Материалдар / Реферат Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Реферат Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштық

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстандағы ашаршылық адам айтқысыз сипатта өткені анық екені баршамызға мәлім. Соғыс өз алдына, ал бейбіт уақытта адамдардың осылай қырылуы адамзат тарихында ешқашан болған емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2024
356
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті





Реферат

Тақырыбы: Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштық











Орындаған

Тексерген:







Ақтөбе

2021 жыл



Жоспары:

Кіріспе.

  1. 1921-1922 жылдардағы Батыс Қазақстандағы аштықтың көрінісі.

  2. Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру – аштық себептерінің бірі

  3. Ашаршылық жылдары жазылған хаттар мен құжаттар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.




Кіріспе

Жалпы ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстандағы ашаршылық адам айтқысыз сипатта өткені анық екені баршамызға мәлім. Соғыс өз алдына, ал бейбіт уақытта адамдардың осылай қырылуы адамзат тарихында ешқашан болған емес.

Облыстық мұрағат құжаттарына қарап отырсақ, ашаршылық жылдардың ақиқаттарына көзіміз жете түседі. Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921 жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі деңгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанының да салдары».

Елдегі жаппай ашаршылық осы партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады. Ашаршылықтың салдары адамдарды ауруға, індетке ұрындырды, қырғынға ұшыратты. Демек, ашаршылық  жеке адамның, жеке отбасының қорексіз қалуы ғана емес, ол бір аймақтың, бүтіндей бір халықтың, мемлекеттің нәубетке түсуі болды.

Енді осы нәубет жылдар қалай келді? Мұрағат құжаттарына үңілелік. Қазақстандағы 1919-1922 жылдардағы аштықтың бір себебі — елдің бірнеше аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Осы жағдайға байланысты кеңес үкіметі 1919 жылдың қаңтар айынан бастап «азық-түлікті тәркілеу» саясатын бастады. Бұл саясат кеңес үкіметінің 1918 жылдың 13 мамырынан бастап жүргізіле бастаған азық-түлік саясатына сайма-сай дәл келген еді. Қазақстанда егіншілікпен айналысушылардың көп болмауына байланысты большевиктер қазақтың малын кәмпескелеп алуды басты мақсат етіп қойды. 1919-1922 жылдардағы аштықтың негізінен алғанда Ақтөбе облысын қалай   шарпығанын мұрағат қорында сақталған құжаттарға сүйеніп әңгімелер болсақ, облыстық губерниялық атқару комитетінің  төрағалары Ряхов, Назаров, Сердюковтардың ашаршылыққа  қатысты Ленинге жазған  хаттарында  мынадай  мәліметтер  бар. Олар егіншілікті губерния қолға   енді алып жатқанын, ал мал шаруашылығы мықты қиындықтарға кезігіп отырғанын көрсетеді. Малдардың ауруға ұшырап қырылып жатқанын, мал дәрігерлердің  жоқтығын  басты  мәселе етіп хабарлайды.



1.1921-1922 жылдардағы Батыс Қазақстандағы аштықтың көрінісі.



Губкомиссияның орталыққа жіберген тағы бір баяндамасында: «Ақтөбе  губерниясы 2  жыл  қатарынан  астық  пен  жалпы шөптің шықпауынан  зардап  шегіп  келеді. 1920 жылдары Темір, Ойыл аудандарында, жалпы Ақтөбе губерниясының оңтүстік  аудандарында  астық пен  шөп  жәндіктердің  зиянынан  түгелдей жойылды. Сондықтан мал жаппай шығынға ұшырап, жергілікті халық мемлекет тарапынан нан өнімдерінен көмек алды. 1921 жылы егін   егілді, бірақ ол да   нәтиже  бермеді.  Сол  жылдың  шілде айында  елде нан  өнімдері   қалмағандықтан, болашақта  қуаңшылықтың салдарынан  ашаршылықтың  болатынын білген жергілікті   тұрғындардың  кейбірі көшуге  мәжбүр болды. Қазақтар (құжатта  қырғыздар  деп  көрсетілген) Өзбекстанға (сол кездегі  Хорезм республикасына), Түркістанға,  орыстар  Украинаға, Ресейдегі өздерінің  келген  жақтарына қоныс аударды. Губерниядан   23 пайыз  халық  көшіп кетті. Оның  ішінде  тек Қарабұтақ ауданында 75 пайыз тұрғын  басқа жаққа қоныс аударды.

1921 жылы Ақтөбе губерниясында ашаршылыққа душар болған, көмекке зәру  адамдардың нақты санын білу қиын. Дегенмен біздің қолымызда губкомиссияның ішінара мәліметтері бар. Ол бойынша Ақтөбе  губерниясында  15-27  қазан аралығында  116 679  адам көмекке зәру болған. Олардың ішінде 26 661 ересек адам, 89 991 бала ашыққан. Оның 22 077-сі қазақ  ұлтынан, 94 602-і орыс   ұлтынан деп көрсетілген.

Осындай жағдайға байланысты арнайы губкомиссия құрылып, ашаршылықта көмекке зәру  жандарды есепке  алып, оларға  көмек  қорын жасау  барысында жоспар құрылды. Сонымен қатар аудандардағы аш адамдарға қажетті азық жеткізу жолдары  қарастырылды. Губкомиссияның араласуымен 1921 жылдың   қазан айында 300  баламен 120   мүгедек  адам астықты губернияға көшірілді. Сонымен қатар күніне 400 адам тамақтанатын балалар асханасы ашылды. Ақтөбе қаласында 500 орындық  тамақтану  орындары  1200 адамға кеңейтілді.

Шалқар мен Ырғыз аудандарына 1 вагон картоп жіберілді. Ырғызда  екінші   500  адамдық тамақтану  орны  ашылды. Сонымен қатар ауданда  балық  аулауға адамдарды бейімдеу мәселесі насихатталды. Темір ауданында да 700 адамдық тамақтану асханасы ашылды.  Ауданмен байланыстың нашарлығынан  нақты  қанша  адамның  азықсыз қалғанын  тап  басып айту қиын  болды. Ал Шалқар  ауданында аштыққа  деген шағымнан басқа ешқандай  мәлімет  алудың  мүмкін болмағандығы құжаттарда ашық жазылған. Ойыл  ауданында 400 адамдық  асхана  ашылып, онда да аш адамдар қатары 24754 адамға жеткендігі  көрсетілген. Аштыққа киліккен адамдарға  балық  аулауға  бейімделу қажеттігі барынша түсіндірілген. Алайда мал баққан елге бұл насихат  қона қоймады. Сонымен бірге, бірен-саран ауқатты адамдардың көмек қолын созғанын да көреміз. Мәселен, Қарабұтақ ауданында қолда малы бар азамат 1 сиырды   аштыққа ұшыраған халыққа сойып беріп, ел басына  түскен  қиыншылықты бірігіп  жеңуге тырысады.

Аштықпен күресетін комитеттер құрылады. Орталық төтенше жағдай  комитетінен  315  миллион рубль қаржы бөлініп, аш  адамдарға  көмек  көрсетіледі. Аталған қаржы Ақтөбе қаласына, Темір, Шалқар, Ырғыз, Ойыл, Қарабұтақ, Ақбұлақ аудандарына бөлініп беріледі. Сонымен қатар осы бөлінген қаржыдан Ақтөбе қаласында 100 адам түнейтін үй салынды. Мәскеуден 2 вагонбидай және  Ташкенттен 1 вагон ұн, 1  вагон  жеміс-жидек,  2  цистерна  мұнай  жеткізіліп,  губерния  тұрғындарына  таратылады.

1921 жылы 46 тамақтану асханасы ашылып, губерния бойынша 15043 адам    осы асханалардан тамақтанған. Сонымен қатар Түркістанға 12785 ересек, 4209 бала1102 мүгедек жандар көшіріледі. Мұндай адамдардың барлық саны 18096 дамға жетеді.


2.Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру – аштық себептерінің бірі.

1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды. Ол, әсіресе Сталиннің 1928 жылы қаңтардағы Сібірге сапарының барысында Новосібір мен Омбыда сөйлеген сөздерінде РКФСР Қылмыстық Кодексінің 107-бабын жаппай қолдануды талап етуінен кейін қатыгездік сипат алды. Ол бапта тауарларды сатып алу, жасыру немесе базарға шығармай ұстау арқылы бағасын жоғарлатқаны үшін қатал жазалау қарастырылған еді. 1929 жылы 13 ақпанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алқалы мөжілісінде Голощекин астық дайындау ісінде өзіне жеке шешім қабылдау құкын беретін қаулы шығартты.

Астық пен ет дайындау мәжбүрлеу, жазалау және үрей туғызу арқылы жүргізілді. Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Мысалы, астық салығынан 2 жыл мерзімге босатуға жататын Түркістан облысындағы көшпелі мал шаруашылығы Талас және Созақ аудандарында астық даярлау жүргізілді. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты. Мәселен, Балқаш ауданында бар малдың басы 173 мың болса, етке өткізілуге тиіс малдың саны 300 мың болып белгіленді. Ауданның 3 жылда етке мал өткізу жоспары 160 мың бас малдан 1,5 млн бас малға, яғни 10 есеге дейін өсті. 1933 жылы 10—16 шілде күндері өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алтыншы пленумында сөйлеген Х.Нұрмұхамедов мынадай деректер келтірді: «Менің бауырымның, яғни 12 жыл жалшы болған кісінің бір ғана сиыры болды. Егіншілікпен ешқашанда айналыспаған. Соған қарамастан оған 1930 жылы 5 пүт астық салығын салып, бұл астықты төлеу үшін соңғы сиырын және үйдегі мүліктерін сатуға мәжбүр болды. Өкінішке орай мұндай жағдайлар өте көп кездеседі». Сөйтіп, жергілікті жерлерде егіншілікпен айналыспағандарға астық, малы жоқтарға ет салығын салу кең өріс алды. Оны орындамаған жергілікті басшылар да, шаруалар да жазаға тартылды. Сол себепті ешкімнің ешкімді аямауы, әрқайсысы өз басын қорғау үшін жауапкершіліктен бас тарта отырып, басқаларды құрбандыққа шалу үйреншікті қалыпқа айналды.

Сталиндік-сібірлік тәсілді негізге алған Голощекин астық пен ет дайындау науқаны барысындағы қателіктерін кулактар мен байларға қарсы күрес желеуімен бүркемеледі. Азық-түлік дайындау науқаны шаруалардың шаруашылығына ғана емес, өз өмірлеріне де қауіп туғызды. Партия басшыларының қатыгез саясаты жергілікті жерлерде үрей отын шашты. Өйткені партияның арнайы және жергілікті өкілдері 107-баппен соттау, түрмеге камау әрекеттерін кең жүргізді. Ал 1932—1933 жылдары азық-түлік даярлау барысындағы жазалау шараларын қатаңдатқан, негізінен, ату жазасын белгілеген бірнеше құжат жарық көрді.

1932 жылғы 7 тамызда қабылданған «Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұжымдар мен кооперацияның мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы» заңы жазалаушылық әрекеттерді одан әрі өршіте түсті. Ол заң бойынша ату, немесе жазасын жеңілдетіп, мүмкін жағдайда мүлкін төркілеп 10 жылға түрмеге отырғызу жазасы белгіленген еді. Осылайша қанқұйлы саясат ұстаған басшылар қарапайым халық күйзелісін шегіне жеткізді. Алдымен мал, одан соң адамдар жаппай қырылды. Торғай облысында, мәселен 1931 жылғы 100 мың бас малдан 1933 жылы бар-жоғы 4 мыңы ғана қалды.

Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 1218 мың шаруа қожалықтары болған. Ұжымдастыру аякталған соң 1933 жылдың ортасында оның 628 мыңы ғана қалды.

Байлар мен кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлау мәселелеріне байланысты Өлкелік партия комитеті жанынан жасырын үштік құрылды. Үштіктің 1930 жылы 23 қаңтарда өткен алғашқы жасырын мәжілісінде жаппай ұжымдастыру болатын аудандардан кулак қожалықтарын жер аударуды екі бағытта жүргізу — Қазақстанның ішінде және Қазақстаннан тыс жерлерге жер аудару көзделді. Осы жұмысты ұйымдастыру үшін округтерде де оперативтік үштіктер құрылды. Олардың құрамына округтік партия комитеттерінің хатшылары, округтік атқару комитеттерінің төрағалары, ОГПУ-дің басшы қызметкерлері кірді. Оларға кулак отбасыларын есепке алуға 10-ақ күн уақыт берілді. Қысқасы, барлық жұмыстар шұғыл, асығыс және қатал түрде жүзеге асырылды.

Партия, кеңес және ОГПУ органдары және олар арандатқан шолақ белсенділер өз халқына қарсы аяусыз соғыс жариялады. Әсіресе Өлкелік партия комитеті жанынан құрылған бай-кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлаған, құрамында Құрамысов, Альшанский және Асылбеков бар комиссия ерекше белсенділік танытты. 1930 жылы ақпан айында байлар мен кулактардың қожалықтары жер аударылатын құла-дүз, жері құнарсыз тоғыз аудан белгіленді. Олар темір жолдардан, өнеркәсіп орындарынан, шекарадан әлдеқайда қашық, елсіз-сусыз, шөл және шөлейт, бұрын халық тұрмаган аймақтар болатын. Алғаш бұл аудандарға шамамен 24 мың бай-кулак қожалықтары жер аударылатын болып белгіленді. Жер аударылатындардың әрбір жаңа ауылы 50 үйден аспауға тиіс болды.

3.Ашаршылық жылдары жазылған хаттар мен құжаттар

Ел басына нәубет төнген жылдары Ғ.Ысқақов, І.Қабылов, Ж.Арыс­танов, Ғ.Тоғжанов, Б.Айбасов, О.Жандосов есімді алаш ардақтылары 1933 жылдың 24 ақпанында Сталинге хат жазып, барлық ауыр халді баяндап берген. Тарихта бұл «Алтаудың хаты» деген атпен әйгіленген. Өкініштісі, осы «Алтаудың хатын» көп адам әлі біле бермейді. Осы хатта: «800 мың қазақ шаруа­шылығынан, яғни 4 млн 800 мың адамнан 1932 жылдың көктемінде 450 мың қазақ шаруашылығы, 2 млн 25 мың ғана қазақ қалды» деп жазылған. Ал 1932 жылдың 4 шілдесінде республиканың Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев сынды қайраткерлері қол қойған әйгілі «Бесеудің хаты» жазылды. Ол БК(б)П өлкелік комитетіне, тікелей Ф.Голощекинге жолданды.




Shape1 Бұдан кейін сол кезде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары болып жүрген Тұрар Рысқұлов 1933 жылғы 9 наурызда Сталинге арнайы хат жолдап, елдегі барлық жағдайды бүге-шігесіне дейін қалдырмай баяндайды. Онда Қазақстанда 1931 жылдың соңында басталған қазақтардың бір ауданнан бір ауданға көшуі 1932 жылдың көктемінде көбейіп, жазда тіпті қатты күшейіп кеткені айтылады. Бірқатар қазақ ауылдарын жайлаған аштық пен індеттің негізінде орын алып жатқан өлім оқиғаларының қазіргі ауқымы орталық органдардың шұғыл араласуын қажет етеді.

 «Қазір Қазақстанда қазақ жұртының белгілі бір бөлігіне қатысты жасалып отырған мұндай жағдай басқа бірде-бір өлкеде немесе республикада жоқ, – деп атап көрсетті Т.Рысқұлов бұдан әрі. – Көшпелілер өздерімен бірге жұқпалы ауруларын көрші өлкелерге және Ташкент, Сібір, Златоуст теміржолдары бойларына өздерімен бірге алып барады. Кеңес тәртібімен (соның ішінде РСФСР ХКК) белгіленген жеке-дара шаралар мәселені шешіп бере алмайды. ОК-ның азық-түлік босату жөнінде дер кезінде қабылданған қаулысы өзінің мақсатына толық жеткен жоқ… Бұл мәселенің үлкен мәні бар болғандықтан, Сізден осы хатпен танысып шығып, іске араласуыңызды, сөйтіп, көптеген адамды аштық шашқан ажал тырнағынан аман қалуыңызды сұраймын».

Т.Рысқұлов хатында аштықтан қашқан қазақтардың жан-жаққа босып барып жатқанын жазады. «Жергілікті жерлерден алынған соңғы болжамды мәліметтер бо­йынша, Қазақстанмен көрші өлкелерге: Еділдің орта ағысы бойына – 40 мың адам, Қырғызстанға – 100 мың адам, Батыс Сібірге – 50 мың адам, Қарақалпақстанға – 20 мың, Орта Азияға 30 мың адам көшіп барған, – дейді ол. – Көшпенділер тіпті Қалмақстан, Тәжікстан, Солтүстік қиыр секілді алыс жерлерге де жеткен. Тұрғындардың байлар бастаған тағы бір бөлігі Батыс Қытайға кеткен… Қазақ қайраткері ашаршылықтың көктемнің келуіне қарай қайта күшейе түсетінін сөз етеді.



Бірақ жағдай Қазақстанның ішінде де мәз болып тұрған жоқ еді. Хат авторының айтуынша, көптеген қалалар (Әулиеата, Шымкент, Семей, Қызылорда және т. б.) мен стансаларда темір­жолмен күн сайын өлген қазақтардың мәйіттері шығарылып жатады. Шу ауданының орталығы Новотроицкіде (уәкіл ж. Жандосовтың хабары бойынша) күніне 10-12 адам өліп тұрады. Қазақтар мен коммунистердің 60 пайызы ауданнан кетіп қалған. Бұрын 7000 шаруашылығы болған Сарысу ауданында қазір соның 500-і ғана қалған, қалғандары Әулиеата және басқа аудандарға көшіп кеткен, кейбірі тіпті Қырғызстаннан бір-ақ шыққан. Қарашада бұл ауданнан бірнеше жүз қазақ отбасыларымен алыс жолға шыққан.

Қаңтардың екінші бескүндігінде ғана 24 адамның сүйегі жинап алынған. Оларға жолда қарақшылар шабуыл жасаған. Әйелдер балаларын суға лақтырған. Әулиеата қаласында 5-6 қаңтарда шайханалардан суыққа қатып өлген 20 баланың мәйіті теріп алынған, сол уақытта тағы 84 ересек адам жан тапсырған. Ақтөбе обкомының 1932 жылғы 16 қазандағы қаулысында Жосалы теміржол стансасында қайтып оралған (сосын Сексеуіл стансасына жіберілген) 300-400 отбасынан (анық емес мәлімет бойынша) 150 қазақтың (соның ішінде 21 адам қорасаннан) дәрігерлік көмектің көрсетілмеуінен қайтыс болғандары, стансада қазақтарды ұрып-соғудың орын алғаны туралы баяндалады.

«Жергілікті органдардың мә­лі­меттері бойынша, Торғай және Батпаққара аудандарында тұрғындардың 20-30 пайызы қайтыс болған, қалған үлкен бөлігі көшіп кеткен. Шалқар ауданындағы бірқатар ауылдық кеңестерде тұрғындардың 30-35 пайызы өліп қалған. Тұтастай алғанда, Ақтөбе облысында (жоғарыда аудандар кіретін) атқару комитетінің төрағасы ­ж. Ива­­­нов өзінің Кеңестер съезіндегі баяндамасында (1932 ж., шілде) облыста 1930 жылы 1012500 адам болғанын, 1932 жылы содан 725800-і, яғ­ни 71 пайызы қалғанын хабарлады. Қызылорда аудандық атқару комитеті төрағасының куәлік етуінше, аудандағы ауылдық кеңестер тұрғындарының 15-20 пайызы ғана қалған. Балқаш ауданында (жергілікті ОГПУ мәліметінше) 60 мың адам болса, соның 12 мыңы көшіп кетіп, 36 мыңы өлген және 12 мың адам қалған. Қаратал ауданында өткен қыста қазақтың үш ауылын басқа жаққа зорлап көшірген кезде тұрғындардың жартысы қаза тапқан. Сол ауданда (жергілікті ОГПУ-дың куәлік етуінше) желтоқсан мен қаңтардың (1933 ж.) он күнінде 569 адам аштан өлген, сол мезгілде Үштөбе стансасынан, Қараталқұрылыс алаңы мен Күріш кеңшарынан 300 мәйіт жинап алынған. 1931 жылы Шұбартау ауданында 5300 қожалық бар еді, 1933 жылғы 1 қаңтарға содан 1941 қожалық қалды. Қарқаралы ауданында 1932 жылғы мамырда 50400 адам болды, ал қараша айына қарай 15900 адам қалды және аудан орталығында күн сайын 15-20 адам (Өлкелік отырықшы комитетінің ақпарынан) өледі. Қарағандыда өткен көктемде 1500 қазақ өлді, соның ішінде жұмысшы қазақтар аштық пен індеттен үзілді. Сергиопольде (Түрксиб) қаңтар айында 300-ге жуық қазақ ажал құшты. Бұл келтірілгендердің бәрі ресми дереккөздерден алынды».

Көп немесе аз мөлшерде қазақ тұрғындарының өлуі мысалдарын басқа да бірқатар қазақ аудандарынан келтіруге болады. Әсіресе, балалар арасында өлім көп. Көптеген көшушілер балаларын тағдырдың тәлкегіне тастап кетеді. Басқа өлкелерге жеткендер өздерімен бірге балаларын әкеле бермейді. Қараусыз қалған балалардың қалың шоғыры Қазақстандағы қалалар мен теміржол стансаларына шоғырланады. Қазақ әйелдері балаларын мекемелер мен үйлердің алдарына тастап кетеді. Қазақ органдары 1932 жылдың соңында-ақ әлі орналастырылмаған қараусыз 50 мың қазақ баласының бар екенін ресми хабарлады. Қазақстанда жұмыс істейтін балалар үйлері толып қалған, олардың арасында бала өлімі көп. Мысалы, Семей аумағында комиссияның тексеруі кезінде бір балалар үйі­нің астындағы жертөледен көлік болмағандықтан амалсыз қалдырылған 20 қазақ баласының сүйегі табылған.

Т.Рысқұлов хатында қазақ органдарының қайтып келушілер мен ашығушыларға қалай көмек көрсеткендерін баяндайды. Жұрттың жаппай көше бастауына мал басының күрт кеміп, шаруа­шылықтың күйреуі де бір себеп болған.

«Мен Сізге 1932 жылғы 29 қыркүйекте жазған баяндамамда Қазақстанда мал басының қысқаруы нәтижелерін егжей-тегжейлі жеткізіп, оны қалпына келтірудің шараларын айтып берген едім, – делінген хатта.

1932 жылғы ақпандағы Бүкілодақтық халық санағының (екінші рет өткізілген) мәліметі бойынша, Қазақстандағы 1928/1929 жылғы 40 млн бас ірі қарадан санақ өткенге дейінгі сәтте 5397 мың бас қана мал қалған, яғни 85,5 пайызға қысқарып кеткен, соның ішінде 1931 жылғы ақпаннан 1932 жылғы ақпанға дейін 55 па­йызға азайған (КСРО-да жалпы мал басының қысқаруы 16,7 пайызды құрады). Санақ өтетін кезге дейін ол 80 пайызға азайғаны анықталды, ал КСРО бойынша осы уақытта мал саны 33 пайызға ғана кеміген».

Хатта, бұдан бөлек, республи­када жүріп жатқан асыра сілтеу­шіліктер мен көзбояушылықтар, егіннің егілмей қалуы, қазақтарды отырықшылыққа көшіру жайлары туралы кеңінен баяндалады. Бірақ «мал құлағы саңырау», мұны еститін құлақ, зерделейтін сана, құлақ асатын пейіл Иосиф Сталин бойынан көріне қоймады. Шет елдерден астыққа айырбастап станок алып жатқан көсем индустриялық революция мүддесі үшін мұны қасақана жасады, кең далада мал соңында жүрген қазақ егін салмайтын еді деген де дәйектер табылуда. Бұл кесапат саясат қазақ халқының қынадай қырылып, өз елінде азшылыққа айналуына апарып соқтырды…



Қорытынды

Қорытындылай келе, сұрапыл кезеңде қаншама қорлықты көрген халқымыздың жағдайы туралы айтсақ.Сол сұрапыл нәубеттің зардаптары қандай еді?

Аштықтан жан-жаққа босып кеткендердің тағдыры қалай болды?

Аштыққа, зорлық-зомбылыққа шыдамаған халық шекараға жақын аудандарда малын айдап Қытай, Түркменстан, Иран, Ауғанстанға дейін өтті. Аралдың маңы, Ақтөбедегі халық біртіндеп қарақалпақ, өзбек жеріне көшті. Мысалы, 1932 жылы Қарақалпақстан аумағына 3,5 мың қазақ отбасы барыпты. Бірақ оларды жергілікті билік қабылдағысы келмейді, содан Қазақстаннан өкіл ретінде Орталық атқару комитетінің хатшысы Абдолла Асылбеков Қарақалпақстанға жіберіліп, сонда 3 ай болады. Қазақтарды қайта алып кетейін десе жолда қырылып қалады, сондықтан орталықпен келісіп, жаңағы адамдарды сол жерде колхозға орналастыруға қаражат бөлгізеді. Кейін естерін жиғаннан кейін елге қайтып көшер деген ой ғой. Мына 1970, 1980-90 жылдары Қарақалпақстаннан көшіп келген қазақтардың көбі солардың ұрпақтары.

Ресейдің түкпір-түкпіріне, тіпті Қиыр Шығыстағы Камчатка, солтүстіктегі Архангельск немесе Оралдың солтүстігіндегі зауыттарға жұмыс іздеп жосыған қазақтар көп болған. Өйткені, ол кезде азық-түлік қатаң түрде карточкамен беріледі, оған ие болу үшін жұмысқа тұру керек. Бірақ жұмысқа алған жерлер кейін елге қайтқысы келгендерге жол қаражатын да, азық-түлік те бермегендіктен босқындардың жол-жөнекей, тіпті вокзалдарда өліп жатқан фактілері көп. Мысалы, архивтен Батыс Қазақстаннан Сталинград өлкесіне бара жатқанда қырылған қазақтардың статистикасын көрсеңіз жан түршігеді. Демек, ашаршылық 1931-33 жылдармен шектелмейді, адамдардың қырылуы 1930-40 жылдарға дейін созылды.

Этнограф Халел Арғынбаевтың айтуынша, бала кезінде Баянауылда тұрыпты. Аштық қаһарына мінген кезде 20 шақты отбасы алдымен Керекуге барады, одан Томск, Новосибирскіге жеткен. Қиыр Шығысқа жеткен соң балық тресіне жалданып, Камчаткада бес жыл тұрыпты. Балық тең-тең болып жатады, сол жерде есімізді жинадық дейді. 1938 жылы елге қайтып келген. Қаншама қазақ барған жерлерінде қалып қойды. Олардың ұрпақтары әлі күнге дейін бар.

Сондай-ақ, Мәскеу архивінде бұрынғы халық санағының материалдарын қарағанымда, Запорожье облысы туралы құжатпен таныстым. Онда қанша орыс, украин дүниеге келгенін келтіреді де қазақты жеке көрсетеді. Егер олар тым аз болса басқа ұлт құрамында жаза салатын еді. Демек, аз болмаған. Днепропетровск қаласының мұрағаттық істерінде де дәл солай, қазақтар жеке көрсетілген.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстанда // Ақ жол. 1921. – 28 январь. –  №19.

  2. «Ақ жол». Көп томдық. – Алматы: Оңтүстік қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы, 2011. – 2 том. – 246 б. 

  3. Смағұлова С. Қазақ мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы (ХХ ғ. 20-30 жж.). – Алматы: «Елтаным баспасы», 2011.  – 432 б.

  4. Отчет о деятельности Джетысуйского областного экономического совещания за 1921-1922 хозяйственный год. Туркестанскому экономическому совету. А.,1923.

  5. Павлодар уезі // Ақ жол. 1921. – 4 февраль. –  №22.

  6. Нұрпейісов К. Қазақстанның шаруалар советтері (1917-1929 жылдар). – Алматы, 1972.

  7. Омарбеков Т. Ашаршылық ақиқаты //Ақиқат. 1997. №5. Қозыбаев М. Тарих зердесі. 1-кітап. –Алматы: “Ғылым”, 1998. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920-1928 жж. – Алматы: «Елшежіре», 2007. – Т.3. – 1-кітап. –  304 б.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!