400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері, қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
"Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері" тақырыбында дайын қмж, ашық сабақ, әдіс-тәсілдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: «Үстірт орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Имашова Зайда

Сынып: 6

Катысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.17 Рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану

Сабақтың мақсаты

- рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін білу;

- рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып есептер шығару;

- ауызша көбейту машықтарын дамыту

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2минут

3минут
















5минут

Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару)

слайд

«Фигураны тап!» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушыларға фигураның әр түрлі қиындылары таратылады, сол арқылы берілген фигураға сәйкес қиындыларды тауып, топтарға бөлінеді (бір фигураны құрастырған оқушылар бір топ болады).


Shape6 Shape5 Shape4 Shape2 Shape1

Shape10 Shape9 Shape8

Shape12


1-топ: Бүтін сан

2-топ: Рационал сан

3-топ: Оң сан


Сабағымды «Бағалаушы фигуралар» әдісімен бағалайтын боламын.

Әр бөлікке бөлінген түрлі картон қиындылары







слайд





дөңгелек – өте жақсы

төртбұрыш – жақсы

үшбұрыш - орташа

Өткен материалды қайталау.

«Кубизм» әдісі арқылы оқушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Оң сандар дегеніміз не?

  2. Теріс сандар дегеніміз не?

  3. Рационал сандар дегеніміз не?

  4. Санның модулін қалай табамыз?

  5. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

  6. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?

Жаңа білімді меңгеруге дайындалу мақсатында барлық топқа бір есеп беремін.

Есепті тиімді тәсілмен шығар:

Оқушылар көбейтуді ретімен орындайды. Алайда тиімді тәсілін табу үшін жаңа тақырыпты білу қажеттілігі туындайды. Осылайша екі сабақтың байланыс көпірін орнатып, жаңа тақырыппен таныстырамын.

Әр түрлі сұрақтар жазылған, түрлі түске боялған кубик пішінді фигура.














слайд

интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

8минут










6минут



























6минут





















1минут














6минут

Білу және түсіну.

Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы bilimland сайтынан бейнежазба көрсетіледі.

Тақтада мысал талқыланады.

Практикалық жұмыс.

1. «Лездеме» әдісі арқылы есептер шығарамыз. Оқушылар қоржыннан берілген есептерді алып лезде шығару керек. Бір топ оқушысы есебін шығарып болса, сол топтың екінші оқушысы қоржыннан келесі есепті алып, шығарып отырады. Осы арқылы қай топ барынша көп есепті шығарғанын анықтаймыз. (бұл оқушыларды шапшаңдыққа, қарсыласты жеңуге талпынуға және жауапкершілікке баулиды)

Дескриптор: оқушы

- рационал сандарды көбейтуді орындайды;

- рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданады;

- таңбаны дұрыс қояды.

Бағалау: «Бағалаушы фигураларды» белсенділік танытқан оқушыларға беремін. Ауызша да басқа оқушыларды бағалап, мадақтап отырамын.


2. Жұптық жұмыс. Жаңа ақпаратты қабылдауы қиын оқушылар мен тапсырманы орындауда қиналмайтын оқушыларды араластырып «Дереккөздер» тәсілі арқылы оқулықтағы анықтаманы қолдана отырып есептер шығарады. «Бірлесе үйрену» әдісі арқылы жұппен есептерді шығарып, бір-біріне білгендерін айтып көмектеседі.

Дескриптор: оқушы

-көбейтудің қасиетін қолданып көбейтуді орындайды;

-өрнекті ықшамдайды;

-таңбаларды дұрыс қояды.

Бағалау: Оқушыларға көршілерін тексертіп, ауызша бағалау. «Бағалаушы фигуралар» арқылы бағалау.

Қарқынға қарай саралаймын.


Сергіту сәті: Өлең жолдарына сәйкес қимыл жасатып, оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сергітемін.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі басқарған.

Кел балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай есеп болса да

Шешпей оны қоймайық!


3. Топтық жұмыс. «Адасқан объектілер» әдісі.

Әрбір топқа қоршаған ортамен байланысты арнайы тапсырмалар беріледі, яғни есеп және әр түрлі жауаптары беріледі. Оқушылар адасқан жауаптарды тауып, есептің берілгенімен біріктіріп, тақтаға ілу керек. (бұл әдіс арқылы оқушылар ойлау дағдыларын қалыптастырады)

1-топ: Қайықтың меншікті жылдамдығы 6км\сағ, ал теплоходтың жылдамдығы одан 5 есе артық. Жаяу адамның жылдамдығы 5 км\сағ, ал мотоциклшінің жылдамдығы одан 6 есе артық. Қайсыларының жылдамдықтары бірдей?

Дескриптор:

- көбейтуді орындайды;

- ауыстырымдылық қасиетін пайдаланады.


2-топ: Велосипедші мен мотоциклші бірдей уақытта А пунктінен бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Велосипедшінің жылдамдығы 14 км\сағ, ал мотоциклшінің жылдамдығы 40 км\сағ. Олар 2 сағ жүргенде бір-бірінен неше км қашықтайды?

Дескриптор:

- қосу мен көбейтуді орындайды;

- қосудың қасиеттерін пайдаланады.


3-топ: Төрт бала 8 балық аулады. Балықтардың массалары: 500г, 1кг, 1кг 500г, 2кг, 2кг 500г, 3кг, 3кг 500г, 4кг. Балалар балықтарды тұтасынан массалары бірдей болатындай етіп бөліп алды. Әрбір бала алатын балықтарының массалары қандай?

Дескриптор:

- қосуды орындайды;

- қосудың қасиеттерін пайдаланады.

Бағалау: «Бағалаушы фигураларды» белсенділік танытқан оқушыларға беремін. Өз-өздерін бағалатып, сенімділік қалыптастыру.


https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/raczional-sandardy-kobejtuding-qasietteri?mid=ef14ca41-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe





Есептер жазылған парақтар

қоржын






Оқулық

А.Е.Әбілқасымова, «Алматы Мектеп», 2018, математика 5-сынып




слайд













Оқулықпен жұмыс




Интербелсенді тақта

















слайд
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
309
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі