Рабиға Сыздықова - ғалым ұстаз. ТӘРБИЕ ЖОСПАРЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рабиға Сыздықова - ғалым ұстаз. ТӘРБИЕ ЖОСПАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Рабиға Сыздықованың туғанына 100 жыл. Тәрбие сабағының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Рабиға Сыздықова ғалым ұстаз

Күні

11.09.

Сынып жетекші:

Құлжасбаева Айгүл

Сынып: 10 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

  • Рабиға Сыздықованың өмірі мен өнегелі істері жайлы мағлұмат алу;

  • Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық және патриоттық сезімді ояту;

  • Отансүйгіштікке және заманымызға лайықты білімді де білікті, өнегелі де өнерлі етіп тәрбиелеу.

Ресімдеу

Презентация, бейнеролик, суреттер

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик

Үлестірмелі материалдар

Кластерлер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


  • - Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.

  • Бүгін біз сөз тарихына, сөз әсемдігіне, сөз сазына, әуеніне,қолданылу мәдениетіне терең бойлап, білгірлікпен талдау жасаған ірі ғалым Рабиға Сыздықованың өмірі мен шығармашылығы жайлы білетін боламыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

презентация








Сабақ басы (13 мин)






«Миға шабуыл»

  • Рабиға Сыздықова туралы қандай деректер білесіңдер?

  • Қандай кітаптары мен еңбектерін білесіңдер?


  • Бүгінгі сабағымызда тілші ғалым туралы көптеген мәліметтер мен қызықты деректер білетін боласыңдар.


Рабиға Сәтіғалиқызы:

  • Тілші ғалым

  • Филология ғылымдарының докторы

  • Профессор

  • ҚР мемлекеттік сыйлығынығ иегері

  • ҚР ҰҒА академигі


«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»

Туған жері

Рәбиға Сыздықова 1924 жылы 17 тамыз айында Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында дүниеге келген.

Отбасы

Әкесі Сәтіғали Құтқожин төңкеріске дейін орысша оқыған,көзі ашық адам болған. Балаларын қазақ мектептерінде оқытқан. Почта бастығы болып тұрғанында 1937жылы дүрбелеңде ұсталып кетіп, қайта оралмаған. Анасы Жеміс пен әкесінің Еркінғали деген тете інісі бар.

Қызмет жолы

Рәбиға қызмет жолын 1940 жылы Темір педучилищесін үздік бітірген соң, сол кездегі «Алға» поселкесінде бастауыш мұғалімі болып орналасып, сабақ береді.





Оқушылар сұрақтарға жауап береді














Рабиға Сыздықованың өмір жолымен танысады

презентация

 



Ортасы (20 мин)


Рәбиға Сыздық – тіл білімінде ең көп еңбек еткен ғалымдардың бірі. 27 кітап жазған, оның өзінде тіл білімінің әртүрлі салаларында қалам тербеген. Ғылымдағы жолын грамматикадан бастаған ғалым Абай тілі, қазақ әдеби тілінің тарихы, тіл тарихы, ахметтану, сөз мәдениеті, көне ескірткіштер тілі, лингвопоэтика, лингвостилистика, лингводидактика, лексикография, орфография, әліпби мен жазу теориясы сынды салаларды зерттеп, мол мұра қалдырды.


Хоббиі:

  • Спортқа құштарлық

  • Футбол, хоккей, снукер спорттарын ұнатқан

  • Суда жақсы жүзген

  • Мылтық атуды білген


Еңбектері:



Бейнеролик: Рабиға Сыздық Қазақ тілі туралы



Марапаттары:

  • Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық

  • ҚР Мемлекеттік сыйлығы

  • ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

  • Құрмет белгісі орденімен үш рет

  • ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы


Қызметтік жолы:

1938-1940 – Темір қаласындағы педучилищеде білім алды

1940-1945 – Алға поселкесі мен Темір қаласындағы мектеп мұғалімі

1945-1947 – Абай атындағы Алматы педагогикалық институты

1947-1951 – Абай атындағы Алматы педагогикалық институты аспирантура

1951-1957 – Қазақ мемлекеттік оқу педагогикалық баспасында редактор


Рабиға Сыздықова туралы:


«Рәбиға Сыздықованың сөзіне конференцияға қатысушылар айрықша риза болды деп санаймын.Оның сөзіндегі бір ерекшелік – тіл мамандары мен әдебиетшілерге қатар айтар орынды,кенеулі ой бар және сол ойды таратып айта аларлық тіл құдіреті мейлінше жеткілікті екендігін аңғартты »

М.Әуезов


«Басқа кітаптарыңызды білмеймін. Мына орфография мен пунктуация жайлы анықтағышыңыздың орны өте ерекше. Бұл кітап арқылы сіз бәрімізге де ұстаз болып отырсыз. Ұстаз бола бересіз».

Қ.Мұхаметханов


Сен білесің бе?”


Р.Сыздықова 1957 жылдан бастап 1971жылға шейін 14 жыл бойы Абай шығармаларының тілін зерттеді. Оның жазып, баспадан шығарған 20-дан астам кітап, кітапша, жүзден аса мақаласының ішінде Абай шығармаларының тілі туралы жазған екі томдық кітабының шоқтығы биік тұрады.


Рәбиға Сыздықтың тағы бір саласы – тарихи лексикология. Одан «Сөздер сөйлейді» атты тарихи лексикологияның бірден-бір оқулығына айналған кітап жазып, оны бірнеше рет толықтырды. Сондай-ақ, «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар» атты танымдық зерттеу жарық көрді.











Оқушылар берілген ақпараттарды оқиды
















Бейнероликті тамашалап, өз ойларын ортаға салады










Қызметтік жолы және еңбектерімен танысады












Рабиға Сыздықова жайлы айтылған естелік сөздерді оқиды















Рабиға Сыздықова жайлы қызықты деректермен танысып, өз ойларын ортаға салады



Презентация



















Бейнеролик







https://youtu.be/LaNeG7_Ah6s?si=zSd-1hyHTtL9l_Ko

















Суреттер











Интерактивті тақта











Интерактивті тақта



Соңы






Қорытынды


Р.Сыздықова қазақ прозасы мен поэзиясындағы бұрынғы, кейінгі, орта буын, жас буын қаламгерлердің қай қайсысын да көзден таса етпей, жылт еткен жақсылықтарын атап, көрсете білетін жан.

Рәбиғаның ғылымдағы жүріп өткен жолы- көпке үлгі боларлық тағылымды жол,ал оның тағдыры-советтік дәуірде туып, білім алған,ғылымға құлаш сермеген қазақ қызының өнегелі тағдыры.


Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Қандай пайдалы ақпарат білдіңдер?


Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!




Оқушылар Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі


Презентация





Білм қоржыны




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.00.2024
1240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі