2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Республика күні ҚМЖ

Республика күні ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күніне дайын ҚМЖ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспары

Педагогтың аты-жөні


Күні:

24.10.2024ж.

Сыныбы:

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

25 қазан Республика күні

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Республика күнінің маңызы мен Қазақстан Республикасының тарихы туралы ақпарат беру.

Оқушылардың бойына туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту.


Сабақтың жабдықтары

Интерактивті тақта, компьютер, презентация, көрнекіліктер, т.б.


Сабақтың дәйек сөздері

«Барымыз да, бағымыз да – тәуелсіздік» Қ.Ж.Тоқаев




Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Оқушылармен амандасу

  • Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa аудару.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау


ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау


І. Ұйымдастыру кезеңі:

«Патриоттық тілек» әдісі:

Мақсаты: Республика күніне арналған тілек айту арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сынып оқушылары шеңберге жиналып, кезекпен елімізге, халқымызға арналған тілек айтады. Мысалы, «Мен Қазақстанға бейбітшілік тілеймін», «Біздің Отанымыз гүлдене берсін» және т.б.


Мұғаліммен амандасады.


Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.


Гимн орындайды




Шеңберге тұрады



Интерактивті тақта, компьютер, презентация, мерекеге орай көрнекіліктер

Сабақтың ортасы

  • Мұғалім сөзі:

  • Оқушылар, бүгін еліміз үшін аса ұлық мереке 25 қазан – Республика күні.

Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. 

Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің  тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат. 

ІІ. Ақпараттық білім кезеңі

Бұл кезеңде оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы ақпараттар слайд арқылы ұсынылады.


ІІІ кезең. «Дарабоздар» жарысы кезеңі.

Бұл кезеңде сыныптағы оқушылар 4 топқа бөлініп тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.

Топқа бөлуді 1,2,3,4 цифры жазылған қима қағаздары арқылы жүргізіледі.


Қай топ жетістіке жетсе, сол топқа диплом ұсынылады немесе «Қазақстан» тәттісін сыйлауыңызға болады.


ІV кезең. Жұмыс парағы.

Бұл кезеңде оқушыларға мерекеге орай дайындалған жұмыс парақтары таратылады, сол парақты толтырып ойларымен бөліседі















Оқушылар слайдты тамашалап, ақпараттық білім алады.






Оқушылар 4 топқа бөлінеді.









Жұмыс парақтарына жазады.

Интерактивті тақта, компьютер, презентация, мерекеге орай көрнекіліктер

















Қима қағаздар



Диплом немесе «Қазақстан» тәттілері







Жұмыс парақтары

Сабақтың соңы

«Сөйлемді толықтыр» әдісі


«Республика күні мен үшін...» сөйлемін толықтырады. Мысалы, Республика күні мен үшін – бұл мақтаныш пен болашаққа үміт, т.б.

Мұғалім сөзі:

  • 25 қазан – бұл жасалған істерді қорытындылау және жаңа көкжиектерді белгілеу күні.
    Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймыз, сүйікті Қазақстанға одан әрі табыс пен өркендеу, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!


Оқушылар











19 Қазан 2024
1289
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі