1-Наурыз Алғыс айту
күніне орай "Рахмет пен алғыс айту"
тренингі
Тақырыбы: Рахмет пен
алғыс айту
Құрметті ата-аналар бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 1-наурыз
алғыс айту мерекесімен құттықтаймыз.Бүгінгі «Балбөбек» тобының
ата-аналары арасында өткізіліп жатқан «Рахмет пен алғыс айту»
тренингіне қош келдіңіздер.
Қазақстан халқы 2016 жылы
тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы
Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні
деп жарияланды.Міне біз сол мейрамды екінші жыл тойлап
отырмыз.
Мақсаты: Ата-анамен балабақша
арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Бала тәрбиесі ортақ тақырып
екенін ортаға салу.Бүгінгі тақырып
рахмет пен алғыс алуу
туралы, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық
қарым-қатынасы,
әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке баланы тәрбиелеу жайлы
пікірлерін тыңдау.
Кіріспе сөз. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның
міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек.
Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл
бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер
бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз,
жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін
айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. алғыс сөздері -
адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы,
алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген,
ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де
алғыс айтуға асығайын...Айтпақшы, РАХМЕТ!!!
Барысы:
1. «Шаттық шеңбер» қатысушылардың бәрін шеңберге
шақырамыз.
Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді
тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап
қалайық
2.. «Рахмет» сөзін қосып тілек
айту.тренингі
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек.
«Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін
айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр
адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен…
құлақпен… тіземен… иекпен…
арқамен.
3,Ақылды қалпақтар сыр
шертеді.
1Балаңыздың жақсы жақтарын
атаңыз.Ризашылық дегеніміз не?
2Балаңызды үнемі еркелетесіз
бе?Үлкеннің кішіге деген
сүйіспеншілігі.
3Балаңызға ертегі айтып бересіз
бе?Алғыс дегенді қалай түсінесіз.
4Осы мереке керек деп
ойлайсызба?
5Балабақшаға көңіліңіз тола
ма?
6Балаңызды ренжітетін
қылықтары?
4 «Апликация»жаттығуы:
Бұл бөлім бойынша балаларымызды теңеу.Балаға айтылатын
тілегіңіз.Осы күннің шуағына өз тілегіңізді жазып жапсырыңыз.
.
4. Миға шабуыл:
Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар
едіңіз?
Ата-аналар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып
талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі
жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның
парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта
білу.
Мысалы:
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін... т.б.
5.Сергіту сәті. «Сымсыз телефон»
Алғыс-адамның адамға жасаған
жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай ақ оның ойы
мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға
беруі.
Адам өз ісіне қанағаттанып,
сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.Өзіне жасалған
жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс
дейміз.
Қортындылау:
Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен
ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам
алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп
тұрады.. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білейік және Табиғат –Анаға
мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа
бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін
алғыс айтуды ұмытпайық.Рахмет қош сау
болыңыздар..