Рентгендік сәулелер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рентгендік сәулелер

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 1.03.2018 ж


Сыныбы: 9 

Тақырыбы: §51. Рентгендік сәулелер

Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға рентгендік сәлелердің шығу тарихын және оның қазіргі таңдағы қолданыс аясы туралы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: теориялық білімдерін толықтыру,қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, басқа оқушының пікірін тыңдай білуге,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық сабақ

Сабақтың тип: Жаңа білімді меңгерту

Сабақты өту әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі-иллюстративті,рефлекция.

Сабақта қолданылатын технология: ынтымақтастық технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, дидактикалық тапсырма, бағалау жетондары, қосымша материалдар,слайд,видео.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
ә/ сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу.
б/ «Миға шабуыл» класты 3 топқа бөлу.

(«Жарқын түстер» әдісі арқылы)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Суреттер сөйлейді» (Стефан-Больцман тәжірибесі,Электромагниттік толқындар шкаласы,Абсолют қара дененің моделі)


III.Үй тапсырмасын бекіту Сөзжұмбақ «Рентген»

1.Көзге көрінбейтін сәлелердің бірі

2.Денелердің сәуле шығарғыштық қабілетін зерттеген ғалым?

3. h = 6,63*10-34 Дж*с

4. Түскен жарықтың әсерінен заттан (металдан және сұйықтардан) электрондардың

ұшып шығу құбылысы

6.Фотоэффект құбылысын түсіндірудің жолын тапқан ғалым?

7.Тыныштық массасы нөлге тең элементар бөлшек


IV.Жаңа білімді меңгерту

1895 жылы неміс ғалымы В.Рентген ауасы сорылған түтіктердегі электр тогын зерттеу үстінде ерекше сәулелердің пайда болатынын байқаған.Бұл сәулелер көзге көрінбейді,бірақ кейбір заттарда жарқыл туғызады және жабық фотография пластинкасын қарайтады. Осы екі қасиетіне қарай бұл ерекше сәулелерді Рентген X сәулелер деп атаған.Бұл сәулелер кейінірек оны ашқан ғалымның құрметінерентгендік сәулелер деп аталатын болды.

Рентгендік сәулелер де электромагниттік сәулелерге жатады.Жиілігі бойынша рентгендік ультракүлгін сәулелер мен гамма-сәулелердің аралығында орналасқан.

Рентгендік сәулелер жылдам электрондарды затпен тежегенде электронның кинетикалық энергиясының сәуле шығару энергиясына айналуы нәтижесінде пайда болады.

Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.

Рентгендік сәлелер рентгендік түтікшелер деп аталатын арнаулы қондырғыда алынады.



Зарядталған бөлшектерді бір нүктеден екінші бір нүктеге дейін қозғалту үшін электр өрісі жұмыс атқарады:  .

Өрістің істейтін жұмысы есебінен электронның кинетикалық энергиясы өседі,яғни жылдамдығы артады: 

Рентген сәулелері де жақын және алыс ғаламдарда жүріп жатқан процестер туралы мол ақпарат жеткізеді.Сондықтан соңғы жылдарда рентгендік астрономия дами бастады.


V. Жаңа сабақты бекіту

«Дидактикалық тапсырма»


VI. Қорытындылау,бағалау

«Рентген сәулелері видео»

VII.Рефлекция «Білім қоржыны»

VШ.Үй тапсырмасын беру
(40-жаттығу,рентген сәулелері ізденіс жұмыстары)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
662
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі