400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республикам менің! тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикам менің! тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Республикам менің!

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 9 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик

Үлестірмелі материалдар

Кластерлер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


- Сәлеметсіңдер ме балалар!

 Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



презентация












Сабақ басы (13 мин)






https://youtu.be/4GcGgiW0Vvo


ІІ. Психологиялық дайындық

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!

Ой қоржын

  1. Отан дегеніміз не?

  2. Біздің Отанымыз қайсы ел?

  3. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз қандай?

  4. Біздің мемлекеттік тіліміз қандай?

  5. Біздің Президентіміз кім?

  6. Біздің бас қаламыз қай қала?





Берілген өлең шумақтарын хормен оқиды







Оқушылар өз ойларын ортаға салады

презентация

 



Ортасы (20 мин)


Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді


1. 1992 жылы маусым айының 4 — інде қабылданған Қазақстан Республикасының нышандары — мемлекеттік туының авторы кім?
(Суретші — Шәкен Ниязбеков)
2. «Қазақстан» дейтін Отан — Анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
(Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота — Аман Уәлиханов)
3. Әнұран авторын білесің бе?
(Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және қосымша түзетілген нұсқау авторы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев)


Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер атамекен,

Биік тау , орман тоғай елімізді.

Тәуелсіздік туын тіккен төріне,

Аңсап ең ғой осы сәтін ғасырдың.

Енді міне , айта аларсың менмін деп,

Қазақ деген егеменді елмін деп.


«Отанды сүю - суығына шыдап, ыстығына күю»

Н.Ә.Назарбаев.

(Мақал - мәтелдер айту )

Мақал мәтелдің бірінші бөлігін  айтамын, сіздер екінші бөлігін айтуыңыз керек.

1.     Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)

2.     Басшысын сыйлаған ... (ел озады)

3.     Хан тірегі - ...(халық)

4.     Әрекет болмай - ...(берекет жоқ)

5.     Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол)

6.     Отанға опасыздық еткенің, ...(қз түбіңе жеткенің)

7.     Батылдық – рухы күшті ...(адамдар қасиеті)

8.     Күш – білімде, ...(білім – кітапта)

9.     Есепсіз не... жоқ? (ақша)

10.   Байлықтың атасы - ...(еңбек)

11. Әркімнің өз жері... (жұмақ)



«Тәуелсіздік рәміздері»

(Викториналық сұрақтар )



1.  Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды? (4 маусым 1992 жыл)

2. Ән ұран авторы кімдер?(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқов)

3. Елтаңбада не бейнеленген (Шаңырақ, күн сәулесіндей уықтар, қанатты пырақтар, жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу)

4. Елтаңба авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)

5. Мемлекеттік туымызда не бейнеленген? (күн, қыран, өрнек)

6. Тудың авторы кімдер? (Шәкен Ниязбеков)

7. Қай жылы тұңғыш Президент сайланды?(1 желтоқсан 1991 жыл)

8. Қай жылы Тіл туралы Заң қабылданды? (11шілде 1997)

9  Қай жылы ҚР-ның Ата Заңы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

10. ҚР Негізгі заңының 7 бабы не туралы? (мемлекеттік тіл туралы)

11 ҚР-нда қандай білімді міндетті түрде әр азамат  алу керек? Бұл қай бап?

12. ҚР Негізгі заңының 34 бабы не туралы? (Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.

(Әркім ҚР рәміздерін құрметтеуге міндетті.)

Қазақстанның  астаналары болған қалаларды ата.

1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,

1925-1929жж. Қызылорда қаласы.

1929-1997жж. Алматы қаласы.

1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.

1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

«Қазақстан бүгін»

Мақал мәтелдің бірінші бөлігін  айтамын, сіздер екінші бөлігін айтуыңыз керек.

1.     Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)

2.     Басшысын сыйлаған ... (ел озады)

3.     Хан тірегі - ...(халық)

4.     Әрекет болмай - ...(берекет жоқ)

5.     Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол)

6.     Отанға опасыздық еткенің, ...(қз түбіңе жеткенің)

7.     Батылдық – рухы күшті ...(адамдар қасиеті)

8.     Күш – білімде, ...(білім – кітапта)

9.     Есепсіз не... жоқ? (ақша)

10.  Байлықтың атасы - ...(еңбек)

11.  Әркімнің өз жері... (жұмақ)

« Қазақстан бүгін »

(Фото - көрсетілім)




Оқушылар жыр жолдарын оқып одан алған әсерлерімен бөліседі















Оқушылар берілген сұрақтарға нақты жауаптар береді
















Мақал мәтелдердің жалғасын табады





















Викториналық сұрақтарға жауап береді










Берілген жағдаяттардың шешімдерін табады































Оқушылар Қазақстанның астаналары болған қалаларды атайды
















Мақалдың жалғасын табады












Оқушылар фото суреттерді тамашалайды

Презентация












Бейнеролик
































Интерактивті тақта






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
340
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі