Материалдар / Реферат. Мәдениет және өркениет:өзара байланысы мен ерекшелігі.’
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Реферат. Мәдениет және өркениет:өзара байланысы мен ерекшелігі.’

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдениеттану пәнінен реферат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
4685
57 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Физика-математика факультеті



РЕФЕРАТ


Тақырыбы: ‘Мәдениет және өркениет:өзара байланысы мен ерекшелігі.’








Орындаған:Амангелді А.

Тобы:1101-12

Қабылдаған:Мантаева Т.С.








Шымкент – 2023ж.

Жоспары:


I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

1.Мәдениет және өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтар, ерекшеліктері.

2. Шығыс және Батыс өркениеті мен мәдениеті.

III.Қорытынды.

IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

































I.Кіріспе


Өркениет- қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениет мәниеттің дамуына жағдай туғызады, ал мәдениет өз кезегінде сол өркениетті жетілдіреді.

Өркениет ол мемлекеттер мен халықтардың материалдық құндылықтарын, рухани және әлеуметтік жағдайларын белгілі бір тарихи кезеңде анықтайды. Кез-келген өркениет жалпы халықтық техналогияның ғана қасиетін емес сонымен біргемәдениетті түсіндіреді.Өркениеттің қасиеті халықтың рухы, қарым-қатынасы,жан дүниесі,сенімі,яғни философияны құратын,ерекше өмірлік ұстанымы,өмір сүру салты. Осындай өмір сүру салты халықтың өркениетін топтастырады, оның бірігушілік, бейбітшілік өмір сүруіне кепілдік береді және тарихта дамуын қамтамасыз етеді. Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет. 

Мәдениет — өркениеттің (цивилизацияның – латынша civilis – азаматтық, мемлекеттік), адам қоғамының материалдық және рухани байлықтары. Мәдениет адамзат өркениетінің сатыларын білдіреді. Сондай-ақ, мәдени көрсеткіштер жоғарылаған сайын, адам еркіндігі де солғұрлым молая түседі.Өркениеттің өндірістің дамуына әсер етері сөзсіз. Өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани құндылықтарды жасау болып табылады, ол қоғамдық қатынастардың күрделенуіне ықпал жасайды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет дәрежесін және өркениеттілік деңгейін байқатады. Сөйтіп, мәдениет пен өркениет өзара тығыз байланыста дамиды және олар объективті негізде бір-біріне тәуелді деген қорытынды жасалынады.
















II.Негізгі бөлім.

1.Мәдениет және өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтар, ерекшеліктері.

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет. Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған,басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, “өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:

Мәдениет пен өркениет бір.Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тайлор).

Өркениет-мәдениеттің ақыры,оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. ,Руссо, Ш.Фурье,О.Шпенглер).

Өркениет-мәдениеттің прогресі,болашаққа бой сермеуі,қоғамның парасаттық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл).

Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган).

Өркениет-этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский)

Мәдениет тақырыбы адамның өнері,жаңашылдыққа, қоршаған орта, адамның өмір сүруге бейімділігі. Мәдениетті екі түрге бөледі:

1)Материалдық  (техника,материалдық құндылықтар)

2)Рухани        (өнер, ғылым, философия, жаны)

XXI ғ. мәдениетті және өркениетті екі бөлек қарастыратын болды  О.Шпенглер олардың бірге дамығандығын жоққа шығарды. Ол тарихты ұйымдастырылған түрінде қарастырады,қайталанбас жабық мәдениет өзінің өмір сүру кезінде бірнеше кезеңдерден биік жері мен құлау шенінен өткен. О.Шпенглер мәдениетті сегіз түрге бөлген.Олар өзінің өмір сүру кезінде бірнеше кезеңдерден өтіп,жоғалып, өркениетке айналады. Мәдениеттің өркениетке айналу процесінде өнерлік жұмыстар азайып механикалық  жұмыс көбейеді.                                                          

2. Шығыс және Батыс өркениеті мен мәдениеті.

Шығыс өркениеті мен мәдениеті.  Тарихшылар өркениет пен мәдениетті былай қарастырады оларды мемлекетке немесе топталған елдерге әртүрлі деңгейде дамыған және  әртүрлі тарихи кезеңдері.Солардың ішіндегі өрениеттерг Ежелгі Үнді, Қытай, Вавилон, Египет және де  шығыстың мұсылмандық мемлекеттері. Шығыстың өркениеті Азияның және Африканың көптеген халықтары әртүрлі тілдегі,әртүрлі діндегі  халықтарын біріктіреді. Олар әлемдік өркениеттің дамуына өз үлестерін қосты.   Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық-билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет.Египеттің жоғарғы өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды,ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері-перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды.Фараондар құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» ұлымын деп жариялады. «Ра» күн құдайы. Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен  тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Б.з.б III-II ғ. құдай- патшаларға арналған құрылыстар- пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі –Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы болып саналса, ал Маат- шындық пен тәртіптің құдайына айналды. Египет мәдениеті- сан-салалы мәдениет. Солардың бірі-біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар- құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Б.з.б. екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат. Египеттің көркем әдебиетінің түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз балаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және т.б. Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі- «Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады. Бұл қалада «Әлемнің жеті кереметінің « бірі – атақты Александрия шырағы саланды.

Батыс өркениеті мен мәдениеті.  Батыс өркениетіне Ежелгі Греция және   Рим.XIX ғ. со ңғы ширегінде Тигр және Ефрит (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналды бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамуының қайнар бұлағы деп дәріптелді. Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған  шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам құдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг,Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б. Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.б V ғ. Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың  өзара қашықтығын көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған.Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы адамдардың ең ежелгі және ұлы мәдениеттерінің бірін гүлдендіріп, одан әрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді. Олар Вавилонның дінін, мәдениеті мен өнерін  қабылдап, оны одан әрі дамытты. Ғалымдар Ассирия патшасы  ашшурбанилпал (б.з.д. 665-635) сарайының қирандыларынан бірнеше ондаған мың сына жазу тексті, соның ішінде вавилон әдебиетінің аса құнды шығармалар бар кітапхана тапты. Шығыс елдерінің ішінде гі ең әйгілі, ең бай бұл кітапханада  вавилондық әдеби шығармалармен қатар, заңдар жинағы, тарихи туындылар мен ғылыми еңбектер де жинақталған. Ассирияның алдағы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI ғ. Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран империясы басты. Иран өркениетің тірегі-зороастризм діні болды. Зороастризм тек қана діни наным-сенім  жүесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылды. Иран өркениетінің тағы бір жетістігі –ондағы ескі парсылық сына жазуы.


























III.Қорытынды.


Өркениет заманы адам өміріне  машинаның жан-жақты енуімен, тіпті адам ның  руханилығының құндылығын кеміп, оның осы машинаның тетігіне айналған көріністерімен айқындалып тұр. Н.А.Бердяев  бұл туралы былай дегкн: «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдар қойылған. Өркениеттің негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі- машиналық». Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғарғы деңгейіне көтерді.  Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениетте бар. Адам о баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің  нақты болмысынан тысқарыға ұмтылады. Бұл тәсілдемелік қағида мәдениет құбылысының мәнін ашуға көмектеседі.Мәдениет –адамдардың өмірі  мен қызметін ұйымдастыру қалпы  мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір  дәрежедегі тарихи деңгейі.




























IV.Пайдаланылған әдебиеттер.





  • https://melimde.com/medeniet-jene-orkeniet-ozara-bajlanisi-men-ereksheligi.html














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!