Республика күні сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республика күні сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
25 қазан Республика күніне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республика күні сценарий


Ведущий 1:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!

Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!

Республика күні баршаңызға құтты болсын!


Ведущий 2:

Добрый день, уважаемые гости, учителя и ученики!
Сегодня мы собрались в наш прекрасный зал
Отметить праздник светлый
Страны великой нашей Казахстан!


Ведущий 1:

Ендеше Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты концертімізді ашық деп жариялаймыз. (шапалақ)

Мектеп түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын!

(Звучит гимн Республики Казахстан.)


Ведущий 2:

1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Тұңғыш рет бізде өзіне тән барлық атрибуттары бар шынайы тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігі туды.

Қазақстан шын мәнінде тәуелсіз егемен мемлекетке айналды және сол арқылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды.

Ведущий 1:

1990 жылдан бастап қазанның 25-сі – Республика күні. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таниды. Біздің еліміз дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен жан-жақты карым – қатынас жасайды.

Даярлық топ оқушыларының орындауында би, қабыл алыңыздар.


Ведущий 2:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Ажар, Маржан, Маликаның орындауындағы «Бір үйдің баласындай» әнін қабыл алыңыздар.

Ведущий 1:

Біз жас ұлан – Отан ана өркені

Үміт артқан баламағы ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп, жасартамыз өлкені!


Ведущий 1: Осынау айтулы күннің қарсаңында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы қатарына қабылдау салтанатты рәсімін бастаймыз!


Ведущий 2:

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуге дайынбыз.

Табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында. Біз – Қазақстан болашағымыз! Біз мақтаныш тұтуға лайықпыз!


Ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төсбелгі тағу мектебіміздің ұстаздары Кусаинова Баян Ораковна мен Аубакирова Виктория Николаевнаға беріледі.


«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің

АНТЫ

Біз республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып,

Өз Отанымыз – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге; үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан » Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге............

Ұйымға қабылданушы балалар: АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!

(гимн жас ұлан)


Ведущий 2:

Біз «Жас ұландықтар» Отанымыздың мақтанышы болуын тілейміз! Әрқашан және барлық істе өз қатарларың мен жас ұрпаққа үлгі болуларыңа тілектеспіз.


Ведущий 1:

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Зобалаңда көп шеккен қасіретті,

Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.

Риза көңілменен елге деген,

Арнайды барша халқы ақ тілекті.

дей келе, 1 «а» сынып оқушыларын «Тәуелсіздік ұланы» әнімен ортаға шақырамыз.



Ведущий 2:

3а сынып оқушыларының Ұлттық биін қабыл алыңыздар.


Ведущий 1:

Келесі кезекте 2 «а» сынып оқушысы Мамыр Айшаны «Ауылым» әнімен ортаға шақырамыз.



Ведущий 1:

Қазақ елі жанданып, нұрлансын бұл,
Республика күнінде әнін салып.
Егемен ел мәңгілік жасасын бұл,
Азаттықтың ақ таңы күлім қағып

Ортаға 1-4 «б» сынып оқушыларын «Любимая страна» әнімен шақырамыз.



Ведущий 1:



Республика күнінде шаттық орнап,
Шығамыз біз ән салып, біздер жайнап.
Егеменді тәуелсіз Қазақстан,
Сыйластықта болады тойын тойлап.

Алдарыңызда «Республикам менің» биі. Қабыл алыңыздар!


Ведущий 1:

Сіздердің алдарыңызда мектеп оқушылары «Туған жер» әнімен.



Ведущий 2:

Поздравляем от чистого сердца жителей всей страны с днем Республики

Казахстан!

 

Ведущий 1: Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт– береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осымен бүгінгі мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.10.2024
2471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі