Материалдар / Рефлексия мен кері байланыс түрлері және оны сабақ кезеңдерінде пайдалану жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рефлексия мен кері байланыс түрлері және оны сабақ кезеңдерінде пайдалану жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта оқушыларға кері байланыс беруге арналған әдіс-тәсілдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Наурыз 2024
465
7 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Махамбетова Р.Қ.

Алматы қ. №15 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Жанатханова Р.Ж.

Алматы қ. №15 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Рефлексия мен кері байланыс түрлері және оны сабақ кезеңдерінде

пайдалану жолдары


Рефлексия (латынның reflexio  - «өткенге көз тастау» деген сөзінен шыққан) - зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін-өзі зерттейді.

«Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы», - деп, бұл терминді Джон Локи XVII ғасырда берген.

Рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің жан дүниесіне үңіледі, өзімен-өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.

Бұл адамның өзіне басқа көзбен қарау, өз іс-әрекеті мен жасаған жұмыстарын саралау, талдау, қажеттілігіне қарай жаңа өзгерістерге бет бұру және өзінің дамуын талдап, саралап, болашақ жұмысын болжай алатын қабілеті.

Рефлексия не береді?

Педагогке:

- Өзінің жұмысын бағалау;

- Жұмысты жетілдіру;

- Болжам жасауға.

Оқушыларға:

- қорытынды жасау;

- Жетістігін белгілеу;

- Жалпылау, шолу;

- Сезімдерін нақтылау.

Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету керек. Өйткені бала рефлексия жасай алмаған жағдайда, яғни өз әрекеттерін түсіндіріп, оларға талдау жасап, бағалай алмаса, онда оның берілген оқу әрекеттерін ғана орындап, бірақ олардың өзінің дамуындағы маңызын түсінбейтіндігі анық. Рефлексия жасай алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін де байқамайды.

Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы  үшін

  • Рефлексия – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды;

  • Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;

  • Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;

  • Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады;

  • Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады;

  • Өз-өзіне баға бере алады;

  • Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;

Мұғалім үшін:

  • Ақпаратпен күнделікті жұмыс;

  • Шығармашылыққа деген ынта-жігері ;

  • Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;

  • Пәндік білім сапасының артуы;

  • Өзіндік сынның қалыптасуы;

  • Сыни ойлауға жетелеу;

Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында  әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек. 

Рефлексияның төмендегідей түрлері бар: 

- оқу материалының мазмұнының рефлексиясы; 

- көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы; 

- іс-әрекет рефлексиясы; 

Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады.

Әрекет рефлексиясы: өз әрекетіне баға беру, оқу материалын игеру тәсілдері мен құралдарын сараптау, ең тиімді шешімді іздестіру. Әрекет рефлексиясын сабақ соңында қолдану әр оқушының белсенділік деңгейін көрсетеді.

Сезімдік рефлексия: көңіл-күй мен эмоциялық ахуалды смайликтер, бас бармақты жоғары не төмен көрсету, Күн немесе бұлт суретін тағы басқа арқылы көрсету.

Зияткерлік рефлексия: танымдық ұғымдар тұрғысынан сабаққа немесе өз түсінігіне баға беру.


«Бәрі сенің қолыңда»


Бір бет қағазға сол қолды бастырады. Әр саусақ өз ойыңды білдіретін қандай да бір бағдар.

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты...

Екінші бармақ – сұраққа толық нұсқау алдым...

Ортаңғы бармақ– маған қиын болды (маған ұнаған жоқ).

Төртінші бармақ – менің психологиялық ортаны бағалауым.

Кішкентай бармақ– мен үшін жеткіліксіз болды.

«Қол» Әр тыңдаушы  қағазға қолын салады,  саусақтар сабақтың бағасының белгісі:

Бас бармақ –  керемет әрі қызықты болды!

Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.

Ортаңғы бармақ– маған  ұнаған жоқ.

Төртінші бармақ – бұл жерде орта...

Кішкентай бармақ– маған жеткіліксіз болды...


«Қосу-алу-қызықты» жаттығуы.

Бұл жаттығуды сабақты қорытындылауда уақытқа байланысты ауызша немесе жазбаша түрде өкізуге болады.

Жазбаша өткізу үшін төмендегідей кесте беріледі:

«Қ» - «Қосу» бағанына  сабақтың барысында ұнаған, жағымды әсер тудырған ақпараттар мен жұмыстың түрі немесе оқушының ойынша қандай да бір мақсатқа жетуге пайдалы деп тапқан нәрселердің барлығын жазады.

«А» - «Алу» бағанына сабақтың барысында ұнамағаны, оқушының ойынша қызықсыз  түсініксіз болып қалған,  пайдасыз қажет емес деп тапқан мәліметтердің барлығын жазады.

«Қ» -«Қызықты» бағанына тақырыпқа қатысты естіген  және естігісі келетін қызықты деректерді,  сұрақтарды жазады.

 Think wane (синквейн) 5 жолдық

Бірінші жол- тақырып атауы;

Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;

Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;

Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;

Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.

Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын, алған әсерін білдіреді.

«Баспалдақ». Жаңа материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды.

«Тірек сөздер». Тақтаға тірек сөздер жазылады, сол сөздерден сөйлемдер құрау.

«Сыни рефлексия»

  • Сыни рефлексия өз тәжірибемізбен идеялар туралы ойлануға, содан соң артқа қарай шегініп, сұрақтарды қоя отырып, өз ойымызды қайта қарау

  • Ол бізді кешегіге терең үңілдіріп қоймай, бүгінгіге қарауды және ен бастысы болашағы туралы толғанып, ары қарай әрекет етуді талап етеді.

«Сыни рефлексия» артықшылықтары -

  • Ол білім алып, оны тереңдетуге және растауға көмектеседі;

  • Оқытуды жетілдіруге ықпал етеді;

  • Барлық балалардың оқудағы нәтижелелерін жақсартады.


Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы.


1. «Пейзаж – көңіл күй айнасы» әр оқушы табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, қазақ тілінде бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.
2. «Түсті карточкалар» оқушыларда екі карточка: көк және қызыл. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл-күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады.

3. «Смайликтер» арқылы көңіл-күйін білдіру.

4. «Күншуақ»: оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.

5. «Көңіл-күй гүлшоғыры». Оқушыларға түрлі-түсті гүлдер таратылады, өздеріне ұнаған гүлді құмыраға жабыстырады, таңдаған түстері бойынша көңіл-күйдері анықталады.

6. «Қайық». Оқушылар түсті кемелерге өз туларын жабыстырады: қызыл – сабақ ұнады, жасыл –қызықсыз, қара - сабақ ұнаған жоқ.

7. «Термометр». Өз эмоциясын, тақырыптың қызықтығын, сабақтың өту барысын бағалайды.


Жақсаруға қол жеткізудегі ең ықпалды қару кері байланыс.

Кері байланыс - адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады. Сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту мүмкіндігін береді.

Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес, керісінше, не жасалуы керектігін көрсету.

Оқушы үшін – бұл өзінің жетістіктерін сезінуіне, оқудағы кемшіліктерін байқауға және алға жылжу үшін нақты нұсқаулармен көмектесетін ақпараттарды алу.

Мұғалім үшін – оқытудағы жіберген олқылықтарын сезінуге және өз қызметінде өзгерістерді енгізуге (жаңа әдіс-тәсілдерді жинақтауда, оқытудың техникаларын және сабақтың уақытын бөлуде өзгерістер) көмектесетін ақпараттарды жинау.


  • Кері байланыстың саны емес, сапасы маңызды.

  • Мұғалім берген түсініктемелердің көбін оқушылар бағаламайды және назарына алмайды.

  • Ойлау деңгейі дамыған оқушылар кері байланысты құптайды және оны өздерінің оқу үлгерімін жақсарту үшін қолданады.

  • Жазбашаға қарағанда, ауызша кері байланыс анағұрлым тиімдірек.

Ең тиімді кері байланыс оқушыдан мұғалімге беріледі.

Кері байланысты қолданғанда мынандай жәйттерді есте ұстаған дұрыс:

Кері байланыстың үйренудің ең тиімді әдісі екендігін ұмытпаңыз, өзіңізге қажетті екендігін де естен шығармаңыз. Бұған қоса кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны деп қабылдаңыз.

Кері байланыс әрқашан да субъективті болады, өйткені ол біреудің өзіндік пікірі.

Кері байланыс құралдары:

  • Жазбаша пікір;

  • Қадағалау, бақылау;

  • Лездік сұрақтар;

  • Жалпылама сұрақтар;

  • Сұрақтар;

  • Кері байланыс күнделігі;

  • Өзін-өзі бақылау дәптері.

Кері байланысты ұсынғанда, мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:

- позитивті болу;

- бағалаушы болмау;

- кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау;

- ынталандыруға ұмтылу;

- сыпайы болу;

- көмектесу, жәрдем беру;

- сәттілікке бағыттау;

- ризашылық білдіру;

- тыңдай білу;

- мадақтай білу.


Әртүрлі мақсаттарға бағытталған ауызша кері байланыс


Әртүрлі мақсаттарға бағытталған ауызша кері байланыс түрлері

Реплика үлгілері

Түзету

Жақсы талпыныс, бірақ бұл дұрыс емес, іс жүзінде бұл …

Таныстыру

Иә, Сіз айтып отырған нәрсе … деп аталады.

Бағалау

мадақтау

Бұл ойға қонымды, ойыңыздың бағыты дұрыс!

Басқаларың осыған ұқсас шара қабылдап көрдіңдер ме?

Түрткі болу

Тағы бір рет жасап көр. Осы жолы … қосыңыз/өзгертіңіз.

Іздестіру

Түсіндіру көптеген элеметтерді талап етеді дегенде, Сіз не айтпақ болдыңыз?

Ынталандыру

Бұл зерттеуді, дәлелді одан әрі қалай қарастырар едіңіз?

Әзірлеу және дамыту

Не ... жақсырақ болар еді?

Қайта бағыттау

Бұл – мұқият зерделеу немесе иллюстрация. Енді түсіндіруге көшіңіз, өйткені бұл да маңызды.

Назар аударту немесе оқуға бағыттау

Осының бәрі маңызды, бірақ Сізге ... пайдалану қажет.

Бұл Сіздің жұмысыңызды шын мәнінде жақсартады.


Тиімді кері байланыс өздерінен не күтіліп отырғанын және өздері мұғалімнен не күтетінін білетін оқушыларға байланысты. Оқушыларға белгілі бір салада жетістікке жеткендерін, олардың себептерін және әрі қарай қалай жақсартуға болатындығы туралы түсініктеме беріп отыру қажет. Бұндай түсініктемелер оқушылардың назарын оқудың мазмұнына аударуға көмектесетін болады.

Әлемнің ең бай адамы Билл Гейтстің “Мұғалімдерге шынайы кері байланыс керек!”- деп баса айтып, АҚШ білім беру жүйесі алдында осындай мақсат қойған екен. Оның ойынша, АҚШ білім беру жүйесі Шанхай мектептерінен үлгі алуы керек: Қытайдың бұл мегаполисінде әрбір мұғалім – мейлі ол тәжірибелі болсын, мейлі жас болсын – өз сабақтары мен әрекеттеріне кері байланыс алуға және өзгелерге беруге құқылы екен: мұнда кері байланыс мұғалім кәсібінің ең маңызды бөлігі деп есептелінеді.

Сонымен, рефлексия мен кері байланыс бір-бірімен тығыз байланысты. Ол оқу процесінде оқушылардың қалыпты, жан-жақты дамуының негізігі күші болып табылады. Оқушыларымызды өз қырларының, дағдыларының әлемін ашу әр ұстаздың міндеті деп айтуға болады.



Пайданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл

2. Әлімов Асхат Қамзаұлы. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы. – Алматы, 2015. – 180 бет.

3.«Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы № 8-9. 2015 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!