Абулханова Қалыгүл Асқарқызы
№ 59 «Ақбөбек»бөбекжай –бақшасы
Педагог-сарапшы
Мектепалды топ
Тақырыптық іс әрекет:
Тақырыбы: «Республикам менің!»
Міндеті: Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік мерекелер, Қазақстан Республикасының рәміздерін, Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіну.Мемлекеттік Әнұранды жатқа білу, оның маңыздылығын түсіну. Мемлекеттік мерекелердің Республика күні маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу. Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. әндер мен билерді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.Әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен орындауға баулу. Әнді музыкалық талғаммен орындауға жаттықтыру. Музыкаға сәйкес орындалатын би қимылдарын білу, би қимылдарының элементтерін жеңіл, еркін орындау.
Ресустар:Елбасының ,рәміздердің, Қазақстанның қалаларының суреттері, слайд,бейнеролик Қазақстан туралы, ойынға қажетті көрнекі құралдар.
Әдіс-тәсілдері:Ұйымдастыру кезеңі: «Жылы лебіз»,Қазақстан Республикасының гимні,мультфильм:«Қазақстан» туралы қызықты мәліметтер,балалардың тақпақтары,бейнеролик: «Республика күні!»,
ұлттық ойын: «Шыр»,оркестр Нұрғиса Тілендиев « Ата толғауы» күйі,
ән: «Егеменді Қазақстан»,Отан, туған жер туралы дәйексөз,үш орталыққа
бөлініп тапсырмалар орындау,би: «Қазақстан», «Шырағың сөнбесін» шам
әдісі арқылы қорытынды.
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме балалар! Балалар ертең үлкен мереке –еліміздің Республика күні! Мен барлықтарыңызды мейрамдарыңызбен құттықтаймын.
Сіздерге шуақты күн,ашық аспан,бейбітшілік пен амандық,ырыс тілеймін!
Бүгінгі тақырыптық іс -әрекетімізді Қазақстан Республикасының гимнімен ашайық.
(Қазақстан Республикасының гимні)
Тәрбиеші: Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Иә, дұрыс айтасындар,Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз.Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары,айдын шалқар көлдері,жайыла аққан өзендері,ормандары бар. «Отан отбасынан басталады»-деп халқымыз айтқандай ,Отан кең мағыналы,қасиетті ұғым.Әрбір адамның өз отбасы,тұрған мекені,туып өскен ортасы аймағы,мемлекеті-оның жарық дүниедегі өмір өрісі,оттай жандырған Отаны бар.
Отанымызды сүйіп,аялау үшін еліміз,туған жеріміз оның тарихын,өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Мультфильм:«Қазақстан» туралы қызықты мәліметтер.
Ал ,балалар Отанымыз туралы кім тақпақ айтып береді?
(Кәусар,Дамир,Әлия,Аэлита,Санжар,Асылым)
Кәусар:
Менің елім-Қазақстан,
Бейбітшілік мекені.
Еш жерден де таппайсың,
Дәл осындай өлкені.
Желбіреді көк туым,
Шырқалды Әнұраным.
Елдігіміз-Елтаңбам,
Қалықтайды қыраным.
Азат елмін,еркінмін,
Тәуелсіздік-айбарым.
Ашық болып аспаным,
Желбіресін байрағым.
Дамир:
Ен даласын
Егін жапқан,
Бар баласы Бақыт тапқан.
Менің жерім,
Тұған жерім,
Туған елім –
Күн сәулелі Қазақстан!
|
Әлия: Гүлге толы кең жазық, Күйге толы жота құм. Жан тербеген жел нәзік Осы менің Отаным. Жасыл көктем шағындай, Өмірімнің асқары. Көнілдердің ағындай Біздің ауыл аспаны. Алтын шашқан сияқты, |
|
|
Жер бетіне нұр таңым. Бар адамға шуақты Осы менің Отаным. |
|
Аэлита:
Сүйем сені, туған жер,
Байлық, бақыт тұнған жер
Қамбасына Отанның
Тау – тау астық құйған жер.
Сүйем сені, туған жер,
Өнер, білім қуған жер.
Ұшу үшін ғарышқа
Тоқтар аға бел буған жер.
Санжар:
Отаным – тірегім,
Отаным – жүрегім,
Отаным – жігерім,
Отаным – білерім.
Отаным –күндерім,
Отаным – үндерім,
Отаным – гүлдерім,
Кеудемде жүр менің
Асылым:
Отаным -туған жерім,
Өзің деп тербелемін.
Қазақ боп туғаныма
Мақтанып мен келемін.
Гүлденсе екен деймін,
Тәуелсіз елім,жерім
Нұрланып, жасара бер!
Ең қымбат,Ұлы елім!
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тәрбиеші: Қазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп мақтана алады.
(Бейнероликке назар аударайық)
1990 жылдың 25 –қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі
туралы Декларация қабылданды.Декларация Қазақстанда тұратын
халықтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші
дәрежелі міндет деп белгіледі.Бұл күн –ұлттық мереке,Республика күні.
Тәуелсіз елдің рәміздері бекітілді.
Тәрбиеші:Рәміздерімізді атап жіберейікші, балалар?
Балалар: Ту,елтаңба,әнұран.
Тәрбиеші:Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы ,теңге
айналымға түсті.Ата заңымыз қабылданып,қазақ тілі-мемлекеттік тіл
дәрежесін алды.
Тәрбиеші:Рәміздеріміз туралы өлең шумақтарын айтып берейік.
(Дінмұхамед,Назым,Айзере)
Дінмұхамед:
Қазақстан байрағы
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
Назым:
Нұр шашқан күн- Шаңырақ,
Жұлдыз- Темірқазықтай.
Қанатты қос арғымақ-
Бастан кешкен тарихтай.
Көмкеріліп өрнекпен
«Қазақстан» тұр аты.
Көп күреспен қол жеткен.
Елтаңбам-ел мұраты.
Айзере:
Аспанымдай көк туым,
Тудан нұрын төкті күн.
Қанат қақтық қырандай
Тәуелсіз ел боп бүгін.
Туда ұлттық өрнегім
Өнерім ғой ол менің
Қандай бақыт көгімнен
Өз туымды көргенім.
Тәрбиеші: Балалар ұлттық ойынымызды ойнап жіберейік.
Ойынның аты «Шыр» деп аталады.
Ұлттық ойын: «Шыр»
Шарты: Бұл ойын асықпен ойналады.Асықтардың арасында төрт түс және бір түс өзгеше болады.Ойынға төрт ойыншы шығады.Асықтарды қоржынға салып,жақсылап араластырып ортаға шашамыз.Тез жылдамдықпен осы асықтар ішіндегі өзгеше асықты кім бірінші алады,сол ойынды бірінші бастайды.Алты асықтан ойыншылар шеңбер бойымен асықтарды тізіп шығады. Өзгеше асықты алған ойыншы ойынды бастап, шеңбердегі асықтарды атады.Асықтарды шеңберден шығару керек.Сағат тілімен ойыншылар кезектесіп асықтарды атады.Кім көп асық жинаса ,сол ойыншы жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Балалар оркестрі аспаптардың сүйемелдеуімен Нұрғиса Тілендиевтің « Ата толғауы» күйі
Тәрбиеші: Мерекеге арналған әнімізді шырқап берейік.
Ән: «Егеменді Қазақстан»
Тәрбиеші: Балалар Отанымыз, туған жеріміз туралы дәйексөз білеміз
бе,қане кім айтып береді?
1.Отанды сүю-отбасыдан басталады.
2.Отан-оттан да ыстық.
3.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.
4.Ел –жұртымның бақыты аталатын, сөнбесін мәңгі сенің, Отан ,атын!»
5.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық.
6.Отаным-алтын бесігім.
Тәрбиеші: Балалар үш орталыққа бөлініп тапсырмалар орындайық.
Ол үшін үш топқа бөлініп алайық.Алдарында сандықша тұр .Сандықшаның ішіндегі суреттерді алып ,үш топқа бөлінеміз.
1 топ- «Ту»
2 топ- «Елтаңба»
3 топ- «Бәйтерек»
Тәрбиеші: «Ту» тобы тудың элементтерін орналастырады.Ақ парақтағы тудың суретіне элементтерін түтікше арқылы орналастырады.
«Елтаңба» тобы пазлдарды құрап,не шыққанын айтуымыз керек.
«Бәйтерек» тобы «Менің Қазақстаным» белгілерін тауып орналастырады.
Тәрбиеші: Балалар бас қаламыз қай қала?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Олай болса, туған жеріміз ,қазақстанның әдемі қалалары туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
(Ермек,Рысбек,Ақгүлім,Қайсар,Радмир,Ақлима,Фатима)
Ермек:
Астана – арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Рысбек:
Болашаққа бастаған
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның –
Мақтанышым Астанам!
Ақгүлім:
Гүлзар баққа оранған,
Күннен киген бөрікті.
Аққудайын таранған
Алматы – әсем, көрікті.
Қайсар:
Туған жерім, кең далам
Сенен қуат нәр алам.
Мақтан етем белдеріңді,
Мөлдіреген көлдеріңді.
Еркелеймін құшағында,
Гүл теремін бақтарыңда.
Көркейе бер, туған елім,
Гүлдене бер әрқашан.
Ақлима:
Шұғылалы таңымыз,
Қазақ жері- бағымыз.
Қойнауынан мөп-мөлдір,
Сусындайды жанымыз.
Қазақ жері –сәніміз,
Мәуесі мол бағымыз,
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз.
Радмир:
Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен-байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тұра бер,
Қазақстаным менің!
Фатима:
Туған жер-ата қоныс,атамекен,
Бауыры талай жанға болған мекен.
Әр ұллтың басын қосқан бір арнаға,
Қазақ елі-ұлы ел,менің өлкем.
Жері кең,сахарадай неткен көркем,
Әлемде 9 санын тұрақ еткен.
Мұнайлы алтын,күміс, жер қойнауы,
Мен осы өз өлкемді мақтан етем!
Тәрбиеші: Тәуелсіз еліміз гүлдене, көркейе берсін,деп тақырыптық іс
әрекетімізді «Қазақстан» биімен аяқтаймыз.
Қорытынды:
-Балалар Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Қазақстан Республикасының рәміздерін атайықшы?
-Бас қаламыз қай қала?
- Балалар, ертең қандай мереке?
Балалар бүгінгі тақырыптық іс –әрекетімізді «Шырағың сөнбесін» шам әдісі
арқылы қорытындылаймыз.
«Шырағың сөнбесін» шам әдісі
Әр түрлі май шамдар балаларға таратылып беріледі, түстері маңызды емес. Балалар өзіне сәйкес келетін үлкен шамға апарып жапсырады .
-Балалар бүгінгі тақырыптық іс-әрекетіне барлығында өте жақсы қатыстыңыздар,көп-көп рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Республикам менің!»

шағым қалдыра аласыз