Ресей Федерациясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ресей Федерациясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Ресейдің экономикалық - географиялық жағдайы туралы мәлімет беру, шекараларына тоқталу, мемлекеттің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайын айту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып 10 А Күні ...............

Сабақтың тақырыбы: Ресей Федерациясы

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға Ресейдің экономикалық - географиялық
жағдайы туралы мәлімет беру, шекараларына тоқталу, мемлекеттің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайын баяндау.
б) Дамытушылық: Бұрынғы алған білімдерін дамыту, ойлау, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
в) Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік әдіс, репродуктивтік әдіс, іздену әдісі, баяндау.
Сабақ көрнекілігі: Ресейдің экономикалық картасы, Дүниежүзілік саяси картасы

Пән аралық байланыс: Тарих, өлкетану
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
IV. Жаңа сабақты қорыту.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма беру.
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.
I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
§ 44. ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары.
1. ТМД – Еуразия кеңістігіндегі өзара көмек және ынтымақтастық одағы.
2. Экономикалық байланыстары.
3. Әлеуметтік – мәдени байланыстары.
4. ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстар.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ресей Федерациясы жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет ¼- і бөлігі Ресей аумағының Еуропада орналасқан бөлігі ¾- бөлігі Ресей аумағының Азияда орналасқан бөлігі 58, 3 мың км Шекарасының жалпы ұзындығы 38 мың км Теңіздік шекара ұзындығы Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен
құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград
облысы анклав болып табылады.
Ресей жерінің 70 %- ға жуығын жазықтар мен
1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр Ауданы жағынан ең ірілері:
Ресей жері су ресурстарына бай.
● Дүниежүзіндегі су - энергетикалық қордың 12%- ы шоғырланған
● Еуропалық бөліктегі үлесі 20%
● Азиялық бөлікке 80% тиесілі
Ресейде 2, 5 млн - нан аса өзен,
2 млн - ға жуық көл бар.
Ең ұзын өзені – Лена (4 400км).
Ең суы мол өзені – Енисей.
Ең үлкен су бөгені – Братск.
Орман ресурстары
Дүниежүзіндегі орманның 22%
Жан басына шаққандағы орманмен қамтамасыз ету 5, 3 га
Қылқан жапырақты ағаштар 90%
Орманның көпшілігі орналасқан аймақтар Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс, Батыс Сібір, Орал
Халқы

Халқының саны жөнінен Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкістан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9 - орын алады
Хақының орналасуы
♦ Тығыздығы 1км2 - ге 8, 5 адам, әлемдік көрсеткіштен 4 есе төмен
♦ Еуропалық бөлікте 79% тұрады, мұнда 1км2 аумаққа 30 адамнан келеді
♦ Азиялық бөлікке 21% тиесілі, мұнда 1км2 аумаққа 2, 5 адамнан келеді
♦ Калининград облысында халық тығыз орналасқан
♦ Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібір, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған
♦ Мәскеу қаласында халық тығыздығы 1км2 жерге 320 адам
♦ Транссібір теміржолы бойындағы аудандарды қамтитын жолақта Ресей халқының 93% тұрады
♦ Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар
♦ Ауыл шаруашылығында халықтың 55% жұмыс істейді
♦ Ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50%
♦ Солтүстік Кавказбен Краснодар өлкесінде қала халқының үлесі 54%
V. Жаңа сабақты бекіту.
«Ойлан да жауап бер» ойыны. Ойынның шарты: 1 цилиндрде – тарих, 2 цилиндрде – география, 3 цилиндрде - өлкетану пәндері бойынша сұрақтар бар. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.
Тарих сұрақтары:
1. XIV - XV ғ. Ресейдің тарихы.
2. Қай жылы Орыс мемлекеті – Империя деп аталады?
3. КСРО - да биліктің тоталитарлық жүйесі қай кезде қалыптасты?
4. КСРО ыдырағаннан кейін ТМД құрылуының себебі?
5. Ресей империясының тұңғыш императоры кім?
География сұрақтары:
1. Ресейдің жерінің ауданы қанша?
2. Ресейдің шекарасының ұзындығы?
VII. Үйге тапсырма беру.
§45. оқып келу, кескін картаға саяси - әкімшілік құрылымын түсіру, шекараларын, шектесіп жатқан елдерін кескін картаға түсіру.
VIII. Оқушыларды бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2018
846
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі