Рентген сәулелері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рентген сәулелері

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 9сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 3.04.2019ж,4.04.2019ж,5.04.2019ж

Сыныбы: 9Г,Б,В

Пәні:физика

Сабақтың аты

Рентген сәулелері

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Рентген сәулелері жайлы мағлұмат беру

  • Рентген сәулелерінің күнделікті тұрмыста және өндірісте, формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Рентген сәулелері жайлы мағлұмат алады

  • Рентген сәулелерінің күнделікті тұрмыста және өндірісте, формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

  • 1895 жылы В. Рентген ашқан.

  • Рентген сәулелері - жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа (10-12-10-9) электромагниттік сәулелер.

Рентгендік сәулелердің тууын классикалық электромагниттік теория негізінде түсіндіру

Жылдам электрондар металл атомдарымен соғылғанда, олардың ядроларының кулондық өрістерімен өзара әрекеттесуі салдарынан тежеледі. Тежелу барысында жылдам электрондар біраз мөлшерде кинетикалық энергияларынан айырылады:

Е=Е12

Е12 -электронның әр түрлі күйлеріндегі кинетикалық энергиялары,

Е – электронның жоғалтқан энергиясы.

Бұл энергия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді:

Е=hν

Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеле нуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.

Рентгендік түтікше


К-катод-термоэлектрондар көзі.

Ц-цилиндрлік электрод.

А-анод (W, Cu, Pt)

А=qU12

A=e·U=meυ2/2

U-электродтарға түсірілген кернеу

υ –электронның жылдамдығы

mе-электтрон массасы

е – электрон заряды.

Қолданылуы:

  • Медицинада диагноз қою үшін;

  • Өндіріс пен тұрмыста қолданылатын жабдықтар мен бұйымдардың ішкі ақауларын, қуыстар мен жарықшақтарын табу үшін.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс Кластер әдісі

«Үштік әдісі» Ойлан,жұптас ,бөліс.

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 парта бойынша 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Рентген сәулелері жайында не білесіңдер?

  2. Рентген сәулелерінің қолданылуы жайында не білесіңдер

ІІІ. Топтық жұмыс (Кластер әдісі)

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және қорғайды.



1-топ Рентгендік сәулелер.

2-топ Рентгендік түтікшелер.

3-топ Рентгендік сәлелелердің қолданылуы, рентгендік асторномия.

Топ пікірлерін тыңдау.

ІҮ. «Үштік әдісі» Ойлан,жұптас ,бөліс. (40-жаттығу)

1. Егер Рентгендік түтіктің электродтарының арасындағы кернеуді өзгерпей, катод қылының қызуын арттырсақ, оның қатаңдығы өзгере ме?

Жауап: Катод бетінен анод бетіне дейін үлкен жылдамдықпен келіп тежелетін электрондарға үлкен жылдамдық беру тек анод пен катод арасындағы потенциалдар айырымы тәуелді. Ал, катод температурасын көтеру электрон санын арттыруға ғана септігін тигізеді. Сондықтанда Рентген түтігінде потенциалдар айырымы ғана жилігін өзгертуге тікелей байланысты.


;

2. Егер Рентгендік түтік 150 кВ кернеуде жұмыс істесе, онда электронның кинетикалық энергиясы неге тең?

Берілгені:

Ү. Жеке жұмыс «Блум таксаномиясы»

1

Білу

Рентген сәулелері дегеніміз не?


2

Түсіну

Рентген сәулелерінің ашылуы жайлы не білесіңдер?


3

Қолдау

Рентген сәулелерінің қолданылуын түсіндір?



4

Талдау

Оның басқа сәулелермен салыстырғанда ұқсастығы және айырмашылығы неде?



5

Жинақтау

Рентгендік түтікшенің жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген?



6

Бағалау

Рентген сәулесін білу біз үшін маңызы қаншама?



Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар


Кейінгі оқу

§52 Рентген сәулелері

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.04.2019
1727
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі