Рәміздер жұмысы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рәміздер жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Рәміздер жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін»

Мектеп директоры


ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің насихатталуы туралы жылдық іс-шара жоспары


2024-2025 оқу жылы

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

ҚР Мемлекеттік Рәміздердің мектеп залында, арнайы кабинеттерде стандартқа сай орналасуын қамтамасыз ету;

қыркүйек

Мектеп әкімшілігі

2

Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш

Сынып сағаттары

қыркүйек

Тәлімгер

Сынып жетекшілер

3

Рәміздерім-елдігімнің белгісі

Интеллектуалдық сайыс

қазан

Мектеп парламенті

Сынып жетекшілер

4

Байтақ елімнің рәміздері

Патриоттық кеш

қараша

Мектеп парламенті

Сынып жетекшілер

5

Рәміздер сағаты «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы»

желтоқсан

Сынып жетекшілер

6

«Рәміздер – тәуелсіздіктің асқақ айғағы!» салтанатты кеш

қаңтар

Тәлімгер

7

«4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күні» салтанатты жиын өткізу

ақпан

Тәлімгер

Сынып жетекшілер


8

«Мен – өз елімнің патриотымын» сыныптан тыс шара

наурыз

Сынып жетекшілер



9

Бейнелеп сан ғасырды, Елтаңбасы елімнің!

Мәнерлеп оқу сайысы


сәуір

Өзін – өзі басқару ұйымы



10

Аспан түсті туым бар, Көк теңіздей шалқыған!

Сурет байқауы




мамыр

Бастауыш сынып мұғалімдері

11

Елтаңба,Туын,Әнұран- Тәуелсіздікке тәнтбелгі! Рәміздер күніне орай салтанатты шар




маусым

Өзін – өзі басқару ұйымы




Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою» жөніндегі комиссияның

ХАТТАМАСЫ

Сарыбастау орта мектебі МДШО КММ 12 қыркүйек 2024жыл

Күн тәртібінде:

Тыңдалды: "Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі" КММ

директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 1қазандағы №862 қаулысын қызметкерлерге таныстырды.

Шығып сөйлеушілер:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөніндегі комиссияның төрағасы Э.Ахметова:

Мектебімізде орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын,

Мемлекетттік елтаңбасын ауыстыру және жою туралы мәселені қарап, қажет болған жағдайда ережеге сәйкес жою керектігін айтып өтті.


Мектепте тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелері мектептегі Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекетттік елтаңбасын ауыстыру және жою туралы мәселені қарап

ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Мектептегі Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын ауыстыру және жою комиссия мүшелері арқылы бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылсын.

  2. Мектептегі Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын ауыстыру және оларды қайта пайдаланбау мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу арқылы жүргізілсін.

Комиссия төрағасы:

Мүшелері:





АКТ

12 қыркүйек 2024жыл

Біздер төмендегі қол қоюшылар: мектеп директорының 02.09.2024ж. бұйрығымен стандартқа сәйкес келмейтін қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ауыстыру үшін төмендегі комиссия мүшелері:

мектеп директоры, комиссия төрағасы.

  1. мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мүшесі

  2. ектеп директорының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары, мүшесі

  3. әлеуметтік педагог , мүшесі

  4. кәсіподақ комитетінің төрағасы, мүшесі.



Осы актіні жасадық. Себебі: мектептегі стандартқа сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы №862 қаулысын басшылыққа ала отырып, мектептегі стандартқа сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын өртеу арқылы жойылғандығын растап қол қоямыз.



















Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш

Анықтама


Мектептегі білім алушылар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерін құрметтеу мен қастерлеу жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша жан-жақты түсіндірме үгіт-насихат жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді.

"Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш",

"Рәміздерім-елдігімнің нышаны" тақырыптарында сынып сағаттары, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты:

- Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;

- оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;

- отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу;

- оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек-бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір қазақстандықтың қасиетті міндеті. Еліміздің тарихына жүгінсек ата-бабаларымыз туын марқая, мақтана тік ұстап, ұрыс барысында жанын қиса да туды төмен түсірмеген. Міне, осындай мемлекеттік нышанға деген құрметті үлгі ете отырып, жастарға насихаттау, отансүйгіштік сезімін жоғарылату баршамыздың Oтан алдындағы борышымыз.
















Рәміздерім-елдігімнің белгісі

Анықтама


"Рәміздерім-елдігімнің белгісі" атты интеллектуалды сайыс өткізді.

Мақсаты: Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге, тәрбилеу.

Сайыс 5 кезеңді қамтыды

1. "Сіз білесіз бе?"

2. "Мақал-мәтелдер айтып көрейік"

3. "Сиқырлы әріптер"

4. "Кім зерек?"

5. "Білімдінің көзі ашық"

Сайыс барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, тапсырмалар орындады.

Балаларға мемлекеттік рәміз тарихы, қадір қасиеті, авторлары туралы бейнебаян көрсетіліп, топтар бес кезең бойынша сайысқа түсті. "Кім тапқыр" кезеңінде оқушылардың ел рәміздері туралы білімдері анықталса, "Ойлы болсаң, озып көр", "Кім жылдам" кезеңдерінде мақал-мәтел көп білетін ойлы оқушылар мен Қазақстанның картасын тез құрастырған жылдам топ анықталды. "Менің қиялымдағы рәміз" кезеңінде әр топ суретшілері, өз қиялынан туған суретті түсіндірді. Сайыс соңында лагерь тынығушылары "Көк тудың желбірегені" әнін орындады. Сайыс қорытындысы бойынша "Болашақ" тобы жеңімпаз атанды.























Байтақ елімнің –рәміздері

Анықтама


«Байтақ елімнің -рәміздері»атты патриоттық кеш өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, «Рәміздерім мақтанышым» атты фото-шежіре слайд көрсетілді.

Мәдени шара барысында тәуелсіз елдің ұлттық нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттік рәміздердің тарихы жайлы мағлұматтар беріліп, қатысушыларға Ата заң, Ту, Әнұран, Гербтің символикалық айырым белгілері туралы түрлі сауалдар қойылып, қатысушылар белсенділікпен жауап берді. Кітапхананың тұрақты оқырмандары О.Асқардың «Рәміздерім», «Көк туым», Б.Бәмішұлының «Елтаңба», «Әнұран», Т.Молдағалиевтың «Қазақстан –туған елім менің»атты өлеңдерін мәнерлеп оқылып, оқырман домбырамен «Казақ поппуриін» көрермендерге паш етті.

Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған «Рәміздер-елдігімнің белгісі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет әрбір азамат үшін оны қалай құрметтеп, қалай пайдалануды білуден бастау алуы қажет. Ұлттық нышандарымызға әрдайым құрмет пен ұқыптылық нормалары сақталуы қажет. Әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарда кей кезде жеңіске жеткен спортшы қуа­ныш үстінде қолындағы мемлекеттік туымызды тастай салып, жанкүйерлерімен шүйіркелесіп жатқаны қынжылтады. Сырт көз сынай қарап отыр­ғанда қолыңдағы туға жай бір зат ретінде қарауға болмайды. Тәрбие табалдырықтан басталатыны хақ. 





















Мемлекеттік рәміздер туралы

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.









Рәміздер сағаты «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы»



«Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы» тақырыбында танымдық сағат өтілді

Мақсаты – Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азамат үшін басты парыз екенін түсіндіру, өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген сезімін қалыптастыру.

. Рәміздердің шығу тарихына тоқтала кетіп, видео ролик көрсетті. Оқушылар арнайы қойылған сұрақтарға жауап алды. Шығу тарихына үңілсек, ертеден қалыптасқан белгі дәстүрлері – малға ен салу, таңба басу. Таңба белгісі көбінесе рулық белгіні көрсетеді. Ертеде әрбір рудың өз таңбасы болған. Елтаңба отбасының, әулеттің, рудың меншігіндегі мал-мүліктерді қадірлеп қорғай білуге жасалынған салттық көріністер еді. Сонымен қатар, іс-шара  тәлімгерлердің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Балалар арнайы дайындап келген өлең жолдарын оқып берді. «Отан», «Біз бақытты балдырған», «Туған ел», «Астана» тақырыбында әндер орындалды. Сондай-ақ балалар «Сақина» ойынын ойнады. Ойын шарты бойынша сақинасымен ұсталып қалған балалар ел рәміздері туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.

Кеш баырсында ой қозғау сұрақтары қойылды.

1. Рәміз дегенді қалай түсінесіздер? Оған нені жатқызар едіңіздер?

2. Қазақстан рәміздері қашан қабылданды?

3. Геральдика дегеніміз не?

4. Мемлекетт Тудың авторы кім?

5. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кімдер?

6. Мемлекеттік Әнұранның авторы кімдер?

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Кеш қызықты да, тартымды өтті.




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.01.2025
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі