Материалдар / Растрлық кескіндерді құру және өңдеу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Растрлық кескіндерді құру және өңдеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Растрлық кескіндерді құру және өңдеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2018
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзак мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы: Жобалық жұмыс.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.2.2 Растрлық кескіндерді құру және өңдеу.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:Растрлық кескіндерді құрады және өңдейді.

Оқушылардың басым бөлігі: растрлық кескіндерге сандық, мәтіндік ақпараттарды енгізеді.

Кейбір оқушылар:графикалық редакторда жұмыс істеу барысында масштабтау, тарнсформациялау әрекеттерін қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері:

  • Растрлық кескіндерді өңдейді;

  • Растрлық кескінге сандық, мәтіндік ақпараттарды енгізуді меңгереді;

  • Растрлық кескінде суреттің көрнекілігі, түстердің үйлесімділігі және өңдеу мазмұнын аша біледі.

Тілдікмақсат:

Термин сөздіктерді дұрыс айтып, қолданады:

Графика, растр, Paint, масштаб, трансформация

Құндылықтарға баулу

Растрлық кескіндерді құра отырып топта, жұпта ынтымақтаса жұмыс жасайды, оқушылардың ойлау қабілеті артады.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу, ағылшын тілі.


Алдыңғы білім

Графикалық редактор туралы жалпы мағлұмат қалыптасқан

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

І. Кіріспе:

(5 минут)

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгелдеу.

3. Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында бір-біріне жақсы тілектер айтады



Сабақтың ортасы

ІІ. Негізгі бөлім:

(35 минут)





Практикалық тапсырмалар


«Өрмекші» әдісі арқылы алдыңғы сабақты қайталау:

- Ақпарат дегеніміз не?

- Ақпараттың қандай түрлері бар?

- Ақпараттың өлшем бірліктері қандай?

Жауап берген оқушыларды смайликтер арқылы бағалаймын.


Топқа біріктіру: «Мозайка» әдісі арқылы 2 топқа біріктіремін. Суреттерді біріктіре отырып құрастырылған суреттің мазмұнын ашады және растрлық графикаға түсінік береді.

«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы жаңа тақырыпты топта талқылап, түсіндіреді.

Топ басшылар сайлап «Бағалау парақшасын» таратып беремін.


1 тапсырма. Топтарға жұмбақ жасыра отырып шешімін тауып Paint графикалық редакторында суретін салу.

Бір көзіңмен «кідір» дейді

Бір көзім «жүгір» дейді

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді(Бағдаршам)


Дескриптор:

  • Г рафикалық редакторда құралдарды қызметіне қарай қолдана біледі.

  • Құралдарды өңдей алады.


2 тапсырма. Графикалық редакторды қолдана отырып, «Менің ауылым» тақырыбында сурет салыңдар. Оқушылар өз ауылдарын немесе өз ойларындағы ауылды сурет бойынша жеткізе біледі.Суретке тақырып қояды.

Бағалау критерийі:

  • Табиғат көрінісінің бар болуы;

  • Үйлердің орналасуы реттілігі;

  • Егістік алқаптарының көрсетілуі;

  • Жайылымда жүрген жануарлар;

  • Түстердің үйлесімділігі, анықтығы


Ресурстар

Құрастырма қағаздар, АКТ,оқулық, жұмыс дәптері,слайд,стикер,флипчарт, бағалау парағы,стикер,күнделік, маркер


Сабақтың соңы

ІІІ. Қорытынды:

(5 минут)

Рефлексия: Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс аламын:«Даналық ағашына» стикерлер арқылы кері байланыс жасайды.

Қызыл түс - нені білдім, нені үйрендім

Сары түс - нені толық түсінбедім

Жасыл түс - немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылардың білімін бағалау.

Топ басшысы бағалау парақшасындағы балдардарын қорытындылап бағалаймын.


Үйге тапсырма:

Растрлық кескіндерді құру және өңдеу

Оқушылар күнделікке жазып алады


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

  1. «Өрмекші» әдісі оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, барлығын түгел сабаққа қатыстыру мақсатында қолданамын.

  2. «Мозайка» әдісін оқушыларды ынтымақтаса отырып топқа біріктіру және сабақтың мазмұнын ашу үшін кірістіремін.

  3. «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы топта бірлесе жұмыс жасап жаңа сабаққа оқушылардың түсінік қалыптастырамын.

  4. Оқушыларға тапсырманы олардың қажеттілік деңгейлерін ескере отырып жеңілінен күрделісіне қарай ұсындым.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Ынталандыру, смайликтер арқылы және тапсырмаларды орындау барысында тиімді кері байланыс жасай отырып бағалаймын.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кабинет қауіпсіздік ережесін сақтау


Көзге арналған жаттығулар,

Арақашықтықты сақтау

Дұрыс отыра білу
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!