Материалдар / Рефлесиялық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рефлесиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинар сабақ өткізу барысында жасалынған есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2018
495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сұрақ - жауапқа негізделеген әдістер арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыру .

Рефлексивтік есеп

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға; Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі. Бұл туралы мәліметтерді: интернет желісінен білімділер , smk.kz, тәрбие сайттарынан, П. Дадлидің кітабынан хабардар болып, соған орай мектепішілік ұйымдастырылған коучингті мектеп директорының инновация жөніндегі орынбасары Маханова Бибінұр өткізді. Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын 3мциклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып қадағалайды және талдайды . Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші 3 мұғалім және 1 бақылаушы мұғалімнен құралған топ бірігіп, зерттеу сабағын ұйымдастыру үшін әдебиеттік оқу пәнін таңдап алдық. Зерттеуші топ аптасына бір реттен жиналып, А,В,С деңгейіндегі оқушылар тобына жататын оқушының сабақ барысында іс –әрекетін зерттеу үшін, оның қажеттілігін анықтауға болатын тиімді әдіс -тәсілдерді сабақтың жоспарын құруда талқылап шықты. Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін Блум таксономиясы бойынша талдау сұрақтарын сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу жоспарланды.Жоспар бойынша зерттеудің бірінші циклы мектепішілік ұйымдастырылды ,ол әдебиеттік оқу пәнінен А. Байтұрсыновтың «Маймыл мен көзілдірік» атты мысалы . Сабақтың бастапқы бөлімінде қолданылған «Сұрақтарды қағып ал» әдісі, онда оқушылардың үй тапсырмасы боынша өз беттерінше топтар сұрақтар дайындап келу тапсырылған болатын , әрине оқушының бұл жерде ізденімпаздық қабілетінің дамуына әсер етті . Осы жерде айта кететін жайт оқушылардың бірі үйден дайындап келеген сұрақтарының бірінде Қожаның жасаған әрекеттерін қайталар ма едің ? Неге ол серт бермеді? деген сұрақ қойылды,әрине бұған оқушылар әр түрлі жауаппен өз пікірлерін білдірді . Ұтымды жауабы : Мен Қожаның жақсы оқушы болатынына сенемін , себебі ол өзгеруге ұмтылысы бар деген тұжырым айтты. «Бұл сұрағы болса,онда жауап қандай болады? » әдісі бойынша қойылған сұрақтарға топ басшылары тез әрі ұтымды жауаптар айта білді , сонымен қатар сұрақ- жауап стратегиясын пайдаланып , оқушылар өздеріне пайдалы және пайдасыз қасиеттерді ажырата білуге үйренді. Өлең мысалдан маймылдың іс-әрекеттеріне сипаттама бергенде «Ол санасыз дегенімен ақылды маймылдар да болады ғой?»- деген жауап бере алды . Сонымен бірге оқушылардың сыни тұрғыда ойлануына берілген сұрақтардың кем болуы да, 1- циклда болған тағы бір әлсіз жағы- бейнекөрсетілім көрсетілмеді . Сондықтан келесі 2-циклда сол қателікті болдырмау керектігін баса назарға алынды. 2- зерттеу сабағы, яғни 2 циклда әдебиеттік оқу пәнінен Б.Баймахановтың « Құмдағы құпия» атты әңгімесі тақырыбын аймақтық деңгейде ұйымдастырылды.Зерттеуші топ мүшелері бірігіп сабақ жоспары түзілді. Сабақ жоспарына 1- зерттеу сабағында синквейн әдісі сәтсіз болғандықтан кейіпкерге хат жұптық жұмысын ұйымдастырылды. Құмның қасиетін талдап беру үшін сарамандық жұмыс жүргізіліп, білім .ленд сайтынан ботаника жайында бейнекөрсетілім қосымша алынып, сабақты түрлендіре түсті . Мұнда әдіс –тәсілдердің ұтымды жағы оқушылардың кейіпкерге жазған хатында сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жетістікке жету үшін оқушының талпынысы, белсенділік қабілеттері арта түсті. Миға шабуыл әдісі бойынша қойылған сұраққа оқушылар «Бозторғай ұясын қалай көшіріп әкетті ?- деген сұраққа қанатымен , тұмсығымен, немесе басқа бозторғайды көмекке шақырды деген тұжырым айтты . Әлі де бізге бұл әрекет құпия түрінде қалғанын айтып шығып , мәтіннің негізгі идеясы пысықталды .

Сергіту сәті ретінде құмның қасиетін зерттеп, сарамандық жұмыс жүргізу барысында оқушылар құмның сусымалы және оны сумен араластырған кездегі әрекеттерін өз сөзімен «Суды көп қажет етеді, сусымалы, ылғал сақтағыш қасиеттерін атап , сипаттап берді. С деңгейлі оқушым «Суды құйғанда нені байқадың? –деген жетелеу сұрақтары арқылы жауап берді. Әлі де болса С деңгейлі оқушыға топпен, жұппен жұмыс жасауда белсенділігін арттыру үшін белсенді әдістерді пайдалану керектігі байқалды .Келесі 3 зерттеу сабағын математика пәнінен « Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерінің жазбаша тәсілі» тақырыбын таңдап алып , сабақ жоспарын жоспарлап отырмыз. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында топты банктер арқылы біріктіріп, қалыптастырушы бағалауды ақшамен , яғни теңге купюраларымен бағалап отыруды жоспарладық. SWOT талдау әдісі арқылы оқушылардың топта бірігіп постер құруын , семантикалық картамен жұп болып жұмыс жасауын , логикалық сұрақтарға бейнекөрсетілім арқылы жауап беруін жоспарлап отырмыз. Бұл сабақтан бүкіл сынып бойынша әр деңгейге сәйкес келетін оқушыларды түгелімен бақылауға алып , олардың іс –әрекетін бақылауды алға мақсат етіп қойдық. Зерттеу сабақтары зерттеуші топта бірігіп жұмыс жүргізген мұғалімдерге өзара әдіс алмасып қана қоймай бірігіп жұмыс жүргізуге , өз білім мне білік деңгейін көтеруге де өз ықпалын арттыра түсті. Әрине бұл 3 циклмен тоқтап қалмаймыз , зерттеу сабақтары келесі оқу жылында да өз жалғасын табады .



3 « Б » сынып жетекшісі

Жолдас Роза Жарылқасынқызы



















Хаттама №1

Зерттеу сабағы бойынша зерттеушілер тобының отырысы

6 қаңтар 2018 ж

Зерттеуші топ мүшелері:

1 .Жолдас Р

2.Құрал Г

3.Тәжібай Х

4.Кенбай Т

Күн тәртібінде :

1. Лессон стади –зерттеу сабағы туралы жаңашыл тәсіл

2. А,В,С тобына жататын оқушыларды талдап шығу

3. Пәнін таңдап, қысқа мерзімді жоспар құру .

1- мәселе бойынша мектептің инновация жөніндегі меңгерушісі Маханова Б сөз алып Лессон стади заманауи әдіс- тәсілдің ең тиімділігі туралы түсіндіріп өтті . Зерттеу барысында оқушының қажеттілігін танып білуге өте тиімді екенін айтып өтті. Оқу үдерісінде сұрақ - жауапқа негізделеген әдістер арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыру үшін осы зерттеуді жүргізу зерттеуші топқа жүктелетінін атап өтті .

2- мәселе бойынша Құрал Гүлбахар А деңгейдегі оқушы ретінде Орымбек Бағжанды зерттеуге алатынын , сонымен қатар бұл оқушының ойлау, ізденімпаздық қабілеттерін байқай келе күрделі тапсырмалар беру арқылы оның білім деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Тәжібай Ханымай В тобына жататын оқушы Амангелди Алина бұл өте байсалды өзі білп отырса да алға талпынысы жоқ , тек жетелеу сұрағы қойылғанда ғана жауап беретінін көрсетеді. Сол үшін де оның белсенділігін арттыратын әдіс тәсілдерге тарту көзделді . Омарова Перизат С тобына жататын Сарыпбек Ерсұлтан ол өте баяу қимылдайды, баяу сөйлейді, себебі сенімсіздік көрсетіп отырады. Топта белсенділік таныту үшін жеке және топпен жұмыс атқаруға жетелеу сұрақтарын пайдалануды ұсынды .

Қаулы :

  1. 3 «Б» сыныбында зерттеу сабағын өткізу

  2. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін сұрақ –жауап арқылы дамыта түсетін әдістерді таңдап алу .

  3. Әдебиеттік оқу пәнінен А. Байтұрсынов «Маймыл мен көзілдірік»атты мысалға қысқа мерзімді жоспар құру, 17 қаңтарға мектепішлік сабақ өтуге жоспарланды.

Хатшы : Кенбай Т

Хаттама №2

Зерттеу сабағы бойынша зерттеушілер тобының отырысы

10 ақпан 2018 ж

Зерттеуші топ мүшелері:

1 .Жолдас Р

2.Құрал Г

3.Тәжібай Х

4.Кенбай Т

Күн тәртібінде :

1. Әдебиеттік оқу пәнінен 1 –зерттеу сабағын талдау

2. Сабақта қолданылған стартегиялардың тиімділігі .

3. Жіберген әлсіз тұстары мен жетістіктерін келесі сабақ жоспарында ескеріп жоспар құру .

1- мәселе бойынша Құрал Гүлбахар сөз алып үш оқушының сабақтағы іс –әрекетіне сәйкес таңдап алған стратегиялар өз деңгейінде жүргізіліп сабақ мақсатына жетті . Себебі оқушылар өздері ізденіп сұрақ дайындады , топта бірігіп жұмыс жасауда белсенділік таныта алды.

2- мәселе бойынша Омарова Перизат стратегиялардың әлсіз және ұтымды жақтарына тоқталып өтті. Бұл сабақ жоспарын құруда жіберілген қателіктер Оқушыларға күрделенген сұрақтардың кем болуы. Ал сабақ барысында бейнеролик қолданатын болсақ тіпті дұрыс болар еді деген тұжырым айтты .

Тәжібай Ханымай 1-сабақ жоспарында жіберген қателіктер мен әлсіз тұстарын болдырмау үшін сарамандық жұмысты сабақ жоспарына алуды ұсынды. Келесі сабақтың тақырыбы әдебиеттік оқу пәнінен Б.Баймахановтың «Құмдағы құпия» атты мәтінін таңдап алынып қысқа мсерзімді жоспарын түзу жоспарланды .

Қаулы :

  1. Әдебиеттік оқу пәнінен Б.Баймахановтың «Құмдағы құпия» атты мәтініне сабақ жоспарын құру

  2. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін сұрақ –жауап арқылы дамыта түсетін әдістерді таңдап алу .

  3. Аймақ деңгейінде аталған тақырып бойынша 28 ақан күні семинар сабақ өткізу.



Хатшы : Кенбай Т



Хаттама №3

Зерттеу сабағы бойынша зерттеушілер тобының отырысы

7 сәуір 2018 ж

Зерттеуші топ мүшелері:

1 .Жолдас Р

2.Құрал Г

3.Тәжібай Х

4.Кенбай Т

Күн тәртібінде :

1. Математика пәнінен 3 –зерттеу сабағына жоспар құру

2. Сабақта қолданылатын стартегияларды таңдап алу .



1- мәселе бойынша Жолдас Роза сөз алып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында топты банктер арқылы біріктіріп, қалыптастырушы бағалауды ақшамен , яғни теңге купюраларымен бағалап отыруға ұсыныс жасады , үш оқушының сабақтағы іс –әрекетіне сәйкес таңдап алған стратегиялар өз деңгейінде жүргізілуіне баса назарға алынып отыр. SWOT талдау әдісі арқылы оқушылардың топта бірігіп постер құруын , семантикалық картамен жұп болып жұмыс жасауын , логикалық сұрақтарға бейнекөрсетілім арқылы жауап беруі жоспарланды.

2- мәселе бойынша Омарова Перизат стратегиялардың әлсіз және ұтымды жақтарына тоқталып өтті. Бұл сабақ жоспарын құруда жіберілген қателіктер оқушыларға күрделенген сұрақтардың кем болуы. Ал сабақ барысында логикалық тапсырманы бейнеролик арқылы қолданатын болсақ тіпті дұрыс болар еді деген тұжырым айтты .

Тәжібай Ханымай эрудит сайысы арқылы оқушылардың ұшқыр ойлы ойынын ұйымдастырып, белсенділік қабілеттерін дамыта түсері анық болатынын анықтап білуді ұсынды.

Қаулы :

  1. Математиика пәнінен« Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерінің жазбаша тәсілі» тақырыбына сабақ жоспарын құру

  2. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін сұрақ –жауап арқылы дамыта түсетін әдістерді таңдап алу .

  3. Облыс деңгейінде 3 цикл бойынша семинар сабақ өтілсін

Хатшы : Кенбай Т



Ордабасы ауданы

«Шұбар» жалпы орта мектебі







Зерттеу сабағы



Бастауыш сыныптарда сабақты зерттеу жұмысын ұйымдастыру жолдары

Зерттеуші топ мүшелері : Жолдас Р.

Тәжібай Х.

Құрал Г.

Омарова П.

Кенбай Т.













2017-2018 оқу жылы

































































Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен  өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен,  ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді.  Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.

Бүгінгі "мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда  әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы  мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. (Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана,2012) .

Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.   Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық    Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап,   ұйымдастыратын Шамбилова Ж.У. (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Нурмуханова Г.А. (математика және информатика пәні мұғалімі), Закиева Г.У. (биология пәні мұғалімі), Мендалиева А.С. (тарих пәні мұғалімі) сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі»  тақырыбы бойынша 8 «В» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 24 оқушы. 13 ер бала, 11 қыз бала. Сыныпта оқу озаты - 2, оқу  екпіндісі -  4. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші –25 % құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың  белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі  орташа. Сондықтан  осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы  мақсатымыз - диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік  атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.

Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.

Aлексaндер (2004) оқытудaғы әңгiмелесу – қaрым-қaтынaс жaсaудың бiрсaрынды үдерiсi емес, керiсiнше, идеялaр екiжaқты бaғыттa жүредi және осының негiзiнде оқушының бiлiм aлу үдерiсi aлғa жылжиды десе, Мерсер (2000) бiлiмдi бiрлесiп aлудa немесе "пiкiр aлмaсу" бaрысындa оқушылaр тең құқылы серiктестер болып тaбылaды деп тұжырымдaйды.

Диалогтік оқытуды жүзеге асыру бағытында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, зерттеу сабақтарының кестесі жоспарланды.

Lesson Study тобы зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан соң әр пән мұғаліміне негізгі нысандарды анықтау міндеттелді. Айталық,

-  осы сыныптағы зерттелетін  үш оқушыны анықтау;

Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтау;

Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтілетіні туралы қысқа да нұсқа жазу.

Бірінші Lesson Study циклі геометрия пәнінен басталды.   Мұнда сыныпты топқа бөліп, үй тапсырмасын сағат тілімен дәптерлерін алмасып, тексерді және бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізілді. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылы. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды.

Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.

Бірінші Lesson Study -ді талдап, оқушылар пікірін білгеннен кейін,  екінші  Lesson Study биология пәнінің  жоспары құрылды.  Оқушылардың пікірлерін ескере отырып, жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру үшін «Мозаика» әдісі мен сергіту сәтін ұйымдастыру  жоспарланды. Себебі, оқушылар тақырыпты өз беттерімен талдап, бір-бірімізге өзіміз түсіндірсек және сергіту сәті болса деген ұсыныс жасаған  болатын.

Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар «Мозаика» әдісі бойынша жұмыстанды. Мәтінді бірінші өздері оқып, топта талдап, басқа топтарға барып өз мәтіндерін түсіндіріп, кейін  өз  топтарына оралғаннан кейін басқа топтан түсінгендерін қайта ортаға салды. Бұл жерде белсенді диалог орнады, барлық оқушылар диалогқа қатысты. Әрине, кітапқа қарап айтқан, жеткілікті түсіндірмеген оқушылар да болды. Бірақ,  әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше жұмыстанды. Бекітуде берілген тапсырмаларды да оқушылар қызығушылықпен орындады. Мұнда оқушылар өз топтары талдамаған деректер бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бақылауда болған С және А деңгейлі оқушылар  күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Ал, В деңгейлі оқушы үй тапсырмасы бойынша күткен нәтижеге жете алмады, бірақ сабақтың қалған бөлімдерінде белсенді болды, дегенмен бұл оқушыда өз біліміне сенімсіздік байқалды. Сабақ соңында оқушылармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған оқушылар сабақты меңгеруге «Мозаика» әдісінің тиімді болғанын айтты.

Үшінші Lesson Study кезеңінде қазақ әдебиеті пәнінен «О. Сүлейменовтің «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбет» өлеңдері талданды.

Әдебиеттің сынын, теориясын, тарихын оқушыға меңгерту қажет, сондықтан  сабақ үдерісінде сұрақ-жауап, дәлелдеу, талдау, салыстыру, жинақтау, қайта қорыту әрекеттері арқылы жүзеге асыруды жоспарладық. Осы бағытты ұстана отырып, зерттеушілік әңгімені (Александер 2004) енгізуді жөн көрдік. Өйткені зерттеушілік әңгіме қарым-қатынас жасаудың барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды, әркім өз пікірін ұсынады. Алайда жұмыс барысында кейбір оқушылардың тиісті білім-білік дағдысы толық болғанмен, топ алдында дәлелдеу, сөйлеу дағдылары жетпей жатқаны байқалды. Оқушылардың зерттеу жұмысына төселмегені, бұл әдіс оларға күрделі болғаны байқалды. Сергіту сәті бағытында алынған «Көкпар» ойыны оқушыларды қызықтырып, белсенділік танытты.

Төртінші кезеңде «ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар» тақырыбында тарих пәнінен сабақ өткізілді. Сыныпта жақсы ахуал қалыптастыру үшін мұғалім сабақты ең әуелі сәттілік тілеуден бастады. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сол арқылы шағын топтарға семантикалық карта беріліп, топ басшысы оқушыларды бағалады.

Жаңа тақырыпты 4 топқа бөліп беріп, оқушы берілген тақырыпшаны өзі оқып, топ ішінде талдап, жоба қорғауға тиіс болды. Жоба қорғау барысында көшбасшы оқушылардың топты алға жетелеуі анық көрінгенімен, кейбір оқушылардың тіл байлығының аздығы, көпшілік алдында қысылып, өз пікірін ашық айта алмайтыны байқалды. «Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы бар ма?» тақырыбында ой бөлісу кезінде әр топтан бір-екі оқушы өз ойларын айтқанмен, өте қысқа жауап беріп отырды. Оқушылардың тіл байлығының аздығы бұл сұрақты ашып, толық айтуға кедергі болды. Зерттеуге алынған оқушылармен сөйлескенде материалдың молдығын және оны меңгеруге уақыттың тапшы екенін атап өтті.

Жалпы белсенділік, бәсекелестік - екіжақты үдеріс. Рефлексивтік–практик (Дональд Шон) ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе барысында диалогтік оқытуды негізгі нысанға алып, сыныпта, оқу және оқыту үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс- әрекеттегі толғаныс» жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс-әрекет жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар  ойлар мен сұрақтар  анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.

Диалогтік оқыту– белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға  ұнайтындай  әдістерді қолдана отырып  сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.

Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін  бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп,  соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.

Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Жаңа форматтағы  біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім   деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды  мақсатқа айналдыруы тиіс.

 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!