Материалдар / Республиканың Президенті – Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Республиканың Президенті – Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Республиканың Президенті – Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілідіктері туралы сипаттама беріліп. Президенттің конституциялық өкілеттіліктеріне тоқталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
951
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Исаева Нүргүл Жеңісқызы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінің №22 қазақ орта мектебінің мұғалімі

Республиканың Президенті – Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі

Республика Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепіліҚазақстан Республикасының Конституциясы, 40-бап [1].
  • Тәуелсіздіктің елең-алаңында еліміз үлкен сындарлы кезеңге аяқ басқалы тұр еді. Ел болып еңсе көтеріп, етек жиып айналамызға үрке қараған сәтте қазақтың маңдайына тағдырдың тартуы саналатын тұлға бақ болып қонды. Осылай тарих сахнасында талай тарихты қойнына бүккен ұлы көш пайда болды. Қазақты көшбасшы көреген болса, көш көлікті болады деген жақсы ырым бар. Тәуелсіздікке мың тәубе жасай отырып, біз «қазақ елі» деген баға жетпес байлығымызды қайтардық. Өзге алпауыт елдермен терезе теңестіріп, иық тірестіретіндей халге жеттік. Өшкенімізді тірілтіп, өткенімізді жаңғырттық. Қазір зайырлы мемлекет ретінде тіршілік кешіп, өзгенің озығын алып, тозығын таразыға салатын егемен дамушы елге айналдық.
  • Елдің ішкі және сыртқы тұрақтылығының айнасына айналған Ата Заңымызды қабылдадық. Есім ханның ескі, Қасым ханның қасқа жолымен салған заң нормаларымыз өркениет өресіне қарай бейімделіп, қайта жасалды. Ата Заң мемлекеттің халқына қызмет етеді, құқықтарын заңдық тұрғыда қорғайды. Сонымен бірге Президент – адам құқықтарының кепілі болып саналады. Ол мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастырып, адам құқықтарын сақтау жүйесіндегі қызметтердің бағытын назарда ұстап, дұрыс жолға салып отырады.
  • Республика Президенті заң нормаларының орындалу принциптерінің кепілі болып табылады. А.С. Мордовецтің пікірінше, тұлға үшін өзінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін іске асыруға тең мүмкіндіктер тудырушы әлеуметтік-экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық, ұйымдастырушылық алғышарттардың, жағдайлардың, құралдар мен әдістердің жүйесі – кепілдік деп аталады. Кепілдіктер - әрбір тұлғаның мүддесін қамтамасыз ету мүмкіндігі. Олар қоғамның экономикалық, саяси тұрақтылығы мен халықтың құқықтық және саяси мәдениетінің деңгейін көрсетеді.
  • «Мемлекет басшысы қарпі мен рухы үшін заң жүзінде, ал шындық өмірде – нақтылы Конституция үшін жауап береді» [2, 181б.].
  • Президент – мемлекет басшысы. Ол «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілді беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіне жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деп, халыққа ант берген сәттен бастап қызметін мүлтіксіз орындауға кіріседі
  • Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Президенті елдегі ішкі және сыртқы саясаттың хал- ахуалы, халық пен билік арасындағы үйлесімділікті негізге ала отырып, халық назарына ұсынады. Ол ауызша немес жазбаша жолдау күйінде болады. Президент жолдауларының маңызы зор, мазмұны күрделі болды. Себебі онда мемлекеттің ұзақ мерзімге жасалған басымдықтары мен жоспарлары қарастырылады. Елдегі эконмикалық саяси жағдайлардың орындалу бағыттары туралы нақты ақпарат беріліп отырады. Еске сала кететін болсақ, алғашқы жолдау 1997 жылы жолданған еді. Оның мазмұны елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға арналған мәселелер қамтылды. Елбасының жыл сайынғы халық назарына ұсынылатын жолдаулары мен бағдарламалары елдің экономикалық, әлеуметтік әлеуетін дамытуға бағытталып келді. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында біз ішкі және сыртқы тұрақтылықтың көрінісіне куә болдық. Елбасының сындарлы да салиқалы саясатының жемесі деп білеміз. Көшбасшының көрегендігі, алыстан болжап әрекет ететіні бізді сан сүрлеуден дін аман алып шығып, биікке көтерді. Құқықтары Заңмен қорғалған елдің болашағы да жарқын болмақ. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламынан туған: «Еуразия жүрегінде», «Ой бөлістім халқыммен», «Қазақстан жолы», «Өзекжарды ойлар», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Тарих толқынында», «Туған елім – тірегім», «Қалың елім, қазағым», «Әділеттің ақ жолы» еңбектерінде саясаттың салқын желі тоңдырған халықтың марғау көңілі, бодандықтың қара құрсауы көз алдымызға көңілсіз суреттей елестейді. Сонымен қатар аяғына енді тұрып, өзгелерге өгейсіп қараған жас мемлекеттің сәби көңілі, болашаққа жасаған батыл қадамы, армандары мен мақсаттыры да ұштаса суреттелген. Екі рет қайта түлеген басты құжатымыздың да айбыны асқақ етіп көрсетілген [3, 117 б.].
  • Елбасы Ата Заңның жазылу тарихындағы шырғалаң деректер жайында, түрлі «Қазақстан жолы» мен «Ғасырлар тоғысында» кітаптарында кеңінен тоқталыпты. Еңбекті оқи отырып, құжаттың оңайлықпен қабылданбағанын айқын түсінесіз. Осы орайда, «Мен экономикалық реформаларға керекті заңдарды қабылдайтын мәжілістердің көбіне қатыстым. Оларды көп адамдар түсінген де жоқ, қабылдағылары да келмеді. Маған Қазақстан Конституциясының ұлтымыз бен республика халықтарының мүдделерін қозғайтын әрбір бабы бойынша сөйлеп, қандай да болмасын бір бағытқа біржақты бұрылып кетпеуге күш салуға тура келді» - деген жанашырлық сөзін назарға ұсына кеткеніміз жөн [4]. Ата Заңды жасап, қабылдар кезде елбасымен қатар әлем елдерінің құжатымен таныс, тәжірибелі сарапшылардың болғаны анық. Дәлел ретінде, Н.Назарбаевтың әлемнің жиырмадан аса елінің Конституциясымен танысып, талқыдан өткізгендігін ұсына аламыз. Осыған қарап Ата Заң жүрдім-бардым қарап, санаулы көзқарастармен шектелетін арзанқол құжат еместігін қаперден шығармауымыз керек. Бас құжаттың маңызды шешімдер мен байыпты қадамдардан туғанын ескеретін болсақ, Қазақстанда тұратын әрбір азамат Ата Заңды жүрегінің түкпіріне салып, көзінің қарашығындай сақтауға міндетті.
  • Президент өзіне берілген құзыретті пайдалана отырып, барлық мемлекеттік органдар мен институттардың жұмысын саяси тұрғыда үйлестіруді іске асырады, ол адам құқықтарын қорғаудың бүкіл механизмін жүйеге келтіріп отырады. Осыған сәйкес Президенттің Конституцияға сәйкес келмейтін заңдарға тиым салу құқығы оған қазір пайда болмаған бірақ күшіне енген жағдайда тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бұзуы мүмкін заңдарға тиым салуға мүмкіндігі бар.
  • Тарихқа сәл шегінетін болсақ, Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды анықтайтын, бас құжатқа биыл жиырма үш жыл. Біз тарих кезеңімен есептейтін болсақ, көп уақыт емес. Бірақ күніне қырық құбылысқа куә болатын мына заманда Ата Заңның уақыттың сынынан сүрінбей өтуі – оның өміршеңдігін, заманауи мәселелерге жауап беретін деңгейін көре аламыз. Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік елу конституцияның бірі екен. Бұл да біздің Ата Заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.
Елбасы өзіне берілген құзіреттер мен артылған жауапкершілік шеңберінде маңызды әрі жылдам шешім қабылдап үлгерді. Бір қуантарлығы, ұлт басшысының халық үшін жасаған әр қадамы сәтті әрі оңтайлы болды. Осыдан кейін сөз жоқ Ата Заңның авторы Н.Ә.Назарбаев екенін білеміз. Халық тағдырына өз тағдырын теліп, тілеулестік көңілін ұсынған арда азаматтардың ісі Алашқа ғана тән қасиет. Бабалар аманаттап кеткен асылдарымызды бойтұмарындай сақтап, төлқұжатындай қорғаштау – адалдықтың, асқан төзімділіктің белгісі. Ендігі міндет – Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану, құрметтеп, қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.Олай болса ата заңымыз айбынды, мемлекетіміз мерейлі болсын демекпін!

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы:Юрист, 2008.2. Малиновский В.А. Глава суверенного Казахстана. - Алматы, 1998. –238 с.3. Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. Алматы: Жеты Жаргы», 1996.- 365 с.4. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан жолы кітабы, - Астана, 2012.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!