жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Рефлексия "Мен" тұжырымдамасы арқылы
Рефлексия «Мен» тұжырымдамасы арқылы
«...балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін тәрбиешінің өз тәжірибесі һәм ұлт тәрбиесімен таныс болу ғана жетпейді екен. Бұлар сыннан өткізіліп, пісірілмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы, жаманын, алтыны мен мысын айырып ала білу үшін тәрбие майданында шынығып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, жақсы таныс болу керек.», - деп М. Жұмабаев айтқандай, мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, солардық теориялық тәжірибелерін саралап, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс-тәсілдер мен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу, зерделеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. Яғни жоғарыда жазылған «өзіндік толғаныс – рефлексия» жасау арқылы мақсатты дұрыстай алса оқушының өзіндік «Мені» ашылары сөзсіз. Себебі мұғалім ұстанымында тек рефлексивтік-практик емес «рефлексивтік делдал» бола алу қабілеті маңызды. Рефлексивтік делдал – оқушы «Менінен» көрініс табады. Өзіндік мені қалыптасқан балада өзіндік мақсат, нәтиже болады. Яғни, қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. «Мен» тұжырымдамасы өмiрдiң нақты кезеңдерiнде дауды шешуге және шынайы әлем жағдайында шеберлікке ұмтылатын құзыреттiлiктің белсендi компоненті ретінде қабылданады. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайлар мен институционалдық құралдар аясында өткен және ағымдағы тәжірибесінің тұлғаға әсерінің салдарынан қалыптасқан әлеуметтік өнім ретінде қарастырылады.
Демек, «мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық танымдық және аффектілік компоненттердiң үйлесуі болып табылады (1-сурет).
«Мен» тұжырымдамасының компоненттері
«Меннің» 1-компоненті - әлеуметтік тұрғыдан рефлексивтік мұғалім рефлексивтік делдалға жеткізу үшін – бірлескен топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Сыныптағы оқушының әлеуметтенуін, бірін-бірі, өзін сыйлауын реттеу үшін американдық әлеуметтік психолог Д.Мореноның соцограмма үлгісін қолдануға болады.
Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным конструктивтік білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды. Ж.Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның ақылы («ми» деген мағынада) өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста ғана болады». Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды, тек қарым-қатынас арқылы бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріге, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы кейбір оқушылардың Менмендігінен Біздікке ұластырып «өзіндік Менін» ашуға ықпал етеді, ал өзіндік МЕН – рефлексивтік делдалға тіреледі. 2-компоненті бойынша – эмоционалдық аймағы бойынша оқушылардың мотивациясын тудыру немес қызығушықты ояту, сергіту сәті арқылы жүзеге асырылыды. Сергіту сәтінің өзі екіге бөлінеді: физикалық және психологиялық. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сабақ ауысымына қарай сергіту сәтін шебер қолдану мұғалім құзыреттігі болып есептелінеді. Француз жазушысы Анатоль Франс «Тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз дәл осы сияқты білімге, білуге үйренуге деген «тәбет». Мотивация – әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері. Оқушылар әр сабақ пен тақырыптың өз өміріне, оның ішінде өзінің тұлға ретінде дамуына тікелей қатысы бар болып, елеулі пайда әкелетіндігін білгенде ғана таным процесіне араласа алады. Сол себепті оқушының эмоционалдық «Мені» арқылы оқу материалына қызығушылығын арттыруға болады. Әр сабақ басында оқушы «Мен осы тақырып бойынша не білемін? Не білгім келеді? Бұл білім маған қалайша және қаншалықты қажет болады?» деген секілді сұрақтарға жауап ізденетіндей қызығушылықтары мен мотивациясын арттыру керек. [2] Сонда білім тар емес кең контескте болып эмоционалдық аймақтарының артуынан танымдық аймақтарына белсенділік артады.
Өмір
(кең
контекст)
Сабақ
тақырыбы (тар контекст)
3-компоненті бойынша - рефлексиялық танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады. Қазақтың ұлы ойшылы Абайдың он бесінші қара сөзінде: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!», - деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшіліктің кету себебін бірге іздейміз. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу, күнделік жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті: оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Осылайша сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Яғни рефлексивтік-практик ретінде (мұғалім өзін-өзі реттеуі) рефлексивтік делдал (оқушыны рефлексияға түсіру) дағдысы артады.
Осы сындарлы оқытудың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде заман талабына сай білімді ұрпақ қалыптастыру мүмкіндігі жеткілікті болады. Жаңа дәуір философиялық идеялары «өзіндік» және «Мен» ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік «Мен» құндылығы пайда болды. Сондықтан рефлексивтік практик бола отырып оқушы «Менін» ашуға, сындарлы ойлану мен дербес оқуына алып келетіні сөзсіз.
Әлімов А. «Оқытудағы интербелсенді әдіс тәсілдер», 2014 ж.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы». Тренерге арналған нұсқаулық. 2017 жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген