Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Реферат "Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті туралы" қазақ тілі пәні
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Есік гуманитарлық экономикалық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жұрт алдында сөйлеу дайындық жолдары»
Жетекші : Нусипова Зиба Айткуловна
Топ:201 Юлдашева Малика
2020-2021 оқу жылы
Жүрт алдында сөйлеуге адам бірте-бірте дайындалады. Сондықтан сөйлеуге үйренудің жолдары әр адамға қажет ыәрсе, Ол үшін, біріншіден, адам сөйлеуге өзін-өзі психологиялық жағынан дайъшдауы тиіс. Өз бойындағы қорқынышты, сенімсіздікті жоюдың бірден-бір жолы — сол сездің айтылу қажетттігіне деген сенім, не айтатыныңды жэне не үшін айтатыныңды анық түсіну, оз ойыңды қалай жеткізетініңді жоспарлап алу.
Екіншіден, жұрт алдында сөйлейтіи сөздің мағыналы, жүйелі шығуы үшін, эрине, күнделікті оқып, қана қоймай жинайтын ақпараттардың мәні зор. Атап айтқанда, түрлі ғылыми көпшілік эдебиеттер, баспасөз материалдары, көркем эдебиеттер саған үлкен көмек береді. Оларды жай оқып қана коймай, олардан кажетіңді іріктеп жазып алып отыруға, дэйек сөздерді арнайы қойын кітапшаңа түсіріп алуға дағдылансаң, ол қашан да саған сүйеніш болады. Оның үстіне, қаламмен қағазға жазғаның ойыңа жазғаның емес не?! Өзіңнің жеке папкіңде газет-журнал қиындьшарын, өзіңе ерекше эсер еткен сүрақтарды, үлкен оқьмыстылардан естіген сөздеріңді жинақтаудың да көмегі үлкен.
Үшіншіден, сөйлеу техникасыиа тоселуің қажет. Оңашада айнаға қарап, өзіңнің бет-құбылысыңды байқап, дене, кол қимылдарыңды басқаруға үйренуге тырыс. Даусыңды айтатын сөзіңе қарай құбылту — тьщдаушыпы еліктіруді бір тәсілі. Сөзің қанша мэнді болса да, оны соған лайық эуенмен, эуезбен айта білмессң, еңбегің еш болатынын жадыңда үста!
Малика ......, [27.12.20 23:22]
Шешендіктің анасы – демократия.
Шешенге қойылатын талаптар: табиғи дарындылық, білім, тіл. Шешен сөзін нəрлендіретін үш арна бар: лингвистикалық (тілі), интонациялық (сөйлеу мəнері), кинетикалық (өзін ұстау əдебі, ым- ишаралары)
Жұрт алдында сөйлеуге негіз болатын 2 себеп бар: бірі – өз көзқарасын, сезімін білдіруге деген қажеттілік, екіншісі – өз ойын өзгелермен бөлісуге деген тілек. Ол үшін көп ізденуі, сөйленер сөздің сапасын арттыратын шарттарды, қағидаларды терең білуі тиіс.
Көпшілік алдындағы сөзді жоспарлау қарым-қатынастың əр түрлі жағдайына (мекемеде, көшеде, сахнада), тыңдарманмен қатынастың сипатына (ресми, бейресми), тыңдармандардың əлеуметтік орнына интеллигенция, жұмысшы, студент, оқушы) немесе олардың жасы, білімі т.б. байланысты түрліше болады.
Сөйлеу тілінде тек сөз мазмұнының тереңдігімен ғана емес, интонация, сөз екпіні, ым, дене қимылдары да үлкен қызмет атқарады. Сондықтан тыңдаушыларды жалықтырып алмау үшін дауыс сан құбылып, ал шешен қимылы сөзін толықтыратындай дәрежеде жарасымды болуы керек.
Өткірдің жүзі. Кестенің бізі. Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан...», — деп сөз құдыретінің ғаламат құбылыс екеніне ұлы Абайдан артық ешкім баға бере алмас, сірә. Өз заманында қара қылды қақ жарған Қазыбек, әділ төрелік айтқан Әйтеке, тура айтып туғанына жақпаған Төле бидің өзі даудың бетін де, жаудың бетін де сөз шеберлігімен қайтарды емес пе? Ал бүгінде қалай? Біз бабаларымыздан жеткен сөз құдыретін бағалап жүрміз бе, шешен сөйлей білеміз бе?
Иә, қазіргі әлемдік жаһандану заманында дұрыс сөйлей білудің маңызы артпаса кеміген жоқ. Алпауытты компанияларға жаңа жобалар мен идеяларды ұсынып, сата алатын, оппоненттер мен борышкер адамдарды сендіре алатын, тұсаукесерлер өткізетін (дөңгелек үстелдерге қатысу, маңызды кездесулерде, саяси және PR іс-шаралары мен т.б.) басқа да көпшілік алдындағы әрекеттерді бәсекелестерге қарағанда тиімдірек жүзеге асыратын адамдар қашанда қажет. Тиімді, орынды, қызықты сөйлей білу бизнес саласында ғана емес, білім, бұқаралық ақпарат құралдары саласында да керек. Өкінішке қарай өз пәнін жетік меңгерген әрбір ұстаз немесе тележүргізуші шешендік өнерді игермегендіктен өз шәкірттерін немесе көрермендерін бір сарынды, күмілжіген үнімен жалықтырып алады. Мәдениет, саясат, ақпарат салаларының көбі өткір тілді, шешен сөйлейтін, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленумен бірге, ел сенімін нығайтып, жарқын болашаққа жол сілтейтін, үлкен өзгерістерге шақыра білетін мамандарға аса мұқтаж.
Тұлғааралық қарым-қатынас саласы, яғни отбасы, қызметтегі әріптестер, достар, кездейсоқ әңгімелесетін адамдармен әңгімелесе білу де маңызды. Айналамыздағы адамдардың бізді түсінетініне сенімдіміз бе, мазасыздықпен күресуге дәрменіміз жете ме, сөзімізді тыңдатып, әңгімелескен адамның көкейінде нық сенім ұялатып,өзгерістер жасап, өз сөзімізбен болашақты қалыптастыра аламыз ба? Егер кейбір қыр-сырлары мен құпияларын меңгерсек, майын тамызын сөйлеу әркімнің қолынан келеді. Сөзге шешен болу үшін бүгінде шебер сөйлейтін саясаткерлер мен бизнесмендердің сөздерін қадағалап, жұртты баурап алған сүбелі сөздерін түртіп алу қажет. Бұл тәжірибені үздіксіз жетілдіруге болады, сөйлеу шеберлерінің қызықты тәсілдерін жинақтай отырып сіз өзіңіздің сөздік қорыңызды қалыптастырасыз.Кітаптарды, мақалаларды оқып, жаңалықтарды тамашалап, сіз өзіңіздің көпшілік алдында сөйлейтін сөзіңізге қолданатын ауызша көрнекіліктерді, көптеген афоризмдерді, қызықты статистикалық мәліметтерді жинай аласыз. Біз сөйлеуді үйренген кезде және сөйлеген кезде міндетті түрде дамимыз, күшейе түсеміз. Сондықтан көпшілік алдында әр сөйлеген сәтті тұлға ретінде өсіп, өзін-өзі дамытуға қосқан үлесім деп білген жөн.
«Адамдармен сөйлесе білу – бұл тауар. Мұндай өнер үшін мен бәрінен де көп ақы төлер едім» деген екен Дж.Рокфеллер. Сөйлеуде табысқа жету табысты сөйлеу коммуникациясының негіздерін білуден басталады. Табыс және табысты қызмет дегеніміз не? Қызмет дегеніміздің өзі не? Қызмет – бұл белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жиынтығы болса, табысты қызмет - межеленген мақсатқа жеткізетін қызмет. Егер мақсат жоқ болса, қызмет те жоқ. Ал сөйлеу арқылы табысқа жету қызметі – бұл бізді алға қойған мақсатқа жеткізетін өнер. Сөйлеу қызметін үш негізгі мақсатқа бөлуге болады: ақылға әсер ету, сезімге әсер ету және тәртіпке әсер ету. Егер табысты сөз сөйлегіңіз келсе нақты аудиторияға қатысты мақсатыңызды анықтап алыңыз.
Бизнестегі сөз шешендеріне келетін болсақ, сіздің сөзіңізден кейін әлдекім сіздің компанияңыздың өнімін, болмаса қызметін сатып алуы тиіс, сіздің қызметіңіз жоғарылайды, сіздің компанияңызбен ұзақмерзімді жұмыс істеу туралы келісім-шарт жасалуы тиіс, сізге қызықты жобаны жүзеге асыруға көмектесуі керек, сіздің жобаңызға инвестиция салғысы келеді және т.б.
Сіз жақсы сөйлеуді үйренгіңіз келе ме? Үлкен аудиторияның алдында өзіңізді еркін ұстап, өзіңіздің сөйлеу әлеуетіңіздің мықтылығы мен күштілігін сезіну үшін сөз сөйлеуден, қарым-қатынас жасаудан ләззат алуды үйренесіз. Сіз сөйлеп тұрсыз, сізде бәрі жақсы. Өз сөзіңізден ләззат алыңыз. Қалай дейсіз ғой. Түріңіздің қандай болып тұрғанын ойлауды доғарыңыз. Сіз әдемі көрінесіз. Егер мұның маңызды екеніне әлі де күмәндансаңыз, онда Гандапастың «Ораторға арналған камасутра» атты кітабын оқыңыз. Сіз сөз сөйлеп тұрған кезде «Түрім қандай болып тұр?» деп ойламау мүмкін емес дерсіз. Егер ол жағын сіз алдын ала ойласаңыз, ал сөйлеп тұрған кезде ойыңызды мақсатқа тоғыстырсаңыз және сол процестен ләззат алсаңыз басқасын ойламауға әбден болады. Өз ойын білдірудің өзі сөйлеуді білдіреді. Бұның түрлері көп. Сондай-ақ сөйлеу тұлғаның ажырамас бөлігі, оның тікелей көрінісі. Сондықтан біз сөйлеуді үйренеміз, сөйлейміз, жетілеміз, өзгереміз, күшейе түсеміз. Яғни, өзім өзгере отырып менің сөзім өзгереді, сөзімді өзгерткен соң өзім де өзгеремін. Мен сөзге шешен болудың жеті баспалдағын атап өтер едім.
Мен сөйлеймін: не айтсам да әйтеуір үнсіз қалмаймын, қобалжу болса да, ойымды шашыратып алсам да, сөйлеймін.
Мен ұзақ сөйлеймін: мен 15 минут, 30 минут сөйлеймін. Бұл кезеңде адамды өзінің ұзақ сөйлегені таңдандырады.
Мен не айтып тұрғанымды түсінемін: менің нақты не айтқым келетінін және не айтып тұрғанымды түсіну қабілеті тәжірибемен келеді.
Мен сөзімді қалай айтып тұрғанымды сезінемін: Біртіндеп сөз шебері өзінің сөз сөйлеу сапасы туралы ойлана бастайды. Бұған дейін ол бәрі ойдағыдай деп ойлайды, ал енді оқи бастаған соң өзінің қателіктерін байқап, түзетуді үйренеді.
Тыңдаушылар мені тыңдап отыр: бұл кезеңде сөз шебері тыңдаушылардың бар екенін байқап, олардың көңілін аулауға, бірлесе әрекет жасауға тырысады, аудиториямен байланыстың бар-жоғын бағамдайды.
Тыңдаушылар мені түсінеді: бұл кезеңде сөз шебері сөйлеген кезде тыңдармандардың ой-түйсігінде не болып жатқаны жайлы ойлана бастайды, оны дұрыс түсінгендеріне баға береді.
Тыңдаушылардың өмірі өзгереді: сөз шеберінің жетілу шыңы.Оның сөздері адамдарға көмектесе ме және ол қалай көмектесетінін байқайды.
Ал нашар дайындық, бірсарындылық, асығыстық, дәйексіздік болса сөйлеуде жіберілетін қателіктер дер едім. Әсілі, сөйлеуге дайындық материал жинау, талдау, жинақтаудан тұрады. Сіздің сөйлеудегі мақсатыңыз айқын,тақырып нақты болса, сөз сөйлеуді жобалауға кірісетін уақыт келді. Сөздік қатынасты толтыру барысында: бізді кім тыңдайды, біздің тыңдаушылар не істеуі мүмкін, тыңдаушылардың бет алысын өзгерту үшін қандай дәлелдемелар сенім ұялатады деген негізгі үш сұраққа жауап беру қажет. Алдымен аудиторияның ерекшеліктері, біздің сөздік қатынасымыздың мәні төңірегінде көбірек материал жинаймыз. Бірінші қадам ретінде осы тақырып төңірегінде өзіңіздің білетіндеріңізді еске түсіріп, ойыңызды қалыптастыру жеткілікті. Егер мүлдем ештеңе білмейтін болсаңыз, онда сізге екінші ақпарат көздерін зерттеу көмектеседі, яғни осы тақырып төңірегіндегі сарапшылардың сұхбаттары,әңгімелері. Біршама ақпараттық қор жиналған кезде оны талдауға болады. Талдау - бұл ақпаратты мағынасына қарай топтастыру. Талдағыштық – бұл мықты сөз шешенінінің ойлануына, ғылыми тұрғыдан ойлануына қойылатын негізгі талаптардың бірі. Біздің айналамыз маңызды принциптерді анықтап, сауалдарымызға жауап беретін қызықты деректерге толы. Тек талдау жасай білетін адам ғана, оны байқап, ол туралы айта алады. Біз бәріміз адамдармен қарым-қатынас жасаймыз, алайда кейбір адамдар ғана қарым-қатынастың тиімділігі туралы кітап жазуға қабілетті. Мұндай кітап біз бәріміз араласатын, бірақ әрбіріміз байқай бермейтін, ең маңызды дүниені атап көрсете алмайтын талдау нәтижесі. Сонымен ақпаратты, оқиғаны, өзіңіздің тәжірибеңізді, өз біліміңізді талдаңыз. Бар ақпаратты орын орнына қойғаннан кейін сөз сөйлеудегі мақсатыңызға жетуде қайсысы сізге лайықты екенін таңдаңыз, жинақты пайдаланып, өзіңіздің шешендік өнеріңізді қалыптастырыңыз. Шешен сөйлеудегі ең маңызды тақырып тыңдаушылармен табысты қарым-қатынас жасаудың құпияларына тоқталсақ, жақсы сөйлеу үшін сіздің аудитория алдындағы сөзіңіз анық, қызықты, сенімді болуы керек, ең жақсы қарым-қатынасты қамтитын ептілігіңіз қажет. Сонымен бірге сіздің сөзіңіз айтарлықтай қысқа болуы, 20 минуттан аспауы тиіс. Бұл туралы осыдан жарты ғасыр бұрын Ф.М.Достоевский: «Өз халқыңды жиырма минуттан артық жазықсыз ұстауға болмайды» деген. Ал Рон Хофф болса кез келген
тұсаукесерді 6 минутқа дейін қысқарту керектігін айтқан және 360 секунд ішінде жеткізуге болатын тамаша сөздерді мысалға келтірген. Аудиториямен жақсы қарым-қатынас орнату үшін түсінікті сөйлеу қажет, егер адамдар сізді түсінбесе қарым-қатынастың болуы мүмкін емес. Қызықты әңгімеші болыңыз, бұл тыңдаушыны өзіңізге тартады. Сендірерліктей болыңыз. Өзінің айтып тұрған сөзіне сенімсіз адам сенімділік пен құрметке ие бола алмайды. Көрнекілік – табысты қарым-қатынас орнату үшін сөйлеп қана қоймай, бірнәрсені көрсетіңіз, қабылдаудың түрлі жолдарын пайдаланыңыз. Епті болуға тырысыңыз. Теорияландырылған мылжың сөз кім-кімді де зеріктіреді және алыстатады. Байланыс – сөйлеу кезінде аудиториямен байланыста болыңыз, алшақтамаңыз, жиһаздардың немесе ақылға қонбайтын сөздердің артына жасырынбаңыз. Егер регламент сөйлеушінің ұзақ сөйлегенін талап ететін болса, онда тыңдаушылардың қызметінің өзгеруіне ықпал етуге 20 минут бөлу керек, 10 минут- сұрақ-жауапқа, содан соң видеосюжет немесе кофе-үзіліс, содан кейін сөз сөйлеуді жалғастыруға және т.б. болады. Егер сөйлеу жалғасатын болса, онда бөліп сөйлеу қажет, яғни, қысқа үзілістер керек. Ал егер сөйлеу ұзаққа созылатын болса, оның кейбір үзінділерін қайталағанның айыбы жоқ, бұл тыңдаушылардың сөзді терең ұғына түсуіне ықпал етеді.
«Аудиторияны қаперге алмай тұсаукесерді әзірлеу – белгісіз біреуге ғашықтық хатын жазғанмен тең» деген екен Кэн Хэмер. Аудиториямен жұмыс істеу үшін оларды білу қажет. Дайындық кезінде кейбір сұрақтарды білуге уақыт бөліңіз. Тыңдармандардың білім деңгейі қандай, әлеуметтік беделі мен кірісі, ортақ қызығылушылықтарыңыз бар ма, тіл ерекшелігі қандай, олар нені қабылдап, нені қабылдамауы мүмкін, сіздің сөзіңізді тыңдап, қабылдау әзірліктеріне қандай жағдайлар әсер етеді, аудиторияның қандай корпоративтік нақты ерекшеліктері бар? Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Ақпарат көп болған сайын, сізге де жақсы.