МКҚК «ҚҰРЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР
МЕКТЕБІ»
Ашық
сабақ
Тақырыбы: «Releve аяқ
ұшына тұру »

Орындаған: Хореография
пәнінің
мұғалімі Жубангали
Л.Ж.
Құрық
2025
Бекітемін:
Директордың оқу
ісі
жөніндегі
орынбасары
___________Н.З.Махмудова
«__»___________2025 жыл
Пәннің аты:
хореография
Сынып: 2
сынып
Оқытушы: Жубангали
Л.Ж.
Сабақтың күні:
18.02.
Тақырып: «Releve аяқ
ұшына тұру»
Мақсаты:
-
Білімділік: қимылдарды
орындалу ережесіне сай қозғалыс түрінде
дамыту.
-
Тәрбиелік: оқушыларды
өнерге, жинақтылыққа, төзімділікке
баулу.
-
Дамытушылық: би өнеріне
деген жаңа қабілетін ашу, ой-өрістерін дамыту арқылы қимылды анық
әрі әдемі орындай білуге үйрету.
Сабақ
түрі: дамыту
сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: амандасу, оқушылардың
назарын сабаққа бұру, дене қыздыру мақсатындағы жаттығулар, үй
тапсырмасын тексеру, түсіндіру, үйренген қимылдарды пысықтау, үй
тапсырмасын беру, қоштасу.
Жоспар:
1.Ұйымдастыру кезеңі (2
мин)
2.Дене қыздыру
жаттығуы(10мин)
3.Үй тапсырмасын тексеру
(15 мин)
4.Қимылдарды пысықтау
(8мин)
5.Қорытынды (5
мин)
Сабақтың жүру
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі: би формасы, шаштың
жинақылығы, оқушының назарын сабаққа
аудару.
2.Үй тапсырмасын
тексеру: Станок жанында экзерсиз.
Зал ортасындағы экзерсиз.
3. Дамыту
сабағы:
Releve-бұл
классикалық балеттегі негізгі қозғалыстардың бірі.
Француз тілінен аударғанда «көтерілу» дегенді білдіреді. Бұл
қозғалыс кезінде оқушылар аяқтың ұшына (pointe) немесе жартылай
ұшына (demi pointe) көтерілуін
білдіреді.
Releve- техникасы балетте өте маңызды, себебі ол
аяқтың,тобықтың және балтырдың күшін дамытады, тепе-теңдекті
жақсартады және дене қимылының үйлесімділігін
арттырады.
Releve-қозғалысын орындау кезінде келесі
қадамдарды сақтау керек:
-
Дайындық
позициясы:
.
Қозғалыс
әртүрлі аяқ позицияларынан тұрады (бірінші,екінші,бесінші
позицияларда).
. Дене тік ұсталады,арқаны тік сақтау
маңызды.
. Қолдар мен бас табиғи қалыпта
тұрады.
-
Тепе-теңдікті
сақтау:
. Корпус тіке қалыпта қалады,жамбасты артқа
немесе алға жылжытуға
болмайды.
. Іш бұлшықеттері мен арқаның төменгі бөлігі
тұрақты болуы керек.
Releve түрлері
1.Releve lent (баяу көтерілу)
.
Бұл
тепе-теңдікті сақтауға және аяқтың күшін дамытуға
көмектеседі.
2.Releve
passe
.
Бұл
пируэттер мен басқада техникалық элементтерге дайындық үшін
пайдалы.
.
Тізе бүгулі
күйде аяқтың ұшы тіреуіш болып аяқтың тізесіне тиіп
тұрады.

-
Сабақты
бекіту:
Cұрақ-жауап:
-
Releve қай позицияларда
жасалынады?
I-II-V позицияларда.
-
Releve қазақ тіліне аударғанда қандай
мағынаны білдіреді?
Көтерілу деген мағынаны
білдіреді.
-
Releve бізге не үшін
керек?
Тепе-теңдікті сақтау үшін
керек.
-
Қол және аяқ позициялары нешеге бөлінеді,
және зал ортасында
көрсету?
Қол және аяқ позициялары
1-2-3-4-5 позиция болып бөлінеді.
Зал ортасында көрсету.
-
Бүгінгі өткен сабағымыз бойынша бізге қандай
пайдасы бар?
Тепе-теңдікті ұстау , бұлшық еттеріміз
қатаяды және арқамыз тік ұстау сияқты пайдалары
көп.
5. Үйге тапсырма:
Классикалық экзерсиздерді қайталап,
пысықтау.
6.
Бағалау.