздеріңіз құрасыздар. Топтарыңыздың атын осы
құрылған мақсатта болу керек. Яғни оны «Ғажайып сандар» немесе
7
2 ═5 /9 әдісін басшылыққа
аласыздар. Сонда құрған мақсатыңыз 5 немесе 9 сөзден аспау
керек.
2 – кезең. Ақындар жырлайды.(әр топ өздері дайындап келген өлеңдерін оқиды)
3 – кезең. «Компьютер сұрақтары» ойыны.
-
Қазақ тілі Қ.Р-ның мемлекеттік тілі болып қашан бекітілді?
-
Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
-
Ең қиын тіл?
-
Қай тіл көп тараған?
-
Тіл туралы қандай мақал-мәтел білесің?
-
Лексика нені зерттейді?
-
Фонетика нені зерттейді?
-
Грамматика нені зерттейді?
4-кезең.«Рухани жаңғыру» идеясы ұзақ мерзімге жоспарланғандықтан елбасы осы арқылы халықтың санасын жаңғыртып өркениетті қоғам құруды көздеп отыр. Бұл ретте жастарға үлкен жауапкершілік артылуда. Атадан мирас болған байтақ далалы, тіл мен дәстүрді сақтай отырып, өскелең ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуы тиіс.

Осы бейнефильм бойынша топтарға тапсырма таратылады.
І топ: Біздің ойымызша...
ІІ топ: Себебі біз оны былай түсінеміз...
ІІІ топ: Біз оны былай дәлелдейміз...
ІV топ: Қорытынды шығарамыз...
5-кезең. «Суреттер сөйлейді» ойыны (әр топ өзінің алдарындағы ноутбуктерді қолдана отырып, суреттерден сөйлем құрап, морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасайды)
Сіздерге стикер таратылады. 2050 жылғы оқушыға айтар тілегіңізді сол стикерге түсіресіз. Оны шыны бөтелкеге салып, колледж алаңындағы шырша түбіне көмеміз.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қызықты қазақ тілі әлемі" атты сайыс сабақ

шағым қалдыра аласыз