Реактивті қозғалыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Реактивті қозғалыс

Материал туралы қысқаша түсінік
а ) оқушыларға реактивті қозғалысытң басқа салаларға қолданылуын түсіндіру, оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, жан-жақты ізденуге мүмкіндік жасау; б ) жобалап оқыту технологиясы бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, өз жетістіктерін сезініп, шығармашылықпен жұмыс жасап үйрету; в ) еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің өз сабағын талдауы

Күні:

Пән: Физика

Сынып: 9 «Ә»

Барлығы: 26

Қатысқаны: 26

Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс

Сабақтың мақсаты:

а ) оқушыларға реактивті қозғалысытң басқа салаларға қолданылуын түсіндіру, оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, жан-жақты ізденуге мүмкіндік жасау;

б ) жобалап оқыту технологиясы бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, өз жетістіктерін сезініп, шығармашылықпен жұмыс жасап үйрету;

в ) еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, плакат, физикалық тәжірбиелер, ауа шары, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Ой қозғау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Импульстің сақталу заңының практика жүзінде қолданылатын қызықты әрі маңызды орны- реактивті қозғалыс.

Реактивті қозғалыс деп- дененің бір бөлігі қандай бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі пайда болатын қозғалыс немесе тұйық жүйеде денелер бір-бірінен тебілген кезде пайда болатын

қозғалысты айтамыз. Реактивті қозғалысты біз күнделіктк тұрмыс-тіршілігімізде кездестіреміз, бірақ оны көбіміз байқай бермейміз. Мысалы, бау-бақша суаратын шлангінің бойымен су жібергенде, оның өздігінен жазыла бастағанын байқаймыз. Оны жазылуға мәжбүр ететін су ағынынң реактивті күші.

Қарапайым тәжірибе:

Балалардың ойын шарын үрлеп, қайта жіберейік. Шардан ауа шыға бастағанда оның басқа жаққа қарай ұшқанын көруге болады. Осы- реактивті қозғалыс.

Су шапшыған кезде туындаған реактивті қозғалысты мына тәжірибеден көреміз:

Ұшы Г тәрізді резеңке түтікшемен жплғастырылған шыны воронкаға су құялық. Су түтікшеден аға бастағанда түтікше қозғалысқа келеді, су ағып шыққан бағытқа қарама-қарсы жаққа ығысқанын байқаймыз.

Техникада реактивті қозғалыстың принципіне зымыранның ұшуы негізделген. Ал зымыранды жер маңындағы кеңістікті және Күн жүйесін зерттеу үшін пайдаланылатынын білеміз. Бірақ көпшілігіміз оның құрылысын және не себепті қозғалғанын біле бермейміз. Зымыран-күрделі құрылғы. Оның мынадай негізгі бөліктерін атап өтуге болады: зымыранның қауызы, отын багы, зымыранға орнатылған реактивті двигательдер, пайдалы жүктерді сақтайтын контейнер және басқару аппаратурасы.

Пайдалынылатын отынның агрегаттық күйіне байланысты зымыран двигательдері сұйық отынды зымырандар және қатты отынды зымыран двигательдері болып бөлінеді.

Отын бакка толтырылады. Отын жанып азайған сайын бак қажетсіз жүкке айналып қалады. Ары қарай зымыранға үдеу беру үшін отын жұмсау керек. Осыны ескеріп зымырандарды бірнеше сатыдан тұратын етіп жасайды.

Зымыранды аспанға алып шығуға екпін беретін, стартқа арналған ең ауыр бөлігін бірінші саты деп атайды.

Бірінші ауыр сатысы отынның барлық қоры түгел жанғанда бөлініп қалады. Ары қарай екпін беруді бірінші сатыдан жеңілдеу екінші саты жалғастырады. Бірінші сатының жылдамдығына жылдамдық қосып, содан соң бөлініп қалады. Үшінші саты жылдамдықты қажетті мәнге дейін арттырып, орбитаға пайдалы жүкті жеткізеді.

Зымыранның бас бөлігінде тұрған серік немесе қандай да бір ғарыштық аппарат аққыш жамылғымен қоршалған, аққыш форма, ұшу кезінде зымыранның ауа кедергісін азайтуға мүмкіндік тудырады. Реактивті газ ағыны үлкен жылдамдықпен зымыраннан атқылағанда зымыран қарама-қарсы бағытқа бағытталады. Осы жерде Ньютонның ІІІ заңы бойынша жұмыс денесіне зымыран әсер ететін Ғ күші жұмыс денесі тарапынан зымыран қабықшасына әсер ететін F1 күшіне шамасы жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы.

F1 = F

F1- реактивті күш деп аталады, бұл зымыранға үлкен жылдамдық береді. Осы өрнектен денеге берілетін импульс күштің осы күш әсер ететін уақытқа көбейтіндісіне тең екені шығады. Сондықтан бірдей уақыт аралығында денеге зор әсер ететін бірдей күштер бірдей импульс береді. Осы жағдайда зымыран алған импульс mзым vзым бөлініп шыққан газдар импульсіне тең болуы қажет.

mгаз Vгаз

mзымvзым=mгазVгаз

vзым = mгазvгаз - зымыран жылдамдығы

mзым

Реактивті қозғалысытың нәтижесінде Жердің жасанды серіктерін үлкен жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туды. Сонымен, зымыранның көмегімен біздің елде 1000-нан аса ЖЖС-мен космос корабльдері космос кеңістігіне шығарылды. Ай бетіне жерден басқарылатын өздігінен жүре алатын аппараттар жеткізілді. Алға жылжытатын жанармай болса, зымыран ауасы бар жерде, жоқ жерде де ұша алады. Сондықтан қазіргі кездще аусыз кеңістіктен космосқа ұшудың бірден-бір құралы алып зымырандар болып отыр.

Реактивті қозғалыс- теңізде жүзетін жәндіктер әлемінде, өсімідктер дүниесінде кеңінен қолданылады. “Реактивті қозғалыс өсімдіктерге де тән. Теңіз бен мұхиттарда тіршілік ететін жәндіктер жиналған суды шашып жіберу арқылы 60-70 км/сағ қозғалады. Мысалы: кальмарлар, сегізаяқтар, карактицалар қармалауыштары арқылы қозғалады. Ішек-қуыстылар типіне жататын суда еркін жүзіп тіршілік ететін медузалар қолшатырына жиналған суды шашу арқылы дөңес жағымен жүзіп қозғалады. Өсімдіктер әлемінен қиярды айтуға болады. Әбден піскен қиярға тиіп кетсеңіз, ол сабағынан үзіліп түседі. Сабағынан үзілген жерден тұқыммен бірге сұйықтық шашырап, ол бір жаққа, қиярдың өзі бір жаққа ұшып кетеді.”

Сен білесің бе?

1.Космодром (ғарыш айлағы) дегеніміз не?

(Жылдам қозғалып барып ұшатын орын.)

2.Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ ғарышкері.

(Т. Мұсабаев, 1994 ж, 126 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді.)

3.Ғарышқа бес рет ұшқан ғарышкер.

(В.А. Жәнібекв.)

4. Ғарышқа ұшқан ең жас ғарышкер.

(Г. Титов 25 жас.)

5. 1988 ж. 15 қарашада Байқоңыр космодромынан автоматты режимде жұмыс істейтін экипажсыз, бірнеше рет пайдалануға беріліп, “Боран” ғарыш кемесі ұшырылды.

Боран” кемесінің өлемдері қандай?

(Жалпы ұзындығы 36,4 м, тұрған кездегі биіктігі 16,5 м, қанатының қармау құлашы 24 м. Кеменің массасы 105 m.)

IV. Қорытындылау: 1-2 жолдық тұжырымдама айтқызып, оқушыларды сөйлету.

V. Бағалау: сабаққа қатынасқан оқушыларды «Мақтау қағазы» мен «Алғыс хат» беру арқылы бағау.

VI. Үйге тапсырма: §21 оқу, «Ғарышқа саяхат» атты қиялдан әңгіме жазу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1072
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі