Сабақ өткізілетін
күні Бекітемін
«___»___________20__
жыл
Аға өндіріс
шебері
__курс № _
топ ___________
Өндірістік сабақ
жоспары
Мамандығы 1013000 Механикалық өңдеу, машина жасаудағы бақылау
өлшеу
Сабақтың
тақырыбы:
Радарлы денгей бергіш аспабы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Студенттерге Радарлы денгей бергіш аспабын таныстыра
отырып, оны
өндірістік сабақта қолдану.
Дамытушылық:Білім алушылардың ой – өрісін дамыту,
теориялық алған білімдерін практикамен
ұштастыру.
Тәрбиелік:Білім алушылардың мәдениетті сөйлеу
нормаларын қалыптастыру, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру,
сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу және ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
материалдық-техникалық жабдықталуы:
Радарлы денгей бергіш аспабы,
интерактивті тақта, қысқыш (плоскогубцы), бұрағыш (отвертка),
дидактикалық материалдар.
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
1.Білім алушылардың сабаққа
қатысуы мен дайындығын
тексеру
2.Білім алушылардың арнаулы
киімдерін тексеру
ІІ. Кіріспе
нұсқау:
1. Білім алушыларға сабақтың
тақырыбы мен мақсатын хабарлау және
түсіндіру
2. Өткен сабақ бойынша білім
алушылардың білімін тексеру
Алдыңғы сабақта өткен қысым туралы кім не
біледі?
Өткен сабақты
қайталау: Қысым өлшеуіш
аспаптар
Манометр
Біз оппа
қармен жүрсек, омбылап жүре алмай қоямыз. Ал аяғымызға шаңғы байлап
алсақ, сол жаңағы аяғымыз кіріп кеткен қардың бетімен зырқырай
емін-еркін жүйткіп жүре аламыз. Қысқасы, шаңғы таққанда қарға
батпаймыз.
Тәжірибе
жасайық. көрсетілгендей сыртқы пішіні әр түрлі бірақ салмақтары
өзара тең (1 кг) екі гир аламыз. Сонан соң өзара бірдей екі
тақтайша алып, ол тақтайшалардың аяқтары міндетін атқаратын
төрт-төрттен шеге қоямыз. Тақтайшамыз шегеаяқшалары бар үстелшеге
айналады. Содан кейін оларды қорапта тұрған құм үстіне қатар-қатар
тізіп орналастырамыз. Енді осы үстелшелерге жаңағы әр пішінді
гирлерді бір-бірден қоямыз. Сонда бірінші гир қойылған үстелше
құмға бірден тереңірек кіріп кетеді, ал екінші үстелше құмға аз
кіреді, өйткені екінші үстелдегі гир жалпақ
пішінді.
Құмға бір
үстелшені шалқасынан жатқызып, оның үстіне 1 кг гірді қояды.
Шалқасынан жатқан үстелше құмға болар-болмас та батпайды. Енді сол
үстелшені құмға аяғынан тұрғызып қойып, үстіне жаңағы 1 кг гірді
қойса, бұл жолы үстелше аяқтары құмға терең түбіне дейін кіріп
кетеді. Бұл бір күш аймақтары екі түрлі ауданға екі түрлі әсер
етеді деген сөз. Олай болса, белгілі бір ауданға белгілі бір күш
түсті деу сол ауданның әрбір бөлігіне келетін күш шамасын анықтап
бере алмайды.
Қысқасы,
күш әсерінің нәтижесі оның өзінің сандық шамасына ғана байланысты
емес, ол сол күш түсетін аудан мөлшеріне тікелей байланысты. Аудан
бірлігіне қатысты күш ұғымы жалпылама ұғым болып қалғандықтан, жаңа
ұғым – қысымды енгіземіз. Белгілі бір аудан бетіне тіке түсірілген
күштің сол аудан бірлігіне келетін шамасын қысым деп атайды.
Сонымен
Қысымды
формула түрінде жазуға болады. Ол үшін әрбір физикалық шамаларды
жеке әріптермен белгілеу керек. Сонымен, қысымды р әрпімен, күшті Ғ
әрпімен, ауданды S әрпімен белгілесек, онда қысым формула түрінде
былай жазылады:
.
Қысымның
өлшем бірлігіне 1 м2
ауданға 1
Н күш түскенде туатын қысым шамасы алынған. Бұл 1
м2
ауданға 1
Н күш түскенде туатын қысымды паскаль деп атайды. Қысымның осы
атауы француздың әйгілі ғалымы Блез Паскальдің құрметіне қойылған.
Паскаль – қысқаша Па деп жазылады. Сонымен, 1 Па = 1 Н/
м2. Паскальдің гектопаскаль,
килопаскаль дейтін үлкен мәнді түрлері де бар: 1 гПа = 100 Па; 1
кПа = 1000 Па.
Қысымның
паскальдан басқа техникалық өлшем бірлігі де бар. Ол бір шаршы
сантиметрге 1 кг күш түскенде туатын қысым. Техникалық бірліктерді
дұрыс ұғыну үшін техникалық бірліктермен алынған танымал денелердің
түсіретін қысымын мысалға келтірелік. Орта салмақты адамның
тудыратын қысымы 0,5 кг/см2, ал ат 1,4
кг/см2
қысым
түсіреді екен. Кәдімгі инені салмағымен шанша салғанның өзінде де
ол ең үлкен экскаватордан да, алып мұз жарғыш кемеден де мыңдаған
есе көп қысым түсіреді. Себебі ине ұшының ауданы 0,00001
см2, ал оған түсірілген
болар-болмас күш соншалықты көп қысым тудырады. Оған берілген күшті
0,1 кг, 1 кг, 10 г, 100 г деп есептеп, оның бір шаршы сантиметрге
түсіретін қысымын анықтап көрген абзал.
Қабырғаға
газ тарапынан әсер ететін күш оның бетінің ауданына байланысты
қабырға бетінің бірлігіне түсірілетін күшті P = F / S қысым
дейді.
Атмосфералық қысымнан жоғары не төмен қысымды өлшеу үшін
манометрлер (гректің манос – сирек, тығыз емес, метрео - өлшейтін
деген сөзден шыққан) деген приборлар қолданылады.
Манометр
түрлері осы жұмыстың негізгі бөлімінде
қарастырылған.
1.
Манометрлердің түрлері және атқаратын қызметі
Атмосфералық қысымнан жоғары, не төмен қысымды өлшеуге
арналған приборларды манометр деп аталады. Олардың келесі түрлері
болады: түтікшелі манометр, сұйықтықты - пішінді манометрлер, Мак-Лаодтың компресиондық манометрі,
манометрлік шамдар, термобулы манометр, металл
манометрлер.
Түтікшелі манометр – жоғарлатылған және
жоғарғы қысымды өлшеуге арналған кең таралған манометрлердің
бірі.
Ол доға
тәрізді майысқан құбырдан тұрады. Қысым жоғарлаған кезде құбыр
пішінін өзгертіп, сектордың орны ауысады да, ол өз кезегінде
бағыттағыш – стрелканы да ауыстырады. Осылайша, бұл деформациялық
манометр. Деформациялық манометрге мембраналық және сильфондық
манометрлер де жатады. Сильфондық манометр - өте сезімтал және
өлшеудің аса ірі диапазонына ие.
Манометрлердің айырмашылықты және абсолютті болатындығын
айта кеткен дұрыс. Абсолюттік деформациялық манометрлердің принципі
бойынша барометр–анероид жасалған.
Өндірістік сабақта
өткізілген сұрақ жауаб
ойыны:
№
|
Сұрақ
|
Ия
|
Жоқ
|
1
|
1мПа=1кгc/cм2
|
|
|
2
|
Атмосфералық қысымды
монометрмен өлшейді
|
|
|
3
|
100 КПа=1 кгс/cм2
|
|
|
4
|
Қысымның өлшем
бірлігі Psi
|
|
|
5
|
Әр аспаптың өзінің
шкалаларының шегі болады
|
|
|
Білім алушыларға жаңа сабақ
бойынша нұсқау беру:
Радарлы
денгей бергіш аспабы 5400 бұл аспаппен жұмыс істердің алдында
аспаптың толық нұсқауымен яғни арнайы кітабымен таныспай жатып
жұмыс істеуге болмайды.
Радарлы
денгей бергіш аспабы екі тоқ өткізгішті екі екі сыммен жұмыс
істейді. Жұмыс істеу принцпі: антен арқылы қысқа микротолқынды
импульс жібереді, өлшеп жатқан денгейге келіп, антена қайта
қабылдайды.
Өлшеуіш аспаптың ішінде электронный датчик
болады, ол осы сигналды айналдырып денгей дисплейіне шығарады.
Денгейді метрмен, миллиметрмен, кубпен өзіміз программаға
кіргізуімізге байланысты өлшейміз.
Радарлы денгей өлшеуіш аспабы стандартты сигнал
шығарады. Бұл аспапты цифровой сигнал арқылы компьютерменде
коруімізге болады.
Радарлы денгей өлшеуіш аспабы 14 және 42 вольт
тұрақты тоқпен жұмыс істейді.Бұл тоқты быз арнайы блог питаниядан
аламиз.
Автоматтандырудың замандас технологиялары таратылған,
көпдеңгейлі ақпарат жинау жүйелері және басқарушылық әсерді құруды
қолдана отырып:
-
WIN CC,
Trace MODE жүйелік бағдарламасы бар өнеркәсіптік компьютерлердің
басқару және визуализация процессі деңгейінде.
-
басқарушылық әсердің ақпарат жинау және құру
деңгейінде.
Осы
өндірістің ерекшелігі (құрылғының осы үлгісі В-1г классына жатуы)
автоматтандыру бұйымдардың көп бөлігі далада орналасқандықтан
(техникалық бұйымдардың климаттық атқарылуы IP-54-тен кем болмауы
тиіс) сенімді және дәлдігі жоғары құрылғыларды қолдану қажет
етеді.
Қазіргі
заманда автоматтандыруды жүзеге асыру үшін сенімді және дәлдігі
жоғары ТҮАБЖ-ның техникалық құрылғылары бар компаниялар көп. Осы
компаниялар арасында дәлдігі өте жоғары және аса сенімді
құрылғылары бар неміс Siemens, Krohne, WIKA, американдық
Fisher-Rosemount кездеседі.
Сонымен
қатар сенімділігі жеткілікті және арзан құрылғысы бар ресей
компаниялары да шеттен қалған жоқ. Олардың арасында Метран,
Смоленсканалитприбор, Теплоприбор, Саратовнефтегаз және т.
б.
Өлшеу құралдарының
жіктелуі(ӨҚЖ)
Мұнай өңдеуші және химиялық өндірістерде
көбінесе жиі өлшенетін шамаларға температура, қысым, деңгей және
шығын жатады. Оларға барлық өлшеу түрлерінің 80%-ы жүргізіледі.
Қалған бөліктерді электрлік, оптикалық және т.б. өлшеулер
құрайды.
Өлшеулер кезінде ерекшеліктері бойынша
жіктелетін, түрлі өлшеу аспаптары қолданылады. Олардың ортақ
қасиеттеріне, келесі шамаларды өлшеуге арналғандығы
жатады:механикалық, электрлік, магнитті, жылулық және т.б.
физикалық шамаларды.
Өлшенетін шаманың түрі бойынша жіктелуі,
аспаптың қандай физикалық шаманы өлшейтінін көрсетеді(қысымды Р,
температураны Т, шығынды F, деңгейді L, заттың мөлшерін Q және т.б.
).
Өлшенетін шаманың түрлену ерекшелігінен басқа,
өлшеу аспаптарын келесі аспаптарға бөледі:
-
Бағалау;
-
Салыстыру.
Өлшеу сипаттамасы бойынша: стационарлы(тұрақты)
және ауыспалы.
Өлшенетін шаманы есептеу тәсілі бойынша:
көрсетуші, қосушы және тіркеуші.
Деңгейді
өлшеп
бақылайтын сезгіш элементтерін
таңдау
Газ конденсат пен газдың ауыр бөлігінің деңгейін
өлшеу үшін Метран фирмасының Rosemount 5400 радарлы деңгей
өлшегішін ұсынамыз. (поз. 36,37а,б).
Сипаттамасы:
Сурет ПГ Метран (Россия) фирмасының деңгей өлшейтін сезгіш
элементі