400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Рецензия жазу үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік жұмысқа, оның ішінде авторлық еңбектерге, оқу құралдарына рецензия жазу көп жағдайда қиын және оның мәтінін талапқа сай жазу талабы да бар. Сіздерге өз уақыттарыңызды үнемдеп, рецензия жазуға бас қатырмай алдарыңызға қажетті деген үлгіні ұсынып отырмыз. Қажеттеріңізге жаратыңыздар!!! шығармашылық жұмыстарыңыз көп болсын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

РЕЦЕНЗИЯ


«Қарым-қатынастың формалары мен түрлері» атты бастауыш сыныпты оқытуда оқушылардың өзара қарым-қатынасын жетілдіруге арналған мұғалімдер үшін көмекші құралына.


Авторы ______________________ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі __________________________________.

«Қарым-қатынастың формалары мен түрлері» атты бастауыш сынып оқушыларының өзара қарым-қатынасын жетілдіруге арналған мұғалімдер үшін дайындалған көмекші құралы қазіргі білім беру саласындағы басты тақырыптарға арналады. Жұмыс тақырыбы мен мазмұны өзекті, атап айтқанда бастауыш сыныпта оқушылардың өзара қарым-қатынас мәселелерінің бірі виртуальды әлемге тым жақын ұрпақтың қарым-қатынас жасау дағдысын жетілдіру мәселесіне арналған.

Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі модификациялық және комбинаторлық болып келеді, нақтырақ айтқанда көмекші құрал педагогикалық қарым-қатынасты жаңғыртуда арнайы тәсілдерін жүйелейді және оқушылардың өзара қарым-қатынасының үйлесімділік интеграциясын көрсете алған.

Жаңалық дәрежесі білім беру жүйесіне өзіндік үлес қоса алуы, бастауыш сыныпты оқытуда оқушылардың өзара қарым-қатынасын жетілдіру үшін мұғалімдерге арнап амал-тәсілдерді ұсына білуі. Сондай-ақ, көптеген авторлардың еңбектеріне сүйене отырып теориялық жағынан ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасаған.

Аталмыш көмекші құралының мазмұны білім беру ұйымының жалпы стратегиясына бағдарланған, оның ішінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын жетілдіруде ұстаздың тұлғалық біліктілігі ерекше ескеріледі.

Автор жұмысты жазу барысында ғылыми жұмысты жазу талабына сай ережелерді сақтаған, ой-тұжырымдарының негіздемесі бар және кілтті сөздерді анық сипаттай білген.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы жағынан мұғалімнің қарым-қатынастағы стилін анықтаған, оқушылармен өзара қарым қатынасындағы ұстанған стилдердің тиімді жақтарын зерттеп ұсынған. Ал оқушылардың әлеуметтік адаптация мәселесін шешу үшін арнайы педагогикалық және психологиялық әдістерді ұсынып қолдану тәсілдерін практикалық қолданыс аясы негізінде сипаттайды.

Жалпы жұмыстың рәсімделуі талапқа сәйкес, мазмұны жағынан тақырыпты толықтай аша білген. Жұмысты жалпы білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынуға болады.


Пікір беруші:

(жұмыс орны, қызметі,

ғылыми атағы,

ғылыми дәрежесі) _________________________________Аты-жөні


12.01.2022ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
81 ұстаз жүктеп алған
28.04.2024
7095
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі