Материалдар / Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
7-ші сыныпқа арналған рационал бөлшектерді көбейту және бөлу
Авторы:
18 Желтоқсан 2017
704
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сынып: 7 «Б» өткізілетін күн: 25.02.15.

Сабақты өткізген: математика пәні мұғалімі Зейнолдина Ардақ Кабасовна

Тақырыбы

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Сабақ мақсаттары

Рационал өрнектерді көбейту және бөлу ережелерін қолданып, есептер шығаруды меңгерту

Күтілетін нәтиже

  • Рационал өрнектерді көбейту және бөлу анықтамасын есептер шығаруда пайдалана алады

  • Берілген өрнекті қысқаша көбейту формуласын пайдаланып көбейткіштерге жіктей алады

  • Рационал бөлшектерді қысқарта алады

  • Рационал өрнектерді көбейту және бөлу ережелерін есептер шығаруда қолдану дағдылары жетіледі

  • Күрделілігі жоғары есептерді шығара алады

Сабақ түрі

Практикалық сабақ.

Білім беру технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың білім беру формасы

Топпен бірлесе, жекелей атқаратын жұмысқа арналған

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер

Топтық зерттеу жұмысы, шатастырылған баулар, зерттеушілік әңгіме, семантикалық карта

Көрнекіліктер

таратпа материалдар, презентация

Сабақ барысы

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру

(3 мин)

Оқушыларды түгендеу. Оқушылар мойындарына бір жағында 1,2,3,4,5,6 сандары жазылған, ал келесі жағына сары, қызыл, көк, жасыл түстері бар бейджиктер таратылып беріледі.Әр столға бір жағында 1,2,3,4,5,6 сандары жазылған,ал келесі жағына сары, қызыл, көк, жасыл түстері бар бағыттаушы қойылады

Топқа бөлу: сыныпты 4 топқа бөлінеді.

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Әр оқушы өзіне қарама –қарсы отырған оқушының бейнесін жасап, сыйға тартады

Үй тапсырмасын тексеру №283


Топпен жинақталып отыру.



Сергіту сәтін жасайды.


Мұғалімнің формативті бағалауы

«Қызығушылықты ояту» ( 3 мин)

Шатастырылған баулар

Қиынды анықтамаларды таратып беру, қасиеттерін айтқызу. Слайд 1.







Шатастырылған баулар

Қиынды анықтамаларды құрастырып, анықтаманы және қасиеттерді айтады. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы формативті бағаланады, топ басшысы етіп тағайындалады.


Топ басшысының бағалауы,


мұғалімнің формативті бағалауы


Топ басшыларын құттықтап, топ басшысына бағалау критерийі бар бағалау парағы тапсырылып беріледі


Топ оқушылары бүгінгі сабаққа бір-біріне сәттілік тілейді.
















М

А

Ғ

А

Н

А

Н

Ы


А

Ж

Ы

Р

А

Т

У




30

мин

«Математикалық шабуыл» ойыны

Топқа есептер беріледі. Слайд 2.


Есепті топпен талдау, шығару.

Есеп дұрыс шығарылған болса топтың ұйғарымымен тақтаға шығып қорғаулары қажет. Әр есепке 10 ұпай беріледі.


Бағалаушы топ тақтаға шығарылған есептің шығарылу алгоритмін, қысқаша жазылуын, шығарылу жолы тиімді, тиімсіз екенін бағалап ұпай санын шегере алады.


І-топ Қорғаушы топ ІІ-топ Бағалаушы топ




1) =a+5

2) =

3) =

4) =

5) =

6) =


ІІІ-топ Қорғаушы топ ІY-топ Бағалаушы топ




1) = 2) =

3) =

4) =

5) =-

6) =(a-1)(2a-1)












Есепті топпен талдайды, шығарады.


Қорғаушылар:

Есеп дұрыс шығарылған болса топтың ұйғарымымен тақтаға шығып қорғайды.


Бағалаушылар:

Бағалаушы топ тақтаға шығарылған есептің шығарылу алгоритмін, қысқаша жазылуын, шығарылу жолы тиімді, тиімсіз екенін бағалайды.

Топ оқушылары өзін-өзі бағалайды.
































Топ басшысының бағалауы.


Мұғалімнің бағалауы.

«Ең мықты оқушы» ойыны

2 топ тапсырмасы.

Топ оқушыларына жеке тапсырма беріледі

оқушылар сары, қызыл, көк, жасыл түстері бойынша сәйкес есепті шығарады.

  1. =

2) =-n(n-1)

=

4) =



Әр оқушы өз есебін жеке-жеке шығарып, есеп нөміріне түсіне байланысты топтарға бірігеді.Жаңадан құрылған топта ең тиімді тәсілді анықтап, тақтада көрсетеді.

Топ оқушылары топтарға қайта топтасады, әр оқушы өз есептерінің тиімді деген тәсілдерімен топта бөліседі. Әр оқушы өз білімін бағалайды

Өзін-өзі бағалау Топ басшысының бағалауы.

Бағдаршам сигналымен бағалайды

Көмек керек-қызыл

Шығардым-жасыл

Жартылай орындадым-сары



Кестені толтыру. 5 мин

І.Көбейткіштерге жікте:

жауаптары

(х+у)(х-у-1)

9(а-1)(а+1)

ІІ.Қысқартуды орында:


ІІІ. Амалды орында:


·

Бағалануы


5дұрыс – «5»

4,3 дұрыс – «4»

2 дұрыс – «3»





Әркім өз бетімен тапсырмаларды орындайды


Көрсетілген жауаптары арқылы бірін-бірі тексеріп, нәтижесін топ басшысына береді.



















Бірін-бірі, топ басшысы бағалайды.


Үйге тапсырмa(1 мин)

Үй тапсырмасы:

§14. Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу оқуға, №279

Үй тапсырмасын жазады.



Б а ғ а л а у (2мин)


Топ басшысының формативті бағалауымен, мұғалімнің жиынтық бағалауы


Топ басшысының бағалау парағы

р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тап сырмасы орындалу

Шатастырылған бауларға қатысуы

Қорғаушы, бағалаушы топ тапсырм

2 топ тапсырмасы Жеке есептер шығару


Өздік жұмыс (бірін-бірі бағалау)


Қортынды баға

1









2









3









4









5









6











Кері байланыс

Рефлексия

(1 мин)

«Жетістік баспалдағы»


Әр оқушы сабақ бойынша жұмысын бағалайды










Формативті бағалау




Зейнолдина Ардақ Қабасовна Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп лицей интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Сабаққа рефлексия


Мен өз шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын

Альберт Эйнштейн [2.,118].

Лицейдің 7 «б» сынып оқушыларымен жеті модульді кіріктіріп және сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдана отырып сабағымды жоспарладым. Сабақтың тақырыбы: «Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу». Бұл сабақта топтық тапсырмалар арқылы рационал өрнектерді көбейту және бөлу ережелерін қолданып, есептер шығаруды меңгерту.Тапсырма сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып оңайдан қиынға қарай сатылап беру арқылы, топ ішінде өз бетімен есеп шығару дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

СPicture 3 абағымда алдымен бейджиктің қөмегімен сыныпты төрт топқа бөлдім. Сабақта топпен жұмыс жасайтын болғандықтан топ ережесін қайталап оқытып, ережені басшылыққа алуымыз қажет екенін ескерттім. Топ басшыларын орындарынан тұрғызып қызметтерімен құттықтап, міндеттерімен таныстырып, бағалау критерилері бар бағалау парағын таратып бердім. Топтағы жұмыстарына, бүгінгі күнге бір-біріне сәттілік тілеп, сабағымызды жалғастырдық. Сабақта таймерді қолдануды жөн көрдім. Әр тапсырмаға уақыт белгілеп, сол уақыт аралығына тапсырманың орындалуын қадағаладым. Сабағымның ұйымдастыру кезеңі өзім ойлағанындай сәтті өтті, себебі оқушыларымда қимылдары ширақ болды.

Сабақтың жүргізілуін оқушылардың қолына бере отырып, өзім сабақты ұйымдастырушы ролінде болуды көздедім. Қызығушылығын ояту мақсатында шатастырылған баулар стратегиясын пайдаландым. Топтағы оқушылар берілген қиынды анықтамалар мен қасиеттерді құрастыра отырып, түйінді сөзді анықтауда бірін-бірі толықтырып, жауапты дұрыс табуға ұмтылды. Өткен теориялық материалды естеріне түсіре отырып, ортақ бір шешімін таба білді. Я ғни, «Шатасқан баулар» стратегиясын қолдандым.

*Өрнектердің мағынасы бар болатындай оның құрамындағы айнымалылардың барлық мәндері жиынын осы өрнектің мүмкін мәндері жиыны деп атайды.

*Егер бөлшектің алымының (немесе бөлімінің) таңбасын өзгертсек, онда бөлшектің де таңбасы өзгереді.

*Рационал бөлшектерді көбейту үшін, олардың алымдарының көбейтіндісін

алымына, ал бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазып, мүмкін болған жағдайда қысқартуды орындаймыз.

*Бір рационал бөлшекті екінші бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшекке кері бөлшекке көбейту керек.

Еш қиындықсыз өткен сабақта өз беттерімен меңгерген теорияны білетіндіктерін көрсетті. Себебі, оқушылардың бірін-бірі толықтырып берген жауабынан білімдерінің жақсы қалыптасқаны көрінді.

Shape1 С ыныпты қорғаушы және бағалаушы деп екі топқа бөліп математикалық шабуыл (мат. бой) ойынын ойнау мақсатында рационал бөлшектерді көбейту және бөлуге есептер берілді. Әр оқушы таққан бейджиктегі өз нөмеріне сәйкес










есепті шығарады, әрине бұл тұста топ оқушыларының бір-бірімен білім алмасуы белең алды. Ойын шарты бойынша қорғаушы топ оқушылары есепті топпен талдайды, шығарады, есеп дұрыс шығарылған болса топтың ұйғарымымен тақтаға шығып қорғайды. Бағалаушы топ оқушылары есепті топпен талдайды, шығарады, тақтаға шығарылған есептің шығарылу алгоритмін, қысқаша жазылуын, шығарылу жолы тиімді, тиімсіз екенін бағалайды. Бағалаушы топ оқушылары қорғаушы топ оқушыларының шығарған есептерінің дұрыс бұрыс екенін тексеру барысында бір-бірімен есептің шығарылу жолын егжей–тегжейін талдай отырып білімдеріндегі кемшіліктерін одан әрі толықтыруға қолы жетті. Осы кезде оқушылар бір-бірімен қарым - қарым қатынасқа түсіп, өз идеяларын дәлелдеп ортақ шешім таба білді, оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылды. Ой бөлісіп, ортақ пікірге келе алды. Оқушылар табандылық танытып, білімділігін көрсетіп, ынтымақтастықта, ықпалдаса отырып білім алуға қол жеткізді. Сонымен оқушылар топпен есептерді шығарып есептерін қорғады, өз шығарған есептерін басқаның есептерімен салыстырып, бір-бірінің тапсырмасына сыни көзқараспен қарай отырып, көп білуге ұмтылды. Әр есепті шығарып болған соң бағалаушы топтың ұсыныс пікірімен бағалау жүргізіліп отырылды. Бағалаушы топ өздерінің есеп шығаруда қарастырған тиімді тәсілдерін көрсете отырып бағалады, төменгі деңгей оқушысы Аяжан, Ерасыл, Айбек есептер шығару барысында түсінбегенін түсініп, талдау жасау арқылы есептің шығару жолын ұққандығы байқалды. Аяжан өткен сабақпен салыстырғанда белсенділік танытты. Жоғары деңгей оқушысы - есептерді шығарудың оңтайлы әдістерін көрсете алды, топта өз ойларын талдап, дәлелдеп анализ жасап, білгенін қасындағыларға түсіндірумен отырды.

Есеп шығарып шаршағанымызды біраз басу мақсатында сергіту сәтінің ұйымдастырылғаны өте сәтті болды. Сергіту сәтін ұйымдастыру мақсатында қарама-қарсы отырған сыныптасының бейнесін салу тапсырылды. Оқушылар салған суреттеріне қарап мәз болып күліп алды. Келген қонақтарымызда бір-біріне салған суреттерін достық әзілмен сыйға тартып, күлісіп алды сынып бөлмесінде ары қарай жұмысымызды жалғастыруға жағымды орта қалыптасты. Сурет салу кезінде 2 оқушының келген кісілерден болар қысылып отырғанын байқадым, сондықтан ол оқушыларға тапсырманы орындау кезінде көмек беруді жөн көрдім. Келесі күрделілігі жоғары тапсырманың орындалуына жағымды сәт орнады.


Shape2

Келесі берілген топтық тапсырма бойынша оқушы өз бейджиктеріндегі түстері бойынша есебін жеке-жеке шығарып, есеп нөміріне байланысты топтарға бірігеді. Жаңадан құрылған топта ең тиімді тәсілді анықтап, тақтада көрсетеді.

Т оп оқушылары топтарға қайта топтасады, әр оқушы өз есептерінің тиімді деген тәсілдерімен топта бөліседі. Оқушылар өз білімін бағалайды. Бұл есептердің күрделілігі оның өткен тақырыптар бойынша көбейткіштерге жіктедің топтау тәсілін қолданумен қатар қысқаша көбейту формулаларын қолдану болып табылады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың топтық талдау арқылы қиын есептердіде өзбеттерінше шығаруға қолдары жетті. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып талдау жүргізгенде оқушылардың тақырып бойынша білімдері берік қалыптасқаны байқалды. Сары түсті алған Перизаттың есебінің қате тұсын оңай аңғарып түзетулер жасалып қортындыланды.



Оқушыларға өздік жұмыс ретінде кестені толтыруға тапсырма беріліп уақыт белгіленді. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар сағат тілімен дәптерлерін ауыстыра отырып бір-бірін берілген бағалау критерийі арқылы интерактивті тақтадан жауаптарын сәйкестендіріліп бағалады. Оқушылардың бағаларын топ басшысы бағалау парағына белгілеп бағасын қойды. Топ ішінде қате жіберген оқушылармен жұмыстар жүргізіп, жіберген қателері бойынша талдау жасалып қорытындыланды.

Оқушыларға сабақ соңында үй тапсырмасы беріліп, білім б аспалдағы бойынша кері байланыс жасалды.

Тапсырманы орындағым келмеді,

қатты қиналдым,

орындай алмадым,

достарым көмектесті,

барлығын меңгердім.

Баспалдақтарына стикер жапсыру арқылы өз білімдерін бағалады, өзіне-өзі есеп берді. Оқушылар достарым көмектесті, барлығын меңгердім деген ұяшықтарды таңдады. Топ басшыларының бағалауынан оқушылардың жаңылыс жіберетін қателіктерімен жұмыс жасау керек екенін, әсіресе таңба ережесінің келесі сабақта қайталануы қажет екені түсінікті болды. Сабақта өткізілген әр кезең бойынша, әр оқушының білімдеріндегі олқылықтарымен, кемшілік тұстарын айта отырып топ басшылары өз тобының оқушыларын бағалады.

Сынып оқушыларының тапсырманы орындауға, өз ойларын айтып, дәлелдеуге есептің оңтайлы шешімін табуға деген ынталары зор, сабаққа деген қызығушылықтары басым болғаны келген қонақтарымызға жағымды көңіл күй сыйлады.













Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі