Материалдар / Рефлекс және рефлекс доғасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рефлекс және рефлекс доғасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Рефлекс және рефлекс доғасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2024
306
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы

31 орта мектебі

Бөлім:

«Координация және реттелу»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7 «В»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі. § 40.Рефлекс және рефлекс доғасы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.5 – рефлекстік доғаны зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Рефлекстік доғаның мағызын түсіну

Рефлекстік доғаның құрылысын талдау

Рефлекстік доғаның қызметін анықтау

Бағалау критерий

Рефлекстік доғаның мағызын түсінеді.

Рефлекстік доғаның құрылысын талдайды.

Рефлекстік доғаның қызметін анықтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Менен бір мотивациялық сөз» атты психологиялық ахуал туғызу.

Өткен сабақты пысықтау

Банкомат әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.

1. Үлкен ми сыңарлары неше бөлімнен тұрады?

2. Маңдай бөлімінің қызметін ата?

3. Барлық омыртқалылар немесе бассүйекті жануарлардың миы неше бөліктен тұрады?

4. Аралық мидың қызметін ата?

5. Сопақша мидың қызметін ата

6. Мишықтың қызметін ата

Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, мотивациялық сөздер айтады.

Қалыптастырушы баға беру, ынталандыру т.б




Дескриптор:

1. Ми бөлімдерін ажыратады – 1 балл;

2. Ми бөлімдерінің қызметін атайды – 1 балл;

Мотивациялық сөздер





ДК экран

Жаңа сабаққа кіріспе

Мағынаны білу

4 мин


«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.


Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;




Қалыптастырушы баға беру, ынталандыру т.б


презентация



Сабақтың ортасы мағынаны түсіну

5 мин




Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.


Рефлекс дегеніміз не?

«Ғалымдар не дейді?»


(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)



презентация

Жеке жұмыс

5 мин

«Рефлекстік доға» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау жұмысы:

І. «Рефлекс» және «рефлекторлық доға» терминдеріне анықтама беріңіз:

Рефлекс - ______________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Рефлекстік доға - _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

ІІ. Адам өміріндегі рефлекс маңызын түсіндіріңіз

Оқушылар ҚБ тапсырмаларын орындайды.

Дескриптор:


- «Рефлекс» және «рефлекторлық доға» терминдеріне дұрыс анықтама береді. – 1 балл;

- Адам өміріндегі рефлекс маңызын түсіндіреді. – 1 балл


Билет жинау арқылы бағаланады.

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Үлестірмелі материалдар

Жұптық жұмыс

5 мин



Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

Рефлекс доға бөліктері мен қызметі арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.


1. Рецептор.

2. Қимыл-қозғалыс жүйке ұштары.

3. Нейронаралық синапс.

4. Сезімтал жүйке талшықтары

5. Қимыл-қозғалыс жүйке талшықтары

A. Қозуды жұмыс мүшесіне өткізеді;

B. Қозуды жұмыс мүшесіне береді;

C. Ішкі мүшелерге тітіркенуді қабылдайды;

D. Бір нейроннан басқасына жүйке

импульсін береді;

E. Қозуды ж.ж орталық бөліміне өткізеді;

F. Сыртқы ортадан тітіркенуді қабылдайды.


Оқушылар рефлекстік доғаны зерделейді;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- рефлекстік доғаны зерделейді– 1 балл;

- олардың қызметі арасындағы

байланысты сәйкестендіреді – 1 балл;


Билет жинау арқылы бағаланады.

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері Үлестірмелі материалдар

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

5 мин

Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.


Төмендегі суреттерді салыстыра отырып ұқсастығын табыңыз. Берілген сөздерді қолданып, үдерістерді сипаттаңыз.

Мидан келетін талшықтар

Жұлын

Аткарушы нейрондар

Тізе рефлексі кезіндегі аяқ

Аяқтың бастапқы қалпы

Мидан келетін талшықтар

Жұлын

Аткарушы нейрондар

Ыстықтан тартып алу рефлексі кезіндегі қол

Қолдың бастапкы қалпы



Оқушылар рефлекстік доғаны зерделейді;


Дескриптор:


- екі суретті салыстыра отырып ұқсастығын анықтайды – 1 балл;

- рефлекстік доғаның құрылысын талдайды.– 1 балл;


Билет жинау арқылы бағаланады.


Бекіту

4 мин

  1. Рефлекс дегеніміз не?

  2. Рефлекс доғасы дегеніміз не?

  3. Рефлекс доғасының бөлімдерін ретімен ата

  4. Сезімтал нейрон дегеніміз не?

  5. Қозғалтқыш нейрон дегеніміз не?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Дескриптор:

-Рефлекс ұғымын түсінеді – 1 балл;

- рефлекстік доғаның сипаттайды – 1 балл;



Конверт

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Қалыптастырушы бағалау


Үй жұмысы

Рефлекс доғасының әрбір бөлімдерінің маңызына баға беріңдер. Осы тақырыпқа эссе жазыңдар.


Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!