Білім
саласы: «Коммуникация», «Таным»,
«Шығармашылық»,
«Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің мақсаты:
Балалардың қарапайым
математикалық түсініктерімен ұғымдарын қалыптастыру. Сандар мен сан
құрамына байланысты алған білімдерін тиянақтау. Ойындар ойнау,
санамақтар, мақал-мәтелдер айту,жұмбақтар шешу, салыстыру, қосу,
азайтуға арналған есептер шығару арқылы баланың тілін, ақыл-ойын,
ойлау қабілетін дамыту. Шапшаңдылыққа, дәлдікке үйрету, шындыққа,
ұйымшылдыққа, шығармашылыққа еңбек етуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үлгі суреттер, есептер,
карточкалар, геометриялық пішіндер,
сызықтар.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, есеп шығару,
ауызша есептерге математикалық желпуіштер қолдану, ойын
ойнау,орындарында отырып есептер орындау, мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар, санамақтар айту,жұмбақтар
шешу.
Ұйымдастырылған оқу-іс
әрекетінің барысы:
Шаттық
шеңбері: Күнім күліп
арайлы,
Тереземнен
қарайды.
Достарыммен
шеңберге,
Тұрғанымды
қалайды.
Көңілдімін
күлемін,
Бақытты болып
жүремін.
Бәрін біліп
алатын,
Мен ақылды
баламын.
Дидактикалық
ойын: «Кім
зерек»
Шарты: Сұрақ-жауап.
Білім ханшайымының ендігі
тапсырмасы қарапайым математикаға
арналған.
1.Тапсырма: а)
Сандарды тура және кері
санау.
Дидактикалық ойын: «Ары
қарай жалғастыр»
б)
0 ден 9 ға дейінгі қандай
сандар?
- Бірлік сандар
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
в)Ондық сандар қай саннан қай
санға дейін?
- 10 нан 90ға
дейін
г)Санаудың қандай түрлерін
білеміз. 2,5,10.
Дидактикалық ойын: «Кім
жылдам»
д)Тақ және жұп сандарды, бірлік
сандарды атаңдар.
Дидактикалық ойын:
«Көршісін тап» е)
Бір-біріне ұқсайтын екі санды
қандай сандар дейміз?
(Зайцев кестесінен егіз
сандарды табады.)
2.Тапсырма:
а)
Қандай математикалық белгілер
мен таңбаларды білесіңдер? + , − , = , >
<
Дидактикалық ойын: «Кім
шапшаң» −
Қосу белгісі: сан мен санды
қосқанда теңдігі көбейеді. –
Азайту белгісі: саннан санды
алғанда теңдігі азаяды. –
Тең белгісі: сандарды
қосқанда, азайтқанда шығатын санды көрсетеді.
–
Салыстыру белгісі: заттың аз
көп екенін көрсетеді.
Сергіту
сәті: Орнымыздан
тұрамыз,
Қолды белге
қоямыз.
Басты оңға
бұрамыз,
Басты солға
бұрамыз.
Қолымызды
көтеріп,
Саусақты ашып
жұмамыз.
Қолды төмен
түсіріп,
Иықты кері
жіберіп.
Алақанды соғамыз
1,2,3,....10
б)
Санға байланысты санамақтар,
мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар
айту.
– Осы мезгілде тақтада есеп
орындалады: Қандай 2 саннан 7,8,9 сандарын шығаруға
болады?
Дидактикалық ойын: «Кім
алғыр»
Санамақтар: 1 – дегенім – бесік, шықтық
одан өсіп. 2 – дегенім – елім, далам, туым, көзгім. 3 – дегенім –
үміт, үміт артар жігіт. 4 – дегенім – талап, босқа жатпа қарап. 5 –
дегенім бірлік – бірліксіз жоқ тірлік. 6 – дегенім – арман,
шығатұғын алдан. 7 – дегенім – жігер, жеңгенінді тілер. 8 – дегенім
– сенім, сенген табар елім. 9 – дегенім – талғам, оқуменен алған.
10 – дегенім – өзім, бәрін білер кезім.
Мақал–мәтелдер: *Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
*Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы адам сәлем бере.
*Жүз тенгең болғанша,
Жүз досың болсын. *Қырықтың
бірі қыдыр. *Жігітке жеті өнер де аз. *Екі қолға бір күрек. *Жүзден
жүйрік,
Мыңнан тұлпар. *Білікті бірді
жығады,
Білімді мыңды жығады. *Біреу
тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді. *Бір тал
кессең, он тал ек.
*Төртеу түгел болса, төбедегі
келеді.
Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді.
*Бір түйір дәнде – бір тамшы
тер бар.
*Жеті жұрттың тілін біл, жеті
түрлі білім біл.
*Ер бір өледі, қорқақ мың
өледі. *Жақсы әке жаман балаға, қырық жыл азық. *Еңбек екінші
анаң.
Жаңылтпаштар: *Үш кіші ішік
піштім,
Бес кіші ішік
піштім.
Неше кіші ішік піштім. *Бес
шатыр бос жатыр. *Үш қызда ұшқыш, ұшқыш та үш қыз. *Сегіз семіз
қозым бар, семіз сегіз қозым бар. *Бес бармақ, бес тармақ ,бесеуіде
бес қармақ. *Он бір онның ағасындай, үш алтының
баласындай.
Жұмбақтар: *Елу тісті, екі қолды.
*Ағайынды бес құрдас, бірдей болып еш тұрмас. *Аласа ғана бойы бар,
тоғыз қабат тоны бар. *Отыз екі мықты, қатар болып шықты. *Екі
семсер айқасқан, оқта, текте шайқасқан. *Бір шеңберді, бір шеңбер,
көтеріп тұр білсеңдер. *Бір шұқырда мың шұқыр. *Бес ін, бес іннің
аузы бір ін.
г)
Өлең есептер шығару:
математикалық желпуіштермен.
Ойын: «Қалт етпей қағып ал, жауабын
тауып ал»
*Кеше жылы ұясына, Келіп қонды
4 тиын. Ал таңертең бұл ұядан, Күліп шықты 10 тиын. *Тал басында
тізіліп, 10 жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, Ұшып кетті 3еуі.
Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі. *Шығармақ боп кешке есеп,
Жиналғанды бес есек. Үшеуі ұйықтап отырды, Нешеуі тыңдап отырды. *
Бұлбұл әсем сайрайды, Ел жұрт елтіп тыңдайды. 4 бұлбұлға 2еу
қоссақ, Нешеу болып сайрайды. *Үйрегім ау, үйрегім, Келіп жүрме
билегің? Жетеу едің басында. Жүзіп кетті төртеуі, Қалды артында
нешеуі. *Алшаға кеп күн ара, Қонушы еді бес ара. Бүгін екі туысын,
Ертіп келді бұл ара. Сонда бүгін алшаға, Келіп қонды қанша
ара.
3.Тапсыпма:
Саусақ
жаттығуы:
Өзі болар 10 шақты, Төгіп
алдым моншақты. Жинап теріп алайын, Қорабына
салайын.
а)
Қосу және азайтуға арналған
есептерді шығарыңдар және салыстыру белгісін қойыңдар. Орындарында
отырып орындайды. 3+4=7 6+3=9 5+3=8
2+8=10
б)
Сандарға байланысты қандай
қасиетті сандарды білесіңдер?
Қасиетті сандар, қасиетті
сандарға байланысты сөздер.
7 және 3саны. *3 Би, 3 тәтті,
3 арсыз, 3 қасиет,3 байлық, 3 қадірлі, 3
дана, 3 сауап, 3 қуат. *7 күн,
7 шелпек, 7 жұлдыз, 7 жұт, 7 қазына, 7 ата,
7
наурыз көже
құрамы.
в)
Қандай геометриялық пішіндер
мен сызықтарды білесіңдер?
Дидактикалық ойын: «Ғажайып
қоржын»
Шарты: Қоржыннан сипап сезу арқылы
геометриялық пішіндерді табу, сызықтарды
атау.
*Үш бұрыш, дөңгелек, шаршы,
текше, көпбұрыш, сопақша, целиндр, конус, тік төртбұрыш. *Сызықтар:
нүкте, түзу сызық, қисық сызық, сынық сызық, тұйық сызық, сәуле,
кесінді. Карточка арқылы көрсету.
г)
Геометриялық пішіндерді ертегі
кейіпкерлеріне айналдыру. (Орнында отырып
орындайды).
Қорытынды:
Жарайсыңдар балалар. Біз
бугін, «Білім
Ханшайымының» алып келген тапсырмаларын
түгел орындадық, барлық сұрақтарға жауап бердік, алған
білімдерімізді еске түсірдік. Тапсырмаларды орындау үшін біз қандай
ойындар ойнадық?
Білім
Ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, сендер
өте алғыр, тапқыр, зерек екенсіңдер. Өздеріңнің ынталарыңды, ойлау
қабілеттеріңді, тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер. Енді сендерге
мектепке жол ашық, жақсы оқып үлгілі бала және үлкен азамат
болыңдар.
Қош
сауболыңыздар!
Қолданылған
әдебиеттер:
-
Сиқырлы математика «Шикула
және К» ЖШС Кирилинская.Л.В. Мадалиева.С.Л.
Сәулебаева.А.
-
Математика. Әдістемелік
құрал. Алматы кітап баспасы 2008ж М.С.Сатимбекова.
Ә.Н.Наурызбаева.
-
Балаларды мектепке
дайындаймыз /Әдістемелік ұсыныстар/ Шымкент
2001ж
№95 «Алтын дән» бөбекжай
балабақшасы
№6 «Атамекен» ересектер
тобы
Қорытынды
сабақ
Тәрбиеші: Мурзабаева
Р.А.
Шымкент