Материалдар / Рационал сандарды бөлу 6-СЫНЫП
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рационал сандарды бөлу 6-СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
Рационал сандарды бөлу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2024
126
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2.А. Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 6

Қатысқандар саны: 6

Қатыспағандар саны: 0


Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.16 Рационал сандарды бөлуді орындау;

Сабақтың мақсаттары

-Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу,таңбалары бірдей сандарды бөлу ережелерін біледі, түсінеді ;

-Рационал сандарды бөлу ережесін қолданып,бөлуге берілген өрнектің мәнін табады, өрнекті ықшамдайды.

-Рационал сандарды бөлу ережесін қолданып, логикалық және күрделі есептерді шешеді, бөлшектерді тиімді тәсілмен есептейді.

Бағалау критерийлері

-Таңбалары әртүрлі сандарды бөлу, таңбалары бірдей сандарды бөлу ережелерін біледі, түсінеді ;

-Рационал сандарды бөлуге берілген өрнектің мәнін табады;

-Логикалық және күрделі есептерді шешуде рационал сандарды бөлу ережесін ұтымды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- екі теріс санның бөліндісі туралы сипаттайды;

- есептер шығаруда рационал сандарды бөлу амалының ережелерін түсініп қолданады.

Пәндік лексика және терминология:таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды бөлу

Құндылықтарға баулу

«Астана және тәуелсіздік»

Пәнаралық байланыс

Информатика, қазақ әдебиеті.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

1.Рационал сандарды көбейту.

2.Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері .

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


5 минут



















3 мин
















2мин



І. Ұйымдастыру:

1.1. Сынып оқушыларымен амандасу

1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.3. Оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Оқушылар ортаға шақырылып шеңбер бойына тұрады, осылайша бір-бірін қошеметке бөлейді).




Үй тапсырмасын тексеру

Көршіңмен бөліс” әдісі








Белсенді оқу әдісі "Конверт әдісі"

Өткен сабақты бекіту мақсатында өткен сабақ бойынша сұрақтар жазылып, конвертке салынады.Оқушылар конверттегі сұрақтарға жауап береді.

1. -5·30=-150 7. -7·0=0

2. 8,1·0=0 8. -6·(-0,8)=4,8

3. 2,7·(-1)=-2,7

4. -15·(-3)=45

5. 3·(-2,5)=-7,5

6. -6·8=-48


Қалыптастырушы бағалау: "Үш шапалақ" әдісі арқылы оқушылар жауаптарына қарай бірін-бірі бағалайды.Егер жауап толық болмаса шапалақ саны азаяды.



"Мозайка"әдісі

Оқушылар берілген суреттерді құрастырады.Құрастыру арқылы «Бәйтерек», «Бейбітшілік және келісім »


"Рационал сандарды бөлу".

Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз да осылай аталады.

Бүгінгі сабақта біздер "Рационал сандарды бөлу" әдістерімен, ережелерімен танысып, оларды амалдар орындауда қолданатын боламыз.


ББҮ кестесін толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім








Оқушылардың барлығы айтады.

























Оқушылар ребустың шешімін табады.

Сабақтың ортасы/сабақ- тың негізгі бөлімі

15 мин

















































Жаңа сабақпен танысу.


(-):(+)=(-)

(-):(-)=(+)

(+):(-)=(-)

(+):(+)=(+)



Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін:

1)бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек;

2)шыққан бөліндінің алдына "-" таңбасын қою керек.


Теріс санды теріс санға бөлу үшін, бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек.


Топтық жұмыс:

"Түймедақ" ойыны.(Топтық жұмыс)

1-топ. 2-топ.

(-150):(-10)=15 (-48):(-4)=12

(-120):(-8)=15 (-144):(-12)=12

(-45):(-3)=15 (-120): (-10)=12

-90:(-6)=15 108:9=12


Дескриптор:

-Белгісіз сандарды табады

Оң санды оң санға бөле алады;

-Теріс санды теріс санға бөле алады;

-есептің жауабын дұрыс жазады

ҚБ:"Шапалақ" әдісі арқылы топты бағалау.





"Бір қалам, бір қағаз" әдісі. Жеке жұмыс

(Оқушылар топта дәптерге жеке орындайды)

6.1.2.16 рационал сандарды бөлуді орындау

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Рационал сандарды бөлуге берілген өрнектің мәнін табады

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі


639.

1.-234:6=-39

2.927: (-9)=-103

3.0: (-43)=0

4.-2184: 21=-104

5.-1484:(-7)=212

6.-144:(-12)=12

.


Дескриптор:

-Оң санды теріс санға бөле алады;

-Теріс санды оң санға бөле алады;

-Теріс санды теріс санға бөле алады

-жауаптарын дұрыс жазады


ҚБ: "Цуперман таяқшасы" әдісі арқылы сағат тілімен көршісін бағалайды.

(Бәрі дұрыс болса, таяқшаны дәптердің қызыл жиегінің жоғарғы жағына қояды; аздаған қате болса, таяқшаны ортасына қояды; қатесі көп болса, таяқшаны төменге қояды).




Сергіту сәті: "Сен қаншалықты білесің" әдісі.

Мұғалім "оң сандарды" айтқан кезде қолдарын жоғары көтереді; "теріс сандарды" айтқан кезде қолдарын алдына созады; 0(нөл) дегенде бүйірін таянады.




Жұптық жұмыс

1 Асхат ойлаған санына (-15) көбейткенде нәтижесі 225 қа тең болды.Асхаттың ойлаған санын табыңыз

x·(-15)=225

x=225: (-15)

x=-15

2 Айнур -256 санын ойлаған санына бөлгенде нәтижесі 32 шықты.Айнурдың ойлаған санын табыңыз

-256:x=32

X=-256:32

X=-8


Дескриптор:

-есептің шартын оқып, теңдеу құрады;

-рационал сандарға амалдар орындайды;

-теңдеуді шешіп,түбірін табады.


ҚБ:

Мұғалім бағалауы "Менен саған бір жұлдыз" әдісі.

Егер оқушының жұмысының бәрі дұрыс болса, мұғалім бір жұлдыз сыйлайды; тексеріп үлгермесе, жұмыстарын алып кетіп бағалауға болады.

Саралау тәсілі: "Тапсырма"

Деңгейлік тапсырмалар орындау

Белсенді әдісі "Ойлан-Жұптас-Бөліс"

А деңгейі

а) -1,3:0,26 -5

б)-4 :(-1 )=-4

в) - :х=-9 жауабы:1/12

Дескриптор:

-теріс санды оң санға бөлуді орындайды;

-теріс санды теріс санға бөлуді орындайды;

-теңдеудің түбірін табады.


В деңгейі

а) (-2 -2 ): 5,1=-0,9

Дескриптор :

-Жақша ішіндегі азайтуды орындайды;

-Жай бөлшекті жай бөлшекке бөледі;

-Рационал сандарды қосуды орындайды;

-Модульмен берілген теңдеулерді шешеді.


С деңгейі

Теңдеуді шешіңдер:

а)-2,6(6+5х)-1,5=-21

-2,6(6+5х)=-21+1,5

-2,6(6+5х)=-19,5

6+5х=-19,5:(-2,6)

5х=7,5-6

х=1,5:5

х=0,3


б) =-2

с) =1,5

Дескриптор:

-теңдеудің белгісіз компоненттерін өрнектейді;

-теңдеудің түбірін табады;

-Бөлшектің қасиеттері орындалады;

-Модуль қасиеттерін орындайды;

-Рационал сандарды көбейтеді, бөледі.

ҚБ:"Бағдаршам " арқылы бағалау

Жасыл түсті көтерсе, толық түсіндім

Сары түсті көтерсе, жартылай түсіндім

Қызыл түсті көтерсе, әлі де жұмыстануды қажет етеді.

Саралау тәсілі: «Қарқын» /Дарынды балалармен жұмыс/

Саралау. «Қарқын» тәсілі. Белгіленген уақыттан тапсырманы бұрын орындаған оқушылар үшін қосымша бақылау жұмысы жинағынан С тобына

Үшбұрыштың периметрі 24 см.Оның қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 5:4:3 қатынасындай.Үшбұрыштың қабырғаларының әрқайсысының ұзындығын табыңдар.

Шешуі:5х+4х+3х=24 см

12х=24

х=2

Жауабы: 10 см; 8 см; 6 см.


Қалыптастырушы бағалау: «Жарайсың»















Оқушылар есепті берілген түймедақ гүлі арқылы орындайды
















Оқулықпен жұмыс

639 есеп














Сабақтың соңы


Бекіту


3мин












"Ыстық картоп" әдісі арқылы оқушылар бір-біріне ыстық картопты лақтыру арқылы бүгінгі сабақ бойынша сұрақ айтады.Картопты ұтып алған оқушы сұраққа тез жауап беруі шарт.


1.Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін айтып беріңдер?

2. Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесін тұжырымдаңдар?

3. Санды қандай рационал санға бөлуге болмайды?

4.Қандай жағдайда екі рационал санның бөліндісі нөлге тең болады?



Үйге тапсырма: №609. №621(Рационал сандарды бөлу тақырыбын оқу)


Кері байланыс.

1 минут

ББҮ кестесін толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім






Рефлексия

1 минут

Рефлексия. «Табыс ағашы» әдісі

Бөліктерін толтырады.

  1. Бүгінгі сабақты толық түсіндім

  2. Бүгінгі сабақты толық түсінбедім

  3. Бүгінгі сабақты еш түсінбедім


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушылар топта бірлесе отырып жұмыстанады. Яғни бұндай жұмыс нәтижесінде өзара көмек жүзеге асырылады. Олар тақырып бойынша білімдерін толықтырады, өз ойларын айтады, бір-біріне көмектеседі, әрі бәсекелестік орта қалыптасады.

Бұл қабілетті оқушылардың көмегімен жүзеге асырылады. Сабақтың өткізу барысында «Деңгейлік тапсырмалар» жасаймын, қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беремін.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Сабақ бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Яғни топтар бір бірін бағалайды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындағанда оқушыларды жетелеу мақсатында өзім «Ауызша бағалау» жүргіземін. Мақсатым оқушыларды алға қарай жетелеу. Сабақтың басында және соңында ББҮ кестесін толтырып кері байланыс және соңында «Мишень» әдісі бойынша рефлексия аламын.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:

  • Математика оқу кабинетінде тазалық пен қауіпсіздік ережесін сақтау.

  • Психологиялық ахуал орнату.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Дұрыс қойылған және де мақсат бойынша оқушылармен бірлесіп, сабақтың мақсатына жеттік.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Оқушылармен бірлесіп, тапсырмалармен жұмыстандық. Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау ұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері өз жүйесімен сақталды.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Алдыңғы білім бойынша оқушылар біртіндеп сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытуы.

2.Жаңа сабақ барысында берілген әдіс бойынша оқушылардың тақырыпты толық ашуы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Сабақтағы әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар.

2. ҚБ арналған тапсырмалар.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Көбірек логикалық тапсырмалар мен есептерді оқушыларға ұсынып, беру.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!