400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Рәміздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Рәміздер туралы ашық ұйымдастырылған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып,

бір – біріне деген сыйластыққа және достық қарым – қатынасқа

баулу. Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер

беру және құрметтеуге тәрбиелеу. Балалардың ой – өрісін дамыту.

Көрнекіліктер: Ту, елтаңба,

Жүргізуші: Қазақстан - туған елім, ұлы өлкем!

Құшағыңда қаулап өскен гүлі ертең.

Отаным деп мен өзіңді сүйемін,

Абройыңды асқақтатам мен ертең.

Елім менің, тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір деймін.

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,

Көк байрағың төбемнен көрінген күн!

-Балалар, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конститутциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

( слайдтан көрсету).

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты бідіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlazg» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнелеген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгідір түсті тік бұрышты. Тудың ортасында шұғылалы күнні суреті, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Күн, арай, қыран және ою – өрнек алтын түсті.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Балалар, сендер Мемлекеттік ту жайлы тақпақтар білесіңдер ме?

Бақдәулет: Көк аспанда көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен – тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті - алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі, мақтаны.

Ерасыл: Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

Гүлім: Есте белгі, ұрандар,

Сары алтындай сақталған.

Күн шұғыла қыранда,

Алтын түске қапталған.

Жүргізуші: Балалар, сендер мемлекетіміздің туы туралы тақпақты жақсы біледі екенсіңдер.

Жүргізуші: Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот – Аман Уәлиханов.

Дана: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада – аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында

Талай – талай тер тамған,

Билігім – өз қолымда,

Еркіндігім – Елтаңбам!

Хадиша: Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай белгі емес ұғып ал!

Көгілдір түс аясы,

Бейбіт дала елесі.

Мансұр: Шаңырақ – жұрт панасы,

Уықтар – күннің сәулесі.

Сүйсіндірер өзіңді,

Түсіне біл таңбаны.

Аңызда ұшқыр төзімді

Пырақ халық арманы.

Аида: Жоғарыға түсер көз,

Бес бармақты жұлдызға,

«Қазақстан» деген сөз,

Таныс барлық ұл – қызға.

Мағыналы, сымбатты,

Бар осындай белгіміз,

Маған, саған қымбатты

Елтаңбасы ол – еліміздің!

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Сендер елтаңба туралы да тақпақ біледі екенсіңдер.

Жүргізуші: Әнұран – мемлектеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік – саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің әнұраны екі рет -1992 және 2006 жылдары бекітілді. Әнұранның авторлары – Н.Нәжмединов пен Н.Назарбаев.

Нұрасыл: Әнұраным – жанұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым.

Мың қайталап айтам мұны.

Әмина: Елімнің атын айтам – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толы мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан!

Кәмшат: Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биіктеткен.

Өзге де ұлт ұлысқа қоныс болып,

Оларға да жақсылықты үйіп – төккен.

Мейрамбек: Рәмізім – елдігімнің белгісі

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздері жатқа білген жөн кісі.

Жүргізуші: Балалар, бүгін біздер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен кеңірек таныстық. Қазақстан Рсепубликасы біздің сүйікті де ортақ Отанымыз. Бас ұранымыз, көгілдір туымыз - біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.

Жүргізуші: Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраны!

Барлығы Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі